Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 11.09.2020 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге Кодекстің 503-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе арттырылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге Кодекстің 704-бабымен белгіленген бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе арттырылсын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының шегіндегі Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 мамырдағы № 277 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3284 болып тіркелген, "Әділет" Қазақстан Республикасының ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдғы 29 шілдеде жарияланған);
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының шегіндегі Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 мамырдағы № 277 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздағы № 364 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3671 болып тіркелген, "Әділет" Қазақстан Республикасының ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 7 шілдеде жарияланған).
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының XXVІ cессииясының төрағасы | К. Шәріпов |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының хатшысы | Қ. Шәріпов |