Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылы мен Мұхаммед Хайдар Дулати даңғылының қиылысында орналасқан саябаққа атау беру туралы

Жаңа

Бірлескен ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІІІ сессиясының 2010 жылғы 4 маусымдағы N 326 шешімі және Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 маусымдағы N 2/402 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2010 жылғы 24 маусымда N 850 тіркелді

      Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған  Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Әл-Фараби даңғылы мен Мұхаммед Хайдар Дулати даңғылының қиылысында орналасқан саябақ «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы» болып аталсын.
      2. Алматы қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасы саябақтың есім көрсеткіштерін жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджеті есебінен қаржы қарастырсын.
      3. Бостандық ауданының әкімі (З.Ж. Аманжолова) осы нормативтік  құқықтық актіні іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.
      4. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е.Б. Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің орынбасарына (С.Т. Сейдұманов) жүктелсін.
      5. Осы нормативтік құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                  А. Есімов

      IV сайланған
      Алматы қаласы мәслихаты
      XXVII сессиясының төрағасы              А. Шелипанов

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                    Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады