Еңбекшiлдер ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдердi ұсыну мерзiмдерiн және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбiр түрi бойынша оңтайлы себу мерзiмдерiн анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі № А-3/123 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 мамырда № 3723 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1106 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 30.10.2014 № 1106 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10 тармағына сәйкес, "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 275 қорытындысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбекшiлдер ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдердi ұсыну мерзiмдерiн және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбiр түрi бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Шәуеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Садуақасұлы

Еңбекшілдер аудан әкімдігінің
2013 жылғы 26 сәуірдегі  
№ А-3/123 қаулысына    
қосымша          

Еңбекшiлдер ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдердi ұсыну мерзiмдерiн және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбiр түрi бойынша оңтайлы себу мерзiмдерiн анықтау туралы

№ р/р

Дақылдардың атауы

Өтінімді беру мерзімдері

Егу мерзімдері

1

Орта кеш пісетін жаздық бидай

24 мамырға дейін

17 мамырдан 23 мамырға дейін

2

Орта пісетін жаздық бидай

27 мамырға дейін

18 мамырдан 26 мамырға дейін

3

Орта ерте пісетін жаздық бидай

31 мамырға дейін

21 мамырдан 30 мамырға дейін

4

Жаздық арпа

5 маусымға дейін

27 мамырдан 4 маусымға дейін

5

Сұлы

31 мамырға дейін

25 мамырдан 30 мамырға дейін

6

Қарақұмық

6 маусымға дейін

25 мамырдан 5 маусымға дейін

7

Бұршақ

26 мамырға дейін

17 мамырдан 25 мамырға дейін

8

Ноқат

24 мамырға дейін

17 мамырдан 23 мамырға дейін

9

Майлы тұқымға себілетін күнбағыс

21 мамырға дейін

17 мамырдан 20 мамырға дейін

10

Рапс

24 мамырға дейін

17 мамырдан 23 мамырға дейін

11

Майлы зығыр

27 мамырға дейін

17 мамырдан 26 мамырға дейін

12

Сафлор

21 мамырға дейін

17 мамырдан 20 мамырға дейін

13

Соя

27 мамырға дейін

25 мамырдан 26 мамырға дейін

14

Картоп

26 мамырға дейін

17 мамырдан 25 мамырға дейін

15

Көкөніс мен бахча

16 мамырға дейін

17 мамырдан 15 маусымға дейін

16

Жабық қайраңдағы көкөніс

16 мамырға дейін

17 мамырдан 15 маусымға дейін

17

Бір жылдық шөптер

26 мамырға дейін

17 мамырдан 25 мамырға дейін

18

Көктемде себілетін көп жылдық дәнді және бұршақ тұқымдас шөптер

21 мамырға дейін

17 мамырдан 20 мамырға дейін

19

Сүрлемге арналған жүгері

26 мамырға дейін

18 мамырдан 25 мамырға дейін

20

Сүрлемге арналған күнбағыс

21 мамырға дейін

17 мамырдан 20 мамырға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады