Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 қарашадағы № 17 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 қарашада № 6473 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округі әкімінің 05.11.2021 № 17 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 11 қарашадағы № 1-25/519 ұсынысы негізінде, Сулыкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратөбе ауданының Сулыкөл ауылдық округі Сулыкөл ауылы М.Мақатаев, Б.Аманшин, Ж.Жабаев, А.Құнанбаев көшелерінің тұрғындарының 54 жеке ауласының аумағында және "Игілік-АН", "Әділбек", "Әділғазы", "Тотай" шаруа қожалықтарының аумағында мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Сулыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т.Нурбергенов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Б. Муса

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады