Төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 24 шiлде N 354-ө

      Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының атом объектiлерiнде пайда болған төтенше жағдайға, ядролық және радиациялық қауiпсiздiк саласындағы халықаралық шарттар мен келiсiмдер бойынша Қазақстан Республикасы қабылдаған мiндеттемелердi орындау қажеттiлiгiне байланысты және "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының қызметiн, сондай-ақ оның объектiлерiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi N 2968 N962968_ өкiмiн орындау үшiн:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн 145 (жүз қырық бес) млн. теңге, оның iшiнде: <*>
      Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы үшiн - Курчатов қаласындағы және Алатау поселкесiндегi реакторлық қондырғыларды техникалық және физикалық жағынан қорғауды күшейтуге және ядролық объектiлердi халықаралық талаптарға сай келетiн инженерлiк-техникалық құралдармен жабдықтауға арнап 103 (жүз үш) млн. теңге бөлiнсiн; <*> <*> <*>
      Семей облысының әкiмiне - Курчатов қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының радиациялық қауiптi объектiлерi мен тұрғын үй қорын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуге (оны техникалық жағынан жарамды күйге келтiре отырып) 42 (қырық екi) млн. теңге бөлiнсiн.
      Ескерту. Өкiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Премьер-Министрiнiң
               1996.11.01. N 499 өкiмiмен. R960499_
      ЕСКЕРТУ. Өкiмнiң екiншi және үшiншi абзацтары жаңа редакцияда
               - ҚРҮ-нiң 1996.11.25. N 530 өкiмiмен. R960530_
      ЕСКЕРТУ. 2, 3-абзацтарға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.27.
               N 586-ө өкiмiмен. R960586_

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады