Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 50) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері, банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктердің "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнату қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О.Пірматовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысымен бекітілген |
Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері, банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктердің "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнату қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері, банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктердің "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 50) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін (бұдан әрі – Ұлттық Банк) және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерін қоспағанда, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері, банктерінің филиалдары (бұдан әрі – банктер) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктік емес ұйымдар) арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктер мен "Астана" халықаралық қаржы орталығына (бұдан әрі – АХҚО) қатысушы банктер арасында корреспонденттік қатынастар орнату тәртібін айқындайды.
Банктер арасында, банктер мен банктік емес ұйымдар арасында, сондай-ақ банктер мен АХҚО-ға қатысушы банктер арасында корреспонденттік қатынастарды орнату тәртібі банктердің, банктік емес ұйымдардың және АХҚО-ға қатысушы банктердің ұлттық және шетел валюталарында корреспонденттік шоттарын ашуды, жүргізуді және жабуды, банктердің және банктік емес ұйымдардың ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары лимитін есептеуді қамтиды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.2. Қағидаларда "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жәе терроризмді қарыжыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – АЖТҚҚ туралы заң), Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) корреспондент – басқа банк және (немесе) банктiк емес ұйым үшiн өзінде корреспонденттік шот (лоро-шот) ашқан банк және (немесе) банктік емес ұйым;
2) респондент – басқа банкте және (немесе) банктiк емес ұйымда корреспонденттік шот (ностро-шот) ашқан банк және (немесе) банктік емес ұйым, сондай-ақ, АХҚО-ға қатысушы банк.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Банк операцияларын "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) сәйкес лицензиясыз жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, банктердің, АХҚО-ға қатысушы банктердің және банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу мен жүргізуді банктер мен банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуға және жүргізуге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясы бар банктер мен банктік емес ұйымдар жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Корреспонденттiк шоттарды ашу
4. Корреспондент респондентке корреспонденттiк шотты өздерiнiң арасында жасалған корреспонденттiк шот шарты негiзiнде ашады.
5. Корреспонденттiк шот шартында мыналар:
1) респонденттің және корреспонденттiң бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2) респонденттің жеке сәйкестендіру коды;
3) корреспонденттiң қызмет көрсету талаптары және ақы төлеу тәртібі;
4) респонденттiң ақшаны жұмсау тәртібі;
5) төлем құжаттарын беру тәртібі және төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат алмасу тәсiлдерi;
6) респондент корреспонденттің қаржылық жай-күйіне талдау жасауына негіз болатын корреспонденттiң респондентке қаржылық есептiлікті: бухгалтерлiк балансты, пайда мен зиян туралы есептi, ақша қаражаты қозғалысы туралы есептi, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны ұсыну тәртібі бар.
6. Респондент корреспонденттік шотты ашу үшін корреспондентке Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларының 15-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды:
1) банктер үшiн – банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2) кредиттік серіктестіктерді қоспағанда, банктiк емес ұйымдар үшiн – банк операцияларын Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес уәкілетті органның лицензиясыз жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, аударым операцияларын жүргiзуге арналған лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн;
3) АХҚО-ға қатысушы банктер үшін – АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің депозиттерді қабылдау қызметтерін ұсынуға және (немесе) АХҚО аумағында банктік шоттар ашуға және жүргізуге арналған лицензиясының нотариат куәландырған көшірмесі ұсынады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасына корреспонденттік шот ашу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалығын Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы резиденті болып табылатын мемлекеттің резиденті болып табылатын банктің уәкілетті тұлғасы немесе банктің үлестес тұлғасы осы құжаттардың түпнұсқасынан немесе нотариат куәландырған көшірмесінен куәландырған жағдайда, олар нотариаттың куәландыруынсыз қабылданады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. АЖТҚҚ туралы заңға сәйкес клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті тексеру жөнінде шараларды қабылдағаннан кейін корреспондент респондентке корреспонденттiк шотты ашады.
8. Респондент корреспонденттiк шотты, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде корреспонденттiк шотты ашқан күннен бастап он жұмыс күнi ішінде Ұлттық Банкке Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша корреспонденттiк шоттың ашылғаны туралы мәліметтерді Ұлттық Банкке ұсынады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Корреспонденттiк шоттарды жүргiзу
9. Корреспондент респонденттiң корреспонденттiк шоты бойынша банк операцияларын корреспонденттік шот шартына сәйкес жүзеге асырады.
9-1. АХҚО-ға қатысушы банктің ұлттық валютадағы корреспонденттік шоты бойынша операциялардың мынадай түрлері:
1) АХҚО-ға қатысушы банктің өз операциялары бойынша ақша қабылдау және аудару;
2) АХҚО-ға қатысушы банк клиенттерінің салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі нұсқауларын орындау, сондай-ақ АХҚО банкінің клиенттің банктік шотына ұсынылған инкассалық өкімдерді (салық органдары мен сот орындаушыларының) орындауы;
3) АХҚО және "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚҚБ) биржасында бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша брокерлік комиссияларды, листингтік және өзге де биржалық алымдарды төлеу;
4) АХҚО және ҚҚБ биржасында бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысулар мен төлемдер;
5) ұлттық валютадағы қаржы құралдары бойынша, оның ішінде АХҚО-ға қатысушы банктердің номиналды ұстауындағы және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне кастодиандық қызмет көрсетуге берілген бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысулар мен төлемдер;
6) АХҚО-ға қатысушы банк көрсеткен консультациялық қызметтерге ақы төлеу жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.9-2. АХҚО-ға қатысушы банктің шетел валютасындағы корреспонденттік шоты бойынша операциялардың мынадай түрлері:
1) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларын және бейрезиденттерін шетел валютасымен кредиттеуге байланысты төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;
2) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының және бейрезиденттерінің инвестициялық банкингпен байланысты шетел валютасындағы төлемдері және (немесе) ақша аударымдары;
3) АХҚО аумағында қаржылық және кәсіптік қызмет көрсетумен байланысты валюталық операцияларды жүргізудің шарттары мен тәртібін белгілейтін АХҚО-ның актісінде көзделген шарттарды ескере отырып, сақтандыру, инвестициялық, брокерлік, дилерлік, кастодиандық, траст қызметтерін төлеу бойынша заңды тұлғалардың төлемдері және (немесе) ақша аударымдары;
4) қолма-қол ақшасыз шетел валютасын басқа қолма-қол ақшасыз шетел валютасына сатып алу немесе сату жүзеге асырылады.
АХҚО-ға қатысушы ислам банкінің шетел валютасындағы корреспонденттік шоты бойынша АХҚО аумағында қаржылық және кәсіптік қызмет көрсетумен байланысты валюталық операцияларды жүргізудің шарттары мен тәртібін белгілейтін АХҚО-ның актісінде көзделген шарттарды ескере отырып, АХҚО-ға қатысушы ислам банкінің, сондай-ақ оның клиенттерінің исламдық қаржыландыруды ұсынуға байланысты төлемдері және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Корреспондент операциялық күн аяқталғаннан кейін респонденттің корреспонденттік шоты бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірмені корреспонденттік шот шартында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.
4-тарау. Корреспонденттiк шоттарды жабу
11. Корреспонденттiк шот:
1) егер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда және (немесе) корреспонденттік шот шартында өзгеше көзделмесе, респонденттiң жазбаша өтiнiшi бойынша кез келген уақытта;
2) корреспонденттiк шот шартының қолданылуы тоқтатылған кезде;
3) корреспонденттің корреспонденттiк шоттарды ашуға және жүргiзуге берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде;
4) егер респондент банк болып табылған жағдайда, оның банк операцияларын жүргiзуге берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде;
5) АХҚО-ға қатысушы банктің АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің депозиттерді қабылдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға және (немесе) АХҚО аумағында банктік шоттарды ашуға және жүргізуге арналған лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде;
6) егер респондент банктiк емес ұйым болып табылған жағдайда, оның аударым операцияларын жүргiзуге берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде жабылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Респондент корреспонденттік шот, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде корреспонденттiк шот жабылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде корреспонденттік шоттың жабылған күнін көрсете отырып, Ұлттық Банкке еркін нысандағы жазбаша хатты жібереді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5-тарау. Банктердің және банктік емес ұйымдардың корреспонденттiк шоттары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдарының лимитін есептеу
13. Банк және (немесе) банктік емес ұйым ағымдағы айда Қағидалардың 16-тармағында көзделген операцияларды қоспағанда, банктің немесе банктік емес ұйымның және олардың клиенттерінің операциялары бойынша корреспонденттік шоттар арқылы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14304 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 206 қаулысымен бекітілген банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерінен аспайтын көлемде төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14. Банк және (немесе) банктiк емес ұйым үшін белгіленген лимит банкаралық клиринг жүйесіндегі клиринг нәтижелері бойынша дебеттік таза позиция сомасын шегергендегі, банкаралық ақша аудару жүйесі және банкаралық клиринг жүйесіарқылы өткен айда жүзеге асырылған жіберілетін қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы көлемінің пайыздық арақатынасымен есептеледі.
15. Лимитті орындау жөніндегі талап банкаралық ақша аудару жүйесінің және (немесе) банкаралық клиринг жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын банктік емес ұйымдарға қолданылмайды.
16. Лимиттің шығысына операциялардың мынадай түрлері бойынша төлемдер мен ақша аударымдарының көлемі кірмейді:
1) банкаралық ақша аудару жүйесi немесе банкаралық клиринг жүйесі арқылы корреспонденттік шоттарға (корреспонденттік шоттардан) ақша аудару;
2) бір банкте немесе банктік емес ұйымда "лоро" және "ностро" корреспонденттік шоттары жөніндегі өзара талаптардың есебі бойынша операциялар;
3) банктер және банктік емес ұйымдар орталық депозитарийде ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асыратын биржалық мәмілелер бойынша операциялар;
4) бас банктің және Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банктің банк шоттары арасында, сондай-ақ қосылатын банк пен Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қосылу жүзеге асырылатын банктің банк шоттары арасында жүзеге асырылатын ақша аудару.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Корреспонденттік шотты ашу туралы мәліметтер
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.09.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және (немесе)
"Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктің (респонденттің) атауы
__________________________________________________________________________
Корреспонденттің атауы ____________________________________________________
Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу тәртібі:
1. Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу мыналарға:
Ностро-шот
Лоро-шот ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.
2. Корреспонденттік шот мыналарды:
клиент төлемдерін
банктік төлемдерді
төлем карточкалары бойынша есеп айырысуды
қолма-қол ақшамен банк операцияларын (есептеу, алу)
басқа төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын
________________________________________________________________
________________________________________________________________
жүргізу үшін ашылған.
3. Операциялық күн соңындағы қалдық:
нөлге тең
қалдықтың төмендетілмейтін деңгейі корреспонденттік шот шартында көзделген
қалдықтың корреспонденттік шот шартының талаптарына қатысы жоқ өзгермелі деңгейі
Корреспонденттік шот ашылған күні 20 __ жылғы "___" ______________
Басшы ___________________________________ _________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (ол бар болса))
Бас бухгалтер ________________________________ _______________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (ол бар болса))
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1351 тіркелген, 2001 жылы "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері" № 2 жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 1351 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 21 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2200 тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1351 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 шілдедегі № 99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3048 тіркелген, 2004 жылғы 16 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" газетінде № 233 (23868) жарияланған).
4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 177 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4026 тіркелген).
5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің арасында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 64 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4829 тіркелген).
6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4880 тіркелген, 2007 жылғы маусым-тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.
7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6197 тіркелген).
8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 20 тамыздағы № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6534 тіркелген, 2010 жылғы 21 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 435 (26278) жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.
9. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер жөнінде мәліметтер беру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдары тәсілдері бойынша төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және ұсыну мәселелері бойынша кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 78 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6607 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 506-512 (26355) жарияланған) 2-тармағы.
10. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7122 тіркелген, 2011 жылғы 15 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 133 (1949) жарияланған) 1-қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.
11. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7625 тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 540-545 (27618) жарияланған) 1-қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы.
12. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 200 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9943 тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.
13. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 72 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11163 тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.
14. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13304 тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.