Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10876 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2017 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) осы бұйрыққа 1–қосымшаға сәйкес "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен белгіленген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2, 3, 4–қосымшаларға сәйкес "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен белгіленген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың нысандары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он күнтізбелік күн ішінде, осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтықтың жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Мәдениет және спорт министрі

А. Мұхамедиұлы


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 бұйрығына
1-қосымша

Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.10.2020 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с№

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар

1

2

Букмекерлік кеңсе үшін

1

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) 61-бабы 1-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*

2

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар туралы мәліметтер

3

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Күзет қызметі туралы заң) 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**

4

"Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ойын бизнесі туралы заң) 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңсенің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары

5

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 40 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт

Тотализатор үшін

1

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы Азаматтық қорғау туралы заңының 61-бабы 1-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*

2

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар туралы мәліметтер

3

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**

4

"Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің, тотализатордың жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары

5

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 10 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт

Казино үшін

1

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 581-бабының 1-тармағына сәйкес үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешеніндегі санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*

2

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы туралы мәліметтер

3

қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары

4

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы Күзет қызметі туралы заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**

5

Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары

6

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 60 000 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасасқан шарт

Ойын автоматтары залы үшін

1

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 581-бабының 1-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізінде үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*

2

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы туралы мәліметтер

3

қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары

4

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы Күзет қызметі туралы заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**

5

Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары

6

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 60 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт

      Ескертпе:

      * өтініш берушілер мәліметті "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінен алады (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар түрінде);

      ** өтініш берушілер мәліметтерді "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінен алады.


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және
өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды
негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыстың бөлігі) болуы туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2017 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі

Ғимараттың мекенжайы

Жылжымайтын мүлікке құқық беретін құжаттың атауы, күні, нөмірі

Кассалар туралы мәліметтер (саны, мекенжайы, орналасқан орны, электронды кассаның мекенжайы (болған жағдайда)

1

2

3

4

5






 
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 бұйрығына
3-қосымша
  Нысан

Меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы туралы мәліметтер

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 26.12.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ п/п

Ойын жабдығының атауы

Ойын жабдығының түрі

Сатып алынған жабдықтың шартының нөмірі мен күні

Жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні

Мақсаты (букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға немесе казиноға немесе ойын автоматтары залдарына арналған)

Саны

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы

Сериялық немесе инвентарлық нөмірі

Өндіруші

Техникалық жай-күйі (жаңа, бұрын пайдаланылған)

Сәйкестік сертификатының нөмірі және күні, берген орган (жаңа ойын автоматтары үшін)

Жабдықтарды тестілеу күні (жаңа ойын автоматтары үшін)

Бақылау-кассалық аппараттың (фискализатор) нөмірі (болған жағдайда)

Технологиялық тұрғыдан ойын автоматына енгізілген ұтыс пайызы (ойын автоматтары үшін)

8

9

10

11

12

13

14








  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 бұйрығына
4-қосымша

      Нысан

Күзет қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.10.2020 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі және күні

Күзет қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлғаның атауы

Күзет қызметтерін көрсететін заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Лицензияны берген орган

Күзет қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның нөмірі және күні

1

2

3

4

5

6








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады