Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 950 "Атырау қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 2103 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 желтоқсанда № 3369 болып тіркелді

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы №950 "Атырау қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4-1-164 болып тіркелген, 2012 жылы 19 маусымда облыстық "Атырау" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) Қаулының 1-тармағындағы "18", "22", "52-А" және "60" сандары алынып тасталсын;
      "50 (елу)" деген сан мен сөз "80 (сексен)" деген санмен және сөзбен, "10 (он)" деген сан мен сөз "20 (жиырма)" деген санмен және сөзбен өзгертілсін;
      2) Қаулының 1-тармағының 2-абзацы "58" деген санмен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.
      Қала әкімінің міндетін атқарушы Ә. Зайдуллин

      КЕЛІСІЛДІ:
      Атырау қалалық Мәслихатының
      хатшысы (келісім бойынша) Б. Қазиманов
      "24" қараша 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады