Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 6 тамызда № 5-1-149 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 34/5-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 23.12.2014 N 34/5-V шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Ережесі бекітілсін.
      2. Өскемен қалалық мәслихатының шешімдері қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Е. Әкімбаев
      Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

  Өскемен қалалық мәслихатының
2010 жылғы 23 шілдедегі
№ 26/4 шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілейді.
      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 23.01.2014 № 26/2-V шешімімен.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2012.11.22 № 11/4-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 23.01.2014 № 26/2-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызмет көрсетулердің ақысын төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледі.
      Коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлер уәкiлеттi органға табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген коммуналдық қызметтерге тарифтердi, олардың өзгерiстерiн ұсынады. Тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде қызмет көрсетушiлермен ұсынылған жылудың шығындалуы тұрғын үй алаңының әлеуметтiк нормалары шегiнде есепке алынады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 23.01.2014 № 26/2-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат уәкілетті органға немесе "Шығыс Қазақстан облысының № 1 халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және оның филиалдарына өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының не мекенжай анықтамасының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттары;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 23.01.2014 26/2-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2012.04.12 № 3/6-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - 2012.11.22 № 11/4-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 23.01.2014 № 26/2-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімдерімен.
      5. Тұрғын үй көмегiн алушылар өтiнiш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға 4 тармақтың 4) - 8) тармақшаларында санамаланған құжаттарды қоса берумен тоқсан сайын өтiнiш бередi.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 23.01.2014 26/2-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      6. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін беруге негіз болып табылады.
      7. Қайталанған өтініш кезінде тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады. Егер ағымдағы тоқсанда құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.
      8. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берген айдан бастап тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-не дейін қабылданады.
      Жергiлiктi жылумен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегi жылына бiр рет өтiнiш берген айдан тәуелсiз тоқсанға тағайындалады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді- Өскемен қалалық мәслихатының 2012.11.22 № 11/4-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен.
      9. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша қалалық санақ және ақпарат басқармасымен ұсынылған қала бойынша орташа баға қолданылады.
      10. Тұрғын үй көмегін алуға келесі отбасылардың құқылары жоқ:
      1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген;
      2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда:
      бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғаларды, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналарды;
      3) құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;
      4) егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген болса.
      11. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасылар жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды қайта бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      12. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, электр жүйесiмен, газбен қамтамасыз етуге, лифттерге қызмет көрсетуге арналған шығыстар өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орта есеппен ескерiледi. Сумен қамтамасыз ету, су бұру, жылу энергиясы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтерi үшiн шығыстар қызмет көрсетушiлердiң тарифтерi бойынша ескерiледi.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 23.01.2014 № 26/2-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13. Жылу энергиясын тұтынуды есептеу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар алдыңғы тоқсанға нақты шығындар бойынша немесе қызметтер толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсанға есептеу құралдарының көрсеткіштерінің негізінде анықталады. Сәуір айында есептелінетін шығындар, сәуір айының шоттарына сәйкес нақты шығындар бойынша алынады.
      Суық және ыстық сумен қамтамасыз етуді, газбен қамтамасыз етуді тұтынуды есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығыстар алдындағы тоқсан үшін нақты шығындар бойынша анықталады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 2012.04.12 № 3/6-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      14. Үйлерде орталықтандырылған жылу болмаған жағдайда жылу мен ыстық сумен қамтамасыз етуге төлем мөлшері электр энергиясына есептелген сомадан әлеуметтік нормаларға сәйкес есептеледі.
      15. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, толық жетімдер, қамқорлықтағылар, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептегенде кіріс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен уақыттың сәйкес кезеңіне белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (кемітіледі).
      16. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі шарттар қолданылады:
      1) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса – ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген зайыбының мекен-жайы бойынша тағайындалады;
      2) өтініш берушінің үйінде ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда – өтініш беруші ол баланың ата-анасының табыстарын растауы тиіс.
      16-1. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды өз тұрғын үйінің меншік нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесінің кез келген өзгерістері туралы хабардар етеді. Өтініш берушілер ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.
      Ескерту. Шешім 16-1 тармақпен толықтырылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2011.06.09 № 33/7 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      17. Тұрғын үй көмегiнен негізсіз алынған соммалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері

      18. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 23.01.2014 № 26/2-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      19. Отбасының шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесi отбасының жиынтық табысына қарай 9 % мөлшерiнде белгiленедi.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2012.11.22 № 11/4-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен.
      20. Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2011.06.09 33/7 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      21. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу кезінде келесі нормалар ескеріледі:
      1) алаңдар:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 35 шаршы метр;
      2 адамнан тұратын отбасы үшін – 45 шаршы метр;
      3 адамнан тұратын отбасы үшін – 55 шаршы метр;
      4 және одан артық адамдардан тұратын отбасы үшін – әрқайсысына 15 шаршы метрден, бірақ 90 шаршы метрден артық емес;
      2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға арналған шығыс – 1 шаршы метрге 25 теңге;
      3) айына 1 адамға газ шығыны – 6,5 кг.;
      4) бiр айға электр энергиясын тұтыну – әр тұратын адамға 90 кВт, жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер үшін – 120 кВт. Теплофондар арқылы жылытылатын тұрғын үйлер үшiн 1 шаршы метрді жылытуға электр энергиясының шығыны есептеледі – айына 38,9 кВт;
      5) тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 шаршы метріне көмірдің шығыны – 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг артық емес.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 2012.04.12 № 3/6-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.11.22 № 11/4-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 14.03.2013 № 15/4-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      Ескерту. 4 бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2012.04.12 № 3/6-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      22. Тұрғын үй көмегін төлеу тоқсанына бір рет екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады. Алушы өтініште жеке сәйкестендіру нөмірін, жеке есеп шотының реквизиттерін көрсетеді.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2012.04.12 № 3/6-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      23. Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2012.04.12 3/6-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      24. Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2012.04.12 3/6-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

5. Қорытынды ережелер

      25. Осы Ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

  Өскемен қалалық мәслихатының
2010 жылғы 23 шілдедегі
№ 26/4 шешіміне қосымша

Өскемен қалалық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2223 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 26 наурыздағы № 30 – 31 "Дидар" газетінде, 2005 жылғы 19 наурыздағы № 42 – 43 "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) шешімі.
      2. Өскемен қалалық мәслихатының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 21 маусымдағы № 34/3 (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-63 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 26 шілдедегі № 88 – 89 "Дидар" газетінде, 2007 жылғы 28 шілдедегі № 113 "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) шешімі.
      3. Өскемен қалалық мәслихатының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 29 қарашадағы № 3/5 (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-73 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 156 "Дидар" газетінде, 2007 жылғы 22 желтоқсандағы № 190-191 "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) шешімі.
      4. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 6/9 (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-83 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 15 мамырдағы № 63 "Дидар", № 72 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) шешімі.
      5. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 шілдедегі № 8/7 (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-88 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 29 шілдедегі № 101 "Дидар", № 113 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) шешімі.
      6. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы № 13/6 (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-104 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 12 наурыздағы № 32 "Дидар", № 34-35 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) шешімі.
      7. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 15/8 (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-113 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 3 маусымдағы № 82-83 "Дидар" газетінде, 2009 жылғы 4 маусымдағы № 84-85 "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) шешімі.
      8. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/7 (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-130 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 15 ақпандағы № 22 "Дидар" газетінде, 2010 жылғы 13 ақпандағы № 21 "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) шешімі.
      9. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 23/11 (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-142 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 27 мамырдағы № 66 "Дидар" газетінде, 2010 жылғы 26 мамырдағы № 66 "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады