Исатай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 маусымдағы № 94-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 наурыздағы № 15-VIІ шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 сәуірде № 4922 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы № 46-VІII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 05.10.2023 № 46-VІII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Исатай аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 6 маусымдағы № 94-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3897 санымен тіркелген, 2017 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелген санттарының тізбесін айқындаудың қағидасындағы:

      1) 3-тараудың тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілсін, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

      2) 12 тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілсін, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Исатай аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 356-VI "Исатай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 маусымдағы № 94-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4845 санымен тіркелген, 2021жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) 1-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілсін, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

      2) 1-тармақтың 5) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілсін, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

      3) 1-тармақтың 6) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілсін, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      3. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына (Н. Кабулова) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Сидегалиев
      Мәслихат хатшысы Н. Муханбеталиев

  Исатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 15-VII шешіміне қосымша
  Исатай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 маусымдағы
№ 94-VI шешімімен бекітілген

Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

      20___ жылғы "__"

      ______________________________________________________________

      (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)____________________

      2. Тұратын мекенжайы ______________________________________________

      3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай _______________________________________________.

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:

Р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты(бар болса)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірдегі қиын жағдай

1

2

3

4

5

6

7

8

































      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.

      Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет) ___________________________.

      5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет): ______________________________________________________________.

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: __________________________________.

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер




тоқсанға

Орта есеппен айына


1

2

3

4

5

6







      6. Мыналардың: Автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _____________________________.

      Қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _________________________________.

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): _______________ ______________________________________________________________________.

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): _____________________ ______________________________________________________________________.

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі: ______________________________________________________________________

      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы: ______________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: ____________________________________________________

      Комиссия мүшелері: ____________________________________________________

      ___________________________ __________________________________________

      ___________________________ __________________________________________

      (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)

      Жасалған актімен таныстым: ____________________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы________________

      Тексеру жүргізілуден бас тартқан _________________________________________

      Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ______________________________________________________

      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

      Күні _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады