Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2018 жылғы 5 ақпандағы № 19-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 ақпанда № 4575 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мəслихатының 17.03.2020 № 57-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; 05.01.2022 № 14-34 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 05.01.2022 № 14-34 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мəслихатының 17.03.2020 № 57-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 505, 506-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға жоғарылатылсын.

      Нақты пункттың үшінші бөлігінің Ережелері Кодекстың 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 23.02.2021 № 2-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің қосымшаларына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      5. 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2019 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енетін 3-тармағын қоспағанда.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 16.05.2018 № 24-3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданы мәслихатының
      XІХ сессиясының төрағасы И. Шаймерденов
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы
      ауданы мәслихатының хатшысы Е. Әділбеков

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2018 жылғы 5 ақпандағы № 19-3 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының күшін жойған кейбір актілерінің тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-3 "Жер салығының базалық салық ставкаларын түзету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2706 тіркелген, 2014 жылғы 19 мамырда "Есіл өңірі" газетінде, 2014 жылғы 9 мамырда "Новости Приишимья" газетінде жарияланған).

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 34-4 "Жер салығының базалық салық ставкаларын түзету туралы" Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3241 тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2016 жылғы 24 мамырдағы № 3-2 "Жер салығының базалық салық ставкаларын түзету туралы" Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3780 тіркелген, 2016 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 36-3 "Бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады