Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Шарбақты ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 134/39 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 маусымда № 6000 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 119/33 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 26.09.2022 № 119/33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 50-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Шарбақты ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Шарбақты ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.

      3. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы "Шарбақты ауданында жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 225/63 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4721 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      2) Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы "Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы "Шарбақты ауданында жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 225/63 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 262/72 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5058 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде жарияланған) шешімі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихаттың ауданның бюджет мәселелері және әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы шешімнің 2 тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Сессия төрағасы Н. Жакупова
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Шпехт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады