Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-175 "Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы мәслихатының 2022 жылғы 8 тамыздағы № 24-117 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 10 тамызда № 29076 болып тіркелді

      Алматы облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемерін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-175 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4781 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, 88-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқаулықтарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17560 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШТІ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы Е. Абитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады