Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 17 тамыздағы (VI сайланған VI сессиясы) "Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау қағидаларын бекіту туралы" № 56/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 72/9 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 қаңтарда № 5316 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 23/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 22.04.2021 № 23/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 17 тамыздағы "Павлодар облысының елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау қағидаларын бекіту туралы" № 56/6 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5237 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қыркүйекте № 38 "Регион.kz" газетінде жарияланған) шешімініне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Павлодар облысының елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау қағидаларындағы "Жануарлар иелерінің құқықтары мен міндеттері" 6 тарауы алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Капенов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Берковский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады