Байланыс формасы

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 168 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 15 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4873 болып енгізілді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).
      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4176 тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 118 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4252 тіркелген).

      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      5. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін Ереже талаптарына сәйкестендірсін.

      6. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):

      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      7. Агенттіктің Төраға Қызметі (Заборцева Е.Н.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

Төраға


Қазақстан Республикасының


Ұлттық Банкімен келісілді


2007 жылғы 6 шілде


____________________________


(қолы, күні, елтаңбалық мөр)



  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 25 маусымдағы
N 168 қаулысымен бекітілген

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

      Осы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидалары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және лицензиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) құзыретіне кіретін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялаудың тәртібі мен талаптарын айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

1-тарау. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау

      1. Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағында көзделген банктік операцияларды жүргізуге банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - банктік емес ұйым) лицензияны Банктер туралы Заңның 30-бабының 7-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайда уәкілетті орган береді.

      2. Ешбір банктік емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ереженің 10-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайда, Банктер туралы заңының 30-бабының 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыра алмайды.

      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2009.08.28 N 197 Қаулыларымен.

      3. Банктік емес ұйымға Банктер туралы заңда көзделген бір немесе бірнеше операцияларды жүргізуге арналған лицензия тек банктер ғана жүзеге асыра алатын банк операцияларын қоспай беріледі.

      Банктік емес ұйым жүзеге асыратын банктік заем операциясын басқа банктік операцияларының басқа түрлерін қосып атқаруға болмайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Өтініш иесі лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) Ереженің 1-қосымшасына сәйкес лицензия беру туралы өтінішті;

      2) жарғының нотариатта куәландырылған көшірмесін;

      3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжатты;

      4) барлық жоспарланып отырған операциялар бойынша лицензияны алу мақсаттарын, өтініш беруші бағдарға алған нарық сегментін, қызмет көрсету түрлерін, маркетинг жоспарын (клиентураны қалыптастыру), ұйым қызметін қаржыландырудың көздерін, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстардың болжамын ашатын және өтініш беруші қызметінің жоспарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшесінің бар екендігін көрсететін бизнес-жоспарды;

      5) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарына сәйкес банктік емес ұйымның банк операцияларын жүргізуінің жалпы талаптары жөніндегі ережені;

      6) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес банктік емес ұйымның атқарушы органының бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы электрондық және қағаз тасымалдағыштардағы мәліметтерді;

      7) құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша Ереженің 3-қосымшасына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді;

      8) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын филиалдардың (осындайлар болған жағдайда) тізімін және осындай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелерін;

      9) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттарды - төлем тапсырмаларын, кассалық кіріс ордерлерін (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалардан басқа) ұсынады.

      Банктік емес ұйымның әрбір түрі бойынша жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді және ол осы сома шегінде тек қана ақшамен төленуі тиіс (банкаралық ақша аудару жүйесінің операторынан, сондай-ақ аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің шешімімен банктік емес ұйымның жарғылық капиталын қалыптастырудың өзге мөлшері мен тәртібі көзделуі мүмкін жеке жағдайлардан басқа).

      Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін төлеу талаптары жарғылық капиталының қалыптасуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделмеген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      5. Ипотекалық ұйымдар лицензия алу үшін осы Ереженің 4 тармағында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды береді:

      1) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, атқарушы орган мүшелері туралы электронды және қағаз жеткізушімен берілетін мәліметтерді;

      2) Банктер туралы Заңның 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы ережені;

      3) ішкі аудит туралы ережені.

      6. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      8. Қор биржасы, орталық депозитарий лицензия алу үшін Ереженің 4-тармағының 1), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      9. Аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа мыналарды береді:

      1) Банктер туралы Заңның 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы ереже;

      2) ішкі аудит туралы ереже (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар үшін).

      Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 197 қаулыcымен.

      10. Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия қор биржасына, орталық депозитарийге, банкаралық ақша аудару жүйесінің операторына беріледі.

      Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операцияларын қор биржасы, орталық депозитарий, осы көрсетілген заңды тұлғаларда Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы бар болғанда, жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      10-1. Өзге заңды тұлғалар Банктер туралы Заңының 30-бабының 2-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктері шегінде жүргізеді.

      Ескерту: 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 197 қаулыcымен.
      11. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      12. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      13. Осы Ереженің 4, 5, 9-тармақтарында аталған, бірнеше парақтардан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың екінші бетінде тігілім шетіне желімделген парақтардың саны көрсетіліп, ішінара жапсырманың жоғарғы жағына өтініш иесінің мөрімен расталған күйінде ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері осындай құжаттарға қол қою және өтініш иесінің мөрінің бедерімен растау құқығы бар өтініш иесінің лауазымды тұлғаларының қолдарымен расталады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      14. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      15. Лицензия алуға ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде қарайды.

      16. Өтініш иесінің және лицензияны алуға ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен, оның ішінде осы Қағидалармен сәйкес келген жағдайда өтініш иесіне лицензия осы Қағидалардың 4-қосымшасына немесе 5-қосымшасына сәйкес беріледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).
      17. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      18. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензиясы бар заңды тұлға лицензияны алуға арналған өтініште көрсетілген орналасқан жерлері өзгерген, сондай-ақ Ереженің 4-тармағының 2), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, уәкілетті органға осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он төрт күн ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      19. Банктік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуы (қайта тіркелу, қызметін тоқтату) кезінде әділет органдарында филиалды (өкілдікті) есепке алып тіркелген (қайта тіркелген, есептен шығарылған) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде банктік емес ұйым уәкілетті органға филиалдың немесе өкілдіктің есепке алып тіркелуі туралы анықтаманың немесе куәліктің нотариатта куәландырылған көшірмесін (филиалды (өкілдікті) есептен шығару туралы бұйрық, есепке алынып қайта тіркелуі туралы анықтаманы, есепке алып тіркелуі туралы анықтаманы немесе куәлікті жою) қоса беріп, филиалды (өкілдікті) ашу (қызметін тоқтату) туралы хабарлама береді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Лицензия беруден бас тарту Банктер туралы заңның 27-бабымен, Рұқсат берулер мен хабарламалар туралы заңның 32 және 36 баптарымен берілген негіздемелер бойынша жасалады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

      21. Банктік емес ұйымдардың лицензияларын қайта ресімдеу Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңмен белгіленген негіздеме мен тәртіп бойынша жасалады.

      Банктік емес ұйым лицензияны қайта ресімдеу кезінде осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішпен уәкілетті органға хабарласады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

      22. Уәкілетті орган банктік емес ұйымның лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда банктік емес ұйымнан жазбаша өтініш алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде лицензияның телнұсқасын жоғарғы оң жақ бұрышына жаңа нөмірін қою мен "Телнұсқа" деген жазба жасау және лицензияның алғашқы берілген күнін және (немесе) оның қайта ресімделген күнін көрсете отырып береді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

      23. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және уәкілетті орган банктік емес ұйымға Банктер туралы заңның 46-бабында, 47-бабының 2-тармағының а), б) тармақшаларында, Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңның 5-4-бабында және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабында көзделген негіздемелер бойынша көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкциялар қолдана алады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      24. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімі банктік емес ұйымға орындау үшін жіберіледі және уәкілетті органның ресми басылымдарында жарияланады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      25. Лицензиясы тоқтатыла тұрған банктік емес ұйым ай сайын әр айдың оныншы күнінен кешіктірмей (лицензияның қолданылуы қайта басталған күнге не лицензияның тоқтатыла тұру мерзімі аяқталғанға дейін) уәкілетті органға анықталған жөнсіздіктерді жою бойынша банктік емес ұйым өткізген іс-шаралар туралы хабар береді.

      Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған банктік емес ұйым:

      1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күн ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтарады;

      2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі айлық мерзімде уәкілетті органға атауының өзгеруіне байланысты (ипотекалық ұйымдар үшін) әділет органдарында қайта тіркелуін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың тіркелуін (құрылтай құжаттарына банктік емес ұйымның қайта тіркелуіне әкелмейтін қызметінің түрін өзгерту негіздемелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда) растайтын құжаттарды және банктік емес ұйымның салық қызметі органдарына лицензиядан айыру туралы хабарламасының көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      26. Банктік емес ұйымның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтату (оның ішінде лицензиядан операциялардың жекелеген түрлерін алып тастау) туралы банктік емес ұйымның өтініші негізінде уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беруі тек банктік емес ұйымы осы операциялар бойынша барлық міндеттемелерін орындағаннан кейін ғана жүргізіледі.

      Уәкілетті органға банктік емес ұйымның лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ақпаратты банктік емес ұйым Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде оны уәкілетті органға қайтару күніне дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей жариялайды. Банктік емес ұйым уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасаған кезде қолдаухатпен бірге осы тармақта көрсетілген іс-шараларды орындағанын растайтын хатты береді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

2-тарау. Қорытынды ережелер

      27. Уәкілетті орган лицензияны беру, одан айыру, тоқтата тұру, тыйым салу және қайта бастау туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру арқылы не мүдделі тұлғалардың сұратулары бойынша ашады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      28. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілуі тиіс.

  Банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарды лицензиялау
ережесіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 272 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      _________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      _________________________________________________________________

      (өтініш иесінің толық атауы)

      ӨТІНІШ

      Мынадай банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (валюта түрін көрсету (ұлттық және (немесе) шетелдік)).

      Өтініш иесі туралы мәліметтер:

      1. Өтініш иесінің тұратын орны

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі)

      _________________________________________________________________

      (телефон, факс).

      3. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы

      куәліктің нөмірі мен күні және уәкілетті орган белгілеген жарғы

      капиталының барынша төмен мөлшері.

      _________________________________________________________________

      4. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әр қайсысының даналары мен парақтар саны:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Өтініші иесі өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) шынайылығы үшін толық жауап береді.

      өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметі

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (қолы)

      200__жылғы _____________"______"

      Мөрдің орны

  Банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарды лицензиялау
ережесіне 2-қосымша

      _________________________________________________________________

      (банктік емес ұйым қызметкерінің қызметі және банктік емес ұйымның

      атауы көрсетіледі)

      туралы мәліметтер

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты

_________________________________

_________________________________

Жеке басын куәландыратын құжат

пен толық сәйкес келуі, тегі,

аты, әкесінің аты (бар болса)

өзгерген жағдайда оның қай

уақытта және қандай себеппен

өзгертілгенін көрсету)

Туған күні және туған жері

________________________________

________________________________

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

________________________________

________________________________

(елді мекеннің кодын қосқанда,

мекен-жайын жан-жақты, қызметтік,

үй, байланыс телефондарын

көрсету)

Азаматтығы

_________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

________________________________

________________________________

________________________________

________________________________


      Жақын туыстар (ата-анасы, ері (зайыбы), ағасы-інісі, апасы-сіңлісі,

      балалары), сондай-ақ жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы,

      ағасы-інісі, апасы-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:

N

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және қызметі

1

2






      Өтініш иесінің өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысушы, акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер:

N

Заңды тұлғаның атауы тұратын орны

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Өтініш иесінің заңды тұлғаның жарғы капиталындағы қатысу үлесі, акциялар саны және өтініш иесіне, заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына тиесілі акциялардың пайыздық ара-қатынасы






      2. Кәсіби деректер:

Білімі, оның

ішінде жұмыс

кәсібіне сәйкес

келетін кәсіби

білімі

______________________________________

______________________________________

(оқу орнының, факультеттің немесе

бөлімшенің атауы мен тұратын орнын,

оқыту кезеңін, иеленетін біліктілігін,

білімі туралы дипломның деректемелерін

көрсету)

Қосымша білім,

оның ішінде жұмыс

істейтін саласын-

дағы біліктілік

көтеру курстары,

ғылыми дәрежесі

______________________________________

______________________________________

(оқу орнының атауы мен тұратын орнын,

оқыту кезеңін, білімі туралы дипломның,

сертификаттың, куәліктердің

деректемелерін көрсету)

Қаржылық қызмет

көрсету саласын-

дағы жұмыс тәжіри-

бесі

______________________________________

______________________________________

(қаржы ұйымдарындағы жұмыс жылдарының

санын, қызмет түрлері бойынша аудитор,

бухгалтер қызметін иеленуді көрсету)

Басшы қызметтегі

жұмыс тәжірибесі

______________________________________

______________________________________

(бар жұмыс тәжірибесін сипаттау:

қызметтік міндеттер, кәсіби тәжірибе)

Қол жеткен

жетістіктер

______________________________________

______________________________________

(осы мәселе бойынша ақпаратты, мысалы,

ғылыми жарияланымның атын көрсету,

ғылыми әзірлеулерге, заң жобаларына

және сол сияқтыларға қатысу)

Осы мәселеге

қатысы бар басқа

ақпарат

______________________________________

______________________________________

(кандидаттың кәсіби құзыреттілігін

сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)


      Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

N

Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

Ұйым атауы, атқаратын қызметі және қызметтік міндеттер, ұйымның координаттары








      3. Басқа мәліметтер:

Мемлекеттік қызмет және мемле-

кеттік басқару мүдделеріне

қарсы сыбайлас жемқорлық және

өзгеде қылмыстар үшін сотты-

лықты заңды тәртіппен белгі-

ленген тәртіп бойынша өтел-

меуінің немесе алынып таста-

луының болуы

Иә/жоқ

(егер Иә десе, онда

қылмыстық жауапкершілікке

тарту туралы үкімнің күні

мен нөмірін, 1997 жылғы 16

шілдедегі Қазақстан

Республикасының Қылмыстық

Кодексінің бабын көрсету)

Қадағалау органдарының

Қазақстан Республикасының

заңнамасын бұзғаны үшін

қызметтік міндетті орындаудан

шеттету туралы деректердің

болуы

Иә/жоқ

(егер "Иә" десе, онда осы

шараны қолданған органның

атауын және күнін көрсету)

Осының алдында банкрот болып

танылған қаржы ұйымының басшы

қызметкері болып табылды ма

не лицензияны айыру, мәжбүрлеп

тарату, консервация, акциялар-

ды мәжбүрлеп сатып алуға

қатыстылығы туралы

Ұйымның атауы, қызметі,

жұмыс кезеңі

Қаржы ұйымының басшысы

ретінде қаржылық қызмет

көрсету мәселелері бойынша

сотта ақ-қарасын ажыратуға

жауапкер ретінде тартылды ма

(мәселені және сот шешімін

қарайтын сот ақ-қарасын

ажыратуындағы жауап беруші

ұйымның атауын, күнін көрсету

Осы мәселеге қатысы бар басқа

да ақпарат

(ерікті түрде көрсетіледі)


      Мен (тегі, аты, бар болса әкесінің аты), ___________, осы ақпаратты ұқыптап тексердім және шынайы және толық болып табылатындығын растаймын _____________________ (қолы, күні).

  Банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарды лицензиялау
ережесіне 3-қосымша

      Өтініш иесінің (заңды тұлға үшін) акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      (Өтініш иесінің толық атауы)

      1. Өтініш иесінің акционері (қатысушысы)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Тұратын орны ______________________________________________

      _________________________________________________________________

      (почталық индексі, мекен-жайы)

      Байланыс деректемелері

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (телефон және факс нөмірлері, электронды почта бар болса, оның

      мекен-жайы)

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      (құжат атауы, берілген нөмірі және күні, кім берді)

      Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емес

      _________________________________________________________________

      Негізгі қызмет түрі ____________________________________________

      _________________________________________________________________

      2. Акционерге, өтініш иесінің дауыс беруші жалпы акциялар санына пайыздық ара қатынасы немесе өтініш иесінің жарғы капиталындағы қатысу үлесі.

      _________________________________________________________________

      3. Өтініш иесінің акцияларына төлем жасау үшін ақшаны енгізер алдындағы өтініш иесі акционерінің (қатысушысының) меншікті капиталының мөлшері (өтініш иесінің жарғы капиталына қатысу үлесі) және өтініш иесінің акцияларына төлем жасау үшін енгізілген сома (өтініш иесінің жарғы капиталына қатысу үлесі)___________________

      4. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұратын орнын көрсетіп, қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне акционердің (қатысушының) қатысуы туралы мәліметтер:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      5. Ұйымдардың толық атауларын, тұратын орнын көрсетіп, өтініш иесінің акционерінің (қатысушысының) қатысатын холдингтері, концеріндері, қауымдастықтары, консорциумдары, өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтары туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      6. Өтініш иесінің акционерінің (қатысушысының) басшысы туралы мәліметтер:

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)

      20__ жылғы "___"_____________.

      Өтініш иесінің акционерінің (қатысушысының) басшысының қолы ________________

      Мөрдің орны

      Өтініш иесінің акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер

      (жеке тұлға үшін)

      _________________________________________________________________

      (Өтініш иесінің толық атауы)

      1. Өтініш иесінің акционері (қатысушысы)

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған жылы және күні ____________________________________________

      Азаматтығы_______________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат деректері _______________________

      _________________________________________________________________

      (құжат атауы, берілген нөмірі, сериясы және күні, кім берді)

      Тұратын орны ____________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (почталық индексі, мекен-жайы)

      Байланыс деректемелері __________________________________________

      _________________________________________________________________

      (телефон нөмірі, электронды почтаның адресі)

      Жұмыс орны (мекен-жайын көрсетіп), қызметі ______________________

      _________________________________________________________________

      2. Акционерге, өтініш иесінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына тиесілі өтініш иесінің дауыс беруші акцияларының санына пайыздық қатынасы

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      3. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұратын орнын көрсетіп, қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне акционердің (қатысушының) қатысуы туралы мәліметтер:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      20__ жылғы "___"_____________.

      Өтініш иесінің акционерінің (қатысушысының) қолы __________

      Банк операцияларының

      жекелеген түрлерін жүзеге

      асыратын ұйымдарды лицензиялау

      ережесіне 4-қосымша

      Қазақстан Республикасының

      елтаңбасы

      Уәкілетті органның толық атауы

      Банктік операцияларды жүргізуге

      Лицензия

      _________________________________________________________________

      (лицензия қандай валютада (ұлттық және/немесе шетелдік)

      берілгендігі көрсетіледі)

      Лицензия нөмірі _____ берілген уақыты _____ жылғы "___"

      _________________________________________________________________

      банктік емес ұйымның толық атауы

      Осы лицензия мынадай банк операцияларын жүргізуге құқық береді:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Банк операцияларын жүргізуге бірінші рет берілген лицензиялар туралы деректер:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (лицензияны берген мемлекеттік органның нөмірі, күні, атауы)

      Төраға (Төрағаның орынбасары)

      Мөрдің орны

      Алматы қаласы

      Банк операцияларының

      жекелеген түрлерін жүзеге

      асыратын ұйымдарды лицензиялау

      ережесіне 5-қосымша

      Қазақстан Республикасы

      Уәкілетті органның толық атауы

      Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті және банктік

      операцияларды жүргізуге

      Лицензия

      Лицензия нөмірі _____ берілген уақыты _____ жылғы "___" ___

      _________________________________________________________________

      банктік емес ұйымның толық атауы

      Осы лицензия мынадай банктік операцияларды жүргізуге құқық береді:

      1. ________________________________________________________

      (лицензияның қандай валютада (ұлттық және/немесе шетел) берілгендігі көрсетіледі)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      2. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Бірінші рет берілген лицензиялар туралы деректер:________________________________________________________

      банк операцияларын

      жүргізуге:_______________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (лицензияны берген мемлекеттік органның нөмірі, күні, атауы)

      бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүргізуге:

      _________________________________________________________________

      (лицензияны берген мемлекеттік органның нөмірі, күні, атауы)

      Төраға (Төрағаның орынбасары)

      Мөрдің орны

      Алматы қаласы

  Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
жүзеге асыратын банк операцияларын
лицензиялау қағидаларына 6-қосымша

      Нысан

      Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

ӨТІНІШ

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лицензияның атауын және валюта түрін (ұлттық және (немесе)

      шетелдік) көрсету)

      лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын.

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      1. Өтініш берушінің тұрғылықты жері

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (телефон, факс)

      3. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және күні және уәкілетті орган белгілеген жарғы капиталының барынша төмен мөлшері.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Жіберіліп отырған құжаттар тізбесі, даналардың және парақтардың әр қайсысының саны:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Өтініш беруші өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) шынайылығы үшін толық жауапкершілік атқарады.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, қызметі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қолы)

      __ жылғы "___" _____________

      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады