Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы №16 "Жұрын ауылдық округіне қарасты №53 Талдысай разъезінің көшесіне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 09 ақпандағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 наурызда № 4231 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы №16 "Жұрын ауылдық округіне қарасты №53 Талдысай разъезінің көшесіне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-9-79 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 желтоқсанда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің атауы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Жұрын ауылдық округінің №53 Талдысай разъезінің көшесіне атау беру туралы";
      орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы "мнении", "дать название" сөздері "мнения", "присвоить наименование" сөздерімен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы "Жұрын ауылдық округіне қарасты" сөздері алынып тасталсын;
      көрсетілген шешімнің 2 және 3 тармақтары келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. "Теміржолшылар" көшесіне №53 Талдысай разъезінде орналасқан барлық үйлер жатады.";
      "3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жұрын ауылдық округінің әкімі Т.Абдірзақ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады