Қаратөбе аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-12 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 сәуірде № 5120 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Ж.Жангазиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г.Мусаева
      Мәслихат хатшысы К.Суйеугалиев

  Қаратөбе аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 27 наурыздағы
№ 17-12 шешіміне
қосымша

Қаратөбе аудандық мәслихатының
кейбір күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "2017 – 2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" № 9-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4650 тіркелген, 2017 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 маусымдағы "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-3 "2017 – 2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 11-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4824 тіркелген, 2017 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 тамыздағы "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-3 "2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 13-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4884 тіркелген, 2017 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      4. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-3 "2017 – 2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 14-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4930 тіркелген, 2017 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      5. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-3 "2017 – 2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 15-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5009 тіркелген, 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      6. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 маусымдағы "Елді мекендердің автотұрақтар үшін бөлінген, жерлерінің базалық салық ставка туралы" № 29-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-9-107 тіркелген, 2011 жылғы 29 шілдеде "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған);

      7. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 38 - 1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4248 тіркелген, 2016 жылғы 5 ақпанда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады