Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 88 Өкімі.

      Ескерту. Өкімнің атауына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.10.2019 N 184 Жарлығымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "сыныптық шендер", "сыныптық шендерді", "сыныптық шендерден" деген сөздерден кейін тиісінше ", біліктілік сыныптары", ", біліктілік сыныптарын", ", біліктілік сыныптарынан" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Президентінің 09.10.2019 N 184 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді, біліктілік сыныптарын беру тәжірибесін жетілдіру мақсатында:

      1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 09.10.2019 N 184 Жарлығымен.

      2. Комиссияның негізгі міндеті Мемлекет басшысының атына келіп түскен жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру туралы ұсыныстарды алдын ала қарау және олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті ұсыныс енгізу болып табылады деп белгіленсін.

      3. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін (N 2 - қосымша).

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жоғары әскери, арнаулы және өзге атақтар жөніндегі комиссия туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы N 3238 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 48, 468-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Президенті



  N 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Президентінің 1999 жылғы
  3 қарашадағы N 88 өкімімен
  бекітілген

Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары
жөніндегі комиссияның
дербес құрамы

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.04.18. N 323 өкімімен.

  N 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Президентінің 1999 жылғы
  3 қарашадағы N 88 өкімімен
  бекітілген

Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары
жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия (бұдан былай - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды алдын-ала қарау және Мемлекет басшысы үшін дайындау мақсатында құрылды.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

      Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) уәкілеттік берілген орталық атқару органдары мен олардың лауазымды тұлғаларынан келіп түскен жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендерді, біліктілік сыныптарын беру туралы ұсыныстарды алдын ала зерделеу және олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізу;

      2) заңдарда көзделген жағдайларда жоғары әскери және өзге де атақтардан, сыныптық шендерден, біліктілік сыныптарынан айыру туралы мәселелерді алдын ала қарау болып табылады.

3. Комиссияның құзыреті

      Комиссия негізгі міндеттерді іске асыру мақсатында:

      1) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру және олардан айыру мәселелері жөнінде ұсыныс табыс етуге;

      2) атақтар мен сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру туралы ұсыныстар бойынша қорытынды беруге;

      3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан өзінің қызметіне қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратуға;

      4) атақтар мен сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тыңдауға;

      5) құқық қорғау органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беруге ұсыну мәселелері бойынша ұсыным жолдауға;

      6) атақтар мен сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру және олардан айыру жөніндегі шағымдар мен өзге де өтініштерді қарауға хақылы.

4. Комиссияның құрамы және оның жұмысын ұйымдастыру

      1. Комиссия Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын Комиссияның төрағасы мен 6 мүшесінен тұрады.

      Комиссияның лауазымдық құрамына: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (төраға), Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, келісім бойынша - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары кіреді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 21.02.2018 № 642; 17.04.2019 № 26 Жарлығымен.

      2. Комиссияның отырысы қажетіне қарай өткізіледі және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, құқықтық күші бар деп есептеледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.10.2019 N 184 Жарлығымен.

      3. Комиссия шешімі отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссияның шешімдері хаттамалық шешімдермен ресімделеді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.10.2019 N 184 Жарлығымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Президентінің 09.10.2019 N 184 Жарлығымен.

      5. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.04.2019 № 26 Жарлығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады