Шектеу іс-шараларын тоқтату және Сулыкөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 қарашадағы № 17 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 17 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қарашада № 25058 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 27 қазандағы № 15-41/534 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Сулыкөл ауылдық округі Сулыкөл ауылының М.Мақатаев, Б.Аманшин, Ж.Жабаев, А.Құнанбаев көшелері тұрғындарының 54 жеке ауласында және "Игілік-АН", "Әділбек", "Әділғазы", "Тотай" шаруа қожалықтарының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Сулыкөл ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 19 қарашадағы № 17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6473 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жариялағаннан кейін Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы
Сулыкөл ауылдық округінің әкімі
Б. Зайнуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады