Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 194 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 тамызда № 3108 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.08.2023 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілген Маңғыстау облысы әкімдігі қаулыларының тізбесі бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.О. Сағынбаев):

      осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының

      табиғи ресурстар және табиғат

      пайдалануды реттеу басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.О. Сағынбаев

      "30" 06 2016 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2016 жылғы "30" 06
  193 қаулысына
  қосымша

Өзгерістер енгізілген Маңғыстау облысы әкімдігі қаулыларының тізбесі

      1. "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2009 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Ақтау қаласының және аудандардың әкімдеріне, ауылдық округтердің әкімдеріне, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шегінде орналасқан пайдалануында жер учаскелері бар, ведомстволық тиесілілігі мен меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың, басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінің басшыларына, олардың санитарлық жай-күйін тиісті дәрежеде күтілуін және шаруашылық жүргізу режимінің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын";

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасының 1-тармағының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ақтау қаласы аумағы бойынша Каспий теңізінің жағалауында су қорғау аймағының 96,0 км созылатын ені, Строительная көшесінің, ҚР Президенті даңғылының шекарасына дейін және әрі қарай асфальт жолы бойымен Өмірзақ ауылына дейін минус 27,0 метрге тең, соңғы он жылдықтағы теңіздің орташа көпжылдық деңгейінің белгісінен алынады";

      тақырып және бүкіл мәтін бойынша "поселке", "поселкелер", "поселкелерге", "поселкелері", "поселкелерді", "поселкелердің" деген сөздер тиісінше "кент", "кенттер", "кенттерге", "кенттері", "кенттерді", "кенттердің" деген сөздермен; "ауыл (село)", "ауылдық (селолық)", "ауылдардың (селолардың)", "ауылдарды (селоларды)", "ауылдар (селолар)", "ауылдарға (селоларға)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдық", "ауылдардың", "ауылдарды", "ауылдар", "ауылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 2631 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2040 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып және бүкіл мәтін бойынша "поселке", "поселкелер", "поселкелерге", "поселкелері", "поселкелерді", "поселкелердің" деген сөздер тиісінше "кент", "кенттер", "кенттерге", "кенттері", "кенттерді", "кенттердің" деген сөздермен; "ауыл (село)", "ауылдық (селолық)", "ауылдардың (селолардың)", "ауылдарды (селоларды)", "ауылдар (селолар)", "ауылдарға (селоларға)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдық", "ауылдардың", "ауылдарды", "ауылдар", "ауылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 2788 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2057 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып және бүкіл мәтін бойынша "поселке", "поселкелер", "поселкелерге", "поселкелері", "поселкелерді", "поселкелердің" деген сөздер тиісінше "кент", "кенттер", "кенттерге", "кенттері", "кенттерді", "кенттердің" деген сөздермен; "ауыл (село)", "ауылдық (селолық)", "ауылдардың (селолардың)", "ауылдарды (селоларды)", "ауылдар (селолар)", "ауылдарға (селоларға)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдық", "ауылдардың", "ауылдарды", "ауылдар", "ауылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 237 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2073 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Форт-Шевченко қаласы, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізіндегі теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған металл құрылымдары зауытын орналастыру үшін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданында Түпқараған бұғазының Шығыс жағалауындағы төгінді өндірістік алаңындағы ұзындығы 1,369 км және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылындағы теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасының төгінді алаңындағы 1,61 км Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау белдеулерінен басқа жерлердің еңістігі мен іргелес жатқан сипатына қарамастан, кемінде 100 метр болып қабылданады.

      Теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған металл құрылымдары зауытын орналастыру үшін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданында Түпқараған бұғазының Шығыс жағалауындағы төгінді өндірістік алаңындағы теңіз учаскелеріне арналған су қорғау белдеулерінің шекарасы, айлақ қабырғалары жағынан Каспий теңізінің орташа деңгейінен 35 метр, солтүстік және оңтүстік жағынан 20 метр болып белгіленеді және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің қазіргі шекарасымен тік бұрышта қосылады.

      Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылындағы Теңіз мұнай операцияларын қолдау төгінді базасындағы теңіз учаскелеріне арналған су қорғау белдеулерінің шекарасы, айлақ қабырғасына қарсы беттегі шекарасы мен жақтауы бойынша, база алаңының шекарасында және Каспий теңізінің орташа деңгейінен 10 метр қашықтықта жақтауы бойынша қаптал жақ құламаларының бойымен белгіленеді және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің қазіргі шекарасымен қосылады.";

      тақырып және бүкіл мәтін бойынша "поселке", "поселкелер", "поселкелерге", "поселкелері", "поселкелерді", "поселкелердің" деген сөздер тиісінше "кент", "кенттер", "кенттерге", "кенттері", "кенттерді", "кенттердің" деген сөздермен; "ауыл (село)", "ауылдық (селолық)", "ауылдардың (селолардың)", "ауылдарды (селоларды)", "ауылдар (селолар)", "ауылдарға (селоларға)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдық", "ауылдардың", "ауылдарды", "ауылдар", "ауылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 03 қыркүйектегі № 331 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2083 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Ақтау, Форт-Шевченко қалалары, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізіндегі бұрғылау ерітінділері цехын, теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасын орналастыруға Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданындағы Түпқараған бұғазының солтүстік-батыс жағалауының солтүстік, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бағытына биіктігі 50 см жиекқабырға жайғастырылған жағалық бекітпе имараты құрылысымен бекітілген, теңіздің жағалау жиегімен түйісетін және биіктігі 50 см жиекқабырға мен кеме тоқтайтын қабырғасы бар, бұрғылау ерітінділері цехының төгінді түрде жасалған жасанды өндірістік алаңындағы ұзындығы 4,075 км Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау белдеуінен басқа, іргелес жердің еңістігі мен сипатына қарамастан, кемінде 100 метр қабылданады";

      2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "енгізілген толықтыруларды есепке алып, теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған бұрғылау ерітінділері цехын орналастыру үшін Баутино кенті ауданында Түпқараған бұғазының солтүстік - батыс жағалауындағы және теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасының төгінді алаңдарының су қорғау белдеулерін табиғи түріне ауыстыруды жүзеге асырсын";

      тақырып және бүкіл мәтін бойынша "поселке", "поселкелер", "поселкелерге", "поселкелері", "поселкелерді", "поселкелердің" деген сөздер тиісінше "кент", "кенттер", "кенттерге", "кенттері", "кенттерді", "кенттердің" деген сөздермен; "ауыл (село)", "ауылдық (селолық)", "ауылдардың (селолардың)", "ауылдарды (селоларды)", "ауылдар (селолар)", "ауылдарға (селоларға)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдық", "ауылдардың", "ауылдарды", "ауылдар", "ауылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 390 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2087 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып және бүкіл мәтін бойынша "поселке", "поселкелер", "поселкелерге", "поселкелері", "поселкелерді", "поселкелердің" деген сөздер тиісінше "кент", "кенттер", "кенттерге", "кенттері", "кенттерді", "кенттердің" деген сөздермен; "ауыл (село)", "ауылдық (селолық)", "ауылдардың (селолардың)", "ауылдарды (селоларды)", "ауылдар (селолар)", "ауылдарға (селоларға)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдық", "ауылдардың", "ауылдарды", "ауылдар", "ауылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 223 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2103 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Түпқараған ауданы Баутино ауылындағы теңіздік операцияларын қолдау базасындағы теңіз учаскесі үшін бекітілген жобалық-сметалық құжаттама негізінде су қорғау белдеуінің ең аз ені 35 метр, бұрынғы болған ұзындығы 377,32 метр, су қорғау белдеуінің шекарасы топырақ үйінді жағынан ұзындығы 289,77 метрге ауыстырылсын (су қорғау белдеу шекарасының координаты А нүктесінен (х=440772,6; у=4934146,7) Ж нүктесіне дейін (х=440817,5; у=4934419,5)";

      2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "енгізілген толықтыруды есепке алып, Баутино кенті ауданында Түпқараған бұғазының солтүстік - шығыс жағалауындағы және теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасының теңіз айлағын 260 метрге кеңейтуге арналған биіктігі 4 метр топырақ үйіндісін су қорғау белдеулерінің шекарасын табиғи түріне ауыстыруды жүзеге асырсын";

      тақырып және бүкіл мәтін бойынша "поселке", "поселкелер", "поселкелерге", "поселкелері", "поселкелерді", "поселкелердің" деген сөздер тиісінше "кент", "кенттер", "кенттерге", "кенттері", "кенттерді", "кенттердің" деген сөздермен; "ауыл (село)", "ауылдық (селолық)", "ауылдардың (селолардың)", "ауылдарды (селоларды)", "ауылдар (селолар)", "ауылдарға (селоларға)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдық", "ауылдардың", "ауылдарды", "ауылдар", "ауылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендерлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 118 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Ақтау қаласының және аудандардың әкімдеріне, ауылдық (селолық) округтердің әкімдеріне, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шегінде орналасқан пайдалануында жер учаскелері бар, ведомстволық тиесілілігі мен меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың, басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінің басшыларына, олардың санитарлық жай-күйін тиісті дәрежеде күтілуін және шаруашылық жүргізу режимінің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын";

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      1-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ақтау қаласы аумағы бойынша Каспий теңізінің жағалауында су қорғау аймағының 96,0 км созылатын ені, Строительная көшесінің, ҚР Президенті даңғылының шекарасына дейін және әрі қарай асфальт жолы бойымен Өмірзақ ауылына дейін минус 27,0 метрге тең, соңғы он жылдықтағы теңіздің орташа көпжылдық деңгейінің белгісінен алынады";

      төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Форт-Шевченко қаласы, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізіндегі теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған металл құрылымдары зауытын орналастыру үшін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданында Түпқараған бұғазының Шығыс жағалауындағы төгінді өндірістік алаңындағы ұзындығы 1,369 км және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылындағы теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасының төгінді алаңындағы 1,61 км Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау белдеулерінен басқа, жерлердің еңістігі мен іргелес жатқан сипатынан қарамастан, кемінде 100 метр болып қабылданады";

      "теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған металл құрылымдары зауытын орналастыру үшін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданында Түпқараған бұғазының Шығыс жағалауындағы төгінді өндірістік алаңындағы теңіз учаскелеріне арналған су қорғау белдеулерінің шекарасы, айлақ қабырғалары жағынан Каспий теңізінің орташа деңгейінен 35 метр, солтүстік және оңтүстік жағынан 20 метр болып белгіленеді және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің қазіргі шекарасымен тік бұрышта қосылады";

      "Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылындағы Теңіз мұнай операцияларын қолдау төгінді базасындағы теңіз учаскелеріне арналған су қорғау белдеулерінің шекарасы, айлақ қабырғасына қарсы беттегі шекарасы мен жақтауы бойынша, база алаңының шекарасында және Каспий теңізінің орташа деңгейінен 10 метр қашықтықта жақтауы бойынша қаптал жақ құламаларының бойымен белгіленеді және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің қазіргі шекарасымен қосылады";

      "ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Ақтау, Форт-Шевченко қалалары, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізіндегі бұрғылау ерітінділері цехын, теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасын орналастыруға Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданындағы Түпқараған бұғазының солтүстік-батыс жағалауының солтүстік, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бағытына биіктігі 50 см жиекқабырға жайғастырылған, жағалық бекітпе имараты құрылысымен бекітілген, теңіздің жағалау жиегімен түйісетін және биіктігі 50 см жиекқабырға мен кеме тоқтайтын қабырғасы бар, бұрғылау ерітінділері цехының төгінді түрде жасалған жасанды өндірістік алаңындағы ұзындығы 4,075 км Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау белдеуінен басқа, іргелес жердің еңістігі мен сипатына қарамастан, кемінде 100 метр қабылданады";

      "Түпқараған ауданы Баутино ауылындағы теңіздік операцияларын қолдау базасындағы теңіз учаскесі үшін бекітілген жобалық-сметалық құжаттама негізінде су қорғау белдеуінің ең аз ені 35 метр, бұрынғы болған ұзындығы 377,32 метр, су қорғау белдеуінің шекарасы топырақ үйінді жағынан ұзындығы 289,77 метрге ауыстырылсын (су қорғау белдеу шекарасының координаты А нүктесінен (х=440772,6; у=4934146,7) Ж нүктесіне дейін (х=440817,5; у=4934419,5)".

      тақырып және бүкіл мәтін бойынша "поселке", "поселкелер", "поселкелерге", "поселкелері", "поселкелерді", "поселкелердің" деген сөздер тиісінше "кент", "кенттер", "кенттерге", "кенттері", "кенттерді", "кенттердің" деген сөздермен; "ауыл (село)", "ауылдық (селолық)", "ауылдардың (селолардың)", "ауылдарды (селоларды)", "ауылдар (селолар)", "ауылдарға (селоларға)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдық", "ауылдардың", "ауылдарды", "ауылдар", "ауылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады