Алматы облысының мемлекеттік орман қорының аумағында өрт қауіпсіздігін күшейту шаралары туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 08 мамырдағы N 121 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 05 маусымда N 2093 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 06 наурыздағы N 70 қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 06.03.2013 N 70 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15-бабындағы 11-тармаққа және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы N 1726 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесінің" 5-тармағының 10-тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары Алматы облысының мемлекеттік орман қорында, әсіресе Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек өзендері жайылмасында орманды пайдалану құқығын тоқтата тұрсын және ормандағы өрт шығу қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орман қорының аумағында болуына 2012 жылдың 15 қазанына дейін тыйым салсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А. Мұсаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады