Түркістан облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 285 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 қазанда № 1 қбпү болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 12 ақпандағы № 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 12.02.2019 № 24 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 26-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 876 қаулысына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін (қызмет бабында пайдалану үшін).

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Т.Нүкеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Қ.Т.Нүкенов
      Ұ.Сәдібеков
      А.С.Сәбитов
      Ә.Е.Тұғымбеков
      Т.Қ.Сәрсембаев
      А.Б.Тасыбаев
      Е.А.Садыр
      Е.Қ.Тасжүреков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады