"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 4-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша):
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2014 жылғы    
№ 4-ө өкімімен  
бекітілген   

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с № Нормативтік құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік органдар Орындау мерзімі
1 2 3 4 5

1.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині

2014 жылғы ақпан

2.

Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, ІІМ, ҰБ (келісім бойынша)

2014 жылғы ақпан

3.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, ДСМ

2014 жылғы ақпан

4.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині,

2014 жылғы ақпан

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, ІІМ, БҚА, ҰБ (келісім бойынша)

2014 жылғы ақпан

6.

«Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 шілдедегі № 184 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша) (жинақтау)

2014 жылғы ақпан

7.

«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша) (шақыру)

2014 жылғы ақпан

8.

«Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша) (шақыру)

2014 жылғы ақпан

9.

Зейнетақы аннуитетi шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша) (шақыру) Еңбекмині

2014 жылғы ақпан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады