Байғанин ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 141 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 5 сәуірде № 3-4-164 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 130 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 31.03.2022 № 130 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Байғанин аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Байғанин аудандық мәслихатының "Байғанин ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 10 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4870 санымен тіркелген, 2016 жылғы 6 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      2) Байғанин аудандық мәслихатының "Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 10 "Байғанин ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 52 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5206 санымен тіркелген, 2017 жылғы 19 қаңтарда "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімі.

      3. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;

      3) осы шешімді Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
К. Табынбаева
      Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады