Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 20.04.2022 № 12/99 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енеді).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Балқаш қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Күші жойылды деп танылсын:
Балқаш қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 маусымдағы № 3/31 "Балқаш қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3879 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдеде № 72-73 (12466) "Балқаш өңірі", 2016 жылғы 1 шілдеде № 54-55 (1519) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 шілдеде жарияланған) шешімі.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Сартаев |
Қалалық мәслихат хатшысы | К. Тейлянов |