Өнеркәсіптік меншік саласындағы кейбір мәселелер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1350 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қазанда № 17455 болып тіркелді.

      2018 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының № 161 Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiліп отырған:

      1) Патенттік кооперация туралы шартқа және Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді қарау қағидасы, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін;

      2) Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі және Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне Хаттамаға сәйкес тауар таңбасына өтінімді қарау қағидасы, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1350 бұйрығына
1-қосымша

Патенттік кооперация туралы шартқа және Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді қарау қағидасы

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида (бұдан әрі – қағида) 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының "Қазақстан Республикасы Патент Заңы" (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Патенттік кооперация туралы шартқа және Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді қарау тәртібін белгілейді.

      2. Осы қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы - зияткерлік меншік саласында елдердің халықаралық саясаты мен ынтымақтастығын қамтамасыз ететін және реттейтін халықаралық ұйым (бұдан әрі – "ДЗМҰ");

      2) халықаралық өтінім – 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес берілген өтінім (бұдан әрі – РСТ Шарт);

      3) еуразиялық өтінім – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес берілген өтінім;

      4) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы.

2-тарау. Халықаралық өтінімдерді қарау тәртібі.

      3. Сараптамалық ұйым РСТ Шартты, РСТ Шартына нұсқаулықты, РСТ Шартына Әкімшілік нұсқауларына, Қазақстан Республикасының Патенттік Заңын (бұдан әрі – Заң) басшылыққа ала отырып халықаралық өтінімді алу, тексеру және қайта жолдау (тапсыру) байланысты қабылдаушы ведомствосының функцияларын орындайды.

      4. Ұлттық фазада халықаралық өтінімді қарастыру Заңның 4-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілері өтінімдеріне сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Келіп түскен материалдарда қазақ немесе орыс тілінде өтінім құжаттарының аудармасы болмаған жағдайда, егер олар басқа тілде ұсынылған болса, өтініш берушіге ұлттық сатысына енген мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай ішінде берілуі қажеттігі туралы хабарлама беріледі. Аударманы ұсыну мерзімі Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес ұзартылады, бірақ екі айдан артық болмауы тиіс.

      Көрсетілген мерзім ішінде аударма ұсынылмаған жағдайда, өтінім ұлттық кезеңге өтпеген деп саналады, ол туралы өтініш берушіге хабардар етіледі. Тіркелген материалдар қайтарылмайды, кеңсе жұмысы қалпына келтірілмейді;

      6. Өнертабысқа халықаралық өтiнiмнiң пайдалы модельге ауыстыру Заңның 4-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілері өтінімдеріне сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Еуразиялық өтінімдерді қарау тәртібі.

      7. Сараптама ұйымы Еуразиялық патенттік конвенцияны, Еуразиялық патенттік конвенциясына Патенттік Нұсқаулықты және Заңды басшылыққа ала отырып еуразиялық өтінімді алу, тексеру және қайта жолдаумен (тапсырумен) байланысты функцияларды орындайды.

      8. Еуразиялық өтінімді ауыстыру және қарау Еуразиялық патенттік конвенцияға және Еуразиялық патенттік конвенциясына Патенттік Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1350 бұйрығына
2-қосымша

Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі және Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне Хаттамаға сәйкес тауар таңбасына өтінімді қарау қағидасы

1- тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленіп, Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі және Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне Хаттамаға сәйкес тауар таңбасына өтінімді қарау тәртібін анықтайды.

      Осы қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімімен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын ретіндегі ұйымдастырылған-құқықтық формадағы өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынышты ұйым;

      2) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Халықаралық бюросы – зияткерлік меншік саласында елдердің ынтымақтастығы мен халықаралық саяхатты қамтамасыз ететін және реттейтін халықаралық ұйым (бұдан әрі – Халықаралық ұйым);

      3) Халықаралық тізілім – Халықаралық ұйымның тауар таңбасына халықарлық өтінімдер мен халықаралық тіркеулер тізілімі;

      4) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы – 1957 жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданған, кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген тауар таңбасын тіркеудегі қолданылатын сыныптама.

2- тарау. Халықаралық тауар таңбасын ресімдеу тәртібі

      2. Сараптама ұйымы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі және Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне Хаттамасын басшылыққа ала отырып шығу ведомствосының қызметін атқарады.

      3. Халықаралық өтінімге қоса беріледі:

      Осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес халықаралық өтінімді тексеру және ары қарай жолдау туралы өтініш;

      Патенттік сенім білдірген өкілдің (егер халықаралық өтінім патенттік сенім білдірген өкіл арқылы берілсе) немесе өкілдің уәкілеттігін растайтын құжат;

      Базалық өтініммен немесе тіркелген тауар таңбасымен бірдей тіркеуге ұсынылған өтінімнің екі данасы;

      Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі және Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне Хаттамасымен қарастырылған халықаралық баждың төленгенін растайтын құжат;

      Заңның 3-1 бабы 2-тармағына сәйкес өтінімді әзірлеу мен оны Халықаралық бюроға жолдау үшін сараптама ұйымының қызметіне төленетін төлемді растайтын құжат:

      Қазақстан Республикасының басқа да халықаралық келісімдеріне сәйкес құжаттар – қажет болған жағдайда тауар таңбасын пайдалануға ниеті туарлы декларация.

      4. Халықаралық өтінімді ресімдеу және ары қарай Халықаралық бюроға жолдау туралы өтініш осы қағиданың 2 қосымшасына сәйкес формада беріледі, өтінішке өтінімді әзірлеу мен оны Халықаралық бюроға жолдау үшін сараптама ұйымының қызметіне төленетін төлемді растайтын құжат қоса беріледі.

      5. Халықаралық өтінімді ресімдеу және ары қарай жолдау өтінім берушінің өкілі арқылы сенімхат негізінде беріледі.

      6. Сарапта ұйымының қызметіне төленетін төлем туралы құжат болмаған жағдайда, өтінім берушіге төлеу туралы есеп шот жолданады. Төленгені туралы құжат өтінім беруші есеп шот жолданған күннен бір айдан кеш емес уақытта ұсынады.

      Сараптама ұйымының қызметіне төлнетін төлем туралы құжат ұсынылмаған жағдайда халықаралық өтінімді тексеру және ары қарай жолдау туралы өтініш немесе халықаралық өтінімді ресімдеу және ары қарай жолдау туралы өтініш қаралмайды және ол туралы өтінім беруші жазбаша түрде хабардар етіледі.

      7. Өтінім берушіге (құқық иеленушіге) немесе оның сенімхат бойынша өкіліне халықаралық өтінімнің Халықаралық бюроға жолданғаны туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.

3-тарау. Халықаралық өтінімді қарау тәртібі

      8. Халықаралық өтінімдерге толық сараптама Халықаралық бюроның Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық таңбаның таралуы туралы хабарлама жолдаған күнінен бастап жүргізіледі.

      9. Халықаралық өтінімдер бойынша сараптама қорытындылары Халықаралық бюромен бекітілген форма бойынша ресімделеді.

      10. Сараптама ұйымы қорғау, жартылай қорғау немесе барлық негіздерін көретілген бас тарту туралы шешімін Халықаралық бюроның халықаралық таңбаның таралуы туралы хабарлама жолдаған күнінен бір жыл мерзімнен асырмай Халықаралық бюроға хабарлайды.

      11. Халықаралық тауар таңбасын қорғау шешім шығарылған күннен басталады. Жартылай бас тарту немесе алдын ала бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда түпкілікті шешім шығарылған күннен басталады.

4-тарау. Халықаралық тіркеуді ұлттық өтінімге өзгерту

      12. Өтінім беруші халықаралық тіркеуді ұлттық өтінімге өзгерту туралы өтініш беруге құқылы.

      Мұндай өтініштер халықаралық тіркеудің базалық таңбаның қорғау мерзімі аяқталу себебінен толық немесе жартылай күші жойылғанда беріледі.

      Егер өтінім сол таңбаға және сол тауарлар мен қызметтерге қатысты халықаралық бюро тізілімінен халықаралық тіркеудің жойылған күнінен үш ай көлемінде ұсынылса халықаралық тіркеу кезіндегі басымдығы сақталады.

      13. Халықаралық тіркеуді ұлттық өтінімге өзгерту туралы өтініш осы қағиданың 3-қосымшасына сәйкес беріледі.

      Өтініш өтінім беруші немесе оның сенімхат арқылы өкілімен беріледі, өтінішке Халықаралық бюро тізілімінен үзінді, тауар таңбасын тіркеу туралы өтініш және халықаралық тіркеуді ұлттық өтінімге өзгерту туралы төлемді растайтын құжат қоса беріледі.

      Төлеу туралы құжат болмаған жағдайда, өтінім берушіге төлеу туралы есеп шот жолданады.

      Төленгені туралы құжатты өтінім беруші есеп шот жолданған күннен бір айдан кеш емес уақытта ұсынуы қажет. Төлеу туралы құжат ұсынылмаған жағдайда халықаралық өтінімді ұлттық өтінімге өзгерту туралы өтініш қаралмайды және ол туралы өтінім беруші немесе сенімхат арқылы өкілі жазбаша түрде хабардар етіледі.

      14. Өтінім берушіге немесе оның сенімхат арылы өкіліне халықаралық тіркеуді ұлттық өтінімге өзгерту туралы тауар таңбасы ретінде тіркеуге ұсынылған таңба, өтінім нөмірі, өтінім берілген күн, өтінім берушінің атауы, тауарлар мен қызметтер тізімі бар хабарлама жолданады.

      15. Өтінім берушіге немесе оның сенімхат арылы өкіліне халықаралық тіркеуді ұлттық өтінімге өзгерту туралы хабарламаның негізінде тауар таңбасын тіркеу және тіркеу туралы жариялау үшін төлем туралы есеп шот жолданады.

  Таңбаларды халықаралық тіркеу
туралы Мадрид келісімі және
Таңбаларды халықаралық
тіркеу туралы Мадрид келісіміне
Хаттамаға сәйкес тауар
таңбасына өтінімді қарау
қағидасына
1-қосымша

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Халықаралық бюросына тауар таңбасын тіркеуге халықаралық өтінімді тексеру және ары қарай жолдау туралы ӨТІНІШ

      өтінім беруші:

      өтінім: №

      берілген күн:

      __ атына _/_/_ ж. № __ ұлттық өтінім/тіркеу негізінде ТҚКХС-ның __ сыныптарының тауарлары/қызметеріне қатысты келесі елдерге: __ тарату үшін тауар таңбасын халықаралық тіркеу туралы өтінішті жолдауды сұраймыз.

      __ мекен жайына сараптама ұйымының қызметіне төленетін төлем туралы есеп шот шығарулы сұраймыз.

      Қосымша:

      1. халықаралық өтінімнің екі данасы;

      2. тауар таңбасының 8 х 8 форматындағы екі данасы

      3. сенімхат;

      4. сараптама ұйымының қызметіне төленетін төлемді растайтын құжат.

      Қолы

      Тегі Аты Әкесінің аты

      Мөр (болған жағдайда)

      Күні

  Таңбаларды халықаралық тіркеу
туралы Мадрид келісімі және
Таңбаларды халықаралық
тіркеу туралы Мадрид келісіміне
Хаттамаға сәйкес тауар
таңбасына өтінімді қарау
қағидасына
2-қосымша

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Халықаралық бюросына тауар таңбасын тіркеуге халықаралық өтінімді ресімдеу және ары қарай жолдау туралы ӨТІНІШ

      өтінім беруші:

      өтінім: №

      берілген күн:

      __ атына _/_/_ ж. № __ ұлттық өтінім/тіркеу негізінде ТҚКХС-ның __ сыныптарының тауарлары/қызметеріне қатысты келесі елдерге: __ тарату үшін тауар таңбасын халықаралық тіркеу туралы өтінішті ресімдеуді сұраймыз.

      __ мекен жайына сараптама ұйымының қызметіне төленетін және Халықаралық бюроның төлемі туралы есеп шот шығарылуы сұраймыз.

      Қосымша:

      1. халықаралық өтінімнің екі данасы;

      2. тауар таңбасының 8 х 8 форматындағы екі данасы

      3. сенімхат;

      4. сараптама ұйымының қызметіне төленетін төлемді растайтын құжат.

      Қолы

      Тегі Аты Әкесінің аты

      Мөр (болған жағдайда)

      Күні

  Таңбаларды халықаралық тіркеу
туралы Мадрид келісімі және
Таңбаларды халықаралық
тіркеу туралы Мадрид келісіміне
Хаттамаға сәйкес тауар
таңбасына өтінімді қарау
қағидасына
3-қосымша

Халықаралық тіркеуді ұлттық өтінімге өзгерту туралы ӨТІНІШ

      өтінім беруші:

      өтінім: №

      берілген күн:

      _____ халықаралық тіркеуді басымдығын сақтай отырып келесі тауарлар/қызметтерге қатысты ұлттық өтінімге өзгертуді сұраймыз.

      Қосымша:

      1. сараптама ұйымының қызметіне төленетін төлемді растайтын құжат.

      2. сенімхат

      3. Халықаралық бюро тізілімінен үзінді

      Қолы

      Тегі Аты Әкесінің аты

      Мөр (болған жағдайда)

      Күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады