Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 715 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31138 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының халықаралық катынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалар меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мынадай автокөлiк құралдарына иелiк ететiн отандық және шетел тасымалдаушыларына қолданылады:

      1) автобустар, шағын автобустар;

      2) жүк автомобильдерi (тiркеменi қоса алғанда, рұқсат етiлетін жалпы салмағы 6 тоннадан астам немесе тiркеменi қоса алғанда, рұқсат етiлетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан астам);

      3) мамандандырылған автомобильдер (белгiлi бiр жүк түрiн тасымалдауға арналған);

      4) арнайы автомобильдер (әртүрлi, көбінесе көлiктiк емес жұмыстарды орындауға арналған).

      Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағына бір жылдан астам мерзімге уақытша әкелінген автокөлік құралдарына қолданылмайды.";

      7 және 8-тармақтар алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын белгілеу мәселесі бойынша тиісті мемлекеттердің құзыретті органдарымен келіссөздер жүргізуді қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган ағымдағы жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде отандық тасымалдаушылардың шетелдік рұқсаттарға деген қажеттілігінің саны туралы шетелдік рұқсатты беру және пайдалану статистикасы негізінде жалпы жиынтық өтінімді қалыптастырады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Шетелдiк рұқсаттар уәкілетті органның аумақтық органдарына (бұдан әрі – аумақтық органдар) бөлуге жатады.";

      18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат алған, отандық тасымалдаушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты алуға өтінішті (бұдан әрі – шетелдік рұқсатты алуға арналған өтініш) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы аумақтық органдарға жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Мыналар арқылы жүгінген кезде:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжаттар ұсынылады.

      Шетелдік рұқсатты алуға арналған өтініш "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркеледі және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) порталға:

      порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен мекенжайын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Отандық тасымалдаушы өтініште және ұсынылатын құжаттардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүрiп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, екі жұмыс күні ішінде құжаттардың тіркелген сәтінен бастап олардың толықтығын тексереді.

      Құжаттардың толық ұсынылмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.

      19. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды мыналар:

      1) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігі болған;

      2) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде - ұсынылған автокөлік құралдарына рұқсат карточкасы болған;

      3) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы болған (жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде);

      4) шетелдік рұқсаттарды автоматты бөлу жүйесімен шетелдік рұқсаттарды бөлген;

      5) отандық тасымалдаушыға хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде алым сомасын төлеген;

      6) соңғы алты ай ішінде отандық тасымалдаушының рұқсат беру карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралына шетелдік рұқсатты пайдалану бойынша фактісі болмаған;

      7) соңғы алты ай ішінде отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкісін басқа отандық тасымалдаушыға беруі бойынша бұзушылық болмаған жағдайда беріледі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік, автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкалары, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия туралы мәліметтер, халықаралық қатынастағы шағын автобустармен (жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде), жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды, халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) төлеген жағдайда) Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжатпен, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      20. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, шетелдік рұқсатты беруге арналған өтінішті қарау, сондай-ақ берілетін шетелдік рұқсаттардың санын есептеу (жүкті түсіру үшін механикалық еңкейтілетін тіркемелерді, жартылай тіркемелерді және өздігінен тиелетін автомобильдерді есепке алмағанда), шетелдік рұқсаттарды пайдаланылған, қайтарылған шетелдік рұқсаттардың мерзімдері, тасымалдаушының автокөлік құралдарының төмендету, арттыру коэффициенттері, белсенділігі, тасымалдаушының шетелдік рұқсатты пайдалану пайызы бұзыла отырып қайтарылған, жоғалған, қайтарылмаған, тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі туралы деректер түзетіліп (түзету белгілері (түзету, өшіру іздерінің болуы) қайтарылған, шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат карточкалары алынған жылжымалы құрамның санын ескере отырып, шетелдік рұқсаттарды автоматты түрде бөлу жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Бланкілерді автоматты бөлу жүйесі міндетті техникалық байқаудан өтпеген және (тахографты мерзімді тексеруден өту мерзімі өткен) автокөлік құралдарының рұқсат беру карточкаларын есепке алмайды.

      Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын (бұдан әрі – алым сомасы) төлеу үшін құжаттарды қарау және хабарлама беру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Алым сомасы мақұлданған шетелдік рұқсаттардың санын айқындау нәтижелері бойынша төленуге жатады.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Алынған шетелдік рұқсаттарды отандық тасымалдаушы осы отандық тасымалдаушының рұқсат беру карточкаларында көрсетілген автокөлік құралына, сондай-ақ жаңадан сатып алынған және Қазақстан Республикасының аумағына айдап өткізілетін автокөлік құралына пайдаланады.

      Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруіне жол берілмейді.

      Отандық тасымалдаушының рұқсат беру карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралдарына шетелдік рұқсаттарды, айдап өткізілетін автокөлік құралдарынан басқа, пайдалануына жол берілмейді.

      Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат беру куәлігінің қолданылуы тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған кезде отандық тасымалдаушы алынған шетелдік рұқсаттарды қайта тыйым салынған немесе рұқсат тоқтатыла тұрған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қайтарады.

      Шетелдік рұқсат бланкілерін 3 (үшінші) адамға беруге тыйым салынады.

      25. Отандық тасымалдаушы жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды оларды пайдаланудан тәуелсіз алған сәттен бастап күнтізбелік жүз күннен кешіктірмей, оларды алған орны бойынша аумақтық органға физикалық түрде қайтаруға тиіс. Шетелдік рұқсатты қайтару Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті (бұдан әрі – Комитет) әзірлейтін "Шетелдік рұқсаттарды электрондық қайтару жөніндегі нұсқауға" сәйкес электрондық түрде мүмкін болады.

      Отандық тасымалдаушылар пайдаланған шетелдік рұқсаттарды тасымалдың орындалуын растайтын құжаттармен және осы рұқсаттарды қоса бере отырып, қайтару күнін, шетелдік рұқсаттардың нөмірлерін көрсете отырып, "Шетелдік рұқсаттарды электрондық қайтару жөніндегі нұсқауларды" тапсыру сәтінде қолданыстағы талаптарға сәйкес ілеспе хатпен физикалық түрде қайтарады.

      Шетелдік рұқсат жоғалған жағдайда отандық тасымалдаушылар жоғалғаны туралы аумақтық органдарға ішкі істер органдарында тіркелген өтініштердің немесе бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген рұқсаттардың жоғалғаны және жарамсыздығы туралы хабарландырудың орналастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.

      Аумақтық органға жоғалту туралы хабарламаны ұсыну мерзімі күнтізбелік елу күннен аспауға тиіс.

      Елдер мен түрлер бөлінісінде отандық тасымалдаушыдан шетелдік рұқсаттарды алуға арналған өтінімдерді қарау кезінде шетелдік рұқсаттардың мәлімделген саны осы Қағидаларда белгіленген мерзімде жоғалған және (немесе) қайтарылмаған немесе мерзімі бұзыла отырып қайтарылған, түзетулермен (түзету белгілерімен) қайтарылған шетелдік шешімдердің санына мөлшерлес азаяды (тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі туралы деректерді түзету белгілері (түзету, өшіру іздерінің болуы).

      Оннан астам шетелдік рұқсат жоғалған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат беру куәлігінің қолданылуын 12 (он екі) ай мерзімге тоқтата тұрады, бұл туралы шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде тасымалдаушыны хабардар етеді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Аумақтық органдар елдер бөлінісінде берілген, қайтарылған және жоғалған шетелдік рұқсаттардың есебін жүргізеді.

      Қайтарылған шетелдік рұқсаттарды есепке алу КДАТЖ жүзеге асырылады және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      2) отандық тасымалдаушының атауы;

      3) рұқсат түрі;

      4) рұқсаттың қолданылу мерзімі;

      5) рұқсатты қайтару күні;

      6) қайтарылған шетелдік рұқсаттың нөмірі.

      КДАТЖ-да қайтарылған шетелдік рұқсаттар туралы деректерді енгізу үшін мәліметтер қарастырылған.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Отандық тасымалдаушыға шетелдік рұқсатты беру кезінде бланкінің тиісті бағандарына мөр (мөртабан) және рұқсат берген адамның қолы қойылады.

      Шетелдік рұқсаттарда түзетуге жол берілмейді.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Шетелдік тасымалдаушыда тасымалдаушы тіркелген мемлекеттің құзыретті органы растаған рұқсат бланкісі болмаған жағдайда, сол сияқты рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес толтырылмаған, ресімделмеген немесе түзетулері бар рұқсат бланкісі болған жағдайда, жоғалған сиямен жазу құралдарын қолдана отырып толтырылған автокөлік құралының одан әрі жүруіне жаңа отандық рұқсат берілгеннен кейін не әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалғаннан кейін отандық көлік құралына жүкті қайта тиеп немесе қайта тіркей отырып жол беріледі.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсаттарда жол жүрер алдында мыналарды толтырады:

      1) тасымалдаушының атауы мен оның толық мекенжайы;

      2) автокөлік құралының нөмірі;

      3) жүкті тиеу елі;

      4) жүкті түсіру елі;

      5) тасымалданатын жүктің атауы;

      6) тасымалданатын жүктің салмағы.

      Отандық рұқсаттарда түзетулерге жол берілмейді.

      Отандық рұқсат бланкісінің тармақтары толтырылмаған не оларда анық емес ақпарат көрсетілген жағдайда, сондай-ақ рұқсатта көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына кіргені не оның Қазақстан Республикасының аумағынан кеткені туралы белгілер қойылмаған жағдайда, рұқсат жарамсыз деп есептеледі.".

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту

      агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 715 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрінің
2011 жылғы 24 тамыздағы
№ 523 бұйрығымен
бекітілген

Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 10) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына мынадай автокөлік құралдарының иелері үшін міндетті халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат беру карточкасын беру тәртібін айқындайды.

      2. Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға:

      1) экипажбен жалға алынғандарды, бірлескен қызмет туралы шартты, шарттың екінші тарапына шетелдік рұқсаттарды беру көзделген агенттік келісімді қоспағанда, тұрақты немесе уақытша иелігіндегі, оның ішінде лизинг шарты бойынша иелігіндегі жүк автомобильдері (рұқсат етілген пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан астам тіркемені қоса алғанда);

      2) экипажбен жалға алынғандарды, бірлескен қызмет туралы шартты, шарттың екінші тарапына шетелдік рұқсаттарды беру көзделген агенттік келісімді қоспағанда, тұрақты немесе уақытша иелігіндегі, оның ішінде лизинг шарты бойынша иелігіндегі жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған мамандандырылған автомобильдері;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасында берілген жүргізушінің қолданыстағы карточкасы бар автокөлік құралдарының санынан кем емес мөлшерде шетелдік азаматтарды қоса алғанда, жұмысқа орналастырылған қызметкерлері бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсат етіледі.

      Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға:

      1) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткен;

      2) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографтармен жабдықталған;

      3) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы қолданыстағы куәлігі бар;

      4) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографты тексеру туралы қолданыстағы сертификаты бар автокөлік құралдарына рұқсат етіледі.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) автокөлік құралына рұқсат беру карточкасы (бұдан әрі – рұқсат беру карточкасы) – электрондық құжат нысанындағы автокөлік құралын халықаралық автомобильмен жүк тасымалдарын пайдалануға рұқсат беретін құжат;

      2) халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі (бұдан әрі – Рұқсат) – электрондық құжат нысанындағы Қазақстан Республикасының автомобильдік тасымалдаушыларына құқық беретін халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беретін құжат.

2-тарау. Рұқсатты және рұқсат беру карточкасын беру тәртібі

      4. Рұқсатты және (немесе) рұқсат беру карточкасын ресімдеуді және беруді Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      5. Рұқсат мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат беру – Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына көліктік дерекқордың ақпараттық-талдамалық жүйесіндегі (бұдан әрі – КДАТЖ) шетелдік рұқсаттар алуға мүмкіндік береді және шетелдік рұқсат талап етілетін елдерге жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға арналған;

      2) шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат беру – Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына КДАТЖ-да шетелдік рұқсаттарды алуға мүмкіндік бермейді және шетелдік рұқсат талап етілмейтін елдерге жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға арналған.

      6. Рұқсат беру карточкасы мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат беру карточкасы – шетелдік рұқсатты қолдана отырып, жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарында автокөлік құралын КДАТЖ -да есепке алуға және пайдалануға рұқсат береді;

      2) шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат беру карточкасы – шетелдік рұқсаттарды қолдану талап етілмейтін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарында автокөлік құралын КДАТЖ -да есепке алуға және пайдалануға рұқсат береді.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қызметті көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған (бұдан әрі - Негізгі талаптар тізбесі).

      Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) шетелдік рұқсатты қолданбай Рұқсат алу үшін және шетелдік рұқсатты қолданбай автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:

      1) алынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметке байланысты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды;

      2) автокөлік құралын нотариалды куәландырылған жалдау шартының (автокөлік құралын жалға алған жағдайда) электрондық көшірмесін;

      3) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы нотариалды куәландырылған куәліктің электрондық көшірмесін;

      4) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографты тексеру туралы нотариалды куәландырылған сертификаттың электрондық көшірмесін жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы өтініште және ұсынылатын құжаттарда (мемлекеттік тіркеу белгісі, көлік құралының типі, маркасы, моделі, шығарылған күні, автокөлік құралдарын жалдау шарты туралы мәліметтер (бар болса) және тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы куәліктің көшірмелері) мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      8. Көрсетілетін қызметті алушылар Рұқсатты шетелдік рұқсатты қолданбай алған сәттен бастап 2 (екі) жыл өткеннен кейін шетелдік рұқсатты қолдана отырып, Рұқсатты алады.

      Жүктерді халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру мерзімі 2 (екі) жыл ішінде соңғы 2 (екі) жылдағы мынадай құжаттармен:

      1) көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру карточкалары алынған автокөлік құралдарының қатысуымен тасымалдауды жүзеге асырғанын растайтын электрондық шот-фактураларды қоса бере отырып, алдыңғы екі жылдың әрбір 3 айы үшін тауар-көлік жүкқұжаттарымен (ТКЖҚ), халықаралық тауар-көлік жүкқұжаттарымен (CMR), кемінде 1 ТКЖҚ және/немесе CMR;

      2) Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу жөніндегі декларация нысандары (870.00-нысан), "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (бұдан әрі - № 39 бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген).

      Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем көрсетілген кезеңнің әрбір тоқсаны үшін нөлге тең болмауы тиіс;

      3) Есепке алу мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бекітілген бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) 20-қосымшасындағы нысан бойынша мәліметтер;

      4) жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация нысандарымен (200.00-нысан), заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің жұмыскерлерінің болуын және санын растайтын, алдыңғы 2 жылдағы № 39 бұйрықпен бекітілген шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация нысандарымен (910.00-нысан);

      5) "Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21173 болып тіркелген) Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен (бұдан әрі – ЕШЕБЖ) жүк автокөлік құралдары жүргізушілерінің жұмысқа орналастырылған қызметкерлері туралы мәліметтермен;

      6) электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасында берілген жүргізушінің карточкасы;

      7) Қазақстан Республикасында уақытша және/немесе тұрақты тұруға рұқсаты бар шетелдік адамның (жүргізушінің) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзіміне Қазақстан Республикасының аумағында болуына рұқсат беретін құжаттармен қамтамасыз етіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушылар шетелдік рұқсатты қолдана отырып, Рұқсат және шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат беру карточкасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы:

      1) алынатын мемлекеттік көрсетілетні қызметке байланысты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды;

      2) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды;

      3) автокөлік құралын нотариалды куәландырылған жалдау шартының (автокөлік құралын жалға алған жағдайда) электрондық көшірмесін;

      4) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы нотариалды куәландырылған куәліктің электрондық көшірмесін (автокөлік құралының иесі бағандарында жалға алушы компанияның атауы көрсетіледі);

      5) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографты тексеру туралы нотариалды куәландырылған сертификаттың электрондық көшірмесін (автокөлік құралының иесі бағандарында жалға алушы компанияның атауы көрсетіледі);

      6) халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәліктің электрондық көшірмесін;

      7) экологиялық қауіпсіздік сыныбының нотариалды куәландырылған растамасының электрондық көшірмесін жібереді.

      Егер көрсетлетін қызметті алушының құрылтайшысы және/немесе басшысы Рұқсатты алған басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы және/немесе басшысы болып табылса, шетелдік рұқсатты қолдана отырып және шетелдік рұқсатты қолданбай Рұқсатты беруге жол берілмейді.

      Мынадай автокөлік құралдарына:

      1) экипажы бар жалға алынған автокөлік құралдарына (бірлескен қызмет туралы шарт, шарттың екінші тарапына шетелдік рұқсаттарды беру көзделген агенттік келісімдер);

      2) шетелдік тұлғаға, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаға тиесілі жалға алынған автокөлік құралдарына шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат беру карточкасын беруге жол берілмейді.

      Соңғы 6 (алты) айда екі реттен артық жалға алынған бір автокөлік құралына шетелдік рұқсатты қолдана отырып және шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат беру карточкаларын беруге жол берілмейді.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсатты және (немесе) шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат беру карточкасын алу кезінде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді және осындай өзгерістерді растайтын құжаттарды осындай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде немесе олардың өзгергені туралы өзіне белгілі болған күн ішінде ұсынады.

      Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, Рұқсатты және (немесе) шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат беру карточкасын алу кезінде мәлімделген мәліметтердің өзгеруі, тасымалдаушы алған шетелдік рұқсаттарды қайтарудың белгіленген мерзімінен елу пайыздан астам қайтармағаны анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға шетелдік рұқсатты қолдана отырып Рұқсат берудің және (немесе) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат беру карточкасының қолданысын бұзушылық жойылғанға дейін тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді. Бұзушылықты жою осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес сұрау салуды беру, алынған шетелдік рұқсаттардың елу пайыздан астам қайтарылуын қамтамасыз ету болып табылады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен мекенжайын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Баж сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), автокөлік құралының мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу мерзімі өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алуға құжаттар келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініште және ұсынылған құжаттарда мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексереді.

      14. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша пайдаланушының кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      Шетелдік рұқсатты қолдана отырып Рұқсат беру нысаны осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген, шетелдік рұқсатты қолданбай Рұқсат беру нысаны осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген, шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат беру карточкасы осы Қағидаларға 6-қосымшада келтірілген және шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат беру карточкасы осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.

      16. Аумақтық органдар мынадай негіздер бойынша:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін отандық тасымалдаушы (көрсетілетін қызметті алушы) ұсынатын құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталғанда;

      2) отандық тасымалдаушы (көрсетілетін қызметті алушының) және (немесе) ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;

      3) отандық тасымалдаушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болғанда Рұқсат және (немесе) рұқсат беру карточкасын беруден бас тартады.

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      18. Осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсатты және (немесе) рұқсат беру карточкасын алуға өтініш осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзімдерде аумақтық органның қарауы үшін осы Қағидаларға 8 немесе 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      19. Отандық тасымалдаушыға жаңа Рұқсат және (немесе) рұқсат беру карточкасы:

      1) жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), атауы, орналасқан жері өзгерген;

      2) заңды тұлғаның атауын, орналасқан жерін, қайта тіркелуін және (немесе) қайта ұйымдастырылуын өзгерткен;

      3) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін ауыстыру;

      4) Рұқсаттың және (немесе) рұқсат беру карточкасының қолданылу мерзімі өткен жағдайда беріледі.

      Жаңа Рұқсатты және (немесе) рұқсат беру карточкасын алған кезде, осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген негіздер бойынша Рұқсатты және (немесе) рұқсат беру карточкасын тоқтатуды қоспағанда, КДАТЖ жүйесінде шетелдік рұқсаттарды алу және қайтару жөніндегі тасымалдаушының тарихы сақталады.

      20. Рұқсат және (немесе) рұқсат беру карточкасы мынадай:

      1) жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде таратылған немесе қызметі тоқтатылған;

      2) автокөлік құралдарының тіркеу деректері өзгерген;

      3) автокөлік құралдарын жалдау шартының мерзімі өткен;

      4) автокөлік құралын мемлекеттік тіркеуден және есептен шығарылған;

      5) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аумақтық органдары және (немесе) Көлік комитеті (бұдан әрі – Көлік комитеті) осы Қағидалардың 2 және 8-тармақтарына сәйкес келмейтін болып белгілеген;

      6) соңғы 12 (он екі) айда шетелдік рұқсатты қолданумен байланысты бұрмалаулар болған (шетелдік рұқсатты үшінші тұлғаларға беруді жасыру, пайдаланылмаған шетелдік рұқсатты дұрыс пайдаланылған деген атпен қайтару, шетелдік рұқсатты басқа тұлғаға беру мақсатында автокөлік құралының МТНБ ауыстыру);

      7) Рұқсат алуға арналған өтініште көрсетілген жерде тасымалдаушының жоқтығы анықталған;

      8) құрылтайшы және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының басшысы құрылтайшы және (немесе) басшы болып табылатын басқа заңды тұлғада рұқсат болған жағдайларда, өз қолданысын тоқтатады.

      Осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында көзделген жағдайлар анықталған кезде Рұқсаттың және (немесе) рұқсат беру карточкасының қолданылуын тоқтатуды аумақтық орган және (немесе) Көлік комитеті рұқсат және (немесе) рұқсат беру карточкасын алған жеке кәсіпкерді және (немесе) заңды тұлғаны хабардар ете отырып, өтінімдерді электрондық беру жүйесінде олардың күшін жою жолымен жүзеге асырады.

      21. Шетелдік рұқсаттарды қолданбай рұқсат беру 2 (екі) жылға беріледі, шетелдік рұқсаттарды қолдана отырып, Рұқсат беру 5 (бес) жылға беріледі.

      Рұқсат беру карточкасы 2 (екі) жылға беріледі. Жалға алынған автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасының қолданылу мерзімі жалдау шартының мерзімін негізге ала отырып, бірақ ол берілген сәттен бастап 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімде анықталады.

      22. Рұқсат беру карточкалары әрбір тартқыш автомобильге және жартылай тіркемеге (тіркемеге) жеке ресімделеді.

      23. Рұқсат және (немесе) рұқсат беру карточкалары басқа отандық тасымалдаушыларға берілмейді.

      Автокөлік құралына біреуден артық қолданыстағы рұқсат беру карточкасының болуына жол берілмейді.

      24. Берілген Рұқсаттарды және (немесе) рұқсат беру карточкаларын есепке алу ҚТҚ АТЖ-да жүзеге асырылады.

      25. Осы Бұйрық күшіне енгенге дейін берілген жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәліктері және автокөлік құралына рұқсат беру карточкалары осы Бұйрық күшіне енген сәттен бастап 6 (алты) ай ішінде өз қолданысын сақтайды. Осы Бұйрық күшіне енгенге дейін берілген жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәліктері және автокөлік құралына рұқсат беру карточкалары осы бұйрық күшіне енген сәттен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмей осы Бұйрықта белгіленген тәртіппен ауыстырылуға жатады.

  Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
1-қосымша

"Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін беру куәлік;
2) Шетелдік рұқсатты қолданбай халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін беру;
3) Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беру;
4) Шетелдік рұқсатты қолданбай автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрлері "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Барлық кіші түрлері 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: халықаралық автомобильмен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және (немесе) автокөлік құралына рұқсат беру карточкасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) 615-бабы 10) тармақшасында белгіленген баж мөлшерлемесі бойынша республикалық бюджетке төленеді және мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген 0, 25 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Тегін түрде:
Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беру және Шетелдік рұқсатты қолданбай автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беру.

7

Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтініш демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа сағат 16.00-ден кейін келіп түскен жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі жұмыс күнінде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері

Шетелдік рұқсатты қолданбай Рұқсатты алу үшін және шетелдік рұқсатты қолданбай автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) алынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметке байланысты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды;
2) автокөлік құралын нотариалды куәландырылған жалдау шартының (автокөлік құралын жалға алған жағдайда) электрондық көшірмесін;
3) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы нотариалды куәландырылған куәліктің электрондық көшірмесін;
4) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографты тексеру туралы нотариалды куәландырылған сертификаттың электрондық көшірмесін жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы өтініште және ұсынылатын құжаттарда (мемлекеттік тіркеу белгісі, көлік құралының типі, маркасы, моделі, шығарылған күні, автокөлік құралдарын жалдау шарты туралы мәліметтер (бар болса) және тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы куәліктің көшірмелері) мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Шетелдік рұқсатты қолдана отырып Рұқсатты және шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат беру карточкасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы:
11) алынатын мемлекеттік көрсетілетні қызметке байланысты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды;
2) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды;
3) автокөлік құралын нотариалды куәландырылған жалдау шартының (автокөлік құралын жалға алған жағдайда) электрондық көшірмесін;
4) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографты мерзімді тексеру (инспекция) туралы нотариалды куәландырылған куәліктің электрондық көшірмесін (автокөлік құралының иесі бағандарында жалға алушы компанияның атауы көрсетіледі);
5) жартылай тіркемені (тіркеме) қоспағанда, тахографты тексеру туралы нотариалды куәландырылған сертификаттың электрондық көшірмесін (автокөлік құралының иесі бағандарында жалға алушы компанияның атауы көрсетіледі);
6) халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәліктің электрондық көшірмесін;
7) экологиялық қауіпсіздік сыныбының нотариалды куәландырылған растамасының электрондық көшірмесін жібереді

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) Отандық тасымалдаушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталуы;
2) Отандық тасымалдаушының (көрсетілетін қызметту алушының) және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Отандық тасымалдаушыға (көрсетілетін қызметту алушыға) қатысты мемлекеттік қызмет алуды талап ететін қызметті немесе жекеленген қызмет тірлерін атқаруға, оның ішінде жүктерді тасымалдауға тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің(үкімінің) болуы.
Рұқсат және (немесе) рұқсат беру карточкасын беруден бас тартылған жағдайда, пайдаланушының кабинетіне отандық тасымалдаушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында дәлелді жауап жіберіледі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1. Министрліктің – www. miid. gov. kz "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
4. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

  Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысаны

__________________________________________________________________ (көліктік бақылау органының атауы) Шетелдік рұқсатты қолданбай, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және (немесе) Шетелдік рұқсатты қолданбай автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын алуға арналған

Өтініш ____________________________________________________________________ (жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мына автокөлік құралдарына шетелдік рұқсатты қолданбай, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және (немесе) шетелдік рұқсатты қолданбай автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беруді сұраймын:

р/с №

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Баланстағы АКҚ/ Жалға алу құқығындағы АКҚ

АКҚ жалға алған жағдайда, АКҚ жалға алу шартының қолданылу мерзімі

Ескертпе



















      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/ бизнес сәйкестендіру нөмірі БСН)

      ___________________________________________________________

      _________________________________________________

      жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама

      __________________________________________________________________

      (№ және берілген күні)

      Мекенжайы _______________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің№, телефон, факс)

      Қоса берілетін құжаттар: ____________________________________________

      _________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін

      _____________________________________________ ___________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)             (қолы)

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Ескертпе:

      * Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.

  Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат
беруқағидаларына
3-қосымша
  Нысаны

____________________________________________________________________ (көліктік бақылау органының атауы) Шетелдік рұқсатты қолда отырып, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және (немесе) шетелдік рұқсатты қолда отырып, автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын арналған

Өтініш ____________________________________________________________________ (Жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мына автокөлік құралдарына шетелдік рұқсатты қолда отырып, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және (немесе) шетелдік рұқсатты қолда отырып автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беруді сұраймын:

р/с №

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Баланстағы АКҚ/ Жалға алу құқығындағы АКҚ

АКҚ жалға алған жағдайда, АКҚ жалға алу шартының қолданылу мерзімі

Ескертпе



















      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/ бизнес сәйкестендіру нөмірі БСН)

      ___________________________________________________________

      _________________________________________________

      жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама

      __________________________________________________________________

      (№ және берілген күні)

      Мекенжайы _______________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің№, телефон, факс)

      Қоса берілетін құжаттар:____________________________________________

      __________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін

      _____________________________________________ ___________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)            (қолы)

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Ескертпе:

      * Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.

  Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысаны

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

ШЕТЕЛДІК РҰҚСАТТЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ КУӘЛІГІ УДОСТОВЕРЕНИЕ ДОПУСКА К ОСУЩЕСТВЛЕНИЮ МЕЖДУНАРОДНЫХ АВТОМОБИЛЬНЫХ ПЕРЕВОЗОК ГРУЗОВ С ПРИМЕНЕНИЕМ ИНОСТРАННОГО РАЗРЕШЕНИЯ

      Тіркеу №/Регистрационный №______ от "____" __________ 20___ жылғы/года

      Куәлік иесі/ Владелец Удостоверения __________________________________________

      ________________________________________________________________

      (Заңды тұлға мен жеке кәсіпкердің атауы және ұйымдастырушылық-құқықтық

      нысаны/организационно-правовая форма и наименование юридического лица или

      наименование индивидуального предпринимателя)

      Орналасқан мекенжайы бойынша/ Находящийся по адресу ________________________

      _____________________________________________

      (Заңды тұлға үшін - заңды мекенжайы, жеке кәсіпкер үшін – тұрғылықты мекенжайы/

      для юридического лица - юридический адрес, для индивидуального предпринимателя

      –адрес проживания)

      Осы куәлік оның иесінің шетелдік рұқсатты қолдана отырып, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатын растайды.

      Настоящее удостоверение подтверждает допуск его владельца к осуществлению международных перевозок грузов автомобильным транспортом с применением иностранного разрешения.

      Рұқсат берілді/ Разрешение выдано______________________________________

      (Уәкілетті мекеменің атауы, Аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда), берілген уақыты/ наименование уполномоченного органа, фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата выдачи)

      Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі қолдану мерзімі 5 (бес) жыл (қолданылу мерзімі берілген сәттен бастан есептеледі)/ Срок действия удостоверения допуска с применением иностранного разрешения 5 (пять) лет (срок действия исчисляется с момента выдачи).

  Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысаны

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

ШЕТЕЛДІК РҰҚСАТТЫ ҚОЛДАНБАЙ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ КУӘЛІГІ УДОСТОВЕРЕНИЕ ДОПУСКА К ОСУЩЕСТВЛЕНИЮ МЕЖДУНАРОДНЫХ АВТОМОБИЛЬНЫХ ПЕРЕВОЗОК ГРУЗОВ БЕЗ ПРИМЕНЕНИЯ ИНОСТРАННОГО РАЗРЕШЕНИЯ

      Тіркеу №/Регистрационный №______ от "____" __________ 20___ жылғы/года

      Куәлік иесі/ Владелец Удостоверения _________________________________________

      _______________________________________________________________

      (Заңды тұлға мен жеке кәсіпкердің атауы және ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны/организационно-правовая форма и наименование юридического лица или наименование индивидуального предпринимателя)

      Орналасқан мекенжайы бойынша/ Находящийся по адресу ________________________

      ____________________________________

      (Заңды тұлға үшін - заңды мекенжайы, жеке кәсіпкер үшін – тұрғылықты мекен-жайы/ для юридического лица - юридический адрес, для индивидуального предпринимателя –адрес проживания)

      Осы куәлік оның иесінің шетелдік рұқсатты қолданбай, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатын растайды.

      Настоящее Удостоверение подтверждает допуск его владельца к осуществлению международных перевозок грузов автомобильным транспортом без применения иностранного разрешения.

      Рұқсат берілді/ Разрешение выдано______________________________________

      (Уәкілетті мекеменің атауы, Аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда),берілген уақыты/ наименование уполномоченного органа, фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата выдачи)

      Шетелдік рұқсатты қолданбай, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігі қолдану мерзімі 2 (екі) жыл (қолданылу мерзімі берілген сәттен бастан есептеледі)/ Срок действия удостоверения допуска без применения иностранного разрешения 2 (два) года (срок действия исчисляется с момента выдачи).

  Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
6- қосымша
  Нысаны

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

ШЕТЕЛДІК РҰҚСАТТЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА РҰҚСАТ БЕРУ КАРТОЧКАСЫ (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА) КАРТОЧКА ДОПУСКА НА АВТОТРАНСПОРТНОЕ СРЕДСТВО С ПРИМЕНЕНИЕМ ИНОСТРАННОГО РАЗРЕШЕНИЯ (МЕЖДУНАРОДНЫЕ ПЕРЕВОЗКИ ГРУЗОВ)

      Тіркеу №/ Регистрационный № ____________________________________

      Рұқсатқа тіркелу куәлігіне/К Удостоверению допуска с применением иностранного разрешения регистрационный № ___ от _______20 __ жылғы/ года

      Жарамдылық мерзімі/ Действительна по: _____ ________ 20 __ года

      Жүк автокөлігінің маркасы/ Марка грузового автомобиля: __________________

      Тіркеу белгісінің №/ Регистрационный знак № ____________________________

      Куәлік иесі/ Владелец Удостоверения:____________________________________

      Рұқсат берілді/ Разрешение выдано______________________________________

      (Уәкілетті мекеменің атауы, Аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда), берілген

      уақыты/наименование уполномоченного органа, фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата, выдачи)

      Ескертпе/ Примечания:

      Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, Автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасы 2 (екі) жылға беріледі (қолданылу мерзімі берілген сәттен бастан есептеледі)/ Карточка допуска с применением иностранного разрешения выдается на 2 (два) года (срок действия исчисляется с момента выдачи).

      Шетелдік рұқсатты қолдана отырып, жалға алынған автокөлік құралдарына жалдау шартының мерзімінін негізге ала отырып айқындалады, алайда қолдану мерзімі 2 (екі) жыл, берілген сәттен бастан есептеледі/ На арендованные автотранспортные средства срок действия карточки допуска с применением иностранного разрешения определятся исходя из срока договора аренды, 2 (два) года с момента ее выдачи.

  Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
7-қосымша
  Нысаны

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

ШЕТЕЛДІК РҰҚСАТТЫ ҚОЛДАНБАЙ, АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА РҰҚСАТ БЕРУ КАРТОЧКАСЫ (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА) КАРТОЧКА ДОПУСКА НА АВТОТРАНСПОРТНОЕ СРЕДСТВО БЕЗ ПРИМЕНЕНИЯ ИНОСТРАННОГО РАЗРЕШЕНИЯ (МЕЖДУНАРОДНЫЕ ПЕРЕВОЗКИ ГРУЗОВ)

      Тіркеу №/ Регистрационный № ________________

      Рұқсатқа тіркелу куәлігіне/

      Шетелдік рұқсатты қолданбай, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігіне тіркелген/К Удостоверению допуска без применения иностранного разрешения регистрационный № ___ от _______20 __ жылғы/ года

      Жарамдылық мерзімі/ Действительна по: _____ ________ 20 __ года

      Жүк автокөлігінің маркасы/ Марка грузового автомобиля: __________________

      Тіркеу белгісінің №/ Регистрационный знак № ____________________________

      Куәлік иесі/ Владелец Удостоверения:____________________________________

      Рұқсат берілді/ Разрешение выдано______________________________________

      (Уәкілетті мекеменің атауы, Аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда), берілген

      уақыты/наименование уполномоченного органа, фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата, выдачи)

      Ескертпе/ Примечания:

      Шетелдік рұқсатты қолданбай, Автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасы қолдану мерзімі 2 (екі) жыл (қолданылу мерзімі берілген сәттен бастан есептеледі)/ Карточка допуска без применения иностранного разрешения выдается сроком на 2 (два) года (срок действия исчисляется с момента выдачи).

      Шетелдік рұқсатты қолданбай, жалға алынған автокөлік құралдарына жалдау шартының мерзімінін негізге ала отырып айқындалады, алайда қолдану мерзімі 2 (екі) жыл, берілген сәттен бастан есептеледі/ На арендованные автотранспортные средства срок действия карточки допуска без применения иностранного разрешения определятся исходя из срока договора аренды, 2 (два) года с момента ее выдачи.

  Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
8-қосымша
  Нысаны

____________________________________________________________________ (көліктік бақылау органының атауы) Жаңа шетелдік рұқсатты қолданбай, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және (немесе) шетелдік рұқсатты қолданбай автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын алуға

Өтініш ____________________________________________________________ (жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) заңды тұлғаның атауы)

      Мынадай автокөлік құралдарына:

      1) жеке кәсіпкердің тегінің, атының, әкесінің атының, атауымен, орналасқан жерінің өзгеруіне;

      2) заңды тұлғаның атауының, орналасқан жерінің өзгеруіне және қайта ұйымдастырылуына;

      3) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің ауысуына байланысты Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат беру карточкасын беруіңізді сұраймын.

      (керегінің астын сызу)

р/с №

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Баланстағы АКҚ/ Жалға алу құқығындағы АКҚ

АКҚ жалға алған жағдайда, АКҚ жалға алу шартының қолданылу мерзімі

Ескертпе



















      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) / бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

      __________________________________________________________________________

      жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама

      _________________________________________________________________

      (№ және берілген күні)

      Мекенжайы ______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)

      Қоса берілетін құжаттар: ____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін

      __________________________________________                   _____________

                  тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                               (қолы)

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Ескертпе:

      * Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.

  Халықаралық автомобильмен
жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға автомобильмен
тасымалдаушыға рұқсат беру
қағидаларына
9-қосымша
  Нысаны

____________________________________________________________________ (көліктік бақылау органының атауы) Жаңа шетелдік рұқсатты қолдана отырып, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және (немесе) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, авто көлік құралына рұқсат беру карточкасын алуға

Өтініш ____________________________________________________________ (жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) заңды тұлғаның атауы)

      Мынадай автокөлік құралдарына:

      1) жеке кәсіпкердің тегінің, атының, әкесінің атының, атауымен, орналасқан жерінің өзгеруіне;

      2) заңды тұлғаның атауының, орналасқан жерінің өзгеруіне және қайта ұйымдастырылуына;

      3) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің ауысуына байланысты Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат беру карточкасын беруіңізді сұраймын.

      (керегінің астын сызу)

р/с №

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Баланстағы АКҚ/ Жалға алу құқығындағы АКҚ

АКҚ жалға алған жағдайда, АКҚ жалға алу шартының қолданылу мерзімі

Ескертпе



















      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) / бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

      __________________________________________________________________________

      жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама

      __________________________________________________________________________

      (№ және берілген күні)

      Мекенжайы _______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)

      Қоса берілетін құжаттар: ___________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін

      __________________________________________             _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                   (қолы)

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Ескертпе:

      * Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады