Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы "Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" N 422/12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы N 144/5 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 маусымда N 12-11-109 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 16 қарашадағы N 508/11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2012.11.16 N 508/11 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Павлодар аудандық мәслихаттың (4 шақырылған 12 сессиясы) 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 12/85 "Аудандық мәслихаттың (4 шақырылған 10 сессиясы) 2008 жылғы 22 желтоқсандағы "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" N 10/74 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне сәйкес, аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы "Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" N 422/12 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-11-101 болып тіркелген, "Нива" газетінде 2008 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Нұсқаулықтың:
      2 тармағы мынадай мазмұнды 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52) тармақшалармен толықтырылсын:
      "46) 15 апта және одан артық мерзім жүкті әйелдер – есепке уақытылы алынуын ынталандыру үшін – 10 АЕК көлемінде бір жолғы материалдық көмек;
      47) жалғыз басты зейнеткерлер, көп балалы отбасылар – отын сатып алуға – 10 АЕК көлемінде бір жолғы материалдық көмек;
      48) жалғыз басты зейнеткерлер, көп балалы отбасылар, жалғыз басты жұмыссыздар – азық-түлік бағасының өсуіне байланысты - 3 АЕК көлемінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      49) қант диабетімен, гипертоникалық, жүрек, психикалық аурумен  ауыратын тұлғалар – дәрі-дәрмек бағасының өсуіне байланысты - 2 АЕК көлемінде тоқсан сайынғы материалдық көмек;
      50) Ауғанстандағы әскери әрекеттерге қатысқан тұлғалар – "Ауғанстаннан әскерлер шығаруға 20 жыл" медалімен марапаттауға – 2000 теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек;
      51) жалғыз басты аналар – балалар тағамын сатып алуға – 2 АЕК көлемінде ай сайынғы материалдық көмек;
      52) әлеуметтік көмекке мұқтаж болып танылған, жеке шаруашылығында 3 ірі қара малдан артық жоқ тұлғалар - ауыл шаруашылығы  жануарларын жасанды ұрықтандыруға – 1 бас ірі қара малға 1 АЕК көлемінде бір жолғы материалдық көмек".
      2 тармақтың:
      3) тармақшасындағы "6000 теңге көлемінде" деген сөздер "20000 теңге көлемінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) тармақшадағы "бір жолғы" деген сөз "жылына екі рет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) тармақшасындағы "5 АЕК көлемінде" деген сөздер "10 АЕК көлемінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) тармақшадағы "2009 жылдан бастап 50 АЕК көлемінде" деген сөздер "2009 жылы 70 АЕК көлемінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31) тармақшадағы "2 АЕК көлемінде" деген сөздер "4 АЕК көлемінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      33) тармақшадағы "5 АЕК көлемінде" деген сөздер "10 АЕК көлемінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3 тармақтың:
      1) тармақшасы 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52) тармақшаларымен  толықтырылсын.
      4 тармақтың:
      2) тармақшасы 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52) тармақшаларымен  толықтырылсын.
      5-тармақтың:
      6), 8), 9), 12) тармақшалардағы "тұрғын үй-тұрмыс жағдайын тексеру акті" деген сөздер "ауылдық округтер мен ауыл әкімі аппаратының комиссиясы өткізген өтініш берушінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) тармақшасындағы "күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аспайтын  кірісті есепке алумен" деген сөздер "кірістерді есепке алусыз" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5 тармақ мына мазмұндағы 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28) тармақшыларымен толықтырылсын:
      "22) 46) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - осы әлеуметтік  көмек алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, СТТН, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, аяғы ауыр мерзімі туралы медициналық мекеменің анықтамасы, кірістерді есепке алусыз;
      23) 47) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - осы әлеуметтік  көмек алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, СТТН, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, кірістердің барлық түрі (зейнетақы, еңбекақы, жәрдемақы және т.б.), ауылдық округтер мен ауыл әкімі аппаратының комиссиясы өткізген өтініш берушінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайды зерттеу актісі,  күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аспайтын, кірісті есепке алумен;
      24) 48) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - ауылдық округтер мен ауылдардың тізіміне сәйкес жалғыз басты зейнеткерлер үшін, жұмыспен қамту секторының тізіміне сәйкес жалғыз басты жұмыссыздар үшін, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың  аудандық филиалының тізіміне сәйкес көп балалы аналар үшін, кірісті есепке алусыз;
      25) 49) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - осы әлеуметтік  көмек алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, СТТН, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, медициналық мекеменің анықтамасы, кірістерді есепке алусыз;
      26) 50) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - Зейнетақы төлеу  жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық филиалының тізіміне сәйкес,  кірісті есепке алусыз;
      27) 51) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - осы әлеуметтік  көмек алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, СТТН, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, бала туу туралы куәлік, кірістерді есепке алусыз;
      28) 52) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - ауылдық округтер мен ауылдардың тізіміне сәйкес, тегін, атын, әкесінің атын көрсетумен, СТТН, есеп шоты, мал дәрігері куәландырған ірі қара малды ұрықтандыру нәтижесі туралы анықтама, жеке ауласының болуы туралы анықтама, кірісті есепке алусыз".
      5 тармақтың:
      4), 5), 6), 8), 9), 12), 16), 17), 18), 20) тармақшасындағы "тұратын жерінен анықтама" деген сөздер "азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын";
      7 тармақ 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52) тармақшаларымен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Ш. Шәмкеноваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Т. Бастенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады