И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 7 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 тамызда № 3-7-117 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің орыс тілдегі атауында және бүкіл мәтін бойынша "аульного", "аульном", "аула" деген сөздер тиісінше "сельского", "сельском", "села" деген сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің 12.12.2014 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің 15.05.2017 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі деректемелеріндегі "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің 15.05.2017 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және И.Білтабанов атындағы ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 20 мамырдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің 15.05.2017 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Иманғали Білтабанов ауылының көшесіне төмендегі атау берілсін:

      1) Иманғали Білтабанов көшесі.

      2. Қосөткел ауылының көшесіне төмендегі атау берілсін:

      1) Абай Құнанбаев көшесі.

      3. Қазақай ауылының көшесіне төмендегі атау берілсін:

      1) Михаил Семенович Прохоров көшесі

      4. И.Білтабанов ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:

      1) Молодежная көшесі – Жастар көшесі;

      2) Владимир Ильич Ленин көшесі – Астана көшесі;

      5. Байтақ ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:

      1) көшесі Набережная –Бейбітшілік көшесі;

      2) көшесі Сергей Миронович Киров – Ынтымақ көшесі.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі І. Қобланов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады