Байланыс формасы

Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11307 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.07.2019 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 5 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 12 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 140 бұйрығына
1-қосымша

"Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.07.2019 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:

      лицензия беру – 10 (он ) жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі казино қызметімен айналысу құқығына лицензия, қайта ресімделген лицензия беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетоті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 554-бабының 4-тармағына (Салық кодексі) сәйкес казино қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:

      1) лицензия беру кезінде лицензиялық алым 3845 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.

      Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;

      2) порталда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, тәулік бойы жүргізіледі, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі порталға:

      лицензия алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі-электрондық сұрау салу);

      құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешенінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі-электрондық сұрау салу);

      құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініштерінің тарихында "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама бейнеленеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Егер құжаттардың топтамасын толық ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      10. Мыналар:

      1) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға көрсетілетін қызметті алушының осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10876 болып тіркелген "Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ойын бизнесі саласындағы қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;

      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефон нөмірлері және мекенжай бойынша: mks.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөліміне не мына Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрлік үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы, мына 8 (7172) 740429, 740454 байланыс телефондары бойынша Министрліктің басшылығының атына жолданады.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13206 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларын бекіту туралы" № 50 бекітілген бұйрығына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы бейнеөтініш, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні). Көрсетілетін қызметті алушыға өзі келген жағдайда немесе Мемлекеттік корпорация бейнеөтініш арқылы жүгінгенде кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі көрсетілген, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген талон беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және қолы, ал заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы не портал арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты портал арқылы алуға болады.

      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші жаңартатын шағымды қарау барысы туралы ақпарат қолжетімді болады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа немесе Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің mks.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 740600, 740865, 740852 телефондары арқылы не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  "Казино қызметімен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Лицензияны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші

      ____________________________________________________________________

                              (лицензиардың толық атауы)

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған

      жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      (қызметтің түрі толық атауы көрсетілсін)

      __________________________ жүзеге асыруға лицензияны беруіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________

      пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта _____________________________________________

      Телефондары ___________________________________________________

      Факс __________________________________________________________

      Банк шоты _____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы ____________________________________________________

      пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы,

      қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      _____ парақта қоса беріледі.

      Осымен: өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Басшы ______________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Казино қызметімен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

Үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешенінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер

Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі

Тұрғын үй емес қоры ғимаратының мекенжайы

Жылжымайтын мүлікке құқық беретін құжаттың атауы, күні және нөмірі

Кассалар туралы мәліметтер (саны, мекенжайы, орналасқан орны, электронды кассаның мекенжайы (болған жағдайда)

1

2

3

4

5

  "Казино қызметімен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

Меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы туралы мәліметтер

Ойын жабдығының атауы

Ойын жабдығының түрі

Сатып алынған жабдық шартының нөмірі мен күні

Жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні

Мақсаты (букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға немесе казиноға немесе ойын автоматтары залдарына арналған)

Саны

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғысы

Сериялық нөмірі

Шығарушы ел мен зауыт

Техникалық жай-күйі (жаңа, бұрын пайдаланылған)

Сәйкестік сертификатының нөмірі және мерзімі, берген ұйымы

Жабдықтарды тестілеу күні

Бақылау-кассалық аппараттың (фискализатор) нөмірі

Белгіленген ұтыс коэффиценті (ойын автоматтыры үшін)

8

9

10

11

12

13

14

  Казино қызметімен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4–қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер

Күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі және күні

Күзет қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлғаның атауы

Күзет қызметтерін көрсететін тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Күзет қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның нөмірі және күні

1

2

3

4

5

  "Казино қызметімен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5–қосымша
  Нысан

Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші

      ____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған

      жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      жүзеге асыруға _____________________________________________________________

      (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      20___ жылғы "____" _________ № ______, ___________________ берілген,

      (лицензияны нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)

      мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-лицензиатты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ____

      қайта құру ____

      қосылу ____

      бөліп шығару ____

      бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастыру

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жері мекенжайының өзгеруі ____

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____

      Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді

      мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта _____________________________________________

      Телефондары ___________________________________________________

      Факс __________________________________________________________

      Банк шоты _____________________________________________________

                        (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріледі.

      Осымен: өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Басшы _____________ _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _______________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 140 бұйрығына
2-қосымша

"Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.07.2019 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:

      лицензия беру – 10 (он ) жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ойын автоматтары залы қызметімен айналысу құқығына лицензия, қайта ресімделген лицензия беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 554-бабының 4-тармағына (Салық кодексі) сәйкес ойын автоматтары залы қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:

      1) лицензия беру кезінде лицензиялық алым 3845 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.

      Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;

      2) порталда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, тәулік бойы жүргізіледі, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі порталға:

      лицензия алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі-электрондық сұрау салу);

      құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі-электрондық сұрау салу);

      құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініштерінің тарихында "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама бейнеленеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Егер құжаттардың топтамасын толық ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      10. Мыналар:

      1) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға көрсетілетін қызметті алушының осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10876 болып тіркелген "Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ойын бизнесі саласындағы қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;

      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефон нөмірлері және мекенжай бойынша: mks.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөліміне не мына Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрлік үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы, мына 8 (7172) 740429, 740454 байланыс телефондары бойынша Министрліктің басшылығының атына жолданады.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13206 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларын бекіту туралы" № 50 бекітілген бұйрығына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы бейнеөтініш, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні). Көрсетілетін қызметті алушыға өзі келген жағдайда немесе Мемлекеттік корпорация бейнеөтініш арқылы жүгінгенде кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі көрсетілген, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген талон беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және қолы, ал заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы не портал арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты портал арқылы алуға болады.

      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші жаңартатын шағымды қарау барысы туралы ақпарат қолжетімді болады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа немесе Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің mks.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 740600, 740865, 740852 телефондары арқылы не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  "Ойын автоматтары залы
қызметімен айналысу үшін
лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Лицензияны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші

      ____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған

      жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (қызметтің түрі толық атауы көрсетілсін)

      ____________________________________________________________________

      __________________________ жүзеге асыруға лицензияны беруіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________

      ___________________________________________________________________

      пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта _____________________________________________

      Телефондары ___________________________________________________

      Факс __________________________________________________________

      Банк шоты _____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы ____________________________________________________

      пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      _____ парақта қоса беріледі.

      Осымен: өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Басшы ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Ойын автоматтары залы
қызметімен айналысу үшін
лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер

Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі

Тұрғын үй емес қоры ғимаратының мекенжайы

Жылжымайтын мүлікке құқық беретін құжаттың атауы, күні және нөмірі

Кассалар туралы мәліметтер (саны, мекенжайы, орналасқан орны, электронды кассаның мекенжайы (болған жағдайда)

1

2

3

4

5

  "Ойын автоматтары залы
қызметімен айналысу үшін
лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

Меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы туралы мәліметтер

Ойын жабдығының атауы

Ойын жабдығының түрі

Сатып алынған жабдық шартының нөмірі мен күні

Жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні

Мақсаты (букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға немесе казиноға немесе ойын автоматтары залдарына арналған)

Саны

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғысы

Сериялық нөмірі

Шығарушы ел мен зауыт

Техникалық жай-күйі (жаңа, бұрын пайдаланылған)

Сәйкестік сертификатының нөмірі және мерзімі, берген ұйымы

Жабдықтарды тестілеу күні

Бақылау-кассалық аппараттың (фискализатор) нөмірі

Белгіленген ұтыс коэффиценті (ойын автоматтыры үшін)

8

9

10

11

12

13

14

  "Ойын автоматтары залы
қызметімен айналысу үшін
лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер

Күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі және күні

Күзет қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлғаның атауы

Күзет қызметтерін көрсететін тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Күзет қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның нөмірі және күні

1

2

3

4

5

  "Ойын автоматтары залы
қызметімен айналысу үшін
лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
  Нысан

Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші

      ____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған

      жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      жүзеге асыруға _____________________________________________________________

      (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      20___ жылғы "____" _________ № ______, ___________________ берілген,

      (лицензияны нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)

      мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-лицензиатты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ____

      қайта құру ____

      қосылу ____

      бөліп шығару ____

      бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастыру

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жері мекенжайының өзгеруі ____

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____

      Заңды тұлғаның мекенжайы

      _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта _____________________________________________

      Телефондары ___________________________________________________

      Факс __________________________________________________________

      Банк шоты _____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы ________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріледі.

      Осымен: өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Басшы _____________ _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _______________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 140 бұйрығына
3-қосымша

"Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.07.2019 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:

      лицензия беру – 10 (он ) жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі букмекер кеңсесі қызметімен айналысу құқығына лицензия, қайта ресімделген лицензия беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 554-бабының 4-тармағына (Салық кодексі) сәйкес букмекер кеңсесі қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:

      1) лицензия беру кезінде лицензиялық алым 640 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.

      Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;

      2) порталда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, тәулік бойы жүргізіледі, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі порталға:

      лицензия алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі-электрондық сұрау салу);

      құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 40000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі-электрондық сұрау салу);

      құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініштерінің тарихында "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама бейнеленеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Егер құжаттардың топтамасын толық ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      10. Мыналар:

      1) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға көрсетілетін қызметті алушының осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10876 болып тіркелген "Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ойын бизнесі саласындағы қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;

      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефон нөмірлері және мекенжай бойынша: mks.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөліміне не мына Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрлік үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы, мына 8 (7172) 740429, 740454 байланыс телефондары бойынша Министрліктің басшылығының атына жолданады.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13206 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларын бекіту туралы" № 50 бекітілген бұйрығына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы бейнеөтініш, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні). Көрсетілетін қызметті алушыға өзі келген жағдайда немесе Мемлекеттік корпорация бейнеөтініш арқылы жүгінгенде кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі көрсетілген, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген талон беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және қолы, ал заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы не портал арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты портал арқылы алуға болады.

      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші жаңартатын шағымды қарау барысы туралы ақпарат қолжетімді болады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа немесе Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің mks.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 740600, 740865, 740852 телефондары арқылы не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  "Букмекер кеңсесі қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Лицензияны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші

      ____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда

      – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (қызметтің түрі толық атауы көрсетілсін)

      ____________________________________________________________________

      __________________________ жүзеге асыруға лицензияны беруіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта _____________________________________________

      Телефондары ___________________________________________________

      Факс __________________________________________________________

      Банк шоты _____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы ____________________________________________________

      пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      _____ парақта қоса беріледі.

      Осымен: өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Басшы ______________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Букмекер кеңсесі қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер

Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі

Тұрғын үй емес қоры ғимаратының мекенжайы

Жылжымайтын мүлікке құқық беретін құжаттың атауы, күні және нөмірі

Кассалар туралы мәліметтер (саны, мекенжайы, орналасқан орны, электронды кассаның мекенжайы (болған жағдайда)

1

2

3

4

5

  "Букмекер кеңсесі қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

Бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтарының болуы туралы мәліметтер

Ойын жабдығының атауы

Ойын жабдығының түрі

Сатып алынған жабдық шартының нөмірі мен күні

Жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні

Мақсаты (букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға немесе казиноға немесе ойын автоматтары залдарына арналған)

Саны

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғысы

Сериялық нөмірі

Шығарушы ел мен зауыт

Техникалық жай-күйі (жаңа, бұрын пайдаланылған)

Сәйкестік сертификатының нөмірі және мерзімі, берген ұйымы

Жабдықтарды тестілеу күні

Бақылау-кассалық аппараттың (фискализатор) нөмірі

Белгіленген ұтыс коэффиценті (ойын автоматтыры үшін)

8

9

10

11

12

13

14

  "Букмекер кеңсесі қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер

Күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі және күні

Күзет қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлғаның атауы

Күзет қызметтерін көрсететін тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Күзет қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның нөмірі және күні

1

2

3

4

5

  "Букмекер кеңсесі қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
  Нысан

Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші

      ____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда

      – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      жүзеге асыруға _____________________________________________________________

      (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      20___ жылғы "____" _________ № ______, ___________________ берілген,

      (лицензияны нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)

      мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-лицензиатты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ____

      қайта құру ____

      қосылу ____

      бөліп шығару ____

      бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастыру

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жері мекенжайының өзгеруі ____

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____

      Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта _____________________________________________

      Телефондары ___________________________________________________

      Факс __________________________________________________________

      Банк шоты _____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы ________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріледі.

      Осымен: өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Басшы _____________ _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _______________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 140 бұйрығына
4-қосымша

"Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.07.2019 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:

      лицензия беру – 10 (он ) жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тотализатор қызметімен айналысу құқығына лицензия, қайта ресімделген лицензия беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 554-бабының 4-тармағына (Салық кодексі) сәйкес тотализатор қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:

      1) лицензия беру кезінде лицензиялық алым 640 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.

      Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;

      2) порталда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, тәулік бойы жүргізіледі, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі порталға:

      лицензия алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі-электрондық сұрау салу);

      құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 10000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі-электрондық сұрау салу);

      құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініштерінің тарихында "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама бейнеленеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Егер құжаттардың топтамасын толық ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      10. Мыналар:

      1) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға көрсетілетін қызметті алушының осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10876 болып тіркелген "Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ойын бизнесі саласындағы қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;

      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефон нөмірлері және мекенжай бойынша: mks.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөліміне не мына Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрлік үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы, мына 8 (7172) 740429, 740454 байланыс телефондары бойынша Министрліктің басшылығының атына жолданады.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13206 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларын бекіту туралы" № 50 бекітілген бұйрығына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы бейнеөтініш, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні). Көрсетілетін қызметті алушыға өзі келген жағдайда немесе Мемлекеттік корпорация бейнеөтініш арқылы жүгінгенде кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі көрсетілген, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген талон беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және қолы, ал заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы не портал арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты портал арқылы алуға болады.

      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші жаңартатын шағымды қарау барысы туралы ақпарат қолжетімді болады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа немесе Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің mks.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 740600, 740865, 740852 телефондары арқылы не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  "Тотализатор қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Лицензияны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші

      ___________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда

      – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (қызметтің түрі толық атауы көрсетілсін)

      ____________________________________________________________________

      __________________________жүзеге асыруға лицензияны беруіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта _____________________________________________

      Телефондары ___________________________________________________

      Факс __________________________________________________________

      Банк шоты _____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы ____________________________________________________

      пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      _____ парақта қоса беріледі.

      Осымен: өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Басшы ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Тотализатор қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер

Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі

Тұрғын үй емес қоры ғимаратының мекенжайы

Жылжымайтын мүліккеқұқық беретін құжаттың атауы, күні және нөмірі

Кассалар туралы мәліметтер (саны, мекенжайы, орналасқан орны, электронды кассаның мекенжайы (болған жағдайда)

1

2

3

4

5

  "Тотализатор қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

Бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтарының болуы туралы мәліметтер

Ойын жабдығының атауы

Ойын жабдығының түрі

Сатып алынған жабдық шартының нөмірі мен күні

Жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні

Мақсаты (букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға немесе казиноға немесе ойын автоматтары залдарына арналған)

Саны

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғысы

Сериялық нөмірі

Шығарушы ел мен зауыт

Техникалық жай-күйі (жаңа, бұрын пайдаланылған)

Сәйкестік сертификатының нөмірі және мерзімі, берген ұйымы

Жабдықтарды тестілеу күні

Бақылау-кассалық аппараттың (фискализатор) нөмірі

Белгіленген ұтыс коэффиценті (ойын автоматтыры үшін)

8

9

10

11

12

13

14

  "Тотализатор қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер

Күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі және күні

Күзет қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлғаның атауы

Күзет қызметтерін көрсететін тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Күзет қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның нөмірі және күні

1

2

3

4

5

  "Тотализатор қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
  Нысан

Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші

      ____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда

      – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      жүзеге асыруға _____________________________________________________________

      (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      20___ жылғы "____" _________ № ______, ___________________ берілген,

      (лицензияны нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)

      мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-лицензиатты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ____

      қайта құру ____

      қосылу ____

      бөліп шығару ____

      бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастыру

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жері мекенжайының өзгеруі ____

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____

      Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта _____________________________________________

      Телефондары ___________________________________________________

      Факс __________________________________________________________

      Банк шоты _____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы ________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріледі.

      Осымен: өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Басшы _____________ _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады