"Петропавл қаласының Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 1197 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 шілдеде N 3334 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 665 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 10.04.2017 № 665 қаулысымен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабы 6), 7) тармақшаларына, 164-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Петропавл қаласының Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Петропавл қаласының Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде "Петропавл қаласының Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін тіркесін.
      3. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 25 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Қала әкімі М. Тасмағанбетов

  Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 1197 қаулысымен бекітілген

"Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауданның аймағында ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру жолымен (бөліну) ұйымдастырылды.
      3. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің:
       "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ведомствосы бар.
      4. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңымен және Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерімен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен, сонымен қатар осы Ережемен жүзеге асырады.
      5. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық формасындағы заңды тұлғасы болып табылып, мемлекеттік тілдегі өзінің атауымен мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкісі, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      6. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
      7. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы, егер ол заңнамаға сәйкес өкілетті болса.
      8. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған Бөлім басшысының бұйрықтарымен және басқа да актілермен ресімделген өзінің құзыретіндегі сұрақтарға заңнамаға сәйкес белгіленген шешімдерді қабылдайды.
      9. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат саны лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150011, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23.
      11. Мемлекеттік органның толық атауы:
       мемлекеттік тілінде: "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі
       орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Петропавловска".
      12. Осы Ереже "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттің қаражатынан жүзеге асырылады.
      14. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметі болып табылатын, міндеттердің орындалу мәні бойынша келісімшарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер де "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе, осындай қызметтен түскен кіріс мемлекеттің бюджет кірісіне жолданады.

2. Мемлекеттік органның миссиялары, негізгі мәселелері, қызметтері, құқықтары мен міндеттері

      15. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласында мемлекеттік саясаттың дамуы мен жетілдіруіне көмек көрсетеді.
      16. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мәселелері:
      - жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
      - жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан халықтың денсаулығын сақтау;
      - ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      - Қазақстан Республикасы аумағын басқа мемлекеттердің жануарларының жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелуінен және таралуынан қорғау;
      - ветеринарлық дәрі-дәрмектердің, азықтардың және жемдік қоспалардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;
      - жануарлар ауруларымен күрес және ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жетілдіру және диагностика әдістері мен құралдарын қолдану;
      - ветеринария саласында қызмет ететін жеке және заңды тұлғалардың жүзеге асыруымен қоршаған ортаның ластануын ескерту және жою;
      - ветеринарлық ғылымның дамуы, ветеринарлық мамандарды дайындау және біліктілігін арттыру;
      - ветеринария саласында заңнаманың сақталуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау.
      17. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметтері:
      жануарларды асырау ережелері, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелері, қаңғыма иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелері, жануарларды асырайтын санитарлық аймақтың шекарасын белгілеу бойынша ұсыныс ережелерін бекіту үшін облыстың жергілікті өкілетті органына енгізу.
      қаңғыма иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      мал қорымын (биотермикалық шұңқыр) құруды ұйымдастыру және оларды ветеринариялық (ветеринария-санитарлық) талаптарға сәйкес асырауды қамтамасыз ету;
      өткізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы мүдделі адамдарға ақпараттың берілуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
      ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру және өткізу;
      жануарларды өсіру, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық дәрі-дәрмектерді, жем-шөп, жем-шөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (жұққыштығын жою) және қайта өндеу;
      иесіне жануарлар мен адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды алып тастаусыз, жануар тегінің өнімі мен шикізатын қайта өңдеу мен залалсыздандыру (жұққыштығын жою) құнын өтеу;
      қаланың жергілікті атқарушы органына Петропавл қаласының аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
      қаланың жергілікті атқарушы органына Петропавл қаласының аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарын сақтау тұрғысында мемлекеттік ветеринария-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарларды өсіру, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринария-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринария-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
       ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
       ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 14.08.2015 N 1457 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      18. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      -қажетті ақпаратты өзіне жүктелген тапсырманы жүзеге асыру үшін облыстағы өкілетті мемлекеттік органнан және өзге де ұйымдардан сұрату және алу;
      -заңнамамен белгіленген тәртіпте ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормативтер бұзылған жағдайда, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын заңды жэне жеке тұлғалардың лицензиясын қайтарып алуға бастамашылық ету;
      -Петропавл қаласы аумағында ветеринария саласында кәсіпкерлік кызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттаудан өткізу;
      - заңнамамен белгіленген, ветеринарлық-санитарлық белгіленген ережелер мен нормативті бұзған жағдайда ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып жүрген заңды және жеке тұлғалардың лицензиясын кері қайтарып алуда бастамашылық ету;
      - облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      - Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген жағдайда ветеринария саласындағы ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау мемлекеттік нысандарына бөгетсіз баруға (қызметтік куәлікті ұсыну бойынша), сонымен қатар ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі жайлы ақпаратты алу;
      - ветеринарлық іс-шараларды өткізу үшін биологиялық материалдар мен өкілетті орган бекіткен жануарлардың аса қауіпті аурулар тізімі бойынша диагностика жасау үшін оларды жеткізу, сонымен қатар басқа жануарлар ауруларының зерттелуі жүргізілетін мерзімдері туралы мүдделі адамдардың ескертуімен алдын-ала емдеу бойынша сынау сұрыптамаларын өткізу;
      - "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңымен ұсынылған уәкілеттіктер шегінде актілерді шығарады;
      - ветеринарлық-санитарлық ырыс территориясында, сонымен қатар адам мен жануарлар денсаулығына қауіп әкелетін нашар пунктерде ауысатын (тасымалданатын) нысандардың анықталуы кезінде оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеуді ұйымдастыруға қатысу, сонымен қатар аталған фактілер туралы денсаулық сақтау саласындағы өкілетті мемлекеттік органдарға хабарлау;
      - жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      - ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуы болған жағдайда сотқа шағым беру;
      - "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттері, қызметтерінің орындалуы.

3. Мемлекеттік орган қызметінің ұйымдастырылуы

      19. Бөлім басшылығы "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысымен жүзеге асырылады, ол Бөлімге жүктелген тапсырмалар мен қызметтерінің орындалуы үшін жеке жауапкершілікте болады.
      20. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы заңнамаға сәйкес Петропавл қаласы әкімінің лауазымымен босатылып, Бөлімнің бірінші басшысы лауазымына тағайындалады.
      21. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлім басшысымен тағайындалып лауазымынан босатылады.
      22. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірініші басшысының өкілеттілігі:
      - "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      -сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұзушылықтарға жеке жауапкершілік артады;
      - "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндетін және өкілеттігін белгілейді;
      - заңнамаға сәйкес "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметшілерін лауазымға тағайындайды және жұмыстан босатады;
      - "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;
      - "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бұйрықтарды шығарып оларға қол қояды, қызметкерлерінің міндетін орындау үшін нұсқаулар береді;
      - "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлмшілерінің ережесін бекітеді;
      - қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ұсынады;
      - Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезде құзыреттің орындалуын оның орынбасары жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлігі

      23. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру жолымен "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен міндеттерінің құқығын ауыстырып алушы болып саналады.
      24. Заңнамада қарастырылған жағдайда "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі оралымды басқару құқығында жеке мүлігі болуы мүмкін.
      "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлігі негізгі қорлар мен айналым қаражатынан тұратын ұйымдастырушы берген, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген өзінің қызметі нәтижесінде алынған басқа да мүліктер (ақшалай кірісті қосқанда) есебінен қалыптасады.
      25. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өздігінен мүлікті иеліктен айыруға немесе оған бекітілген немесе қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікке, егер де басқасы заңнамамен белгіленбеген болса мүлікке билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта құру мен жою

      27. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта құру (бірігу, қосу, бөліну, өзгеру) және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта құрылған немесе жойылған жағдайда мүлікті бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      28. "Петропавл қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгертулер мен толықтырулар қолданыстағы заңнама бойынша іске асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады