Ақтау қаласы аумағында кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтау қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 1510 Қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 желтоқсанда № 11-1-167 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 2438 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 11.12.2017 № 2438 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы бойынша барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй - жайлар тізбесі 1 қосымшаға сәйкес берілсін.

      2. Кандидаттардың Ақтау қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ақтау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 01 наурыздағы № 205 "Ақтау қаласы аумағында сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй - жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-1-150 болып тіркелген, 2011 жылғы 02 наурыздағы № 9 "Ақтау ақпарат" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Елтизаровқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімінің м.а.

М. Молдағұлов


  Ақтау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 қарашадағы
№ 1510 қаулысына
1 қосымша

Ақтау қаласы бойынша барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру тізбесі

Қала мен елді мекендердің атауы

Кездесулер өтетін орындар

Ақтау қаласы

1. "Абай" атындағы мәдени-демалыс кешені, 2. "Астана" алаңы

3. М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы

4. И. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры,

5. Маңғыстау облыстық "Жастар" орталығы

  Ақтау қаласы әкімдігінің
25 қараша 2011 жылғы
№ 1510 қаулысына
2 қосымша

Кандидаттардың Ақтау қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындардың тізбесі

Қала және елді мекеннің атауы

Орналасу орны

Ақтау қаласы

14 шағын аудан, "Астана" сауда орталығы жанында орналасқан билборд конструкциясы (№ 27 тақта)

14 шағын аудан, 19-үйге қарама-қарсы (№ 18 тақта)

5 шағын аудан, Ж. Мыңбаев ескерткішіне қарама-қарсы (№ 20 тақта)

4 шағын аудан, "Рибок" дүкенінің жаны (№ 29 тақта)

7 шағын аудан, қалалық емханаға қарама-қарсы аялдаманың жаны (№ 22 тақта)

7 шағын аудан, 12-үйге қарама-қарсы (№ 21 тақта)

11 шағын аудан, "Ынтымақ" алаңы, "Звезда Актау" бизнес орталығына қарама-қарсы (№ 36 тақта)

14 шағын аудан, "Қазақтелеком" ғимаратының жаны (№ 5 тақта)

13 шағын аудан, "Тамшалы" үйіне қарама-қарсы (№ 56 тақта)

27 шағын аудан, мешітке қарама-қарсы (№ 72 тақта)

26 шағын аудан, "Достық" сауда орталығының алдында (№ 46 тақта)

12 шағын аудан, "Ақтау" сауда ойын-сауық кешенінің алдында (№ 40 тақта)

30 шағын аудан, Сары базарға қарама-қарсы (№ 52 тақта)

"Асар-С" базары, "Айби" жанар-жағармай станциясына қарама-қарсы (№ 13 тақта)

8 шағын аудан, 8-үй, "Тұрмыс үйі" ғимаратына қарама-қарсы (№ 7 тақта)

1 шағын аудан, облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы ғимаратының алдында (1 тумба)

Маңғыстау гуманитарлық колледжі жанындағы аялдама (1 тумба)

8 шағын аудан, 20-үйдің жанындағы аялдама (1 тумба)

8 шағын аудан, "Каспий құрылыс басқармасы" ғимаратының жанында (1 тумба)

8 шағын аудан "Біраңғай есептеу орталығы" ғимаратының жанында (1 тумба)

11 шағын аудан, "Юность" сауда орталығының жанындағы аялдама (1 тумба)


26 шағын аудан, "Достық" сауда орталығының жанындағы аялдама (1 тумба)


12 шағын аудан, "Жас қанат" спорт кешенінің жаны (1 тумба)


5 шағын аудан, облыстық филармония ғимаратының жанында (1 тумба)

Әуежай жолы (№ 28 тақта)

Әуежай жолы (№ 26 тақта)

"Достық" сауда орталығына қарама-қарсы (№ 13-200-027-206 тақта)

11 шағын аудан, 22-үйдің алды (№ 13-200-011-268 тақта)

8 шағын аудан, Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрдың алды (№ 13-200-008-232 тақта)

8 шағын аудан, "Қазақ ғылыми зерттеу және мұнай мен газ жобалау институты" ғимаратының алды (№ 13-200-008-229 тақта)

1 шағын аудан, "Тойота орталығы" жанында (№ 17 тақта)

Өмірзақ селосы

Монтаждық басқарма-3, "Рауан" және "Приморский", Приозерный-1, Приозерный-2, Приозерный-3 орталық көшелеріндегі аялдамалар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады