Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 20520 болып тіркелді

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнайгаз-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 29 сәуірдегі № 165
бұйрығымен бекітілген

Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін (бұдан әрі - тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор - мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлға, сондай-ақ тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын заңды тұлға;

      2) тапсырыс беруші - уәкілетті органға мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөндегі инвестициялық жобаны тізбеге енгізуге өтінім беретін заңды тұлға;

      3) уәкілетті орган - газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.

2-тарау. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру тәртібі

      3. Мұнай -газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны (бұдан әрі - инвестициялық жоба) тізбеге енгізу үшін тапсырыс беруші уәкілетті органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізбеге мұнай -газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны енгізуге арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім);

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 106-нқ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13736 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-сандық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік нормативтің 4-тармағына сәйкес әзірленген инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық жобаны іске асырудың жоспар-графигі;

      4) мыналарды:

      лицензияланған технологияны пайдалану құқығын (пайдалану құқығын регламенттейтін келісім немесе өзге де құжат);

      жоба бойынша негізгі өткізу нарықтарында ұқсас өндірістерді пайдалану және (немесе) өнімді сату тәжірибесін;

      жергілікті қамту үлесін (пайызбен) растайтын мәліметтер.

      Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мәліметтер бар болған кезде беріледі.

      4. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің толықтығын;

      2) тауарлық газды өндірудің, өткізудің және тұтынудың болжамды балансына сүйене отырып, жобаны іске асыру жоспарланып отырған өңірде шикізаттың болуын тексереді.

      5. Тапсырыс беруші құжаттардың пакетін және (немесе) оларда қамтылған мәліметтерді толық емес ұсынса немесе өңірде шикізат болмаған жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзімде қайтару себептерін көрсете отырып, оларды тапсырыс берушіге қайтарады.

      6. Қайтару себебі құжаттар пакетінің және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің толық еместігіне байланысты болған жағдайда, тапсырыс беруші уәкілетті органның ескертулерін жойғаннан кейін осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қайта жібереді.

      Құжаттарды қайта алған кезде, уәкілетті орган оларды осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзімде қарастырады.

      Егер қайтару себебі өңірде шикізаттың болмауына байланысты болса, онда тапсырыс берушінің өтінімі қайта қабылданбайды.

      7. Тапсырыс беруші құжаттардың пакетін және (немесе) оларда қамтылған мәліметтерді толық ұсынса, сондай-ақ өңірде шикізат болған жағдайда, уәкілетті орган 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады, сондай-ақ олар ұсынымдарды алу үшін мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру мәселелері жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - комиссия) жіберіледі.

      8. Комиссия уәкілетті орган жанында құрылады, оның құрамына химия өнеркәсібі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның, сондай-ақ мұнай-газ өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы ұйымдардың өкілдері және сарапшылары кіреді.

      9. Комиссия жобалардың әрқайсысына осы Қағидалардың 3-қосымшасында келтірілген инвестициялық жобаларды бағалау тетігіне сәйкес қорытынды балл береді және инвестициялық жобаны тізбеге енгізу немесе енгізбеу туралы ұсыным береді.

      10. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін, комиссияның ұсынымын ескере отырып, 2 (екі) жұмыс күні ішінде тізбенің жобасын қалыптастырады және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарына келісуге жібереді.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың тізбені келісуі құжаттар келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      12. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен келісілгеннен кейін Заңның 6-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес тізбені бекітеді.

      13. Инвестициялық жобаны тізбеге енгізу тапсырыс беруші мен газ беруші арасында тауарлық газды жеткізу туралы келісім жасасу үшін негіз болып табылады.

      14. Инвестициялық жоба мынадай жағдайларда бекітілген тізбеден алып тасталады:

      1) егер өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор инвестициялық жобаны одан әрі іске асырудан бас тартқан жағдайда;

      2) өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор жоспар-графикке сәйкес инвестициялық жобаны іске асыру мерзімдерін елеулі түрде бұзған (жарты жыл және одан көп мерзімге графиктен ауытқуы) кезінде.

      Бұл ретте өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор тоқсан сайын уәкілетті органға жоспар-графикке сәйкес жобаны іске асыру барысы туралы есепті жібереді. Жобаға негізгі көрсеткіштерге қатысты өзгерістер енгізілген жағдайда, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор бір ай ішінде уәкілетті органды хабардар етеді;

      3) егер өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор инвестициялық жобаны тізбеге енгізген күннен бастап екі жыл ішінде қаржыландыру мәселесін шешпесе.

  Мұнай-газ-химия өнімдерін
өндіру жөніндегі инвестициялық
жобалардың тізбесін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны тізбеге енгізуге арналған өтінім

      Мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны тізбеге енгізуді сұраймын:

      __________________________________________________________________________

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бірінші басшы: __________________________________________

      Қолы: ______ толтыру күні "___"________ 20__ жыл

  Мұнай-газ-химия өнімдерін
өндіру жөніндегі инвестициялық
жобалардың тізбесін
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Инвестициялық жобаны іске асырудың жоспар-графигі

Іс-шараның атауы Орындау мерзімі Ескертпе

1.




2.




3.




      Бірінші басшы: __________________________________________

      Қолы: ______ Толтыру күні "__" ________ 20__ жыл

  Мұнай-газ-химия өнімдерін
өндіру жөніндегі инвестициялық
жобалардың тізбесін
қалыптастыру қағидаларына
3-қосымша

Инвестициялық жобаларды бағалау тетігі

      1. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалар тізбесіне енгізу үшін жобаларды бағалау мынадай критерийлер негізінде баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады:

      1) макроэкономикалық тиімділік - Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсері;

      2) қаржылық жағдай - инвестициялардың тиімділігі тұрғысынан тартымдылық;

      3) инновациялық құрамы - шикізат пен жабдықты тиімді пайдалануды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жаңа өнім өндірісін құруды қамтамасыз ететін озық не баламасы жоқ бәсекелес технологияны қолдану/пайдалану;

      4) бәсекеге қабілеттілік және маркетингтік талдау - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада ішкі және сыртқы нарықта тұрақты сұранысқа ие өнім өндірісі;

      5) әлеуметтік тиімділік - лайықты жұмыс орындарын құру (білікті мамандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету), сондай-ақ елде жаңа салаларды құру және (немесе) сабақтас салаларды дамыту (мультипликативтік әсер);

      6) экологиялық бағалау - межеленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту;

      7) квазимемлекеттік сектор компаниясының жобаға қатысуы.

      2. Әрбір критерий бойынша балл қойылады, ол тиісті көрсеткіштер бойынша баллдардан қалыптастырылады.

      3. Макроэкономикалық тиімділікке мынадай көрсеткіштер жатады:

      1) жалпы ішкі өнімге салым (бұдан әрі - ЖІӨ-ге салым) пайызбен бағаланады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Vжт (теңге) - орташа жылдық түсім көлемі;

      Vжіө (теңге)- өткен жылғы ЖІӨ көлемі;

      Егер ЖІӨ-гесалым 0,5%-дан артық болса-көрсеткішке 8 балл беріледі;

      егер ЖІӨ-ге салым 0,2-ден 0,5%-ға дейінгі шектерде болса - көрсеткішке 4 балл беріледі;

      2) салықтар тапсырыс беруші зауыт пайдалануға берілген сәттен бастап 20 жыл ішінде жүзеге асыруды жоспарлап отырған барлық салық төлемдерінің сомасы ретінде есептеледі. Алынған сома салынған инвестициялармен салыстырылады. Теңгемен бағаланады:

      егер салық сомасы инвестициядан артық болса - көрсеткішке 6 балл беріледі;

      егер салық сомасы инвестициядан аз болса - көрсеткішке 3 балл беріледі;

      3) инвестициялар күрделі салымдардың сомасы (КСС) ретінде есептеледі және өтінім беру сәтіндегі баға бойынша АҚШ долларымен бағаланады:

      егер КСС 200 миллион АҚШ долларынан (бұдан әрі - млн. долл.) артық болса - көрсеткішке 6 балл беріледі;

      егер КСС 100-ден 200 млн.долл.-ға дейін болса - көрсеткішке 4 балл беріледі;

      егер КСС 100 млн.долл.-дан аз болса - көрсеткішке 2 балл беріледі.

      Макроэкономикалық тиімділік критерийі бойынша барынша мүмкін сан жиынтығы 20 баллға тең.

      4. Қаржылық тұрақтылыққа мынадай көрсеткіштер жатады:

      1) инвестициялардың жалпы сомасындағы меншікті қаражат үлесі (бұдан әрі - үлес) пайызбен бағаланады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      МҚ (теңге) - меншікті қаражат;

      ИС (теңге)- инвестиция сомасы;

      егер үлес 30 %-дан артық болса көрсеткішке 6 балл беріледі;

      егер үлес 20%-дан 30%-ға дейінгі шектерде болса - көрсеткішке 4 балл беріледі;

      егер үлес 20%-дан аз болса - көрсеткішке 2 балл беріледі;

      2) газ бағасының өзгеруіне сезімталдық (бұдан әрі - С) тауарлық газ бағасының өзгеруі жобалардың (NPV, IRR) тиімділік көрсеткіштеріне әсер ету дәрежесі бойынша бағаланады. Бұл ретте газ бағасының өзгеруі жоба тиімділігі көрсеткіштерініңең аз нашарлауына әкеп соқтыратын жобалар ең жақсы деп есептеледі:

      егер С 10%-дан аз болса - көрсеткішке 6 балл беріледі;

      егер С 10%-дан артық болса - көрсеткішке 3 балл беріледі;

      3) тиімділік көрсеткіштері - NPV-таза ағымдағы құн, PІ-инвестициялар рентабельділігінің индексі, IRR-рентабельділіктің ішкі нормасы және PBP-өзін-өзі ақтау кезеңі (мерзімі) сияқты көрсеткіштерді айқындау жолымен инвестициялардың тиімділігін бағалау.

      егер NPV 0-ден артық, PI 1-ден артық, IRR 10%-дан артық немесе тең, PBP 20 жылдан аз жобаға 4 балл беріледі.

      Қаржылық тұрақтылық критерийі бойынша барынша мүмкін сан жиынтығы 16 баллға тең.

      5. Инновациялық құрамға мынадай көрсеткіштер жатады:

      1) жаңа технология/өнім - егер жобада Қазақстан Республикасының аумағында баламасы жоқ технологияның немесе өнімнің кемінде бір бірлігі көзделсе, жобаға 6 балл беріледі;

      2) өзіндік құндағы газ үлесі (бұдан әрі - газ үлесі) пайызбен бағаланады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ГҚ (теңге) -өнім бірлігіне газдың құны;

      ӨӨҚ (теңге) - өнім бірлігінің өндірістік өзіндік құны;

      егер газ үлесі 10%-дан аз болса - көрсеткішке 8 балл беріледі;

      егер газ үлесі 10%-дан 15%-ға дейін болса - көрсеткішке 4 балл беріледі;

      егер газ үлесі 15 %-дан артық болса - көрсеткішке 2 балл беріледі;

      3) 1 мың текше метр (бұдан әрі - м3) газдың қосылған құны (ҚҚ) пайызбен бағаланады және өтінім беру сәтіндегі бағада мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ГҚ (теңге) - 1 мың м3 газдың құны;

      СӨҚ (теңге) - соңғы өнімнің құны;

      егер ҚҚ 90 %-дан артық болса - көрсеткішке 8 балл беріледі;

      егер ҚҚ 80%-дан 90%-ға дейінгі шектерде болса - көрсеткішке 4 балл беріледі;

      егер ҚҚ 80%-дан аз болса - көрсеткішке 2 балл беріледі.

      Инновациялық құрам критерийі бойынша барынша мүмкін болатын сан жиынтығы 22 баллғатең.

      6. Бәсекеге қабілеттілік пен маркетингтік талдауға мынадай көрсеткіштер жатады:

      1) ішкі нарықты қамтамасыз ету (бұдан әрі - ІНҚ) - пайызбен бағаланады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Vөк (тонна) - өнімнің жалпы өндірісінің көлемі;

      Vінө (тонна) - ішкі нарыққа өткізу көлемі;

      егер ІНҚ 50%-дан аз болса - көрсеткішке 6 балл беріледі;

      егер ІНҚ 50%-дан 75%-ға дейінгі шектерде болса - көрсеткішке 4 балл беріледі;

      егер ІНҚ 75 %-дан артық болса - көрсеткішке 2 балл беріледі;

      2) өнімді өткізудің қамтамасыз етілуі - өнімді өткізуге келісімнің немесе уағдаластықтың болуы:

      егер 10%-дан астам көлемде өнімді өткізуге келісім болса, жобаға 6 балл беріледі;

      3) тәжірибенің болуы (бұдан әрі - тәжірибе) жобаға қатысушыларда іске асырылған/пайдаланылатын ұқсас жобаларда тәжірибелерінің болуы бойынша бағаланады:

      егер тәжірибе көрсеткіші кем дегенде бір бірлік болса, жобаға 6 балл беріледі;

      егер тәжірибе көрсеткіші 2 бірліктен артық немесе тең болса - көрсеткішке 6 балл беріледі;

      егер тәжірибе көрсеткіші 2-ден аз болса, 2 балл беріледі.

      Бәсекеге қабілеттілік және маркетингтік талдау критерийі бойынша барынша мүмкін болатын сан жиынтығы 18 баллға тең.

      7. Әлеуметтік тиімділікке мынадай көрсеткіштер жатады:

      1) лайықты жұмыс орындары (бұдан әрі -ЖО) - бұл пайдалану кезеңінде қазақстандық азаматтар қатарындағы білікті қызметкерлердің саны (инженерлік мамандықтар):

      егер ЖО 250 адамнан артық болса - көрсеткішке 6 балл беріледі;

      егер ЖО 100-ден 250 адамға дейінгі шектерде болса - көрсеткішке 4 балл беріледі;

      егер ЖО 100 адамнан аз болса - көрсеткішке 2 балл беріледі;

      2) мультипликативтік әсер (бұдан әрі -МӘ) - өнім желісін кеңейту (Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауардың сыныптамалық кодының алғашқы төрт белгінің кез келгенінің деңгейінде өзгеруі) және/немесе зауытты пайдалану кезеңінде тапсырыс берушінің аралас өндірістер құруы:

      егер 3 бірліктен артық құрылса, 6 балл беріледі;

      егер 1-ден 3 бірлікке дейін құрылса, 4 балл беріледі;

      егер 1 бірлік құрылса, 2 балл беріледі.

      Мультипликативті әсер өлшемі бойынша барынша мүмкін болатын сан жиынтығы 12 баллға тең.

      8. Экологиялық бағалауға қоршаған ортаға әсер ету сияқты көрсеткіш жатады, осы көрсеткішті бағалау кезінде жобаны іске асыру жоспарланып отырған өңірде кәсіпорын қызметінің қоршаған ортаға әсерін азайтуды көздейтін технологияны қолдану ескеріледі. Мұндай технология болған жағдайда 6 балл беріледі.

      Экологиялық бағалау критерийі бойынша барынша мүмкін болатын сан жиынтығы 6 баллға тең болады.

      9. Жобаға квазимемлекеттік сектор компаниясының (бұдан әрі - КСК) қатысуы былайша бағаланады:

      жобада КСК болмаған жағдайда 6 балл беріледі;

      егер жобаға КСК-ның қатысуы 50%-ды қоса құраса, 4 балл беріледі;

      егер КСК-ның жобаға қатысуы 50 %-дан артық болса, онда 2 балл беріледі.

      Осы критерий бойынша барынша мүмкін болатын сан жиынтығы 6 баллға тең.

      Барлық критерийлер бойынша жобаны бағалау кезіндегі ең жоғары мүмкін саны - 100 балл.

      Қорытынды балы 33 балдан төмен жобалар тізбеге енгізілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады