Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы N 292 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қарашада N 2989 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы N 37 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 29.01.2015 N 37 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданылады.
      Аудан әкімі А.Төрегелдин

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазан № 292 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстар түрлері

      1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау;
      2. Аумақты қызылсу мұздан тазарту;
      3. Аумақты қардан тазарту;
      4. Аумақты қоқыстан тазарту;
      5. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту;
      6. Аумақты арамшөптен тазарту;
      7. Қоқысты жинау және шығару;
      8. Жас бұтақтарды кесу;
      9. Ағаштарды кесу;
      10. Ағаштарды әктеу;
      11. Ағаштар егу;
      12. Гүлзарларды бөліп отырғызу;
      13. Көгалдарды қолмен қайта қазу.
      14. Шөпті шабу;
      15. Қоқысты жинау және шығару;
      16. Ғимараттарды әктеу;
      17. Ғимараттарды сырлау және өзге де жөндеу жұмыстары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады