"Жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы төлемдерін алу немесе жинақталған зейнетақы қаражатын алып қою құжаттарын ұсыну Ережесiн бекіту жөнінде"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті 2000 жылғы 11 қаңтар N 6-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 02 наурыз өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1069. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 қазандағы N 359 қаулысымен.

      Ескерту. Бұйрықтың атауы өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен .
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің нормативті құқықтық актілерін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы төлемдерін алу немесе жинақталған зейнетақы қаражатын алып қою құжаттарын ұсыну Ережесi" бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998 жылғы 09-шы маусымдағы N 73-Ө бұйрығымен бекітілген (1998 жылғы 02 қыркүйектегі N 597 мемлекеттік тіркелім). "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін алушы ұсынған құжаттарды қарау тәртібі туралы нұсқаулық" күші жойылған деп есептелсін.
      3. Заң бөлімі (Лысенко Ю.Н.) осы бұйрықпен бекiтiлген "Жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы төлемдерiн алу немесе зейнетақы жинақтарын алып қою құжаттарын ұсыну ережесiн" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркетсін.
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен .

      Төрағаның міндетін атқарушы

      Қазақстан Республикасы Еңбек    Қазақстан Республикасы Еңбек
       және халықты әлеуметтік       және халықты әлеуметтік қорғау
         қорғау министрімен           министрлігінің Жинақтаушы
          КЕЛІСІЛГЕН                 зейнетақы қорларының қызметін
                                     реттеу жөніндегі комитетінің
          05.02.2000 ж.                    N 6-Ө 2000 жылдың 11
                                        қаңтарындағы бұйрығымен
                                              БЕКІТІЛГЕН

Жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы төлемдерiн
алу немесе жинақталған зейнетақы қаражатын алып қою
құжаттарын ұсыну ережесi     

     Ескерту. Ереженің атауы өзгерді, мәтiн бойынша "осы Нұсқаулық"
деген сөздер "осы Ереже" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен .

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан былай - Заң), Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн төлеудi жүзеге асыру тәртiбiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес әзiрлендi.
      Ереже зейнетақы төлемдерiн алуға (жинақталған зейнетақы қаражатын алып қоюға) құқықтары бар тұлғалар категориясын (бұдан былай - Алушы, Алушылар) анықтайды, осы құқықты растайтын құжаттар тiзбесiн, оларды жинақтаушы зейнетақы қорларына ұсыну мен жинақтаушы зейнетақы қорларының ол құжаттарды қарау тәртiбiн белгiлейдi.
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен .

1. Жалпы ережелер

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан (бұдан былай - Қор) мына тұлғалардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар:
      - ерiктi және мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiнен жинақталған зейнетақы қаражаты бар, зейнетақы төлемдерiн алуға келген кезде Заңның 9 бабында белгiленген жасқа жеткен зейнеткерлер;
      - Заңның 9 бабында белгiленген жасқа жетпегенiне қарамастан, ерiктi және мiндеттi зейнетақы жарналары мен сіңiрген еңбегiне зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар, зейнетке шыққан зейнеткер - iшкi iстер органының қызметкерлерi, бұрынғы әскери қызметкерлер;
      - мүгедектiк алған, ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтары бар тұлғалар;
      - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражаты бар, асыраушысынан айрылған тұлғалар;
      - қайтыс болған Алушының iс-әрекет жасай алатын отбасы мүшесi немесе қайтыс болған Алушыны жерлеудi жүзеге асырған тұлға;
      - кем дегенде 35 жыл салған ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен, 55 жасқа жетiп еңбек етпейтiн және еңбек етудi қойған тұлғалар;
      Ескерту: тек 2033 жылдың қаңтарынан кейiн ғана осы негiзде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы болады.
      - 55 жасқа жеткен, ал Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жағдайда 50 жасқа жеткен, қорға кем дегенде 10 жыл ерiктi зейнетақы жарналарын салған тұлғалар.
      Ескерту: тек 2008 жылдың қаңтарынан кейiн ғана осы негiзде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы болады.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен .
      2. Қордан жинақталған зейнетақы қаражатын алып қоюға құқығы бар тұлғалар:
      - ерiктi және мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражаты бар, Қазақстан Республикасынан шет жерге тұрақты түрде тұру үшiн көшкен тұлғалар;
      - қайтыс болған алушының мұрагерi.
      3. Алушы оның жинақталған зейнетақы қаражаты жиналған қорға 1-шi немесе 3-шi қосымшаға сәйкес (осы Ереженің 18 және 19 тармақтарында көрсетiлген Алушылардан басқа) нысандағы ерiктi және мiндеттi зейнетақы жарналардың есебiнен зейнетақы төлемдерiн тағайындау немесе нысандағы жинақталған зейнетақы қаражатын алып қою туралы өтiнiш (бұдан былай - өтiнiш) беруге құқығы бар.
      4. Бір себептердiң күшiмен Алушы өтiнiштi жеке рәсiмдей алмаған жағдайда, ол басқа адамға (бұдан былай - сенiмдi адам) өзiнiң атынан өтiнiштi рәсiмдеуге нотариалды куәландырылған сенiмхат беруге құқылы.
      Сенiмхаттың нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы тиiс.
      Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен
      5. Сенiмдi адам Алушының жинақталған зейнетақы қаражаты жиналған Қорға Қосымша 2 және Қосымша 3 формаларына сәйкес (осы Ереженің 18 және 19 тармақтарында көрсетiлген Алушылардың сенiмдi адамдарынан басқа) өтiнiш беруге құқылы.
      6. Алушының өтiнiшi негiзiнде Қор жеке зейнетақы есеп шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын тексередi, зейнетақы төлемдерiн төмендегi жағдайларда жүзеге асырады:
      1) Алушыға берiлетiн зейнетақы төлемiнiң мөлшерi заң актiлерiмен белгiленген айлық есеп айырысу көрсеткiшiнен төмен болмауы тиiс;
      2) зейнетақы төлемiн алу мезгiлi бiр айда бiр реттен жиi болмауы тиiс;
      3) егер Алушының жеке зейнетақы есеп шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы заң актiлерiмен белгiленген айлық есеп айырысу көрсеткiшiнен аз болса, онда зейнетақы төлемдерi жинақтарының барлық сомасы мөлшерiнде бiрақ рет жүргiзiледi.
      7. Қор Алушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде:
      - зейнетақы төлемдерiн нақты ақшалай жүзеге асыруға;
      - Алушыға тиiстi ақшаны оның нұсқауы негiзiнде, заңмен белгiленген тәртiппен кез келген банкке, оның iшiнде шетелдiкте, аударуға құқылы.
      8. Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты өмiр сүретiн Алушыға ақша аудару заңмен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      9. Қор валюталық операцияларды өткiзу жөнiндегi банктiк қызметке акт төлеудi, аударуға тиiстi ақшадан банк-кастодианның, Алушы банкiнiң және Қордың тарифтерiне сәйкес жүргiзедi.

2. Зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға Алушылардың
ұсынатын құжаттар тiзбесi

      10. Заңда белгiленген зейнеткер жасына жеткен Алушылар Қорға өтiнiшпен бiрге төлқұжатты (жеке куәлiгiн) ұсынады.
      11. Төтенше және радиациялық өте қатерлi аймақтарда 1949 жылғы тамыздың 29-нан 1963 жылғы шiлденiң 5-i аралығы кезеңiнде 10 жылдай тұрған азаматтар қорға өтiнiшпен бiрге:
      - төлқұжатты (жеке басының куәлiгiн);
      - сол аймақтарда тұрғанын растайтын құжаттарды (немесе олардың көшiрмесiн);
      - Заңның 9 бабы 2-шi тармағының негiзiнде Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың филиалы (бөлiмi) берген зейнеткер куәлiгiн ұсынады.
      12. 5 және одан да көп бала туған және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген ауылдық жерлерде тұратын әйелдер Қорға өтiнiшпен бiрге:
      - ауылдық жерлерде тұратынын растайтын құжаттарды (немесе олардың көшiрмесiн);
      - Заңның 9 бабы 3-шi тармағының негiзiнде Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың филиалы (бөлiмi) берген зейнеткер куәлiгiн ұсынады.
      Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен
      13. Заңның 60-шы бабындағы 1-шi тармақта қаралған негiз бойынша сіңiрген еңбегi үшiн қарулы күштер қызметiнен (дербес құрам тiзiмiнен шығарылып тасталғандар), iшкi iстер министрлiгiнен босатылған тұлғалар Қорға өтiнiшпен және зейнетақы келiсiм-шартымен бiрге сіңiрген еңбегi үшiн зейнетақы тағайындау кезiнде тиiстi министрлiк пен ведомствоның қаржы қызметi берген зейнеткер куәлiгiн ұсынады. Бұл зейнеткер куәлiгi зейнетақы төлемi үшiн негiз болып табылады.
      14. Алушы қайтыс болған жағдайда қайтыс болған Алушының iс-қимыл жасай алатын отбасы мүшелерi немесе жерлеген адам жинақталған зейнетақы қаражаты қалыптасқан Қордан кез келген уақытта жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлемдi алуға құқылы. Мұндайда Қорға ұсынылуы тиiс:
      - қайтыс болған Алушының iс-қимыл жасай алатын отбасы мүшесiнiң немесе жерлеген адамның төлқұжаты (жеке куәлiгi);
      - нотариалды куәландырылған Алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi.
      15. Мүгедектiк алған және ерiктi жинақталған зейнетақы қаражаты есебiнен зейнетақы жинақтары бар Алушылар Қорға өтiнiшпен
бiрге:
      - төлқұжат (жеке куәлiк);
      - зейнеткер куәлiгiн ұсынуы тиiс.
      16. Асыраушысынан айрылған және ерiктi жинақталған зейнетақы қаражаты есебiнен зейнетақы жинақтары бар Алушылар Қорға өтiнiшпен бiрге:
      - төлқұжат (жеке куәлiк);
      - зейнеткер куәлiгiн ("асыраушысынан айрылды" деген белгiсi бар) ұсынады.    

3. Жинақталған зейнетақы қаражатын алып қоюға
ұсынылатын құжаттар тiзбесi

      17. Қазақстан Республикасынан шет жерге тұрақты түрде тұру үшiн көшiп кеткен Алушы жинақталған зейнетақы қаражатын алып қою кезiнде Қорға белгiленген үлгiдегi өтiнiшпен бiрге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасының азаматы - рұқсат беретiн жазуы бар көшу мақсаты көрсетiлген - "тұрақты тұру орны", шығар мерзiмi көрсетiлген, визалық мөрмен және төлқұжат және визалық жұмыстар Басқарма бастығының немесе оның орынбасарының қолымен бекiтiлген төлқұжат, соңғы жұмыс орнынан босатылғаны туралы құжаттың көшiрмесi, мекен-жайындағы тiркеуден шыққандығы туралы белгiсi бар кету парағы.
      2) шетелдiк азаматтар - тұрақты тұру орнына шығар визасы бар төлқұжат, соңғы жұмыс орнынан босатылғаны туралы құжаттың көшірмесі, мекен-жайындағы тiркеуден шыққандығы туралы белгісi бар кету парағы егер де басқасы Қазақстан Республикасының сол мемлекетпен халықаралық келiсiмдерiмен ескерiлмесе. Басқа тәртiп бар болған жағдайда Алушы оған сәйкес халықаралық келiсiммен анықталған көшуге қажеттi құжаттарды ұсынады.
      3) азаматтығы жоқ тұлға - тұрақты тұру орнына шығар визасы бар азаматтығы жоқ жеке куәлiк (серия А), соңғы жұмыс орнынан босатылғаны туралы құжаттың көшірмесі, мекен-жайындағы тiркеуден шыққандығы туралы белгісi бар кету парағы егер де басқасы Қазақстан Республикасының сол мемлекетпен халықаралық келiсiмдерiмен ескерiлмесе. Басқа тәртiп бар болған жағдайда Алушы оған сәйкес халықаралық келiсiммен анықталған көшуге қажеттi құжаттарды ұсынады.
      Ескерту. 17-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен
      18. Қазақстан Республикасынан шет жерге тұрақты түрде тұру үшiн көшiп бара жатқан Алушы жинақталған зейнетақы қаражатын алып қою кезiнде Қорға өз қолымен еркiн түрде жазылған тұрақты тұру орнына көшуiне байланысты жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу туралы сұранысын, жинақталған зейнетақы қаражатын аудару үшiн толық банкiлiк деректемелерiн, сондай-ақ алушының тұруға баратын елiндегi телефон нөмiрi көрсетiлген өтiнiшпен бiрге мынадай құжаттар:
      1) Қазақстан Республикасының азаматы - шығатын елiне тұруға рұқсат құжатының белгiленген тәртiппен нотариалды куәландырылған және заңды болған көшiрмесi не шетелдiк азаматтарға кеткен елiнде тұрақты тұруы үшiн берілетін өзге де құжат;
      2) шетелдiк азаматтар - шығатын елiне берiлген рұқсат құжатының белгiленген тәртiппен нотариалды куәландырылған және жариялы болған көшiрмесi, не тұрақты тұру орнына шығуына Қазақстан Республикасының визасы бар белгіленген тәртiппен нотариалды куәландырылған және жариялы болған төлқұжат көшiрмесi, не Қазақстан Республикасының сәйкес мемлекетпен халықаралық келiсiммен анықталған тәртiп бойынша шығуға қажет басқа да құжаттар;
      3) азаматтығы жоқ тұлға - шығатын елiнде тұру үшiн азаматтығы жоқ тұлғаларға берiлетiн белгiленген тәртiппен нотариалды куәландырылған және жариялы болған құжаттың көшiрмесi ұсынылады.
      Ескерту. 18-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен
      19. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша жеке iстерiмен кеткен және кеткен елiнде тұрақты тұруды рәсiмдегiсi келетiнiн бiлдiрген Алушы, жинақталған зейнетақы қаражатын алып қоярда өтiнiшпен бiрге мынадай құжаттарды:
      1) Қазақстан Республикасының азаматы - Қазақстан Республикасының кеткен елдегi дипломаттық немесе консулдық өкiлдiгiнiң шет елде тұрақты тұрып қалуына рұқсат етiлгенiн растайтын белгiсi қойылған, белгiленген тәртiппен нотариалды куәландырып және жариялы болған төлқұжаттың көшiрмесiн;
      2) шетел азаматы - шығатын елiне берiлген рұқсат құжатының белгiленген тәртiппен нотариалды куәландырылған және жариялы болған көшiрмесi, не тұрақты тұру орнына шығуына Қазақстан Республикасының визасы бар белгiленген тәртiппен нотариалды куәландырылған және жариялы болған төлқұжат көшiрмесi, не Қазақстан Республикасының сәйкес мемлекетпен халықаралық келiсiммен анықталған тәртiп бойынша шығуға қажет басқа да құжаттар;
      3) азаматтығы жоқ тұлға - шығатын елiнде тұру үшiн азаматтығы жоқ тұлғаларға берiлетiн белгiленген тәртiппен нотариалды куәландырылған және жариялы болған құжаттың көшiрмесi ұсынылады.
      20. Осы Ереженің 17, 18, 19 тармақтарында белгiленген жағдайларда, жинақталған зейнетақы қаражатын алып қою кезiнде Алушының жасы кәмелетке толмаса, аталған тармақтарда берiлген құжаттардың не түпнұсқасын немесе өздерiмен бiрге кетiп бара жатқан кәмелетке толмаған балалар туралы ақпарлар бар ата-анасының, асырап алушылардың, қамқоршылардың, опекундардың не түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған және қажет болған жағдайда жариялы болған құжаттарының көшiрмесi ұсынылады.
      21. <*>
      Ескерту. 21-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен
      22. Алушы қайтыс болған жағдайда Алушының мұрагерлерi жерлеуге жинақталған зейнетақы қаражатының мұраға берiлетiн бөлiгiн алу үшiн қайтыс болушының жинақталған зейнетақы қаражаты жиналған Қорға заңда белгiленген мерзiмде келуiне құқылы. Мұндайда мұрагерлер Қорға:
      - төлқұжат (жеке куәлiгi);
      - Алушының қайтыс болуы туралы куәлiгiнiң нотариалды түрде расталған көшiрмесi;
      - мұраға құқығы барлығы туралы куәлiктiң нотариалды түрде расталған көшiрмесi ұсынуы тиiс.

4. Зейнетақы төлемдерiн алуға
ұсынылатын құжаттарды қарау тәртiбi

      23. Осы Ереженің 1-шi тармағына сәйкес зейнетақы төлемдерi ("жерлеуге" басқадан), өтiнiш тiркелген күннен бастап 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жүргiзiлуi керек.
      Ескерту. 23-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен .
      24. Заңның 25 бабындағы 4 тармағына сәйкес жерлеуге арналған бiржолғы төлем өтiнiш берген күннен бастап 5 (бес) банкiлiк күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      25. Қор Алушының зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн анықтайды және тапсырыстың жалпы сомасын Компанияға қосады. Қор зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезiмен бiр мезгiлде банк-кастодианға (бұдан былай - Кастодиан) зейнетақы төлемдерiнен ұсталған табыс салығын аударуға төлем тапсырысын ұсынуға мiндеттi.

5. Зейнетақы жинақтарын алып қоюға
ұсынылатын құжаттарды қарау тәртiбi

      26. Жинақталған зейнетақы қаражатының төлемi Алушыға зейнетақы келiсiм-шарты бұзылғанға дейiн жүзеге асырылуы керек.
      27. Алушы Қорға зейнетақы келiсiм-шартын бұзатын күнге дейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасынан шет жерге тұрақты түрде тұру үшiн кетуiне байланысты жинақталған зейнетақы қаражатын алып қою туралы өтiнiшiн ұсынады.
      28. Қор Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшерiн анықтайды және тапсырыстың жалпы сомасын Компанияға қосады. Қор зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезiмен бiр мезгілде банк-кастодианға (бұдан былай - Кастодиан) зейнетақы төлемдерiнен ұсталған табыс салығын аударуға төлем тапсырысын ұсынуға мiндеттi.
      29. Жинақталған зейнетақы қаражатын алатын құжаттарды рәсiмдеген жауапты тұлғаның қолы қойылған Алушының Жеке куәлiгiнiң (төлқұжаттың) жарық көшiрмесi Қорда қалады.
      30. <*>
      Ескерту. 30-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен .
      31. Қайтыс болған Алушының мұрагерлерiне жинақталған зейнетақы қаражатының төлемiн оның жеке зейнеткер шотындағы қаржы қалдығының шегiнде өтiнiш тiркелген күннен бастап 30 (отыз) күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
      Ескерту. 31-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен .
      32. Қор Алушыға төленетiн жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын анықтайды және тапсырыстың жалпы сомасын Компанияға қосады. Қор зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезiмен бiр мезгiлде банк-кастодианға зейнетақы төлемдерінен ұсталған табыс салығын аударуға төлем тапсырысын ұсынуға міндетті. Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының төлемін зейнетақы келісім-шартын бұзу уақытына дейін жүргізу керек.

БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы
қорларының қызметін реттеу жөніндегі
комитетінің
2000 жылғы 11 қаңтардағы N 6-Ө
бұйрығымен

Жинақтаушы зейнетақы қорларына
зейнетақы төлемдерiн алу немесе
жинақталған зейнетақы қаражатын
алып қою құжаттарын ұсыну ережесiне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен .

      Назар аударыңыз! Өтініш баспа әріптерімен анық толтырылады

                        Кімге:--------------------------------------
                                          (Қордың атауы)

Алушының зейнетақы төлемдерін алуға
ӨТІНІШ

     Мен,-------------------------------------------------------
     тегі-------------------------------------------------------
     аты -------------------------------------------------------
     әкесінің аты-----------------------------------------------
                   Күні    Айы   Жылы
     Туған күні   ----------------------
     Құжат түрі:  -- Жеке басының куәлігі -- Төлқұжаты
                                                Күні  Айы   Жылы
     Сериясы ------  Нөмірі---------------- Берілді-----------------
-------------------------------------------------------------------
                      (кім берген)

     Әлеуметтік дербес коды (ӘДК) N---------------------------------
     ТСН -------------------------------------------
     Дербес зейнетақы шоты ------------------------------------
      -- зейнеткерлік жасына жетуіме;  -- төтенше және барынша
                                          радиациялық
     -- қарулы күштерде, ішкі істер       қатерлі өңірлерде
        органдарында еңбек сіңірген       тұрғаныма;
        жылдары бойынша зейнеткерлікке
        шығуыма;    

     ауылдық жерде тұрып, 5 және одан      асыраушыдан айырылуыма;
     да көп бала тауып және                мүгедектікке ұшырауыма;
     тәрбиелеуіме;
     алушының қайтыс болуына
     (жерлеуге);
      Байланысты    

     зейнетақымен қамсыздандыру туралы зейнетақы шартына сәйкес міндетті, ерікті (керегін сызу керек) зейнетақы жарналарының есебінен маған зейнетақы төлемдерін жүргізуді өтінемін

  N________________________"_____"____________________200____жыл,
   ай сайын;                    жинақталған зейнетақы қаражатының
                                     барлық сомасын біржолы;
     белгіленген соманы;
     квартал сайын;
     мынадай деректемелер бойынша ақшаны аудару:
--------------------------------------------------------------------(банктің атауы, банк шотының нөмірі, жеке шотының нөмірі, банктің 
 МФО-сы, банктің ТСН-і)
--------------------------------------------------------------------

     Мына мекен-жайда тұрамын: индекс--------------------------обл.
     ------------------қ.(пос., с.),------------------------көшесі,
     үй N--, пәт.N--, үй телефоны ---------, жұмыс телефоны-------

     Алушы:------------------
             (қолы)
     Өтініш жазылған күн "___"___________200__жыл
     Өтінішті қабылдадым "___"___________200__жыл
--------------------------------------------------------------------                           (ТАӘ, қызметі, қолы)

     Қорда тіркелді: N ________"_____"____________200__жыл
--------------------------------------------------------------------Алушыға_____________________________________________________________
                         (ТАӘ)
     Өтініш Қорда тіркелді: N______"____"_______________200__жыл
     Өтінішті қабылдадым "___"___________200__жыл     --------------------------------------------------------------------
                      (ТАӘ, қызметі, қолы)    

                                                       МО    

БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы
қорларының қызметін реттеу жөніндегі
комитетінің
2000 жылғы 11 қаңтардағы N 6-Ө
бұйрығымен

Жинақтаушы зейнетақы қорларына
зейнетақы төлемдерiн алу немесе
жинақталған зейнетақы қаражатын
алып қою құжаттарын ұсыну ережесiне
2-қосымша 

      Ескерту. 2-қосымша өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен .

      Назар аударыңыз! Өтініш баспа әріптерімен анық толтырылады

                      Кімге:----------------------------------------
                                            (Қордың атауы)

Сенім берілген тұлғаның зейнетақы төлемдерін алуға
ӨТІНІШ

     Мен,-----------------------------------------------------------
                           (тегі, аты, әкесінің аты)
     N----------------ж., алушының мүддесі үшін сенімхат негізінде
     іс-қимыл жасайтын
     тегі -------------------------------------------------------
     аты  -------------------------------------------------------
     әкесінің аты------------------------------------------------
                   Күні    Айы   Жылы
     Туған күні   ----------------------
     Құжат түрі:  -- Жеке басының куәлігі -- Төлқұжаты

                                             Күні  Айы   Жылы
     Сериясы ------  Нөмірі---------------- Берілді-----------------
--------------------------------------------------------------------
                           (кім берген)
     Әлеуметтік дербес коды (ӘДК) N---------------------------------
     ТСН -------------------------------------------
     Дербес зейнетақы шоты ------------------------------------
     -- зейнеткерлік жасына жетуіме;  -- төтенше және барынша
     -- қарулы күштерде, ішкі істер      радияциялық қатерлі
        органдарында еңбек сіңірген      өңірлерде тұрғаныма;
        жылдары бойынша зейнеткерлікке
        шығуыма;
     ауылдық жерде тұрып, 5 және одан      асыраушыдан айырылуыма;
     да көп бала тауып және                мүгедектікке ұшырауыма;
     тәрбиелеуіме;
     алушының қайтыс болуына
     (жерлеуге);

      Байланысты зейнетақымен қамсыздандыру туралы зейнетақы шартына сәйкес міндетті, ерікті (керегін сызу керек) зейнетақы жарналарының есебінен оған зейнетақы төлемдерін жүргізуді өтінемін

     N________________________"_____"____________________200____жыл,
         ай сайын;             жинақталған зейнетақы қаражатының
                                     барлық сомасын біржолы;
     белгіленген соманы;
     квартал сайын;
     мынадай деректемелер бойынша ақшаны аудару:
--------------------------------------------------------------------(банктің атауы, банк шотының нөмірі, жеке шотының нөмірі, банктің
                   МФО-сы, банктің ТСН-і)
--------------------------------------------------------------------
Мына мекен-жайда тұрамын: индекс--------------------------------обл.
   ------------------қ.(пос., с.),------------------------көшесі,
үй N-----, пәт.N-------, үй телефоны -------, жұмыс телефоны-------

     Сенім берілген тұлға:------------------
                                (қолы)
     Өтініш жазылған күн "___"___________200__жыл
     Өтінішті қабылдадым "___"___________200__жыл
--------------------------------------------------------------------
                              (ТАӘ, қызметі, қолы)

     Қорда тіркелді: N ________"_____"____________200__жыл
--------------------------------------------------------------------     Сенім берілген тұлғаға________________________________________
                                                (ТАӘ)
Алушының___________________________________________________________
                                             (ТАӘ)    

      Өтініш Қорда тіркелді: N______"____"_______________200__жыл
      Өтінішті қабылдадым "___"___________200__жыл
--------------------------------------------------------------------
                        (ТАӘ, қызметі, қолы)    

                                                       МО

БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы
қорларының қызметін реттеу жөніндегі
комитетінің
2000 жылғы 11 қаңтардағы N 6-Ө
бұйрығымен

Жинақтаушы зейнетақы қорларына
зейнетақы төлемдерiн алу немесе
жинақталған зейнетақы қаражатын
алып қою құжаттарын ұсыну ережесiне
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен .

      Назар аударыңыз! Өтініш баспа әріптерімен анық толтырылады

                          Кімге:------------------------------------
                                           (Қордың атауы)

Алушының жинақталған зейнетақы
қаражатын алып қоюға
ӨТІНІШ

      Мен,-------------------------------------------------------
      тегі-------------------------------------------------------
      аты -------------------------------------------------------
     әкесінің аты --------------------------------
                   Күні    Айы   Жылы
     Туған күні   ----------------------
     Құжат түрі:  -- Жеке басының куәлігі -- Төлқұжаты 
                                               Күні  Айы   Жылы
     Сериясы ------  Нөмірі--------------- Берілді-----------------
--------------------------------------------------------------------
                            (кім берген)
     Әлеуметтік дербес коды (ӘДК) N --------------------------------
     ТСН -------------------------------------------
     Дербес зейнетақы шоты ------------------------------------
     Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұруыма;
     алушының қайтыс болуына_______________________________________
                                 (Т. А. Ә., туған күні)

      Байланысты зейнетақымен қамсыздандыру туралы зейнетақы шартына сәйкес міндетті, ерікті (керегін сызу керек) зейнетақы жарналарының есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын алып қоямын
     N________________________"_____"____________________200____жыл,

     нақты ақшамен;
     мынадай деректемелер бойынша ақшаны аудару:
-------------------------------------------------------------------- (банктің атауы, банк шотының нөмірі, жеке шотының нөмірі, банктің 
       МФО-сы, банктің ТСН-і)
-------------------------------------------------------------------     Алушы:------------------
             (қолы)
    Өтініш жазылған күн "___"___________200__жыл
    Өтінішті қабылдадым "___"___________200__жыл --------------------------------------------------------------------
                     (ТАӘ, қызметі, қолы)
     Қорда тіркелді: N ________"_____"____________200__жыл --------------------------------------------------------------------
    Алушыға____________________________________________________________
                           (ТАӘ)    

     Өтініш Қорда тіркелді: N______"____"_______________200__жыл
     Өтінішті қабылдадым "___"___________200__жыл
--------------------------------------------------------------------
                      (ТАӘ, қызметі, қолы)

      МО

         БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы
қорларының қызметін реттеу жөніндегі
комитетінің
2000 жылғы 11 қаңтардағы N 6-Ө
бұйрығымен

Жинақтаушы зейнетақы қорларына
зейнетақы төлемдерiн алу немесе
жинақталған зейнетақы қаражатын
алып қою құжаттарын ұсыну ережесiне
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 358 қаулысымен .

     Назар аударыңыз! Өтініш баспа әріптерімен анық толтырылады

      Кімге:-----------------------------------------------
                          (Қордың атауы)

    

Сенім берілген тұлғаның жинақталған
зейнетақы қаражатын алып қоюға
ӨТІНІШ

     Мен, ------------------------------------------------------
                      (тегі, аты, әкесінің аты)
     N------------------------ж., алушының мүддесі үшін сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын
     тегі-------------------------------------------------------
     аты -------------------------------------------------------
     әкесінің аты-----------------------------------------------
                   Күні    Айы   Жылы

     Туған күні   ----------------------
     Құжат түрі:  -- Жеке басының куәлігі -- Төлқұжаты

                                                   Күні  Айы   Жылы

     Сериясы ------  Нөмірі---------------- Берілді-----------------
 -------------------------------------------------------------------
                           (кім берген)

     Әлеуметтік дербес коды (ӘДК) N--------------------------------
     ТСН -------------------------------------------
     Дербес зейнетақы шоты ------------------------------------
     Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұруыма;
     алушының қайтыс болуына_______________________________________
                                    (Т.А. Ә., туған күні)

     Байланысты зейнетақымен қамсыздандыру туралы зейнетақы шартына сәйкес міндетті, ерікті (керегін сызу керек) зейнетақы жарналарының есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын алып қояды
     N________________________"_____"____________________200____жыл,
     нақты ақшамен;
     мынадай деректемелер бойынша ақшаны аудару:
--------------------------------------------------------------------
(банктің атауы, банк шотының нөмірі, жеке шотының нөмірі, банктің  

      МФО-сы, банктің ТСН-і) --------------------------------------------------------------------
     Мына мекен-жайда тұрамын: индекс---------------------------обл.
     ------------------қ.(пос., с.),------------------------көшесі,
     үй N--, пәт.N----, үй телефоны ---------, жұмыс телефоны-----

     Сенім берілген тұлға:------------------
                                (қолы)
     Өтініш жазылған күн "___"___________200__жыл
     Өтінішті қабылдадым "___"___________200__жыл
--------------------------------------------------------------------
                      (ТАӘ, қызметі, қолы)    

     Қорда тіркелді: N ________"_____"____________200__жыл     --------------------------------------------------------------------     Сенім берілген тұлғаға__________________________________________
                                                (ТАӘ)
Алушының___________________________________________________________
                                     (ТАӘ)

    Өтініш Қорда тіркелді: N______"____"_______________200__жыл    

    Өтінішті қабылдадым "___"___________200__жыл
--------------------------------------------------------------------
                        (ТАӘ, қызметі, қолы)    

                                                       МО

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады