Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 141 "Байғанин ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 130 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 сәуірде № 27492 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 509 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Байғанин аудандық маслихатының "Байғанин ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 20 наурыздағы № 141 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-164 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
Е. Копжасаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады