Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 6 ақпандағы № 38 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 13 ақпанда № 4906 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 332 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 10.12.2019 № 332 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140 бабының 2 – тармағына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кіріснің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы републикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Қазығұрт ауданыда таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Ә. Қалымбетовке жүктелсін.

      Аудан әкімі Т.Т.Телғараев

  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "06" ақпандағы
№ 38 қаулысына қосымша

Аудандық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері

      1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындар үшін – таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.

      2. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорының дамуына жұмсалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады