"Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 410-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы қарашадағы № 412, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 299, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 327, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 401, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы қарашадағы № 450-НҚ, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 16, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 91, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің жылғы 23 қарашадағы № 84, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 572/НҚ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 598 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 167 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 38-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 16, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 17, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 7, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 20, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 16-НҚ, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 10, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 29, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 19, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 9, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 26/НҚ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 31 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 2 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 қаңтарда № 33915 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 410-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы қарашадағы № 412, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 299, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 327, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 401, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы қарашадағы № 450-НҚ, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 16, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 91, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің жылғы 23 қарашадағы № 84, , Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 572/НҚ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 598 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 167 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33681 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бірлескен бұйрыққа 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 11-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдау, "Мен – кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетін дамыту құралы" құралын, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасын ұсыну қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы (бұдан әрі – ӘКДО) – әйелдерге кәсіпкерлік қызметке қатысуды ынталандыру, экономикалық белсенділікті арттыру үшін көрсетілетін қызметтер алуға қаржылай емес қолдау көрсетуге арналған алаң;

      2) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

      3) банк – жобаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      4) бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) – мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, кинодокументалистика, аудиовизуалды жазба және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе өзге де үздіксіз жария тарату нысаны;

      5) бизнес-шолу жөніндегі консультант – Қазақстанның шағын және орта кәсіпорындарында бизнес-шолу жүргізу тәжірибесі бар жеке тұлға;

      6) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, өтініш берушінің, уәкілетті органның, қаржылық емес қолдау операторының) дербес веб-парақшасы;

      7) кәсіпкер – экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі;

      8) кәсіпкерлер палатасының филиалы – моноқалалардағы, шағын қалалардағы және аудан орталықтарындағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанынан құрылған кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде онлайн-режимде ұсынуға арналған инфрақұрылымдық кешен;

      9) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) – облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы кәсіпкерлер палаталары, облыстар кәсіпкерлер палатасының моноқалалардағы, шағын қалалардағы және аудан орталықтарындағы филиалдары жанынан құрылған, кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде онлайн-режимде ұсынуға арналған инфрақұрылымдық кешен;

      10) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бөлімшесі (бұдан әрі – КҚКО бөлімшесі) – облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада кәсіпкерлер көп жиналатын жерлерде құрылған, кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған жұмыс орны;

      11) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      12) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшесі;

      13) консультациялық қызметтерді жеткізуші компания – "Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасы" құралын іске асыру үшін техникалық тапсырмаға сәйкес табысты іске асырылған жобаларды растаған және біліктілік іріктеуден өткен белгілі бір мамандандыру бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер;

      14) кооперациялық жоба – мақсаттар мен іске асыру процесінде шетелдік әріптестермен кооперацияны жолға қою жолымен қол жеткізілетін қандай да бір белгіленген және әзірленген іс-қимыл бағдарламалары арқылы оларға қол жеткізу жолдарын айқындау жоспары;

      15) қаржы агенттігі – қаржылық қолдауды іске асыруды және мониторингтеуді, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетілуін мониторингтеуді жүзеге асыратын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      16) қаржылық емес қолдау операторы – "Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасы" компонентін қоспағанда, кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық емес қолдауды жүзеге асыратын "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      17) қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы – пайдаланушыларға мемлекеттік қолдаудың қаржылық емес шаралары электрондық форматта ұсынылатын қаржылық емес қолдау операторының онлайн-платформасы;

      18) құрал – кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа көрсетілетін қаржылық емес қолдау шарасы;

      19) менеджер-консультант – кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғаларға және кәсіпкерлерге консультациялық, ақпараттық және түсіндіру қызметтерін көрсету шеңберінде өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен менеджер-консультант арасында жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың негізінде өтеулі қызметтер көрсететін жеке тұлға;

      20) менти – кәсіпкерлік саласында білімі мен дағдылары бар, жаңа білім алуға және өзін-өзі дамытуға және өз бетінше жұмыс істеуге және командада жұмыс істеуге дайын болғысы келетін кәсіпкер әйел;

      21) ментор – кәсіпкерлік қызметті жүргізуде табысты тәжірибесі бар, кәсіпкерлік саласындағы білім мен тәжірибені беру үшін кәсіпкер әйелдерді сүйемелдеу бойынша қызмет көрсету үшін тартылатын кәсіпкер әйел;

      22) менторлық – кәсіпкерлік саласындағы білім мен тәжірибені беру үшін әйел кәсіпкерлерді сүйемелдеу қызметі;

      23) оқуды бітіргені туралы сертификат (бұдан әрі – сертификат) – оқудан өткенін растайтын құжат;

      24) оқыту модулі – кәсіби құзыреттілікті алу мақсатында оқытылатын жалпы оқыту бағдарламасының тәуелсіз, аяқталған буыны болып табылатын белгілі бір ақпарат көлемі;

      25) оқу бағдарламасы – міндетті игеруге арналған білімнің, іскерліктің және дағдылардың мазмұны мен санын, оларды оқу тақырыптары, бөлімдері мен кезеңдері бойынша бөлуді айқындайтын оқыту жүйесі шеңберінде жасалған құжат;

      26) көрсетілетін қызметті алушы – экономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар;

      27) өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын басқару орталығы – қатысушыларға оқытуды жүзеге асыруға және консультациялық қызметтер көрсетуге арналған техникалық жүйелерге біріктірілген техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық өнімдермен жарақтандырылған мамандардың дербес жұмысы үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыс орындары кешені;

      28) өңірлік кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ӨКП) – қаржылық емес қолдау операторының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кәсіпкерлер палатасы;

      29) өтінім – қаржылық емес қолдау шараларын алу үшін қажетті құжаттар қоса берілген өтініш;

      30) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтер жиынтығы және өзге де мәліметтер бар электрондық құжат).

      31) өтініш беруші – қаржылық емес қолдау шараларын алуға өтініш білдірген адам;

      32) халықаралық шетелдік ұйымдар (бұдан әрі – ХШҰ) – шетелдік тағылымдамалардан өтуді ұйымдастыруда және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуда шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына жәрдемдесетін және (немесе) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жәрдемдесуге бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, шетелдік коммерциялық ұйымдар, шетелдік жергілікті атқарушы органдар;

      33) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – ШОБ субъектісі) – бұл ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санатына жататын субъектілер.

      34) шетелдік салалық сарапшы – басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша кәсіпкерлерге кеңес беру үшін тартылған экономиканың белгілі бір саласында 20 (жиырма) және одан да көп жылдық кәсіби тәжірибесі бар ірі компанияның басшысы немесе меншік иесі;

      35) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі банкке/лизингтік компанияға кредит/лизинг шартына жүгінген кезде үш жылдан кем уақытты құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін қызметтің жаңа түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған/жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      36) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған қаржылық емес қолдау шараларын алуға өтініш;

      37) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы.";

      17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Кәсіпке бағыт" кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылатын консультациялық, білім беру көрсетілетін қызметтер кешенін қамтиды;";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. "Кәсіпке бағыт" бағыты мынадай қызмет түрлерін ұсынуды қамтиды:

      1) консультация беру;

      2) салалық (бейіндік) оқыту;

      3) қаржыландыруды тарту бойынша оқыту;

      4) бизнес-шолу жүргізу;

      5) бір ауыл – бір өнім.

      "Кәсіпке бағыт" ШОК субъектілері және кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы онлайн және (немесе) офлайн форматта жүзеге асырылады.

      Консультация беру мыналарды қамтиды:

      1) кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық немесе қаржылық емес шараларын түсіндіру;

      2) "Кәсіпке бағыт" бағытында өзге де қызметтерді көрсету бойынша қажеттіліктерді анықтау.

      "Кәсіпке бағыт" бағыты бойынша өтінімдерді қабылдау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық түрде жүзеге асырылады.

      Өтінімдерді қабылдау кезінде құжаттардың мынадай түрлері ұсынылады:

      жеке куәлік немесе оның "цифрлық құжаттар" сервисінен электрондық көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы талон (қажет болған жағдайда);

      нотариалды куәландырылған сенімхат (қажет болған жағдайда).

      Салалық (бейіндік) оқыту қызметі ШОК субъектілерінің және (немесе) оның өкілдерінің кәсіпкерлік әлеуетін арттыру мақсатында ұсынылады.

      Салалық (бейіндік) оқыту ШОК субъектілері үшін және (немесе) ӨКП-дегі және (немесе) қолданыстағы шаруашылық және (немесе) кәсіпорын базасында оның өкілдеріне жүзеге асырылады.

      ШОК субъектілеріне және (немесе) оның өкілдеріне оқыту жылына бір реттен артық емес бір салалық (бейіндік) бағыт бойынша беріледі.

      Егер салалық (бейіндік) оқыту ШОК субъектілерінің және (немесе) оның өкілдерінің тұрғылықты жерінен тыс елді мекендерде жүргізілсе, онда ШОК субъектілерінің және (немесе) оның өкілдерінің көлік шығыстары мен тұруға арналған шығыстарын дербес төлейді.

      Қызмет көрсетудің нәтижесі оқуды аяқтағаны туралы сертификат болып табылады.

      Қаржыландыруды тарту бойынша оқыту қызметі ШОК субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін ұсынылады.

      Қаржыландыруды тарту бойынша оқыту қаржылық емес қолдау операторы бекіткен оқу бағдарламасына сәйкес интерактивті нысанда онлайн және (немесе) офлайн форматта жүзеге асырылады.

      Бизнес-шолу қызметі бизнестің әлеуетін, қызметкерлердің құзыреттілігін және оның тұрақтылығын арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ ШОК қызметкерлерінің құзыретін арттыру үшін ұсынылатын оқыту мақсатында жүргізіледі.

      Бизнес-шолу ШОК субъектісінің кәсіпорнында жүзеге асырылады және шағын және орта кәсіпорындарда бизнесті бағалауды жүргізу тәжірибесі бар бизнес-шолу жөніндегі кеңесші жүргізеді.

      Бизнес-шолу жөніндегі консультант ШОК субъектісінің кәсіпорнында 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде бизнесті бағалауды жүргізеді.

      Бір ауыл – бір өнім (әрі қарай – БАБӨ) қызметтері жергілікті және оқшауланған ресурстардан өңірлік өнімдерді анықтауға, сондай-ақ өндіріс технологияларын жетілдіруге жәрдемдесуге бағытталған.

      БАБӨ қызметтері ШОК субъектілері мен жергілікті және жергілікті ресурстардан өнім өндіретін кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін ұсынылады.

      БАБӨ қызметтері мыналарды қамтиды:

      1) өңірлік көрмелер өткізу;

      2) БАБӨ өнімін айқындау;

      3) өнімнің тауар белгілерін, логотиптерін әзірлеуге жәрдемдесу;

      4) БАБӨ қатысушыларын оқыту және маркетингтік сүйемелдеу.

      20. "ӘКДО" бағыты мынадай қызмет түрлерін ұсынуды қамтиды:

      1) консультация;

      2) кәсіптік және бизнес-оқыту;

      3) менторлық;

      4) кәсіпкер әйелдерді халықаралық жобалар туралы хабардар ету.

      ӘКДО қызметтері Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметпен айналысатын не айналысқысы келетін 18 жастан асқан әйел жынысты азаматтарына және әйелдер кәсіпкерлігі субъектілеріне көрсетіледі.

      Консультация мыналарды қамтиды:

      әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін қаржылық немесе қаржылық емес қолдау шараларын түсіндіру;

      ӘКДО бағыттарының өзге де қызметтері бойынша әйелдердің қажеттіліктерін анықтау.

      Консультация беру жөніндегі қызметтерді тікелей жүгінген кезде ӘКДО өңірлік консультанты ұсынады.

      Алғашқы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "ӘКДО" бағыты бойынша өтінім нысанын толтырады. Анықталған қажеттіліктер негізінде көрсетілетін қызметті алушы қаржылық емес қолдаудың басқа шараларына жіберіледі.

      Өтінімдерді қабылдау кезінде құжаттардың мынадай түрлері ұсынылады:

      жеке куәлік немесе оның "цифрлық құжаттар" сервисінен электрондық көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы талон (қажет болған жағдайда);

      нотариалды куәландырылған сенімхат (қажет болған жағдайда).

      Кәсіптік және бизнес-оқытудың неғұрлым талап етілетін білімдерін анықтау.

      Оқыту кестесі әйелдердің ата-аналық және отбасылық міндеттерін ескере отырып ұйымдастырылады.

      Кәсіптік және бизнес-оқыту бір көрсетілетін қызметті алушыға жылына бір реттен артық ұсынылмайды.

      Егер оқыту көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерінен тыс елді мекендерде жүргізілсе, онда көлік шығыстарын және (немесе) тұруға арналған шығыстарды көрсетілетін қызметті алушы дербес төлейді.

      Қызмет көрсетудің нәтижесі оқуды аяқтағаны туралы сертификат болып табылады.

      Менторлық қызметтерді ментор көрсетеді, ол менти бизнес басшысының құзыретіне баға береді және оның құзыретін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

      Менторды қаржылық емес қолдау операторы тағайындайды және 6 айдан аспайды.

      Егер менти менторлықты алудан бас тартқан жағдайда, КҚКО консультанты оны басқа ниет білдірген ментиге ауыстырады.

      Менторлар – бизнесте жұмыс өтілі бар және тиісті дайындықтан өткен кәсіпкер әйелдер.

      Халықаралық жобаларға қатысуға ақпараттандыру бойынша қызметтер әйелдер кәсіпкерлігінің бизнес-әлеуетін дамытуға бағытталған форумдар, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізу туралы бизнестің мүдделі бағыттары бойынша ақпарат жинау жолымен жүзеге асырылады.

      Халықаралық жобаларға қатысуға ақпараттандыру бойынша қызмет көрсету нәтижесі халықаралық жобалар, форумдар, конференциялар, конкурстар және басқа да іс-шаралар туралы ақпарат беру болып табылады.";

      21-тармақ алып тасталсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. "Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылының 12 (он екі) айы ішінде үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.";

      Ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, "Мен – Кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетті дамыту" құралын, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасын іске асыру қағидаларына 3 және 4-қосымшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  Ақпараттық-консультациялық
қызметтер көрсету, кәсіпкерлік
қызметті жүргізуге сервистік
қолдау көрсету, "Мен –
Кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетті
дамыту" құралын, Қазақстан
Республикасының шағын және
орта кәсіпкерлікті қолдау
жөніндегі Еуропалық Қайта
Құру және Даму Банкінің
іскерлік консультациялық
қызметтер бағдарламасын іске
асыру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

"Мен – кәсіпкер" құралы шеңберінде "Кәсіпке бағыт" бағыты бойынша қызмет көрсетуге сауалнама-өтінім

1.

Өтініш берілген күн


2.

Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


3.

Көрсетілетін қызметті алушының жынысы


4.

Көрсетілетін қызметтерді алудың қажетті тілін көрсету


5.

Көрсетілетін қызметті алушының туған күні


6.

Көрсетілетін қызметті алушының жасы


7.

Көрсетілетін қызметті алушының жас санаты


8.

Мүгедектіктің болуы


9.

Көрсетілетін қызметті алушының санаты


10.

Көрсетілетін қызметті алушының облысы


11.

Көрсетілетін қызметті алушының елді мекені (қала, ауыл, кент, аудан орталығы)


12.

Қызмет көрсету орны


13.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі


14.

Көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефоны


15.

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайы


16.

Ұйымдық-құқықтық нысаны


17.

Кәсіпкерлік субъектісінің атауы


18.

Әлеуметтік кәсіпорынның мәртебесі (болған жағдайда)


19.

Дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі/ көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғасының бизнес сәйкестендіру нөмірі


20.

Кәсіпкердің экономикалық қызметінің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрі


21.

Кәсіпкердің экономикалық қызметінің жалпы жіктеуіші бойынша кіші сала


22.

Кәсіпкерлік санаты


23.

Жылдық айналымдар


24.

Жүгінген кездегі қызметкерлердің саны


25.

Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық немесе қаржылық емес шаралары туралы кеңес алғыңыз келе ме?


26.

Егер сізді салалық (бейіндік) оқыту қызықтырса, онда сізге нақты қандай оқыту қажет?


27.

Сізге оқыту қажет пе бойынша қаржыландыруды тартуға?


28.

Сіздің ұйымыңыз бизнесті шолуды қажет ете ме?


29.

Егер сіз жергілікті шикізаттан өнім өндіретін болсаңыз, онда сізге "Бір ауыл – бір өнім" қызметі қажет пе?


30.

Егер сізге оқу қажет болса, онда сізге қандай форматта оқу ыңғайлы?


31.

Менеджер-консультанттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


32.

Менеджер-кеңесшінің жұмысын бағалауларыңызды сұраймыз


      * Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеке кәсіпкердің/шаруа немесе фермер қожалығының куәлігін/хабарламасын, заңды тұлғаны тіркеу туралы хабарламаны, уәкілетті тұлғаға сенімхатты (қажет болған жағдайда) қоса беремін.

      * Мен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, жалған ақпарат ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті сезінемін және "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына өзімнің жеке мәліметтерімді өңдеуге, Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы", дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес фотосуреттер түсіруге келісімімді беремін.

      * Мен көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау (аудит) және мониторинг жүргізу мақсатында телефон арқылы және/немесе хабарлама-сауалнама жүргізуге келісімімді беремін.

      * Мен қаржылық емес қолдау құралдары шеңберінде көрсетілген қызметтердің нәтижелерін ұсынуға келісімімді беремін.

      * Мен кәсіпкерлік әлеуетті анықтау үшін диагностикалық тестілеуден өтуге келісімімді беремін.

      _______________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы).";

      "

  Ақпараттық-консультациялық
қызметтер көрсету, кәсіпкерлік
қызметті жүргізуге сервистік
қолдау көрсету, "Мен –
Кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетті
дамыту" құралын, Қазақстан
Республикасының шағын және
орта кәсіпкерлікті қолдау
жөніндегі Еуропалық Қайта
Құру және Даму Банкінің
іскерлік консультациялық
қызметтер бағдарламасын іске
асыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан

"Мен – кәсіпкер" құралы шеңберінде "Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары" бағыты бойынша қызмет көрсетуге сауалнама-өтінім

1.

Өтініш берілген күн


2.

Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


3.

Көрсетілетін қызметтерді алудың қажетті тілін көрсету


4.

Көрсетілетін қызметті алушының туған күні


5.

Көрсетілетін қызметті алушының жасы


6.

Көрсетілетін қызметті алушының жас санаты


7.

Көрсетілетін қызметті алушының мүгедектігінің болуы


8.

Көрсетілетін қызметті алушының санаты


9.

Көрсетілетін қызметті алушының облысы


10.

Көрсетілетін қызметті алушының елді мекені (қала, ауыл, кент, аудан орталығы)


11.

Қызмет көрсету орны


12.

Көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефоны


13.

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайы


14.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі


15.

Көрсетілетін қызметті алушының ұйымдық–құқықтық нысаны


16.

Кәсіпкерліктің атауы


17.

Әлеуметтік кәсіпорынның мәртебесі (бар болса)


18.

Дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі/ көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғасының бизнес сәйкестендіру нөмірі


19.

Кәсіпкердің экономикалық қызметінің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрі


20.

Кәсіпкердің экономикалық қызметінің жалпы жіктеуіші бойынша кіші сала


21.

Кәсіпкерлік санаты


22.

Жылдық айналымдар


23.

Жүгінген кездегі қызметкерлердің саны


24.

ОЖЖ шеңберінде кеңес алғыңыз келе ме?


25.

Егер сізді кәсіптік және іскерлік оқыту қызықтырса, қайсысы қызықтырады?


26.

Ментордан сүйемелдеу алғыңыз келе ме?


27.

Әйелдер кәсіпкерлігіне қатысты халықаралық жобалар туралы ақпарат алғыңыз және қатысқыңыз келе ме?


28.

Егер сізге оқу қажет болса, онда сізге қандай форматта оқу ыңғайлы?


29.

Менеджер-консультанттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


30.

Менеджер-кеңесшінің жұмысын бағалауларыңызды сұраймыз


      * Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеке кәсіпкердің/шаруа немесе фермер қожалығының куәлігін/хабарламасын, заңды тұлғаны тіркеу туралы хабарламаны, уәкілетті тұлғаға сенімхатты (қажет болған жағдайда) қоса беремін.

      * Мен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, жалған ақпарат ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті сезінемін және "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына өзімнің жеке мәліметтерімді өңдеуге, Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы", дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес фотосуреттер түсіруге келісімімді беремін.

      * Мен көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау (аудит) және мониторинг жүргізу мақсатында телефон арқылы және/немесе хабарлама-сауалнама жүргізуге келісімімді беремін.

      * Мен қаржылық емес қолдау құралдары шеңберінде көрсетілген қызметтердің нәтижелерін ұсынуға келісімімді беремін.

      * Мен кәсіпкерлік әлеуетті анықтау үшін диагностикалық тестілеуден өтуге келісімімді беремін.

      ________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы).".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция, туризм және спорт, мәдениет және ақпарат, ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар, энергетика, су ресурстары және ирригация, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау, көлік, оқу-ағарту, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
__________Е. МАРЖИКПАЕВ

Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
__________А. Бейспеков
 

Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрі
__________Е. Нысанбаев

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
__________Б. Мусин
 

Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
__________М. Карабаев

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
__________А. Ғиният
 

Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі
__________Н. Нуржигитов

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
__________А. Саткалиев
 

Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
__________С. Нурбек

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
__________А. Балаева
 

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
__________Н. Жумадильдаева

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
__________А. Сапаров
 

Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
__________А. Шаккалиев






 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және реформалар

      агенттікттігінің

      Ұлттық статистика бюросы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17,
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 19,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 7,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 26/НҚ,
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 29,
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 2,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 10,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16,
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 31,
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 9,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 20 мен
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 38-НҚ
Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
  "Мемлекеттік қолдауға
жататын жеке кәсіпкерлік
субъектілері қызметін
жүзеге асыратын экономика
салаларын мемлекеттік
қаржылық қолдау қағидаларын,
нысандарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 410-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 412,
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 299,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 401,
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
ақпарат министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 450-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 16,
Қазақстан Республикасы
Көлік Министрдің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 91,
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 84,
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 347
Қазақстан Республикасы
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 572/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 598
және Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 167 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) кредиттері/микрокредиттері/микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қаржыландыруы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналым қаражатын толықтыру – кәсіпкердің мәлімдеген қызметіне байланысты және салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуді болдырмайтын кәсіпкер кредитінің нысаналы мақсаты;

      2) арнайы қаржы компаниясы – "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін құрылатын, оның пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;

      3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субектілерінің тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

      4) банк-төлем агенті – қаржы агенттігімен келісілген және жобалар бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған микроқаржы ұйымының арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын микроқаржы ұйымының уәкілетті банкі;

      5) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, оған берілген талап ету құқықтары бойынша алынған кастодиан банктегі шоттардағы ақша, көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді жасау кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;

      6) жоба (бизнес-жоба) – кәсіпкер кіріс алуға бағытталған бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын және жүзеге асыруға мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілетін қызмет шеңберінде (бір жоба аясында бірнеше банктік кредит/лизингтік операцияларды алуға болады) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін іс-қимылдар мен іс-шаралар кешені;

      7) инвестициялық мақсаттар – негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) салу және (немесе) жаңғырту және (немесе) реконструкциялау және (немесе) күрделі жөндеу, биологиялық және (немесе) материалдық емес активтерді сатып алу. Осы анықтамада көрсетілген мақсаттарға байланысты, кредиторлық берешек бойынша негізгі құралдардың материалдық активтердің құнына енгізілген қосылған құн салығы бойынша шығыстар да инвестицияларға жатады;

      8) ислам банкі – осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде лицензия негізінде, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

      9) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкі кәсіпкерге беретін тауар үшін төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу;

      10) кәсіпкер – Кодекске сәйкес айқындалатын және жұмыс істеп тұрған шаруашылық субъектісі мәртебесі бар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі;

      11) бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы/ бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба;

      12) кредиттік шарт – шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит беретін (кредиттік желі ашу туралы келісім де кредиттік шартқа жатады), банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім;

      13) кредитті/микрокредитті мақсатқа сай пайдалану – кәсіпкердің қарыз шарты бойынша алынған кредитті/микрокредитті осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (мақсатқа сай пайдалану кәсіпкердің төлем жүргізгенін және активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде алғанын және (немесе) осы Қағидалардың шарттарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттар жиынтығымен расталады);

      14) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      15) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      16) қаржыландыру шарты –шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит беретін, ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім (шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасатын қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады);

      17) микрокредит – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісіне Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұсынатын, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген сегіз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша;

      18) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы;

      19) өңірлік үйлестіруші –облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      20) портфельдік ішінара кепілдік беру – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдік беру нысаны;

      21) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;

      22) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім – ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында жасалатын, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді іске асыру шеңберінде тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жазбаша келісім;

      23) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге субсидиялар беру нысаны.

      Секьюритилендіру тетігі арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталған ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері де субсидиялауға жатады. Мұндай жағдайда кәсіпкерлердің осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде субсидиялау құралы бойынша қолдау тапқан кредиттерін/микрокредиттерін әкімшілендіру (сүйемелдеу) функциясын осындай кредиттерді/микрокредиттерді арнайы қаржы компаниясына берген ЕДБ/МҚҰ жүзеге асырады.

      Секьюритилендіру тетігі кәсіпкерлерді: арнайы қаржы компаниясының ЕДБ/МҚҰ бөлінген активтерімен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы; қаржы агенттігінің арнайы қаржы компаниясы шығарған, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды сатып алуы (секьюритилендіру мәмілесі); арнайы қаржы компаниясының ЕДБ/МҚҰ-ға қаржы агенттігінен тартылған қаражатты беруі арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау нысанын көздейді;

      24) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      25) үлестес/байланысты тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1, 16, 20-тармақтарына, 64-бабының 1-1 және 2-тармақтарына, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 1)-11) тармақтарына, 41-бабының 2-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар;

      3. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді қаржыландыру жергілікті және/немесе республикалық бюджеттердің субсидиялауға және кепілдік беруге көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      4. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін көзделген қаражатты республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігімен арада жасалатын қаражатты аударуға арналған шарттың негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.

      5. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін көзделген қаражатты "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19959 болып тіркелген) бекітілген субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанына сәйкес жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде қаржы агенттігіне аударады.

      Осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде қаражатты қаржы агенттігіне аударуды қаражатты қаржы агенттігінің арнайы шотына аудару шартына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Сыйақы/үстемеақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру шеңберінде бөлінген, өңірлік үйлестірушілер/қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылында пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында сыйақы/үстемеақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға және жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға ішінара кепілдік беруге пайдалануға жол беріледі.

      Жобаларды ішінара кепілдендіруге бюджет қаражаты тапшы болған жағдайда қаржы агенттігі облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органынан/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қосымша қаражат түскенге дейін жобаларға ішінара кепілдік беруді тоқтата тұрады.

      Облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны портфельдік ішінара кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды және шығарылған кепілдіктер бойынша төлемақы болып табылады. Портфельдік ішінара кепілдік шартының қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сома жобаларға кейіннен портфельдік ішінара кепілдік беру үшін пайдаланылады. Қаржы агенттігі алынған қаражатты түрлі қаржы құралдарына орналастырады. Шығарылған кепілдіктердің құнынан алынған қаражат кейінге қалдырылған табыс ретінде есепке алынады және шығарылған кепілдіктің қолданылу мерзімі ішінде ай сайын амортизацияланады.

      Тиісті қаржы жылында бекітілген жаңа жобалар шеңберінде кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша субсидиялау және кепілдік беру үшін бюджетті бөлу:

      өңдеу өнеркәсібіне бюджет қаражатының 50 % дейін;

      қызметтер көрсету бойынша қызметке, оның ішінде сауда қызметі саласында бюджет қаражатының 30 %-ға дейін;

      шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне (20 (жиырма) миллион теңгеге дейінгі кредиттер) – бюджет қаражатының 20 %-на дейін жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, көрсетілген пропорционалдылықты өзгертуге және қаржы агенттігінің қаражатты өңдеу өнеркәсібіндегі және/немесе көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде сауда қызметі саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған жобаларды және/немесе микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау шеңберінде субсидиялау және/немесе кепілдік беру қажеттілігіне қарай олардың арасында қайта бөлуіне жол беріледі.

      6. Қаржы агенттігі тиімділіктің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есептіден кейінгі жылғы шілдеден кешіктірмей кредиттер/микрокредиттер бойынша субсидиялау және кепілдік беру бөлігінде кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының іске асырылуын мониторингтеудің нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.

2-тарау. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну тәртібі

1-параграф. "Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша субсидиялар және кепілдіктер беру шарттары

      7. Кәсіпкерлер "Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағытына қатысушылар болып табылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру, сондай-ақ сауда саласындағы (тамақ өнімдерінің саудасына жол беріледі) қызметті қоспағанда, салалық шектеулерсіз инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.

      Жобаларды республикалық маңызы бар қалаларда/облыс орталықтарында, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асыратын шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Кәсіпкерлердің инвестициялық жобалары ЕДБ/МҚҰ шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кемінде 1 (бір) адамға жұмыс орындарын міндетті түрде көбейтуді көздейді.

      8. Мыналар:

      1) кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары;

      2) кредиторы ұлттық даму институттары болып табылатын кредиттер/микрокредиттер;

      3) сыйақы мөлшерлемесі осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде арзандатылған ЕДБ/МҚҰ кредиттерін/микрокредиттерін/қаржыландыруын қоспағанда, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған кредиттер/микрокредиттер;

      4) ұйымдардың, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      5) овердрафт түріндегі кредиттер;

      6) мыналар:

      үлестес/байланысты тұлғаның құрылыс жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін растайтын құжаты болған жағдайда жаңа және (немесе) қолданыстағы объектілерді (ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, коммуникациялар) салуды (оның ішінде кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта құру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеуді);

      Қазақстан Республикасының аумағында ресми дистрибьюторлар болып табылатын үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      егер мұндай тауарды, шикізатты және/немесе материалдарды үлестес/байланысты тұлға өндірген болса, үлестес/байланысты тұлғалардан тауарлар, шикізат және/немесе материалдар, сатып алуды қоспағанда, үлестес/байланысты тұлғалардан негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлік түріндегі тауарларды, активтерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      7) жеңіл автомобильдерді (шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдерді қоспағанда) сатып алуға, оның ішінде "Такси қызметі" ЭҚЖЖ 49.32 коды бойынша қызметке ("жасыл" жобаларды, сондай-ақ құны 1 (бір) бірлік үшін 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда), "Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизингтеу" 77.11 ЭҚЖЖ коды бойынша жеңіл автомобильдерді жалға алуға және лизингке беруге (1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға және лизингке беруді қоспағанда) бағытталған;

      8) жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға апартаменттерді, пәтерлерді, тұрғын үйлерді, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алу/жалдау/қосалқы жалға беру) бағытталған кредиттерді/микрокредиттер (;

      9) ломбардтардың, микроқаржыландыру, факторинг ұйымдарын және лизингтік компаниялардың қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      10) бұрын субсидиялар және/немесе кепілдіктер алған, аяқталған және пайдалануға берілген/жұмыс істеп тұрған жобаны сатып алынатын жобаның кемінде 20 %-ын қосымша жаңғыртусыз сатып алуға бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      11) салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуге бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      12) активті кредит/микрокредит есебінен сатып алған тұлғаға сатуды/сыйға тартуды/сенімгерлік басқаруға беруді/жалға алуды/тегін пайдалануды жүзеге асырған және/немесе жүзеге асыруды жоспарлап отырған, оның ішінде болашақта кәсіпкердің кәсіпорнын осы тұлғаға қосу немесе біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жасаған және/немесе жоспарлаған кәсіпкерлер. Жобаларды мониторингтеу кезінде осы тармақшада көрсетілген жағдайлар анықталған кезде субсидиялау тоқтатылады және бұрын төленген субсидиялар қайтарылуға жатады;

      13) субсидиялар алуға өтініш берген кезде жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтатқан кәсіпкерлер;

      14) меншік нысаны жеке мекеме ретінде тіркелген кәсіпкерлер "Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге жатпайды.

      9. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын инвестициялық мақсаттарға арналған кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың ең жоғары сомасы 20 (жиырма) миллион теңгеден және айналым қаражатын толықтыруға 5 (бес) миллион теңгеден аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру жаңартылатын және/немесе жаңартылмайтын негізде берілетін кредиттік желі түрінде жол беріледі. Бір қарыз алушыға арналған лимит 20 (жиырма) миллион теңгені құрайды. Кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша негізгі борыш ішінара/толық мерзімінен бұрын өтелген кезде Қағидаларда белгіленген лимит шегінде кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды қайталап алуға жол беріледі.

      10. Қарыз алушы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген лимиттен асқан жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.

      11. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 8 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар бұрын қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлдаған шарттарда олар бойынша кәсіпкерлер өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      Жобаларын елді мекендерде, оның ішінде моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асыратын шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 7 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар бұрын қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлдаған шарттарда кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау және кредиттер/қаржыландыру бойынша кепілдік беру салалық шектеулерсіз және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 7 % ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын базалық мөлшерлемеден аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 28 %-дан аспайтын, оның ішінде номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет субсидиялайтын МҚҰ микрокредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономикалық қызметтің басым түрлеріндегі жобалар бойынша МҚҰ микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      Портфельдік ішінара кепілдік беру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономикалық қызметтің басым түрлеріндегі жобалар бойынша МҚҰ микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      Бұл ретте шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін портфельдік ішінара кепілдік мөлшері кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ын қоса алғанға дейінгі соманы құрайды, кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың қалған сомасын ЕДБ/МҚҰ қалауы бойынша кәсіпкер өтейді.

      12. Инвестициялық мақсаттарға кредиттер/микрокредиттер/ қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылды, айналым қаражатын толықтыру – субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 2 (екі) жылды құрайды.

      13. Ұсынылатын портфельдік ішінара кепілдік мерзімі кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімінен аспайды.

      14. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру қаржы агенттігі уәкілетті органының ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес іріктелетін ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/қаржыландыруы бойынша жүзеге асырылады.

      15. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы әрбір ЕДБ/МҚҰ үшін оның өңірлік филиалдары бөлінісінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру лимитін айқындайды.

      16. Қаржы агенттігі төлеген ЕДБ/МҚҰ талаптары қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан жағдайда қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді тоқтатады. Мұндай жағдай туындаған кезде жаңа жобалар қарауға жіберілмейді.

      Бұл ретте қаржы агенттігі бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      17. Секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталған ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері субсидиялауға жатады. Бұл ретте қаржы агенттігі секьюритилендірілген облигацияларды меншікті не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен сатып алады.

2-параграф. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды беру шеңберінде ЕДБ/МҚҰ лимитін айқындау

      18. ЕДБ/МҚҰ берілетін лимиттерді қаржы агенттігінің уәкілетті органы ЕДБ/МҚҰ-мен алдын ала келісу бойынша жыл сайын бекітеді, сондай-ақ лимитті игерген не ЕДБ/МҚҰ игеру жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда қаражат секвестрленген жағдайда бір жыл ішінде қосымша ұлғайтуға жол беріледі.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шеңберінде ЕДБ/МҚҰ берілетін лимиттер кредиттік шарттарға бұрын бекітілген төлемдерді өтеу графигі бойынша қабылданған міндеттемелердің сомасына және ағымдағы қаржы жылында кредиттік шарттарға жаңа төлемдер графигін қабылдау үшін қаражат қажеттілігіне сүйене отырып белгіленеді.

      Бұл ретте, ағымдағы қаржы жылына арналған кредиттік шарттарға бұрын бекітілген төлемдерді өтеу графигі бойынша қабылданған міндеттемелер ЕДБ/МҚҰ берілетін лимитті белгілемей төленеді.

      19. Лимиттің бөлінуіне қатысу үшін ЕДБ:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындауға;

      2) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкестігі талаптарына сай болуға тиіс.

      20. Лимиттің бөлінуіне қатысу үшін МҚҰ:

      1) МҚҰ меншікті капиталы құжаттар тапсырылған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі деңгейден төмен болмауға;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеу болуға;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындауға;

      4) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкестігі талаптарына сәйкес болуға тиіс.

      21. Егер ЕДБ/МҚҰ лимитінің игерілу көлемі қаржы агенттігі лимитті айқындаған кезден бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін 30 %-дан кем болса, лимиттерді басқа ЕДБ/МҚҰ-ға қайта бөлуге рұқсат етіледі.

      22. ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында лимит айқындалғаннан кейін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім жасалады, онда:

      1) ЕДБ/МҚҰ лимиттерін игеру мерзімдері;

      2) портфельдік ішінара кепілдікті төлеу тәртібі;

      3) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды төлеу тәртібі;

      4) жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

      5) субсидиялау тоқтатылған (қаражатты мақсатқа сәйкес пайдаланбау) жобалар арасында босаған лимиттерді қайта бөлу шарттары көрсетіледі.

      23. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне кәсіпкердің негізгі борышты ішінара/мерзімінен бұрын толық өтеуі туралы, сондай-ақ төлем графигінің өзгергені туралы қаржы агенттігін хабардар етпеген/уақтылы хабардар етпеген жағдайда қаржы агенттігіне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді, бұл ретте хабарлау мерзімдері ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің/үстеме бағаның бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген.

      Кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/қаржыландыруы бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына қосымша келісімнің көшірмесін не ЕДБ/МҚҰ-ның электрондық форматта (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеудің өзгертілген графигі бар және төлеуге тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып хат жібереді.

      Кәсіпкер күнтізбелік ай ішінде кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне осындай жағдайлар бойынша біріктірілген кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына қосымша келісімнің көшірмесін не ЕДБ/МҚҰ-ның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеудің өзгертілген графигімен және төлеуге тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып хатын ұсынуға жол беріледі.

3-параграф. Портфельдік ішінара кепілдік беру тәртібі

      24. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ-ға кредит/микрокредит/қаржыландыруды ұсыну өтінімімен жүгінеді.

      25. Қарыз алушының кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша кепілдік қамтамасыз етуі жеткіліксіз болған жағдайда қаржы агенттігі кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ына дейінгі мөлшерде кепілдік беруді қамтамасыз етеді.

      26. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит/микрокредит/қаржыландыру беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

      1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін немесе қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша деректерді;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хатты береді.

      Бұл ретте деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама хат талап етілмейді.

      27. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың негізінде қаржы агенттігі хабарлама хат алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЕДБ/МҚҰ-ға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік міндеттеме жібереді.

      Кепілдік міндеттеме қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік міндеттеменің электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады. Өтінім автоматтандырылған сервис арқылы қаралған жағдайда кепілдік міндеттемені қаржы агенттігі сервис арқылы жібереді.

      28. Қарыз алушы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген лимиттен асқан жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.

      29. Өтінім қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисі арқылы қаралған жағдайда ЕДБ/МҚҰ кепілдік міндеттемені алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін кәсіпкерге кредиттің/микрокредиттің /қаржыландырудың берілгені туралы сервис арқылы хабардар етеді.

      30. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ЕДБ/МҚҰ көрсеткіші нашарлаған жағдайда қаржы агенттігі портфельдік ішінара кепілдік беру бойынша лимитті басқа ЕДБ/МҚҰ-ға қайта бөле алады.

      31. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ-ға кепілдік төлеуі ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

      32. Егер кәсіпкер кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған күннен бастап күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн ішінде кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаса/тиісінше орындамаса, ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне талап қоя алады.

      33. Қаржы агенттігі ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/ қаржыландыру бойынша кепілдіктерді талапты алған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде төлейді.

      34. Кредит/микрокредит/қаржыландыру мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған/ішінара мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған жағдайда қаржы агенттігінің кепілдігі жойылады/кепілдік сомасы мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасына барабар төмендейді.

      35. Кепілдіктің күшін жою/кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша кепілдік сомасын төмендету есебінен қаражат босаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ бөлінген лимит шеңберінде жаңа жобалар бойынша өтінімдерді қарайды.

      36. ЕДБ/МҚҰ:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредиттеу/қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке/микрокредитке/қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

      37. Қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылының республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерін нақтылағанға дейін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органы бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің 10 %-ынан аспайтын көлемде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден берілетін қаражатты одан әрі өтеу кезінде кепілдік шарттарын жасасады.

      Қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының бюджетті кезекті нақтылау кезінде қаражатты одан әрі өтеуі үшін өтеу сомасын көрсете отырып, ай сайын 10 күнге дейінгі мерзімде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органды/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органын жасалған кепілдік шарттары туралы хабардар етеді. Ағымдағы қаржы жылында республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген кезде бірінші кезекте бұрын жасалған кепілдік шарттары бойынша өтеу жүзеге асырылады, ал қалған сома жаңа жобаларға бөлінеді.

      Бөлінген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қаржы агенттігі бұрын жасалған кепілдік шарттарын өтеуге республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден берілген қаражат толық өтелгенге дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұрады.

4-параграф. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау тәртібі

      38. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ-ға қаржыландыру беруге өтініммен жүгінеді.

      39. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік субсидиялау шеңберінде кредит/микрокредит беру/қаржыландыру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

      1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін немесе кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне деректерді береді;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хат жібереді (деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама хат талап етілмейді).

      40. Кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына қол қойған кезде кәсіпкер кредит қаражатын мақсатқа сай пайдалану бойынша өзіне міндеттеме алады. Кәсіпкер осы міндеттемені орындамаған жағдайда:

      1) субсидиялау тоқтатылады, кәсіпкер қаржы агенттігіне төленген субсидиялар сомасын өтейді;

      2) кәсіпкерді қаржыландыру шарттары қайта қаралады, оған сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды.

      41. ЕДБ субсидиялар сомаларын аудару үшін қаржы агенттігіне ағымдағы шот ашады.

      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ МҚҰ қаржы агенттігімен келісу бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда МҚҰ субсидияларды аударуға арналған ағымдағы шот ашады.

      42. Кредиттік шарттарға/қаржыландыру шарттарына қол қойылуына қарай ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне ресми хатпен осы Қағидалардың 39-тармағын ескере отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін құжаттар топтамасын жібереді.

      Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі алдыңғы кезеңдер үшін субсидиялардың өтелуін ескере отырып, ЕДБ/МҚҰ ұсынған кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының төлем графигін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) банктегі/банк-төлем агенттігіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады.

      Бұл ретте ЕДБ/МҚҰ осы Қағидалардың нормаларын ескере отырып алуға тиесілі субсидия сомасын өзі есептейді, көрсетілген есептемелерді тексеруді қаржы агенттігі жүзеге асырмайды.

      Субсидиялау үшін көзделген қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін электрондық поштамен жіберу арқылы ЕДБ/МҚҰ-ға бір мезгілде хабарлайды. Хабарламада ЕДБ/МҚҰ атауы, өңірі, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлемнің қай кез үшін жүзеге асырылғаны көрсетіледі.

      43. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды ЕДБ/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі және қаржылық жағдайының нашарлауының өзге де белгілері төмендеген жағдайда, оның ішінде:

      халықаралық рейтингтік агенттіктердегі кредиттік рейтинг Standard&Poors рейтингтер шкаласы бойынша "В" деңгейінен төмендеген;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;

      қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциялық нормативтер бұзылған кезде қаржы агенттігі кәсіпкерлердің кредит бойынша толық төлемді (негізгі борыш, сыйақының субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігі) жасау фактісі туралы ЕДБ/МҚҰ-ның хабарламасы негізінде не кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлем графиктерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.

      ЕДБ/банк-төлем агенттігінің жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлем графиктерін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      44. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялар сомасын есептен шығаруды жүзеге асырады. ЕДБ/банк-төлем агенті қаражатты шоттардағы жалпы ағымдағы қаражат қалдықтарының есебінен шығара алмайды.

      Бұл ретте ЕДБ/МҚҰ субсидияларды кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлемдер графигі бойынша жоспарлы төлемнен аспайтын қалдық сомасы шегінде ішінара мерзімінен бұрын өтеуге сәйкес есептелген өзгертілген өтеу графигі бойынша өтейді.

      45. Кәсіпкер сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде ЕДБ/МҚҰ сыйақы төлеуді кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына өтеу графигіне сәйкес жүргізеді.

      Кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша төлемді (негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша ЕДБ/МҚҰ:

      1) кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/ қаржыландыруы бойынша жоспарлы төлемді өтеген күні кәсіпкерді қаржы агенттігінің шотында қаражат болған;

      2) график бойынша өтеу күнінен кейін қаржы агенттігінен қаражат түскен кезде кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/қаржыландыруы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

      46. Кәсіпкер кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      47. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне ресми хатпен осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген лимит бойынша талаптарды сақтау үшін қарыз алушы туралы ақпаратты жіберуге міндетті.

      48. Қарыз алушы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген лимиттен асқан жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.

      49. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ-ға субсидиялар төлеуі ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

      50. Бұл ретте қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ-ға субсидиялар төлеуі тиісті өңірлік үйлестірушіден қаражат түскен кезде жүзеге асырылады.

      Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден субсидиялау үшін бюджеттен берілетін қаражат болмаған жағдайда, оның ішінде қаржы агенттігі белгілеген субсидиялау лимиті болған кезде қаржы агенттігі тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден қаражат алған сәтке дейін осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген құжаттарды ЕДБ/МҚҰ-дан қабылдамайды.

      51. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ЕДБ/МҚҰ көрсеткіші нашарлаған жағдайда қаржы агенттігі лимит шеңберінде жаңа жобаларды субсидиялауды тоқтатады.

      52. Кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды мақсатқа сәйкес пайдаланбаған/ішінара мақсатқа сәйкес пайдаланбаған кезде қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесін/үстеме бағаны субсидиялауды тоқтатады, бұл ретте, оның ішінде қаржы агенттігі мақсатқа сәйкес пайдаланбауды/ішінара мақсатқа сәйкес пайдаланбауды өзі анықтаған кезде субсидиялау кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған сомасына барабар тоқтатылады.

      53. Қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатуды ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады.

      54. ЕДБ/МҚҰ:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті/микрокредитті/ қаржыландыруды мақсатсыз/ішінара мақсатсыз пайдалану, бұл ретте субсидиялау кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану сомасына барабар тоқтатылады;

      2) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеуі;

      3) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салыну (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұруы фактілері анықталған кезде субсидиялауды тоқтату туралы мәселені қарау үшін қаржы агенттігіне 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді.

      55. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған кезде ЕДБ/МҚҰ қаржыландыру шарттарын қайта қарайды, оларға сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды.

      Мынадай:

      1) жоба және/немесе кәсіпкер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген;

      2) субсидиялар жүзеге асырылатынн кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды мақсатты/ішінара мақсатты пайдаланбаған анықталған жағдайда кәсіпкер төлеген субсидиялар сомасы жергілікті атқарушы органдардан субсидияларды қайтару үшін деректемелерді алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, кәсіпкер қаржы агенттігіне берешекті толық төлеген жағдайда қайтарылуға жатады.

      56. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялауды қайта бастау ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      57. ЕДБ/МҚҰ:

      1) кәсіпкер бастама жасайтын кредит беру/қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша міндеттемелерін бұзу себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке/микрокредитке/қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      58. Осы Қағидалар шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28338 болып тіркелген) бекітілген Мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      59. Банк/МҚҰ жобаның осы Қағидалардың және ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімнің шарттарына сәйкестігіне мониторингті, атап айтқанда:

      кредиттік шарт/қаржыландыру шарты/микрокредит жасалған кезден бастап 1 (бір) жылдан кешіктірілмейтін мерзімде кредитті/қаржыландыру шартын/микрокредитті мақсатқа сай пайдалану мониторингін;

      төлем тәртібінің мониторингін (тұрақты негізде);

      кредиттік шарт/қаржыландыру шарты/микрокредит жасалған кезден бастап 1 (бір) жылдан кешіктірілмейтін мерзімде жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Қағидалар мен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімнің талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады.

      60. Қаржы агенттігі:

      1) кәсіпкер инвестициялық жобалар (инвестициялық транш бойынша аралас кредиттік желілер) бойынша кредиттік шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде (немесе кепілдік шартында белгіленген өзге де мерзімде) орындамаған;

      2) қаржы агенттігіне хабарлама жіберілген жағдайда осы Қағидалардың 54-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ЕДБ/МҚҰ бойынша кредиттік қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталған жағдайларда мониторинг жүргізеді.

      Қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жобалары бойынша іріктеп мониторинг жүргізеді.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      61. Бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде мақұлданған жобалар бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      Қаржыландырудың өзге шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Қағидалардың қолданыстағы шарттарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

  Шағын, оның ішінде
микрокәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялауды
және ішінара кепілдік беруді
ұсыну қағидаларына
1-қосымша

Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

1. Өңдеу өнеркәсібінде

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

24

Металлургия өндірісі*

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

31

Жиһаз өндіру

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

2. Көрсетілетін қызметтер және өзге де қызмет түрлері бойынша

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер қазу

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібі саласындағы кызметтер көрсету

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі**

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету

55.10

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру***

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68.20.1

Жеке меншік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару****

68.20.2

Жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану*****

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтерді көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

93.1

Спорт саласындағы қызмет

      * шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеу (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құю (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құю (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда

      ** ЭҚЖЖ коды 49.32 "Такси қызметі" бойынша қызметті қоспағанда ("жасыл" жобалар мен 1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда)

      *** апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді қоспағанда

      **** осы ЭҚЖЖ коды қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалға беруді көздейді

      ***** осы ЭҚЖЖ коды қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалдауды (қосалқы жалдауды) көздейді

  Шағын, оның ішінде
микрокәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялауды
және ішінара кепілдік
беруді ұсыну қағидаларына
2-қосымша

Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

1. Өңдеу өнеркәсібінде

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындар, минералды сулар және басқа да бөтелкелердегі сусындар өндіру

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

24

Металлургия өндірісі*

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

31

Жиһаз өндіру

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

2. Көрсетілетін қызметтер және өзге де қызмет түрлері бойынша

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібі саласындағы қызметтер көрсету

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және бапталған ауамен жабдықтау

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

45.2

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Көлік және қоймалау

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі**

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Пошталық және курьерлік қызмет ***

Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету

55.10

Қонақүйлердің және соған ұқсас тұруға арналған орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және өзге де қысқа мерзімді тұру кезеңдеріне тұрғын үй беру****

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68.20.1

Жеке меншік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару*****

68.20.2

Жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану******

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есепке алу және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру
бойынша қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және өзге де мәдениет саласындағы қызметтер

93

Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет *******

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және былғары бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеу (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құю (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құю (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда

      ** ЭҚЖЖ коды 49.32 "Такси қызметі" бойынша қызметті қоспағанда ("жасыл" жобалар мен 1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда)

      *** табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда

      **** апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді қоспағанда

      ***** осы ЭҚЖЖ коды қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалға беруді көздейді

      ****** осы ЭҚЖЖ коды қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалдауды (қосалқы жалдауды) көздейді

      ******* дискотекалар мен караокені қоспағанда

  Шағын, оның ішінде
микрокәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялауды
және ішінара кепілдік беруді
ұсыну қағидаларына
3-қосымша
Нысан
"Даму" кәсіпкерлікті
дамыту қоры" АҚ-ға

Хабарлама-хат

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – қор) мен ________АҚ (екінші деңгейдегі банктің атауы көрсетіледі) (бұдан әрі – банк) арасында қол қойылған 20__ "___" ________№ ___ Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім шеңберінде банк "_______________" жеке кәсіпкерінің/жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің/акционерлік қоғамының/шаруа қожалығының (ЖК/ЖШС/АҚ/ШҚ) (оның ішінде кредит бойынша қоса қарыз алушылар көрсетіледі) өтінімін қарап, төмендегі шарттарда* мақұлдағанын хабарлаймыз:

Банктің қарыз шарты/Қаржыландыру шарты**


Қарыз алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)


Қарыз алушының заңды және нақты (бар болса) мекенжайы


Тіркелген күні (ЖК/ЖШС/АҚ/ШҚ)


Банктің атауы


Қарыз алушы шотының нөмірі


Бенефициар коды (КБЕ)


Банкке өтініш берілген күн


Банктің уәкілетті органы шешім қабылдаған күн


Қорландыру бағдарламасы


Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты


Осы шарт жасалған күнгі кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы


Кредит/микрокредит/қаржыландыру валютасы


Кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі (аяқталу күнін көрсете отырып, айлармен)


Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың сыйақы мөлшерлемесі


Қаржыландыру саласы


Кепілдік мөлшері (кредит сомасының %-ын көрсете отырып)


Кепілдік мерзімі (басталу және аяқталу күнін көрсете отырып)


Кредит бойынша кепілдікті қамтамасыз ету (қордың кепілдігінен басқа) – атауы, мекенжайы, нарықтық және кепілдік құны


Жоба іске асырылатын жер (облыс, қаланы/ауданды міндетті түрде көрсете отырып)


      * шарттарды кесте нысанында қосуға жол беріледі

      ** көшірмесі қоса беріледі

      Құрметпен,

      ___________ ____________ ____________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Шағын, оның ішінде
микрокәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялауды
және ішінара кепілдік беруді
ұсыну қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Кепілгердің атауы:
"Даму" кәсіпкерлікті
дамыту қоры" АҚ
Мекенжайы:
__________________
Кімге:______________________
(банктің/МҚҰ толық атауы
және деректемелері)

№ _______ кепілдік міндеттеме

_____________ қаласы

20____ жылғы "____"__________

      Осы Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарын, сондай-ақ _______ "_______________" (бұдан әрі – қарыз алушы) _______АҚ-мен (бұдан әрі – Банк/МҚҰ) мынадай:

      1) кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы ____________________;

      2) кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауарға үстеме баға _____________________________________;

      3) кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі ____________ (айлармен);

      4) кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты _____, осы шартпен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ жоғарыда көрсетілген кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша кепілгер болып табылатынын және есептелген сыйақы/үстеме баға, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, өсімпұлдар, айыппұл санкциялары, борышты өндіріп алу бойынша сот шығасылары, қарыз алушының кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша міндеттемелерін орындамауынан және (немесе) тиісінше орындамауынан туындаған Банктің/МҚҰ-ның басқа да шығындары сомасын ескермей, негізгі борыш қалдығына тең соманы Банкке/МҚҰ-ға оның талабы бойынша төлеу міндеттемесін өзіне алады.

      Кепілдік қарыз алушы кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда ғана орындалуға жатады.

      Кепілгердің Банк/МҚҰ алдындағы жауапкершілігі _______________ (___________________________) теңге _______ тиын (соманы дөңгелектеу математикалық дөңгелектеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады) мөлшеріндегі кепілдік сомасымен шектеледі, бұл кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының _____ %-ын құрайды.

      Кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борышты өтеу/ішінара өтеу кезінде кепілгердің жауапкершілігі негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға азайтылады.

      Кепілдік бойынша кепілгер міндеттемелерінің мөлшері кепілгер орындаған талап сомасына азайтылады.

      Кепілдік қарыз алушының кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борышты өтеу міндеттемесін және кепілдік беруші мен Банк/МҚҰ арасында жасалған 20 __ жылғы "___" __________ № _____ портфельдік субсидиялау және кепілдік беру туралы келісімде (бұдан әрі – Келісім) көзделген өзге де құжаттарды орындамағанын/тиісінше орындамағанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын қоса бере отырып, Банктің/МҚҰ-ның жазбаша төлем талабының түпнұсқасын алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      Кепілдік Келісімде көзделген барлық талаптар мен шарттар сақталған кезде ғана орындалуға тиіс.

      Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және 20 __ жылғы "___" __________ қоса алғанда қолданыста болады, бұл құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде аяқталады. Бұл ретте біз Сіздің жазбаша талабыңызды жоғарыда көрсетілген күні Астана қаласының уақытымен сағат 16:00-ден кешіктірмей алуымыз қажет.

      Кепілгер, Банк/МҚҰ және қарыз алушы (бұдан әрі – тараптар) арасында туындайтын, оның ішінде кепілдікті ұсыну және орындау тәртібін, кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша талап ету құқықтарының Банктен/МҚҰ-дан кепілгерге өту тәртібін, кепілдікті тоқтату негіздерін және осы кепілдік міндеттемеге байланысты тараптардың жауапкершілігін қоса алғандағы, бірақ олармен шектелмейтін барлық құқықтар мен міндеттер, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қағидалармен, Келісіммен реттеледі.

      _______________________________

      (бірінші басшының қолы)

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17,
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 19,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 7,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 26/НҚ,
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 29,
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 2,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 10,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16,
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 31,
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 9,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 20 мен
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 38-НҚ
Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
  "Мемлекеттік қолдауға
жататын жеке кәсіпкерлік
субъектілері қызметін
жүзеге асыратын экономика
салаларын мемлекеттік
қаржылық қолдау қағидаларын,
нысандарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 410-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 412,
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 299,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 401,
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің 2023 жылғы
22 қарашадағы № 450-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 16,
Қазақстан Республикасы
Көлік Министрдің міндетін
атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 91,
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 84,
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 347
Қазақстан Республикасы
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 572/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 598 және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 167 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.

      2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:

      1) екінші деңгейдегі банктер/микроқаржы ұйымдары/лизингтік компаниялар берген кәсіпкерлердің кредиттері/микрокредиттері/қаржылық лизинг шарттары;

      2) "жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер берген кәсіпкерлердің кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      3. Осы Субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналым қаражатын толықтыру – кәсіпкердің мәлімделген қызметіне байланысты және салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуді болдырмайтын кәсіпкер кредитінің нысаналы мақсаты;

      2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      3) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;

      4) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

      5) банк – қызметті осы Субсидиялау қағидаларын/тетікті іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

      6) банк-агент – синдикаттың құрамына кіретін және/немесе бір мезгілде кредитор-банк болып табылатын синдикатталған кредиттер бойынша кредиторлар мүдделерінің өкілі ретінде әрекет ететін екінші деңгейдегі банк;

      7) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның/микроқаржы ұйымының қаржы агенттігімен келісілген және лизингтік компанияның/микроқаржы ұйымының жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банкі;

      8) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде банк кәсіпкерге беретін ақша сомасы;

      9) банктік қарыз шарты – шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит беретін банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім (кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады);

      10) банктің/лизингтік компанияның өтініші – банктің/лизингтік компанияның қосылу шартына қосу туралы өтініші;

      11) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, оған берілген талап ету құқықтары бойынша алынған, банк-кастодиандағы шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді қалыптастыру кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;

      12) даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және (немесе) оның үлестес лизингтік компаниясы;

      13) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

      14) "жасыл" таксономия – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысымен бекітілетін "Жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы" (бұдан әрі – Қаулы) "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;

      15) жоба (бизнес-жоба) – кіріс алуға бағытталған және мемлекеттік қаржылай қолдау берілетін (бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредиттер алуға/лизингтік мәмілелер жасасуға болады) қызметтің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы;

      16) жобаны іске асыру – кәсіпкер жүзеге асыратын және қаржы агенттігінің шешімімен айқындалған мақсаттар мен шарттарға қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде тауардың шығу жолында болуы, қызметтер көрсету, лизинг нысанасын пайдалану; негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) салуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) реконструкциялауға және (немесе) күрделі жөндеуге мақұлданған жобалар бойынша – қаржы агенттігінің шешіміне сәйкес пайдалануға беру және кәсіпкердің мәлімделген қызметін жүзеге асыру актісінің болуы;

      17) инвестициялар – негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) салу және (немесе) жаңғырту және (немесе) реконструкциялау және (немесе) күрделі жөндеу, биологиялық және (немесе) материалдық емес активтерді сатып алу. Осы анықтамада көрсетілген мақсаттарға байланысты төлем шоттарына сәйкес негізгі құралдардың/материалдық активтердің құнына енгізілген қосылған құн салығы бойынша шығыстар да инвестицияларға жатады;

      18) кәсіпкер – жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие және өз қызметін осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектісі, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;

      19) кәсіпкердің өтініші – кәсіпкердің қосылу шартына қосу туралы өтініші;

      20) кәсіпкерлікті қолдаудың бұрын бекітілген бағдарламасы/кәсіпкерлікті қолдауды бұрын бекітілген бағдарламалары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі;

      21) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (бұдан әрі – франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы оны басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      22) кредитті/микрокредитті/қаржылық лизинг шартын нысаналы пайдалану – кәсіпкердің қарыз шарты/микрокредит шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша алынған кредитті/микрокредитті/лизингті осы Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес нысаналы пайдалану жиынтығында кәсіпкердің активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде төлегенін, алғанын және пайдаланғанын және (немесе) басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттармен расталады);

      23) көпфункционалды ғимараттар (кешендер) – инженерлік, әлеуметтік, функционалдық өзара байланыстар жүйесімен біріктірілген, заманауи әлеуметтік-мәдени, технологиялық, қала құрылысы және сәулет талаптарына жауап беретін, негізгі функцияларды атқаратын түрлі мақсаттағы үш және одан астам (балалардың келуіне арналған үй-жайлары немесе алаңдары бар екі) объектілерді орналастыруға арналған және кинотеатрлардың, фуд-корттардың болуын болдырмайтын біртұтас сәулет тобы немесе жеке тұрған ғимараттар;

      24) қайта қаржыландыру – кәсіпкерге бұрын берілген кредиттерді кредит/лизинг қаражаты есебінен алмастыру, бұл ретте қайта қаржыландыру сомасына сыйақыны, айыппұлдарды, өсімпұлдарды және сот тәртібімен де, соттан тыс тәртіппен де берешекті өндіріп алуға байланысты өзге де төлемдерді есепке алмағанда негізгі борыш кіреді;

      25) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      26) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      27) қаржылық лизинг шарты – шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг беретін лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім;

      28) қосылу шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін және қаржы агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылатын, жалпы ұсынылған шартқа қосылу жолымен талаптарын кәсіпкер және банк/лизингтік компания қабылдайтын стандартты нысандағы қосылу шарты нысанындағы субсидиялау шарты;

      29) қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі – осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген тәртіппен келісілген, субсидияланатын және субсидияланбайтын бөліктерге бөле отырып, банк/лизингтік компания мен қарыз алушы арасындағы банктік қарыз/қаржылық лизинг шарты шеңберінде қол қойылатын кесте;

      30) лизингтік компания – қызметін осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын лизингтік мәмілеге қатысушы;

      31) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған, келісілген іс-қимылдарының жиынтығы;

      32) мемлекеттік даму институттары – экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

      33) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік және жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      34) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым;

      35) микрокредит – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шартымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;

      36) микрокредит бойынша шарт – оған сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға микрокредит беретін микрокредит беру туралы шарт;

      37) өңірлік үйлестіруші – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      38) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару жолымен ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;

      39) синдикат – бір-бірімен келісе отырып беруге немесе кәсіпкерге әрбір кредитор үшін шартта/барлық кредиторлармен бірыңғай шартта көзделген мөлшерде және мерзімдерде кредит беруге міндеттенетін бірнеше кредиторлардың кредиті, ал егер оларды төлеу міндеті кредитормен (-лармен) шартта/кредиторлармен бірыңғай шартта көзделген болса, кәсіпкер кредиторларға олардан алынған кредитті қайтаруға, сыйақы, сондай-ақ өзге де төлемдерді төлеуге міндеттенеді;

      40) синдикат кредиторы (кредитор-банк) – екінші деңгейдегі банк;

      41) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;

      42) субсидиялау – кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды болашақта орындаудың орнына кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны.

      Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері де субсидиялауға жатады. Мұндай жағдайда осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялау құралы бойынша қолдау тапқан кәсіпкерлердің кредиттерін әкімшілендіру (сүйемелдеу) функцияларын осындай кредиттерді арнайы қаржы компаниясына берген банк жүзеге асырады.

      Секьюритилендіру тетігі: арнайы қаржы компаниясының бөлінген банк активтерімен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы; қаржы агенттігінің арнайы қаржы компаниясы шығарған, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды сатып алуы (секьюритилендіру мәмілесі); арнайы қаржы компаниясының банкке қаржы агенттігінен тартылған қаражатты беруі арқылы кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысанын көздейді;

      43) субсидиялау шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалатын, шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайтын үшжақты жазбаша келісім;

      44) сыртқы бағалау ("жасыл" жоба бойынша) – "жасыл" таксономия жобаларының кіші секторларына іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жобаның осы кіші сектор үшін көзделген шекті мәндерді сақтау бөлігінде сәйкестігін бағалау рәсімі;

      45) сыртқы бағалау провайдері – қаралып отырған жобаның "жасыл" таксономияның шекті мәніне сәйкестігі туралы тиісті қорытынды дайындай отырып, іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;

      46) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      47) үлестес/байланысты тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1, 16, 20-тармақтарына, 64-бабының 1-1 және 2-тармақтарына, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 1)-11) тармақтарына, 41-бабының 2-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар;

      48) шекті мән ("жасыл" таксономияның кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт) – "жасыл" таксономияның кіші секторы үшін белгіленген жобалардың немесе активтердің сандық және сапалық өлшемшарттарының шекті мәндері, оларға қол жеткізу жобаларды "жасыл", яғни тиісті "жасыл" таксономия ретінде саралау үшін қажет. Кіші сектор бойынша шекті өлшемшарт сертификаттау/таңбалау талаптарында ("жасыл" таксономияда көрсетілген стандарттардың талаптарына сәйкестікті растау не жекелеген кіші секторларға қатысты таңбалардың болуы) көрсетілуі мүмкін;

      49) Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) – экономикалық қызмет түрлерін жіктеу және кодтау тәртібін белгілейтін ұлттық жіктеуіш;

      50) экономикалық орынсыздық – жоспарланған жобадан тиімділіктің болмауы, оның ішінде жұмыс орындарын құру және (немесе) салықтарды ұлғайту жөніндегі өлшемшарттың орындалмауы, жоба мақсатының ЭҚЖЖ мәлімдегенге сәйкес келмеуі және осы Субсидиялау қағидаларына сәйкес өзге де талаптар;

      51) электрондық құжаттар топтамасы – мемлекеттік көрсетілген қызметті алушы өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, төлнұсқа құжаттың түрін және мәліметтерін (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжаттар;

      52) электрондық өтінім – мемлекеттік қолдау алуға өтінім, ондағы ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.

      4. Субсидиялау кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша сыйақы ретінде кәсіпкерлер төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      5. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      6. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, жеке кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғаларды субсидиялау үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджет және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржы агенттігіне қаражатты аударуға өздерінің араларында жасалатын шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.

      Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға көзделген қаражат "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19959 болып тіркелген) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шартының негізінде өңірлік үйлестіруші субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанына сәйкес қаржы агенттігіне аударады.

      Кәсіпкерлікті қолдаудың бұрын қолданыста болған бағдарламалары шеңберінде мақұлданған және қол қойылған жобалар бойынша субсидиялау нысанында қолдау шараларын қаржыландыру кәсіпкерлікті қолдаудың осы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан субсидиялауға бөлінген және бұрын қолданыста болған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде пайдаланылмаған қаражатты пайдалануға жол беріледі.

      Субсидиялау үшін бөлінген және бұрын қолданыста болған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде жергілікті және/немесе республикалық бюджеттер қаражаты есебінен аударылған қаражатты қаржы агенттігі толық игерілгенге дейін пайдаланады.

      Тиісті қаржы жылында бекітілген жаңа жобалар шеңберінде кредиттер/лизинг бойынша субсидиялау үшін бюджетті бөлу:

      бюджет қаражатының 50 %-на дейін өңдеу өнеркәсібіне;

      бюджет қаражатының 30 %-на дейін көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша қызметке, оның ішінде сауда қызметі саласында;

      бюджет қаражатының 20 % – микро кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне (20 (жиырма) миллион теңгеге дейінгі кредиттер) жүзеге асырылады.

      Бұл ретте қаржы агенттігінің қаражаттың көрсетілген пропорционалдығын өзгертуіне және өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қолдау шеңберінде және/немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынуға және сауда қызметі саласында және/немесе субсидиялау қажеттілігіне қарай микрокәсіпкерлік субъектілерінің арасында өзара қайта бөлуіне жол беріледі.

      7. Өңірлік үйлестірушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың даму жоспарларын әзірлеу кезінде осы Субсидиялау қағидаларының ережелерін ескереді.

      8. Кәсіпкерге осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде мынадай:

      1) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау;

      2) өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтерде шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау;

      3) моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау;

      4) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялау;

      5) шағын жеке және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағыттары бойынша кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде қолдау көрсетіледі.

      9. Қаржы агенттігі тиімділіктің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылғы шілдеден кешіктірмей, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының іске асырылуын кредиттер/лизинг/исламдық қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бөлігінде мониторингтеудің нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.

      10. Қаржы агенттігі өңірлік және салалық бөліністердегі шағын және орта кәсіпкерліктің ағымдағы жай-күйі мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің серпінін кешенді жалпыреспубликалық талдауды көрсететін, Қазақстанда және оның өңірлерінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жай-күйі туралы есептің жыл сайынғы шығарылымын, Қазақстанның әрбір өңірінің шағын және орта кәсіпкерлік секторына жеке-жеке шолуды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай және қаржылай емес қолдаудың қолданыстағы инфрақұрылымы бойынша өзекті ақпаратты дайындайды.

      11. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде:

      1) мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын;

      2) банктердің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде арзандатылған кредиттерін/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;

      3) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) қайтарымды, қайталама немесе сублизинг бойынша;

      6) ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған;

      7) мыналарды:

      үлестес/байланысты тұлғаның құрылыс жөніндегі қызметті жүзеге асыруына растайтын құжат болған жағдайда, жаңа және (немесе) қолданыстағы объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) салуды (оның ішінде кеңейту, жаңғырту, техникалық жаңарту, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу);

      Қазақстан Республикасының аумағында ресми дистрибьюторлар болып табылатын үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      егер мұндай тауарды, шикізатты және/немесе материалдарды үлестес/байланысты тұлға өндірген жағдайда, үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, шикізатты және/немесе материалдарды сатып алуды қоспағанда үлестес/байланысты тұлғалардан негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлік объектілері түріндегі тауарларды, активтерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған;

      8) жеңіл автомобильдерді (шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдерді қоспағанда) сатып алуға, оның ішінде "Такси қызметі" ЭҚЖЖ 49.32 коды бойынша қызметке ("жасыл" жобаларды, сондай-ақ құны 1 (бір) бірлік үшін 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда), "Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизингтеу" 77.11 ЭҚЖЖ коды бойынша жеңіл автомобильдерді жалға алуға және лизингке беруге (1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға және лизингке беруді қоспағанда) бағытталған;

      9) жылжымайтын мүлікпен операцияларды (жеке тұрғын үй құрылысы бойынша апартаменттерді, пәтерлерді, тұрғын үйлерді, жер учаскелерін сатып алу/жалға алу/қосалқы жалдау) жүзеге асыруға бағытталған;

      10) сатып алынатын жобаның 20 %-нан аз қосымша жаңғыртусыз бұрын субсидиялау және/немесе кепілдік алған дайын және пайдалануға берілген/жұмыс істеп тұрған жобаны сатып алуға бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      11) салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуге бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      12) экономикалық тұрғыдан орынсыз жобалар субсидиялауға жатпайды.

      12. Мыналар:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      2) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, жобаны тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;

      3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі кәсіпкерлер;

      4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;

      5) кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

      6) кредит/микрокредит есебінен сатып алынған тұлғаға активті сатуды/сыйға тартуды/сенімгерлік басқаруға беруді/жалға алуды/өтеусіз пайдалануды жүзеге асырған және/немесе жүзеге асыруды жоспарлаған, оның ішінде осы тұлғаға қосылу немесе осы тұлғамен бірігу нысанында кәсіпкердің кәсіпорнын қайта ұйымдастыруды жүзеге асыратын және/немесе жоспарлайтын кәсіпкерлер. Мониторинг барысында осы тармақшада көрсетілген жағдайлар анықталған кезде субсидиялау тоқтатылады және бұрын төленген субсидиялар қайтарылуға жатады;

      7) субсидиялауға өтінім беру сәтінде жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтата тұрған кәсіпкерлер осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде қатысушылар бола алмайды.

      13. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде алынған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша кәсіпкердің өнім берушілермен, мердігерлермен, өзге де контрагенттермен есеп айырысуы қолма-қол ақшасыз төлем нысанында жүзеге асырылады.

      14. Қатысушы лизингтік компанияларға қойылатын ең төменгі талаптар, атап айтқанда:

      1) лизингтік компанияның меншікті капиталы өтініш берілген кезден бастап айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша және субсидиялау лимиті мерзімінің соңына дейін 1 (бір) миллиард теңгеден төмен емес;

      2) негізгі қызметті өтінім беру алдында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асыру.

2-тарау. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі

1-параграф. "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

      15. Экономикалық қызметтің басым түрлерінде меншікті және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кәсіпкердің тіркелген жерін ескермей-ақ, "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағытына қатысушылар болып табылады.

      Кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі ұлттық валютада беріледі.

      16. "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағытына қатысушылар да қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қаулымен бекітілетін "жасыл" жобалардың сыныптамасына (таксономиясына) сәйкес "жасыл" жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер болып табылады.

      17. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар (оның ішінде "жасыл" жобалар), сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар/"жасыл" жобалар деп қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Сондай-ақ кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын растайды.

      Бұл ретте жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптар қолданылмайды.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін және іске асырылатын жобада субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін шекті мәнге ("жасыл" таксономия кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт болған кезде) қол жеткізуді көздейтін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады (осы өлшемшартты орындау мерзімін ұзарту сыртқы бағалаумен айқындалған объективті себептер болған кезде қаржы агенттігінің шешімі негізінде жүзеге асырылады).

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тауарларды таңбалауға арналған жабдықты сатып алуға бағытталған қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      18. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа тиімді инвестициялық жобаларды (оның ішінде "жасыл" жобаларды), сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды/"жасыл" жобаларды іске асыру мерзімі қаржы агенттігі шешім шығарған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс. Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мерзім өткеннен кейін қаржы агенттігінің шешімі негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.

      19. Мыналарды:

      1) Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

      2) ломбардтардың, микроқаржы, факторинг ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобаларды салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілетін банктердің кредиттеріне де қолданылады.

      20. Субсидиялауға:

      1) жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер, сондай-ақ жоба қаржы агенттігіне қарауға енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары;

      2) осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, жоба қаржы агенттігіне қарауға енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар және кредиттік серіктестіктер, қаржы ұйымдары бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      3) егер кредиттеу негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын болса, айналым қаражатын толықтыруға берілген, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын немесе 500 (бес жүз) миллион теңгеден аспайтын сомадағы кредиттер;

      4) бір кәсіпкер үшін 100 % айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды, осы Субсидиялау қағидаларының 11-тармағының 11) тармақшасына сәйкес салықтарды төлеуді қоспағанда) бағытталған 500 (бес жүз) миллион теңгеге дейінгі кредиттер;

      5) қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер (айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі);

      6) егер кредиттеу негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын болса, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер де жатады.

      21. Мына:

      ауданы кемінде 1000 (бір мың) шаршы метр сауда орталықтарын, заманауи форматтағы сауда объектілерін және сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді (сауда ойын-сауық орталықтарын қоспағанда) салу, кеңейту;

      ауданы кемінде 1000 (бір мың) шаршы метр сауда орталықтарындағы, сауда ойын-сауық орталықтарындағы сауда алаңдары ретінде үй-жайларды реконструкциялау жобалары бойынша субсидиялауға жол беріледі.

      Кәсіпкерлердің жобаларына мынадай экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қолдау көрсетіледі:

      ЭҚЖЖ 47.11 "Мамандандырылмаған дүкендерде көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату";

      астанадағы, республикалық маңызы бар қалалардағы жобаларды қоспағанда, ЭҚЖЖ 68.20.1 "Жеке меншік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару".

      Осы тармақтың шарттарына сәйкес келетін жобалар бойынша:

      сауда жабдығын сатып алуға;

      сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден аспайтын бір бизнес-жоба шеңберінде бір өңірде орналасқан екі немесе одан астам объектіні іске асыруға жол беріледі. Бұл ретте екі және одан астам жобаны бір объект (физикалық немесе технологиялық жағынан ажырамайтындай байланысқан біртұтас ғимарат/құрылыс/объект болып табылады) ретінде қаржыландыруға жол берілмейді.

      Сауда орталықтары/заманауи форматтағы сауда объектілері/сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендер үшін мыналар міндетті шарттар болып табылады:

      ҚР СТ 3836 ""Қазақстанда жасалған" таңбалау белгісі". Техникалық талаптар" және ҚР СТ 3837 "Қазақстанда жасалған" таңбалау белгісін қолдану тәртібі. Жалпы ережелер" Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес "Қазақстанда жасалған" таңбасы бар отандық өндірістің азық-түлік емес тауарларын өткізу үшін, сауда алаңында және (немесе) жалпы сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде жиырма пайызын құрайтын сауда алаңында және (немесе) сөре кеңістігінде орналастыруды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 8-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес, Қазақстан Республикасының СТ 3836 "Қазақстанда жасалған". Техникалық талаптар" таңба белгісі" ұлттық стандарттарының және және ҚР СТ 3837 "Қазақстанда жасалған" белгісін қолдану тәртібінің талаптарына сәйкес "Қазақстанда жасалған" таңбасы бар отандық өндірілген тамақ өнімдерін сауда алаңында және (немесе) жалпы сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде жиырма пайызын құрайтын сауда алаңында және (немесе) сөре кеңістігінде өткізу үшін қосымша орналастыруды қамтамасыз ету;

      объектінің аумағында азық-түлік тауарларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу;

      Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2023 жылғы 13 ақпандағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген ҚР СТ 3833 "Тауарлар мен қызметтерді сәйкестендіру және оларды кодификациялау тәртібі. Негізгі ережелер" ұлттық стандартына сәйкес тауарлардың ұлттық каталогын қолдану.

      Осы тармақта көрсетілген шарттар моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын сауда қызметі саласындағы жобалар бойынша қолдауды шектемейді.

      22. Кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қолданыстағы барлық кредиттер/лизингтік мәмілелер ескеріле отырып белгіленеді. Бұл ретте инвестициялық жобалар бойынша кредит/лизинг сомасы бір кәсіпкер үшін, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін 3 (үш) миллиард теңгеден аспайды және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі ескерілмей есептеледі. Егер бірнеше үлестес кәсіпкерге бір бизнес-жобаны іске асыру үшін кредит/лизинг берілген жағдайда, онда бұл сома 3 (үш) миллиард теңгеден аспауға болмайды.

      Бір мезгілде мына 2 (екі):

      жоба бір объект ретінде (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан ажырағысыз байланысқан бірыңғай ғимарат/құрылыс/объект болып табылады) іске асырылады;

      жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады.

      Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

      500 (бес жүз) миллион теңгеден астам сомасы бар кредиттер бойынша (берешектің жалпы сомасын есептеу кезінде кәсіпкердің жобалары бойынша қолданыстағы барлық кредиттер ескеріледі) бір кәсіпкер үшін кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша үлестес/байланысты тұлғалар/компаниялар бойынша берешекті есепке алмағанда, субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап қойылады. Осы абзацтың шарттары орындалмаған жағдайда субсидиялар төлеу тоқтатылады және кәсіпкер төленген субсидиялар сомасын толық көлемде өтейді.

      23. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі мыналарды құрайды:

      өңдеу өнеркәсібінде, оның ішінде осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттерге субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жыл;

      осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді ұсыну және өзге де қызмет түрлері, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер бойынша қызметте субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жыл.

      Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.

      Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      24. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкімі және/немесе өзге де құжаты және/немесе актісі негізінде кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде және берілген мерзімін ұзарту үшін кредит мерзімін ұлғайту кезде осы Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі кейінге қалдырылған мерзімге ұзартылады.

      25. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      26. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігінің мақұлдауын алған жобалары басқа банктерде/лизингтік компанияларда субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарда қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      27. Осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі саласындағы субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және оның ішінде 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады:

      алғашқы 3 жылды 8 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

      4-ші жылды 9 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

      5-ші жылды 10 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

      Осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету және өзге де қызмет түрлері саласындағы субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша, сондай-ақ "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде 9 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемелері бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен және кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      28. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме есепке алынады.

      29. Мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеу);

      5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, банк/лизингтік компания кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      30. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы жылы өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе басқа да төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойылған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге қайтарылуға жатады.

      31. Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді осы Субсидиялау қағидаларының 30-тармағында көрсетілген мерзімде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді.

      32. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг субсидиялауға жатады.

      33. Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері субсидиялауға жатады. Бұл ретте қаржы агенттігі өз қаражаты не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен секьюритилендірілген облигацияларды сатып алады.

2-параграф. "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

      34. Экономиканың басым секторларында меншікті және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер осы Субсидиялау қағидаларына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес тізбе бойынша кәсіпкердің тіркелген жерін ескермей-ақ, "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағытына қатысушылар болып табылады.

      Кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі ұлттық валютада беріледі.

      35. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа және қолданыстағы кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп:

      салық аударымдары және (немесе) еңбекке ақы төлеу қорының өсуі және (немесе) кәсіпкер қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі алдыңғы 2 (екі) қаржы жылы үшін кірістердің өсуі бойынша оң серпіні бар кәсіпкерлердің жобалары – тіркеу мерзімі 3 (үш) жылдан кем кәсіпкерлерге бұл өлшемшарттар жатпайды;

      қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Сондай-ақ кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып және көбейте отырып еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын растайды.

      Бұл ретте жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.

      Сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден асатын жобалары бар шағын кәсіпкерлік субъектісі 3 (үш) қаржы жылы өткеннен кейін Кодекстің 24-бабында көзделген көрсеткіштеріне сәйкес орта кәсіпкерлік субъектісінің санатына көшуді растайды, осы тармақтың шарты орындалмаған жағдайда субсидиялар төлеу тоқтатылады.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптар қолданылмайды.

      36. Жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру мерзімі қаржы агенттігі шешім шығарған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс. Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мерзім өткеннен кейін қаржы агенттігінің шешімі негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.

      37. Субсидиялауға мыналар да жатады:

      1) жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, сондай-ақ "Қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы күшіне енгеннен кейін банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары;

      2) агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу саласындағы 100 % айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда, осы Субсидиялау қағидаларының 11-тармағының 11) тармақшасына сәйкес салықтарды төлеу) бағытталған кредиттер;

      3) кәсіпкердің бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде өңдеу өнеркәсібі, энергетика өндіру, көрсетілетін қызметтер және тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер;

      4) қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер (айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі);

      5) бір кәсіпкер үшін айналым қаражатын толықтыруға және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизингі шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептелетін 5 (бес) миллиард теңгеге дейінгі кредиттер.

      38. Инвестициялық жобалар бойынша кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын барлық қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер ескеріле отырып белгіленеді. Бұл ретте инвестициялық жобалар бойынша кредит/лизинг сомасы бір кәсіпкер үшін 15 (он бес) миллиард теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі ескерілмей есептеледі. Егер бірнеше үлестес/байланысты кәсіпкерлерге бір бизнес-жобаны іске асыру үшін кредит/лизинг берілген жағдайда, онда бұл сома 15 (он бес) миллиард теңгеден аспауға тиіс.

      Бір мезгілде мына 2 (екі):

      жоба бір объект ретінде (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан ажырағысыз байланысқан бірыңғай ғимарат/құрылыс/объект болып табылады) іске асырылатын;

      жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылатын өлшемшартқа сәйкес келетін екі және одан астам жобалардың жиынтығы бір бизнес-жоба болып саналады.

      Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

      39. 500 (бес жүз) миллион теңгеден астам сомасы бар кредиттер бойынша (берешектің жалпы сомасын есептеу кезінде кәсіпкердің жобалары бойынша қолданыстағы барлық кредиттер ескеріледі) бір кәсіпкер үшін қаржылық лизингонымен үлестес/ байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда, субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап қойылады, сондай-ақ 10 (он) миллиард теңгеден астам сомамен тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет, оны қаржы агенттігі субсидиялауға өтінімді қарау кезінде тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органнан сұратады.

      Кәсіпкер көрсетілген қорытындыны алғанға дейін банкке/лизингтік компанияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш беруші бекіткен жобаның паспорты (мына ақпаратты қоса алғанда: өтініш берушінің толық атауы; заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефон); бірінші басшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы); өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні; өтініш берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі; саланың, кіші саланың атауы; негізгі қызмет түрі (ЭҚЖЖ кодын көрсете отырып); 3 (үш) жыл ішінде заттай мәнде шығарылатын өнім номенклатурасы; өтініш берушінің белгіленген қуаты (заттай және ақшалай мәнде); қуаттардың ағымдағы жүктемесі (пайыз); өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайыз); ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам);

      2) өтініш беруші бекіткен жобаның бизнес-жоспары;

      3) өтініш беруші бекіткен жобаны іске асыру жоспар-кестесі.

      Банк/лизингтік компания осы тармақта көрсетілген құжаттарды мақұлдаған жағдайда, оларды банк/лизингтік компания банктің/лизингтік компанияның кредиттік комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне жібереді. Банктің/лизингтік компанияның кредиттік комиссиясының шешімі көрсетілген құжаттармен бір мезгілде жіберіледі.

      Субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу жөніндегі талап орындалмаған жағдайда субсидиялар төлеу тоқтатылады және кәсіпкер төленген субсидиялар сомасын толық көлемде өтейді.

      40. Қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде банктен/лизингтік компаниядан келіп түскен құжаттарды осы Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Олар шарттарға сәйкес келген жағдайда салалық қорытындыны алу үшін тиісті салалық орталық уәкілетті органға сұрау салу жіберіледі.

      Салалық қорытындыны тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органдар қаржы агенттігінен сұрау салу келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      41. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің Жобалардың қаржылық көрсеткіштерін бағалау әдістемесіне сәйкес кредиттер/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға қажеттіліктің жоқтығын көрсететін қаржылық көрсеткіштері кезінде (өтелу мерзімін, таза пайданы, кірістіліктің ішкі нормасын, ақша ағындарын ескере отырып) онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда, бір кәсіпкер үшін қарыз сомасы 10 (он) миллиард теңгеден асатын инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг бойынша қаржы агенттігі қаржылық лизингсубсидиялаудан бас тартады. Жобалардың қаржылық көрсеткіштерін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) қаржы агенттігінің ішкі нормативтік құжаттарымен бекітіледі және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

      Бір кәсіпкер үшін кредиттер сомасы 10 (он) миллиард теңгеден жоғары болған кезде, онымен үлестес/ байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда, жоба бойынша кірістіліктің ішкі нормасының көрсеткіші 12 %-дан аспайтын кредиттер субсидиялауға жатады. Субсидиялау мерзімі Әдістемеге сәйкес өтелу мерзімінен аспайтын, бірақ осы Қағидаларда көзделген мерзімнен аспайтын мерзімге белгіленеді.

      Субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылдан аспайтын онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешекті есепке алмағанда, бір кәсіпкер үшін сомасы 15 (он бес) миллиард теңгеге дейінгі синдикатталған кредитті субсидиялауға жол беріледі. Бұл ретте инвестициялық жобалар бойынша кредиттер сомасы бір кәсіпкер үшін 15 (он бес) миллиард теңгеден аспауға тиіс.

      42. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі:

      өндеу өнеркәсібінде, энергетика өндірісі осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды;

      көрсетілетін қызметтерді ұсыну мен тау-кен өндіру өнеркәсібі жөніндегі қызметте осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.

      Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.

      Осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес инвестицияларға бағытталған негізгі (басым) экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі бойынша кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі 7 (жеті) жылдан аспайды.

      Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      43. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкімі және/немесе өзге де құжаты және/немесе актісі негізінде кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде және кейінге қалдыру мерзіміне кредит мерзімін ұлғайту кезінде осы Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі кейінге қалдырылған мерзімге ұзартылады.

      44. ЭҚЖЖ 55.10 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатын "3", "4" және "5" жұлдыз санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша жобаларға кредит беру кезінде кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзіммен 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды. Бұл шарт осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 55.10 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 55.20 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 55.30 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды.

      45. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы субсидиялау, осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес энергетика өндірісі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде:

      алғашқы 3 жылды 8 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

      4-ші жылды 9 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

      5-ші жылды 10 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Жоғарыда белгіленген субсидиялау тәртібі осы субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) қызмет түрлерінің тізбесі бойынша жобаларды субсидиялау кезінде де қолданылады. Бұл ретте 6-шы және 7-ші жылдары кәсіпкер – 10% төлейді, ал айырманы мемлекет субсидиялайды.

      Осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтер және тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер/қаржылық лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде 9 % кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемелері бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда және кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      46. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме есепке алынады.

      47. Мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеу);

      5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді;

      6) банк-агенттің көрсетілетін қызметтерін (синдикатталған кредит бойынша) қоспағанда, банк/лизингтік компания/банк-агент/банк-кредитор кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      48. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы жылы өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойылған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге қайтарылуға жатады.

      49. Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді осы Субсидиялау қағидаларының 48-тармағында көрсетілген мерзімде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      50. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг субсидиялауға жатады.

      51. Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері субсидиялауға жатады. Бұл ретте қаржы агенттігі өз қаражаты не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен секьюритилендірілген облигацияларды сатып алады.

3-параграф. "Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

      52. "Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау" бағытына қатысушылар жеке және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер болып табылады. Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар іске асырылу орны мен кәсіпкердің тіркелген орны ескеріліп, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Бұл ретте республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде бір кәсіпкер үшін 100 (жүз) миллион теңгеден аспайтын сомаға сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол беріледі және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмай есептеледі (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және осы Субсидиялау қағидаларының 11-тармағының 11) тармақшасына сәйкес кәсіпкердің негізгі қызметті жүзеге асыруына, салық төлеуіне байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда).

      Сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзінің тұрғын емес үй-жайы немесе сауда үшін жалға берілетін алаңы болған кезде 100 (жүз) миллион теңгеден аспайтын сомаға субсидиялауға жол беріледі.

      53. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Сондай-ақ кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын растайды.

      Бұл ретте жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптар қолданылмайды.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін және іске асырылатын жобада субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін шекті мәнге ("жасыл" таксономия кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт болған кезде) қол жеткізуді көздейтін жаңа кредиттер бойынша да жүзеге асырылады (осы өлшемшартты орындау мерзімін ұзарту сыртқы бағалаумен айқындалған объективті себептер болған кезде қаржы агенттігінің шешімі негізінде жүзеге асырылады).

      Жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру мерзімі қаржы агенттігі шешім шығарған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс. Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мерзім өткеннен кейін қаржы агенттігінің шешімі негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.

      54. Субсидиялауға мыналар да жатады:

      1) жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер, сондай-ақ жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары;

      2) осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар және кредиттік серіктестіктер, қаржы ұйымдары бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      3) бір кәсіпкер үшін 100 % айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда, осы Субсидиялау қағидаларының 11-тармағының 11) тармақшасына сәйкес салықтарды төлеу) бағытталған 500 (бес жүз) миллион теңгеге дейінгі кредиттер;

      4) қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер (айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуі тиіс);

      5) егер кредиттеу негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын болса, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер.

      55. Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендердегі, оның ішінде моно- және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі жобалар бойынша қолданыстағы барлық кредиттерді/лизингтік мәмілелерді ескере отырып, кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 1,5 миллиард теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті /қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмай есептеледі.

      Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

      500 (бес жүз) миллион теңгеден астам сомасы бар кредиттер бойынша (берешектің жалпы сомасын есептеу кезінде кәсіпкердің жобалары бойынша қолданыстағы барлық кредиттер ескеріледі) бір кәсіпкер үшін қаржылық лизингонымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда, субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап қойылады. Субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу жөніндегі талап орындалмаған жағдайда субсидиялар төлеу тоқтатылады және кәсіпкер төленген субсидиялар сомасын толық көлемде өтейді.

      56. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      57. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкімі және/немесе өзге де құжаты және/немесе актісі негізінде кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде және кейінге қалдыру мерзіміне кредит мерзімін ұлғайту кезінде осы Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі кейінге қалдырылған мерзімге ұзартылады.

      58. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      59. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігінің мақұлдауын алған жобаларын басқа банктерде/лизингтік компанияларда субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруға жол беріледі.

      60. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырылады, оның ішінде:

      өңдеу өнеркәсібі саласында, сондай-ақ "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша 7 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды;

      көрсетілетін қызметтер салаларында және өзге де қызмет түрлерінде 10 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемелері бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қолданылады.

      61. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме есепке алынады.

      62. Мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеу);

      5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, банк/лизингтік компания кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      63. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы жылы өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе басқа да төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойылған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге қайтарылуға жатады.

      64. Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді осы Субсидиялау қағидаларының 63-тармағында көрсетілген мерзімде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      65. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг субсидиялауға жатады.

      66. Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері субсидиялауға жатады. Бұл ретте қаржы агенттігі өз қаражаты не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен секьюритилендірілген облигацияларды сатып алады.

4-параграф. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары

      67. Кодекстің 232-1-бабында көзделген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау салалық шектеулерсіз және жобаны тіркеу және іске асыру орны ескерілмей жүзеге асырылады.

      68. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін банктің/лизингтік компаниялардың жаңа кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша жүзеге асырылады.

      69. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қайта қаржыландыруға бағытталған, бұрын банктер/лизингтік компаниялар қаржы агенттігіне жоба енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) берген және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.

      Қаржы агенттігінің субсидиялау құралы бойынша мақұлдауын алған әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру мерзімі қаржы агенттігі шешім шығарған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс. Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мерзім өткеннен кейін қаржы агенттігінің шешімі негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.

      70. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау әлеуметтік кәсіпкерлік шеңберінде мына:

      инвестициялау (негізгі құралдарды сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) қолданыстағы бизнесті кеңейту);

      айналым қаражатын толықтыру (кредиттерге/лизингтік мәмілелерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің негізгі қызметті жүзеге асыруымен байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) мақсаттарына берілетін кредиттер/лизинг бойынша жүзеге асырылады.

      71. Қаржы агенттігіне жоба енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/лизингтік мәмілелер де Жаңа кредиттерге/лизингтік мәмілелерге жатады.

      72. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/лизинг сомасы бір әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі үшін 1,5 миллиард теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметті жүзеге асыруына, осы Субсидиялау қағидаларының 11-тармағының 11) тармақшасына сәйкес салық төлеуіне байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) кредит сомасы әлеуметтік кәсіпкерліктің бір субъектісі үшін 500 (бес жүз) миллион теңгеге дейін құрайды және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегін есепке алмай есептеледі.

      500 (бес жүз) миллион теңгеден астам сомасы бар кредиттер бойынша (берешектің жалпы сомасын есептеу кезінде кәсіпкердің жобалары бойынша қолданыстағы барлық кредиттер ескеріледі) бір әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі үшін онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті есепке алмағанда, субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап қойылады.

      Субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу жөніндегі талап орындалмаған жағдайда субсидиялар төлеу тоқтатылады және кәсіпкер төленген субсидиялар сомасын толық көлемде өтейді.

      73. Субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер/лизинг бойынша жүзеге асырылады, оның 7 %-ын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттармен қолданылады.

      74. Кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.

      75. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/лизингті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігі ағымдағы жылы шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде өтелуге тиіс.

      Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді Субсидиялау қағидаларының осы тармағында көрсетілген мерзімдерде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне уақтылы өтемеген жағдайда, банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

5-параграф. "Шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

      76. "Шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру" (бұдан әрі – Өңірлік бағдарлама) бағыты шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін қаражат бөлу жергілікті бюджеттің микширленген қаражаты/қаржы агенттігінің қаражаты/өзге де қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.

      Өңірлік бағдарлама шеңберінде субсидиялау төтенше жағдай/төтенше жағдай енгізілген кезеңде немесе өзге де жағдайларда жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      77. Төтенше жағдай/төтенше ахуал енгізілген кезеңде субсидиялау шарттарын жергілікті атқарушы орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен жазбаша келіседі.

      78. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау салалық шектеулерсіз жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Республикалық маңызы бар қалаларда/облыс орталықтарында, сондай-ақ Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары Өңірлік бағдарламаға қатысушылар болмайды.

      79. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Өңірлік бағдарлама шеңберінде мына мақсаттарға берілетін кредиттер/микрокредиттер бойынша жүзеге асырылады:

      инвестициялар (негізгі бизнесті сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) қолданыстағы бизнесті кеңейту);

      айналым қаражатын толықтыру (кредиттерге/микрокредиттерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда).

      80. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін банктің/МҚҰ-ның кредиттері/микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      Тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жоба қаржыландырылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауды/ұлғайтуды немесе кірістерді (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсіруді немесе төленетін салықтардың (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі. Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттері/микрокредиттері бойынша осы тармақта көзделген талаптар қолданылмайды.

      Бұл ретте жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру мерзімі қаржы агенттігі шешім шығарған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс. Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мерзім өткеннен кейін қаржы агенттігінің шешімі негізінде 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.

      81. Жоба "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – ӘКК) енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/МҚҰ бұрын берген кредиттер/микрокредиттер де жаңа кредиттерге/микрокредиттерге жатады.

      82. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің сомасы ӘКК мен жергілікті атқарушы орган арасындағы жазбаша келісімге сәйкес бір шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі үшін 500 (бес жүз) миллион теңгеден аспайды және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

      МҚҰ үшін бір шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне қаржыландырудың ең жоғары лимиті 8 000 (сегіз мың) АЕК-тен аспайды.

      83. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 8,5 %-дан аспайтын кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, оның ішінде айырманы ӘКК мен жергілікті атқарушы орган арасындағы жазбаша келісімге сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төлейді. Бұл ретте, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төлейтін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 1% - дан кем болмауы тиіс.

      84. Кредиттер/микрокредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді/микрокредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарттары жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі ӘКК бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      85. Мыналарды:

      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бастама жасайтын кредит беру/микрокредит беру шарттарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды қоспағанда, Өңірлік бағдарлама шеңберінде банк/МҚҰ кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді алмайды.

      86. ӘКК қолданыстағы кредитті/микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда банк/МҚҰ шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылдың басынан бастап ағымдағы жылы ӘКК шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне өтелуге жатады.

      Банк/МҚҰ шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді субсидиялау қағидаларының осы тармағында көрсетілген мерзімдерде уақтылы өтемеген жағдайда банк/МҚҰ ӘКК-ге 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      87. Өңірлік бағдарлама шеңберінде ӘКК мен жергілікті атқарушы орган арасындағы жазбаша келісімге сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың қосымша және/немесе өзге де шарттарына жол беріледі.

6-параграф. Субсидиялар беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимыл жасасуы

      88. Кәсіпкер банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға:

      1) жаңа кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыруға арналған кредит бойынша осы Субсидиялау қағидаларына сәйкес келетін шарттармен банктің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген нысан бойынша кредит/микрокредит беруге/лизингке арналған өтінішпен;

      2) қолданыстағы кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыруға арналған кредит бойынша осы Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      89. Банк/МҚҰ/лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/микрокредит/лизинг беру немесе кредит/микрокредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін осы Субсидиялау қағидаларында/тетікте белгіленген мөлшерге дейін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда қаржы агенттігіне хабарлай отырып, 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жазбаша жауап жолдайды.

      Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында жобаны қарау кезінде оны "жасыл" таксономияның белгілі бір кіші секторына жатқызу жобаның мәлімделетін мақсатына және шеңберінде жобаны іске асыру жоспарланып отырған экономикалық қызмет түріне сәйкес жүзеге асырылады. "Жасыл" таксономияның тиісті кіші секторы бойынша шекті шектеулер болмаған жағдайда, қаралатын жобаны "жасыл" таксономияның белгілі бір кіші секторына жатқызуды банк дербес жүзеге асырады. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қарыз алушыға қаржылық қолдау алуға жәрдемдесу мақсатында банк қарыз алушыны қаржы агенттігіне қайта жібереді және осы қолдауды алу шарттарын түсіндіреді, оның ішінде қаржы агенттігіне қаралатын жобаның "жасыл" таксономияның шекті шектеуіне сәйкестігі туралы сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын ұсынудың ықтимал қажеттігі туралы хабарлайды.

      "Жасыл" таксономия қаралатын жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша шекті шектеуді көздеген жағдайларда, өтініш берушінің қаржы агенттігіне іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан жобаның "жасыл" таксономияның шекті мәніне сәйкестігі туралы сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын ұсынуы осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қаржылық қолдау алудың міндетті шарты болып табылады.

      Жобаларды сыртқы бағалау провайдерлерінің санаттары бойынша "жасыл" таксономияның шекті мәндеріне сәйкестігіне жекелеген ережелер, олар дайындайтын қорытындылардың форматы мен мазмұнына қойылатын талаптар осы Субсидиялау қағидаларының 7-параграфында белгілен. "Жасыл" таксономияны қолдану Қаулымен бекітілетін "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Шекті өлшемшарт сертификаттау/таңбалау ("жасыл" құрылыс, энергия тиімділігі, органикалық өнім өндіру, көлік саласындағы "жасыл" таксономияда көрсетілген стандарттар мен таңбаланымдардың талаптарына сәйкестікті растау) болып табылатын жағдайларда, тиісті сертификаттарды/таңбаланымдарды ұсыну жеткілікті растау (сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысына балама) болып табылады. Белгіленген жоба бойынша стандарттарға, таңбаларға және талаптарға жоспарланған сәйкестік мәлімделетін жағдайларда ғана сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын алу талап етіледі. Кейіннен осы стандарттарға, таңбалануға және талаптарға сәйкестікті куәландыратын сертификаттар мен құжаттардың көшірмелері қаржыландырудың мақсатты пайдаланылуын растау болып табылады.

      90. Банктің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның оң шешімі бар кәсіпкер қаржы агенттігіне осы Субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнамамен жүгінеді, оған мыналар қоса беріледі:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің қолымен және мөрімен (бар болса) расталған көшірме), кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама;

      2) кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары, ол мыналарды қамтиды:

      қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайларға қолданылады);

      қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу және жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайларға қолданылады);

      сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден асатын "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберіндегі жобалар бойынша 3 (үш) жыл өткеннен кейін кәсіпкер – шағын кәсіпкерлік субъектісінің Кодекстің 24-бабында көзделген көрсеткіштеріне сәйкес орта кәсіпкерлік субъектісі санатына ауысуы;

      "Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша: қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша кезеңдер;

      "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау", "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау", "Моно және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлікті қолдау", "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру", әлеуметтік кәсіпкерлік бағыттары шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімі бойынша 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын шарт;

      3) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);

      4) "жасыл" жоба бойынша сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы/сертификат ("жасыл" таксономия қаралатын жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша шекті шектеуді көздейтін жағдайларда "жасыл" жобаны іске асыру мақсаттары үшін кредит алуға өтініш берілген кезде).

      Кәсіпкер өңірлік/жергілікті үйлестірушіге өтінім дайындау және құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін жүгінеді.

      Кәсіпкер өтінім берген сәтте сұратылып отырған кезең үшін салық берешегінің жоқ екені туралы анықтаманың болуы талап етіледі;

      5) осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес негізгі (басым) экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу жөніндегі талап қойылады;

      6) сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден асатын жобалар бойынша субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу жөніндегі талап қойылады;

      7) сауда орталықтарын/заманауи форматтағы сауда объектілерін/ сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді салу, кеңейту жобалары бойынша мынадай талаптар қойылады:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) 8-1-тармағына сәйкес отандық өндіріс тауарларын орналастыру;

      объектінің аумағында азық-түлік тауарларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" бұйрымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелген).

      Қарыз сомасы 10 (он) миллиард теңгеден асатын инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг бойынша мыналар қоса беріледі:

      өтініш беруші бекіткен, соңғы екі жылдағы ретроспективті деректер (бар болса), қаржыландырудың барлық мерзіміне болжамды деректер және жобаны іске асырудың жоспар-кестесі сияқты қаржылық көрсеткіштері көрсетілген жоба бойынша бизнес-жоспар;

      қаржылық көрсеткіштері көрсетілген жоба бойынша банктің/лизингтік компанияның кредиттік (сараптамалық) қорытындысы;

      бизнес-жоспарда ұсынылған мәліметтерді растайтын және түсіндіретін құжаттар (маркетингтік зерттеулердің нәтижелері, тауар үлгілерінің фотосуреттері, келісімшарттар мен шарттар, рұқсаттар, ұсынымдар, басқа ұйымдардың қолдау хаттары – кадрлық (дағдылар мен кәсіптік іскерліктер, бизнес-идеяның кәсіпкердің білімі мен іскерлігіне қаншалықты жауап беретіні), кәсіпкердің қаржылық есептілігі баптарының деректері таратылып жазылған қаржылық есептер (бар болса). Қажет болған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкерден/банктен/лизингтік компаниядан кәсіпкердің жобасы бойынша қосымша материалдар сұратады;

      өтініш беруші бекіткен жобаның паспорты (мына ақпаратты қоса алғанда: өтініш берушінің толық атауы; заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефон); бірінші басшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы); өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні мен нөмірі; өтініш берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі; саланың, кіші саланың атауы; негізгі қызмет түрі (ЭҚЖЖ кодын көрсете отырып); 3 (үш) жыл ішінде заттай мәнде шығарылатын өнім номенклатурасы; өтініш берушінің белгіленген қуаты (заттай және ақшалай мәнде); қуаттардың ағымдағы жүктемесі (пайыз); өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайыз); ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам);

      8) банктің/МҚҰ/лизингтік компанияның оң шешімі (банк/МҚҰ/лизингтік компания шешімінің хаттамасынан үзінді).

      91. Кәсіпкердің жобасы және (немесе) ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келмеген және (немесе) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға/кәсіпкерге ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.

      Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келген және (немесе) құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, қаржы агенттігі құжаттар топтамасын алғаннан кейін төртінші күні кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысына шығарады.

      Инвестициялық мақсаттарға бағытталған, қарыз сомасы 10 (он) миллиард теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша қаржы агенттігі салалық қорытынды алу үшін тиісті салалық орталық уәкілетті органға сұрау салу жібереді.

      Салалық қорытындыны тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органдар қаржы агенттігінен сұрау салу келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Қажет болған жағдайда орталық уәкілетті мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектісінен қосымша ақпарат/құжаттарды сұратады.

      Қаржы агенттігі жоба осы Субсидиялау қағидаларының 1-тарауының 11, 12 және 13-тармақтарында, 2-тарауының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 10 және 11-параграфтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда дәлелді негіздемесімен субсидиялар беруден бас тартады.

      92. Отырыстар өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен айқындалады.

      93. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылы субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.

      94. Кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасымен ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде және қарыз сомасы 10 (он) миллиард теңгеден асатын инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг бойынша салалық қорытынды келіп түскен күн ішінде қарайды. Бұл ретте қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда, шешімде:

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға бюджетке төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша міндеттемесі ("Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау", "Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша);

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға бюджетке төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша міндеттемесі ("Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша);

      субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу жөніндегі талап;

      кәсіпкердің "жасыл" жоба бойынша көзделіп отырған "жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарына осы шекті өлшемшарттар мыналарды:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестікті (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздеген жағдайларда кәсіпкер ұсынатын сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы негізінде жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң қол жеткізуі жөніндегі міндеттеме:

      "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау", "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау", "Моно және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлікті қолдау", "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру", әлеуметтік кәсіпкерлік бағыттары шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімі бойынша кәсіпкерлердің 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын міндеттемесі көрсетіледі.

      95. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы сауда орталықтарын/заманауи форматтағы сауда объектілерін/сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді салу, кеңейту жобалары бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі шығарылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) 10 %-ға ұлғайту, жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, "Қазақстанда жасалған" деген таңбасы бар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды өткізу үшін сауда орындарының болуы бойынша, сондай-ақ объектінің аумағында азық-түлік тауарларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу бойынша міндеттемелері көрсетіледі.

      96. Қаржы агенттігінің 500 (бес жүз) миллион теңгеден астам сомасы бар уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда, шешімде субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу көрсетіледі.

      Қаржы агенттігінің уәкілетті органы сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден асатын шағын кәсіпкерлік субъектісінің жобалары бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде Кодекстің 24-бабында көзделген көрсеткіштеріне сәйкес 3 (үш) жыл өткеннен кейін кәсіпкердің орта кәсіпкерлік субъектісінің санатына ауысу шарты көрсетіледі.

      Кәсіпкер осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, субсидиялар төлеу тоқтатылады.

      97. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттама ресімдеп, оған қол қояды және шешім оң болған жағдайда осы Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзіндіні, шешім теріс болған жағдайда осы Субсидиялау қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзіндіні (бұдан әрі – тиісті хат) банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға және кәсіпкерге жібереді.

      98. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешімінің қолданылу мерзімі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

      Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау шарттарын жасасу өңірлік үйлестіру кеңесі хаттамасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұрын мақұлданған шарттармен жүзеге асырылады.

7-параграф. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беруі

      99. Кәсіпкер осы Субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім береді, оған мыналар қоса беріледі:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асыру бизнес-жоспары не жоба бойынша сараптамалық қорытынды (банктің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның тиісті жұмыскерінің техникалық-экономикалық қорытындысы/экономикалық қорытындысы, бұл құжаттар болмаған жағдайда жобаның мәнін ашатын басқа құжаттар), сондай-ақ жобаның тиімділігін орындау кезеңдері. Кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары саланың, кіші саланың атауын; негізгі қызмет түрін (ЭҚЖЖ кодын көрсете отырып); 3 (үш) жыл ішінде заттай мәнде шығарылатын өнім номенклатурасын; өтініш берушінің белгіленген қуатын (заттай және ақшалай мәнде); қуаттардың ағымдағы жүктемесін (пайыз); өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуын (пайыз); ағымдағы еңбек өнімділігін (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам) қамтиды.

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекет аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);

      3) банктің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысуға мүмкіндік беретін шарттармен кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасау немесе кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының сканерленген көшірмесі;

      4) сыртқы бағалау провайдері қорытындысының/сертификаттың сканерленген көшірмесі ("жасыл" таксономия қаралатын жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша шекті шектеуді көздейтін жағдайларда, "жасыл" жобаны іске асыру мақсаттары үшін кредит алуға өтініш берген кезде).

      100. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі/жеке кәсіпкерлік субъектісі жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамасы және жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама, кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша мәліметтер, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде айқындалады.

      101. Кәсіпкер құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе оның өтінімін тіркеуден бас тартады.

      102. Кәсіпкердің электрондық өтінімі ақпараттық жүйе арқылы мақұлданған жағдайда мынадай іс-қимылдар жүзеге асырылады:

      1) тіркелген өтінімді осы Субсидиялау қағидалары шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарауға қаржы агенттігіне жіберу;

      2) кәсіпкерден түскен өтінімді қаржы агенттігінің қарауы.

      103. Қаржы агенттігі материалдарды өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      104. Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидалары шарттарына сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенттігі дәлелді бас тарту жібереді.

      105. Кәсіпкер және/немесе ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидалары талаптарына сәйкес келген жағдайда электрондық өтінім толық құжаттар топтамасымен қаржы агенттігінің уәкілетті органына қарауға жіберіледі.

      106. Қаржы агенттігі уәкілетті органының кәсіпкерлердің өтінімдерін қарауы осы Субсидиялау қағидаларының 6-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

      107. Қаржы агенттiгi уәкiлеттi органының шешiмi қолданылу мерзімі қаржы агенттігі уәкiлеттi органының шешiмi қабылданған күннен бастап 6 (алты) ай болатын тиiстi хаттамамен ресiмделедi.

      108. Қаржы агенттігі ақпараттық жүйе арқылы тиісті хатпен хаттамадан үзіндіні жүктейді және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында кәсіпкердің "жеке кабинетіне" жібереді. Бір мезгілде қаржы агенттігі банкке/МҚҰ-ға/лизингік компанияға ілеспе хатпен хаттамадан үзіндіні жібереді.

      109. Қатысушылардың субсидиялар ұсыну үшін бұдан әрі өзара іс-қимылы осы Субсидиялау қағидаларының 8-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

8-параграф. Кредиттер/микрокредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау тетігі

      110. Банк/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігінен қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы шешім оң болған кезде қаржы агенттігі, банк/МҚҰ/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға субсидиялау шартына өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      111. Банк/МҚҰ/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының шеңберінде қолданыстағы кредит/микрокредит/лизинг бойынша субсидиялау шартына қол қойылған/кәсіпкердің өтінішін берген кезге дейін кәсіпкердің банктік қарыз шартында/микрокредит бойынша шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады, ал жаңа/қолданыстағы кредиттер/микрокредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша банк/МҚҰ/лизингтік компания мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/микрокредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (бөгде ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, арнаулы органдардың лизинг нысанасын тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеу) төлемдерді қоспағанда, кәсіпкерден кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттенеді.

      112. Субсидиялау шартын:

      1) банк/МҚҰ/лизингтік компания:

      қаржы агенттігінен хаттаманы/шешімді алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      2) қаржы агенттігі:

      банктен/МҚҰ-дан/лизингтік компаниядан субсидиялау шартын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасасады.

      Субсидиялау шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.

      113. Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушісінен субсидиялау үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылмайды. Қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі келісілмейді/кәсіпкердің өтінішін қаржы агенттігі қабылдамайды.

      114. Егер банк/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының 112-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде субсидиялау шартын уақтылы жасаспаған жағдайда, банк/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.

      115. Егер банктік қарыз шартының/микрокредит бойынша шарттың/қаржылық лизинг шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне, осы Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі банкті/МҚҰ-ны/лизингтік компанияны және кәсіпкерді 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы хабардар етеді.

      116. Банк/МҚҰ/лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

      117. Банк/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, қаржы агенттігі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      118. Субсидиялау шарты кәсіпкер, банк/МҚҰ/лизингтік компания және қаржы агенттігі қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартында субсидиялау шартына қол қойылған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын, бірақ қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен ерте болмайтын мерзімге белгіленуі мүмкін.

      Осы тармақтың күші осы Субсидиялау қағидалары бекітілген күннен бастап мақұлданған жобаларға қолданылады.

      119. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/МҚҰ/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/микрокредит/лизинг бойынша сыйақыны есепке жазу субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/МҚҰ/лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталса, субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/МҚҰ/лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      120. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді.

      Жобалар бойынша субсидиялар тиісті өңірлік үйлестірушіден/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қаражат болған кезде төленеді.

      121. Қосылу шарты бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланған жағдайда, кәсіпкер 3 (үш) айды құрайтын қаржы агенттігінің уәкілетті органының оң шешімінің қолданылу мерзімі ішінде кәсіпкердің өтінішіне қол қояды және банкке/лизингтік компанияға ұсынады. Банк/лизингтік компания кәсіпкердің банктік қарыз/қаржылық лизинг шартымен қоса берілген қол қойылған өтінішін және қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде қаржы агенттігіне қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін жібереді.

      Қаржы агенттігі субсидиялау үшін қаражат болған кезде кәсіпкердің банктік қарыз/қаржылық лизинг шартымен қоса берілген өтінішін және қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін субсидиялаудың толтырылған талаптарының қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне сәйкестігі тұрғысынан қарайды, сондай-ақ қосылу шартына төлемдер кестесін сыйақының субсидияланатын бөлігін есептеудің дұрыстығы тұрғысынан келіседі және кәсіпкердің өтінішін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жауапты жұмыскердің қолымен растайды.

      Ескертулер болған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкердің банктік қарыз/қаржылық лизинг шартымен қоса берілген өтінішін және қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайтарады.

      122. Субсидияларды төлеу банк/лизингтік компания ұсынған және қаржы агенттігі келіскен қосылу шарты (субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін көрсете отырып) бойынша төлемдер кестесінің негізінде жүзеге асырылады.

      123. Қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі бойынша субсидиялау мерзімі банк/лизингтік компания және кәсіпкер төлемдер кестесіне қол қойған күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын белгіленеді. Бұл ретте қосылу шарты бойынша төлемдердің кейінгі кестелері кәсіпкердің өтінішінсіз ұсынылады.

      124. Жобалар бойынша субсидиялар тиісті өңірлік үйлестірушіден/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қаражат болған кезде төленеді.

      125. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу кәсіпкер, банк/лизингтік компания қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне қол қойған күннен кейінгі күннен басталатын жағдайда, кәсіпкер, банк/лизингтік компания қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      126. Банк қаржы агенттігіне субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      127. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар/МҚҰ қаржы агенттігімен келісу бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда лизингтік компания/МҚҰ субсидияларды аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      128. Өңірлік үйлестіруші сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылы осы Субсидиялау қағидаларын іске асыруға бөлінген соманың 50%-ы мөлшерінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      129. Осы Субсидиялау қағидаларыны іске асыру шеңберінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражат аударуға арналған шартқа сәйкес жүзеге асырады.

      130. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) банктегі/даму банкіндегі/банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін электрондық пошта бойынша жіберу арқылы банкті/даму банкін/МҚҰ-ны/лизингтік компанияны бір мезгілде хабардар етеді. Хабарламада банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүзеге асырылған кезең көрсетіледі.

      131. Банктің/даму банкінің/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі төмендеген және қаржылық жағдайының өзге де нашарлау белгілері орын алған (бір немесе бірнеше жағдайдың басталуы), оның ішінде:

      Standard&Poors рейтингтер шәкілі бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктер беретін кредиттік рейтингі "В" деңгейінен төмендеген;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;

      пруденциялық нормативтер қатарынан 2 (екі) ай бойы бұзылған кезде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның кәсіпкердің кредит/микрокредит/лизинг бойынша толық төлем жүргізу (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) фактісі туралы хабарламасының негізінде не субсидиялау шарттарына төлем кестелерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін өтейтін төлемдермен жүзеге асырады.

      Банкте/даму банкінде/банк-төлем агентінде жоғарыда аталған көрсеткіштер түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер кестесін/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      132. Банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялар сомасын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Банк/даму банкі/банк-төлем агенті шоттардағы қаражатты жалпы ағымдағы қалдықтардан есептеп шығара алмайды.

      Бұл ретте банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына төлемдер кестесі бойынша жоспарлы төлемнен аспайтын қалдық сомасы шегінде ішінара мерзімінен бұрын өтеуге сәйкес есептелген өзгертілген өтеу кестелері бойынша субсидияларды өтеуді жүзеге асырады.

      133. Кәсіпкер банкке/даму банкіне/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесіне сай сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.

      134. Кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша (негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) төлемді толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша банк/даму банкі/банк-төлем агенті кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды:

      1) кәсіпкер кредит/микрокредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді өтеген күнге қаржы агенттігінің шотында қаражат болған кезде;

      2) кесте бойынша өтеу күнінен кейін қаржы агенттігінен қаражат түскен кезде жүзеге асырады.

      135. Кәсіпкер кредит/микрокредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді іс жүзінде өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда (кәсіпкер кредит/микрокредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді өтеген күнге қаржы агенттігінің шотында қаражат болған кезде) банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      136. Банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания кәсіпкер берешекті өтегенге дейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және мынадай:

      1) кәсіпкер банк/МҚҰ/лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;

      2) кәсіпкер лизингтік компания/банк алдында лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамаған жағдайларда, бұл туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.

      137. Осы Субсидиялау қағидаларының 136-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      138. Қаржы агенттігі кредит бойынша ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейін өңірлік үйлестірушіге/уәкілетті органға осы Субсидиялау қағидаларына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      139. Егер банк/МҚҰ/лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/микрокредит бойынша шарттың/қаржылық лизинг шартының талаптарын (кредиттің/микрокредиттің/лизингтің сомасы және (немесе) сыйақы мөлшерлемесі, жеңілдікті кезең, кәсіпкер атауының өзгеруі/борышты аудару) өзгерткен жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне кредиттер/микрокредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасын қоса бере отырып, қолданыстағы қаржыландыру талаптарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қолданыстағы қаржыландыру талаптарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру талаптарына жүргізілген өзгерістер хаттамада/шешімде анық көрсетіледі.

      140. Қаржы агенттігі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға хаттамадан үзіндінің көшірмесін жібереді.

      141. Қолданыстағы банктік қарыз шартының/микрокредит бойынша шарттың/қаржылық лизинг шартының талаптарындағы өзге де өзгерістер туралы банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қолданыстағы қаржыландыру талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру шартына жүргізілген өзгерістерді хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады.

      Бұл ретте қаржыландыру талаптарына жүргізілген өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетіледі.

      142. Қосылу шарты бойынша субсидиялау кезінде төлем кестесінде көзделген қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарына өзгерістер енгізілген кезде банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне өзгерістерді ескере отырып, банктің/лизингтік компанияның хатын және қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін жібереді.

      Бұл ретте егер банк/лизингтік компания кредит/лизинг сомасын және (немесе) сыйақы мөлшерлемесін, жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес-сәйкестендіру нөмірін ауыстыра отырып, кәсіпкердің атауын/борышты аудару мынадай шарттарды өзгерткен жағдайда, бұл өзгерістерді қаржы агенттігі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігінің уәкілетті органның қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізу мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді.

      Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылданғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі хаттамадан үзінді көшірмені банкке/лизингтік компанияға және кәсіпкерге жібереді.

      143. Кәсіпкердің өтінішінде көзделген талаптар өзгерген жағдайда, кәсіпкер қаржы агенттігінің үзінді көшірмесін алғаннан кейін банкке/лизингтік компанияға қосылу шартына қосымша өтініш жібереді, ол, өз кезегінде, осы өтінішті қаржы агенттігіне қосылу шартына өзгертілген кестемен ұсынады.

      144. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған жағдайда субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылады.

      145. Осы Субсидиялау қағидаларыны іске асыру шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында өңірлік үйлестірушілер/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылады.

9-параграф. Синдикатталған қарыздар бойынша субсидиялау тетігі

      146. Кәсіпкер агент-банкке және/немесе кредитор-банкке:

      1) жаңа синдикатталған кредит бойынша осы Субсидиялау қағидаларына сәйкес келетін шарттарда агент-банктің және/немесе кредитор-банктің ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген нысан бойынша синдикатталған кредит беруге арналған өтінішпен;

      2) қолданыстағы синдикатталған осы Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      147. Агент-банк және/немесе кредитор-банк жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және синдикатталған кредит беру немесе синдикатталған кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген мөлшерге дейін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда қаржы агенттігіне хабарлай отырып, 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жазбаша жауап жолдайды.

      148. Агент-банктің және/немесе кредитор-банктің оң шешімі бар кәсіпкер қаржы агенттігіне осы Субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнамамен жүгінеді, оған мыналар қоса беріледі:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің қолымен және мөрімен (бар болса) расталған көшірме), кәсіпкерді мемелекеттік тіркеу туралы хабарлама;

      2) кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары;

      3) кредитор-банктің оң шешімі (кредитор-банктің шешім хаттамасынан үзінді).

      Кәсіпкер өтінім берген сәтте сұратылып отырған кезең үшін салық берешегінің жоқ екені туралы анықтаманың болуы талап етіледі.

      149. Кәсіпкердің жобасы және (немесе) ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келмеген және (немесе) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, агент-банкке және/немесе кредитор-банкке және кәсіпкерге ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.

      Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келген және (немесе) құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда қаржы агенттігі құжаттар топтамасын алғаннан кейін төртінші күні кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысына шығарады.

      Қаржы агенттігі жоба осы Субсидиялау қағидаларының 1-тарауының 11, 12 және 13-тармақтарында, 2-тарауының 2, 6, 8, 9 және 11-параграфтарында көрсетілген шарттарына сәйкес келмеген жағдайда дәлелді негіздемесімен субсидиялар беруден бас тартады.

      150. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылы субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.

      Кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасымен ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      151. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттама ресімдеп, оған қол қояды және шешім оң болған жағдайда осы Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзіндіні, шешім теріс болған жағдайда осы Субсидиялау қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзіндіні (бұдан әрі – тиісті хат) агент-банкке және/немесе кредитор-банкке және кәсіпкерге жібереді.

      152. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешімінің қолданылу мерзімі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

      153. Агент-банк және/немесе кредитор-банк қаржы агенттігінен қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы шешім оң болған кезде қаржы агенттігі, агент-банк және/немесе кредитор-банк мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі агент-банкке және/немесе кредитор-банкке субсидиялау шартына өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      154. Агент-банк және/немесе кредитор-банк осы Субсидиялау қағидаларының шеңберінде қолданыстағы синдикатталған кредит бойынша субсидиялау шартына қол қойылған кезге дейін кәсіпкердің банктік қарыз шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады, ал жаңа/қолданыстағы синдикатталған кредиттер бойынша агент-банк және/немесе кредитор-банк мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кәсіпкердің синдикатталған кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

      3) агент-банктің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, кәсіпкерден кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттенеді.

      155. Субсидиялау шартын:

      1) агент-банк және/немесе кредитор-банк:

      қаржы агенттігінен хаттаманы/шешімді алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      2) қаржы агенттігі:

      агент-банктен және/немесе кредитор-банктен субсидиялау шартын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасасады.

      Субсидиялау шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.

      156. Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушісінен субсидиялау үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылмайды.

      157. Егер агент-банк және/немесе кредитор-банк осы Субсидиялау қағидаларының 155-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде субсидиялау шартын уақтылы жасаспаған жағдайда, агент-банк және/немесе кредитор-банк кідірту себептерін түсіндіре отырып, қаржы агенттігін ресми хатпен хабардар етеді.

      158. Егер банктік қарыз шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне, осы Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі агент-банкті және/немесе кредитор-банкті және кәсіпкерді 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы хабардар етеді.

      159. Агент-банк және/немесе кредитор-банк ескертулерді жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

      160. Агент-банк және/немесе кредитор-банк қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, қаржы агенттігі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      161. Субсидиялау шарты кәсіпкер, агент-банк және/немесе кредитор-банк және қаржы агенттігі қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартында субсидиялау шартына қол қойылған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын, бірақ қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен ерте болмайтын мерзімге белгіленуі мүмкін.

      162. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, агент-банк және/немесе кредитор-банк дербес айқындайды. Егер синдикатталған кредит бойынша сыйақыны есепке жазу субсидиялау шартына кәсіпкер, агент-банк және/немесе кредитор-банк қол қойған күннен кейінгі күні басталса, субсидиялау шартына кәсіпкер, агент-банк және/немесе кредитор-банк қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      163. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін кредитор-банкке және/немесе агент-банкке субсидияларды төлейді.

      Жобалар бойынша субсидиялар тиісті өңірлік үйлестірушіден/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қаражат болған кезде төленеді.

      164. Агент-банк және/немесе кредитор-банк қаржы агенттігіне субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      165. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) агент-банктегі және/немесе кредитор-банктегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін электрондық пошта бойынша жіберу арқылы агент-банкті және/немесе кредитор-банкті бір мезгілде хабардар етеді. Хабарламада агент-банктің және/немесе кредитор-банктің атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүзеге асырылған кезең көрсетіледі.

      Қаржы агенттігі жүзеге асыратын субсидиялау үшін көзделген қаражат агент-банктің ағымдағы шотына аударылған жағдайда агент-банк 3 (үш) жұмыс күні ішінде кредитор-банкке түскен субсидиялардың сомаларын қаржы агенттігімен келісілген ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Агент-банк субсидиялар сомаларын кредитор-банкке аударған күні алынған хабарламаны кредитор-банкке жібереді.

      166. Агент-банктің және/немесе кредитор-банктің кредиттік рейтингі төмендеген және қаржылық жағдайының өзге де нашарлау белгілері орын алған (бір немесе бірнеше жағдайдың басталуы), оның ішінде:

      Standard&Poors рейтингтер шәкілі бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктер беретін кредиттік рейтингі "В" деңгейінен төмендеген;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;

      пруденциялық нормативтер қатарынан 2 (екі) ай бойы бұзылған кезде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі агент-банктің және/немесе кредитор-банктің кәсіпкердің синдикатталған кредит бойынша толық төлем жүргізу (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) фактісі туралы хабарламасының негізінде не субсидиялау шарттарына төлем кестелерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін өтейтін төлемдермен жүзеге асырады.

      Агент-банкте және/немесе кредитор-банкте жоғарыда аталған көрсеткіштер түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      167. Агент-банк және/немесе кредитор-банк қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялар сомасын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Агент-банк және/немесе кредитор-банк шоттардағы қаражатты жалпы ағымдағы қалдықтардан есептеп шығара алмайды.

      Бұл ретте агент-банк және/немесе кредитор-банк банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына төлемдер кестесі бойынша жоспарлы төлемнен аспайтын қалдық сомасы шегінде ішінара мерзімінен бұрын өтеуге сәйкес есептелген өзгертілген өтеу кестелері бойынша субсидияларды өтеуді жүзеге асырады.

      168. Кәсіпкер агент-банкке және/немесе кредитор-банкке банктік қарыз шартына сәйкес өтеу кестесіне сай сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.

      169. Кәсіпкердің синдикатталған кредит бойынша (негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) төлемді толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша агент-банк және/немесе кредитор-банк кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды:

      1) кәсіпкер синдикатталған кредит бойынша жоспарлы төлемді өтеген күнге қаржы агенттігінің шотында қаражат болған кезде;

      2) кесте бойынша өтеу күнінен кейін қаржы агенттігінен қаражат түскен кезде жүзеге асырады.

      Бұл ретте агент банк және/немесе кредитор банк қаржы агенттігіне кәсіпкердің синдикатталған кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін есептен шығару фактісі туралы шот бойынша үзінді көшірмені ұсынады.

      170. Кәсіпкер синдикатталған кредит бойынша жоспарлы төлемді іс жүзінде өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда (кәсіпкер синдикатталған кредит бойынша жоспарлы төлемді өтеген күнге қаржы агенттігінің шотында қаражат болған кезде) агент-банк және/немесе кредитор-банк қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      171. Агент-банк және/немесе кредитор-банк кәсіпкер берешекті өтегенге дейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және кәсіпкер кредитор/банк алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған жағдайда, бұл туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.

      172. Осы Субсидиялау қағидаларының 171-тармағында көзделген жағдай орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда агент-банк және/немесе кредитор-банк қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      173. Қаржы агенттігі синдикатталған кредит бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейін өңірлік үйлестірушіге/уәкілетті органға осы Субсидиялау қағидаларына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      174. Егер агент-банк және/немесе кредитор-банк қолданыстағы банктік қарыз шартының талаптарын (синдикатталған кредиттің сомасы және (немесе) сыйақы мөлшерлемесі, жеңілдікті кезең, кәсіпкер атауының өзгеруі/борышты аудару) өзгерткен жағдайда агент-банк және/немесе кредитор-банк қаржы агенттігіне синдикатталған кредиттер тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасын қоса бере отырып, қолданыстағы қаржыландыру талаптарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қолданыстағы қаржыландыру талаптарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру талаптарына жүргізілген өзгерістер хаттамада/шешімде анық көрсетіледі.

      175. Қаржы агенттігі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде агент-банкке және/немесе кредитор-банкке хаттамадан үзіндінің көшірмесін жібереді.

      176. Қолданыстағы банктік қарыз шартының талаптарындағы өзге де өзгерістер туралы агент-банк және/немесе кредитор-банк қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қолданыстағы қаржыландыру талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру шартына жүргізілген өзгерістерді хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады.

      Бұл ретте қаржыландыру талаптарына жүргізілген өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетіледі.

      177. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда агент-банк және/немесе кредитор-банк кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған жағдайда субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылады.

      178. Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын іске асыру шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында өңірлік үйлестірушілер/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылады.

10-параграф. "Жасыл" жобаларды іске асыруға арналған кредиттер бойынша сыйақыны субсидиялау шеңберінде жобаларды сыртқы бағалау

      179. "Жасыл" кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде "жасыл" жобалардың "жасыл" таксономияға сәйкестігіне сыртқы бағалауды төменде келтірілген санаттардағы, жобаларды ұстаушыларға, өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндірушілерге (орындаушыларға), өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілер мен тұтынушыларға тәуелсіз, жобалардың қоршаған ортаға әсерін бағалау немесе шаруашылық және өзге де қызметтің "жасыл" таксономияның нақты қосалқы секторларына қатысты экологиялық, салалық, санитариялық құрылыс талаптары мен нормаларына сәйкестік саласында расталатын құзыреті бар түрлі меншік нысанындағы ұйымдар жүргізеді.

      180. Тексеру жүргізудің қорытындысы бойынша сыртқы бағалау провайдері жобаның "жасыл" таксономияда көзделген шекті мәндерге сәйкестігі туралы мынадай тұжырымдардың бірімен қорытынды шығарады:

      1) сәйкес келеді;

      2) сәйкес келмейді.

      Берілген қорытындының қолданылу мерзімі 6 (алты) айды құрайды.

      181. Сыртқы бағалау провайдерлерінің көзделіп отырған және қаралып отырған жобалардың "жасыл" таксономияның шекті мәндеріне сәйкестігі туралы қорытындыларының атаулары әртүрлі болуы мүмкін, оның ішінде "Қазақстан Республикасының "жасыл" таксономиясына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды", "сәйкестігі туралы қорытынды" және тағы басқа. Сыртқы бағалаудың қорытындысын ресімдеу тәртібі жобаның белгілі бір түріне және бағалау жүргізілетін шекті өлшемшарттың ерекшелігіне байланысты айқындалады.

      182. Тәуелсіз бағалау қорытындысына сыртқы бағалауды жүзеге асыратын ұйымның сарапшысы мен басшысы қол қояды және ол ұйым мөрімен (бар болса) расталады. Егер қорытындыға есеп айырысу құжаттары қоса берілсе, оларға сарапшы/басшы қол қояды және мөрмен (бар болса) расталады. Қорытынды қысқа сипатта болады және бір парақта баяндалынады. Қорытынды кіріспе, негіздейтін (талдамалық) ақпаратты, қорытындыларды, сондай-ақ өзінің құзыретін растайтын құжаттардың, лицензиялардың, аккредиттеу туралы куәліктердің (оның ішінде, қажет болған кезде, ұйымның тартылған қызметкерлерінің) көшірмелері қоса берілген сыртқы бағалау провайдері туралы ақпаратты қамтиды. Қорытындының кіріспе бөлігінде бағалау және оның негіздері туралы жалпы мәліметтер беріледі, талдау бөлігінде талдау алгоритмі, белгіленген фактілер және қажет болса, негіздемеде пайдаланылған анықтамалық-нормативтік құжаттарға, материалдар мен есептерге сілтемелер қысқаша баяндалады.

      183. Көзделіп отырған және қаралып отырған жобалардың "жасыл" таксономияның шекті мәндеріне сәйкестігі туралы сыртқы бағалау провайдерлері, сондай-ақ жоба бойынша кәсіпкер мәлімдеген "жасыл" таксономияның көрсеткіштері мен шекті өлшемшарттарының кейіннен орындалуын сыртқы тексеруді жүзеге асыратын ұйымдар мынадай санаттарда ұсынылған:

      1) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган аккредиттеген сәйкестікті растау жөніндегі органдар, сондай-ақ мәртебесі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аккредиттеуімен расталатын сәйкестікті растау жөніндегі шетелдік органдар;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган лицензиялаған, табиғат қорғауға қатысты жобалау мен нормалау, экологиялық сараптама және экологиялық аудит саласындағы ұйымдар (экологиялық аудиторлар);

      3) "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" акционерлік қоғамы жүргізетін энергия-аудиторлық сараптамаларды талдау нәтижелері бойынша ескертулері жоқ энергия-аудиторлық ұйымдар;

      4) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің жасыл қаржыландыру саласындағы лицензиясы бар консалтингтік компаниялар;

      5) жаңа ғимараттар салуға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ғимараттар мен құрылыстарды өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыруға сараптама ұйымы өкілеттіктерінің құзыретін аккредиттеу жөніндегі уәкілетті орган аккредиттеген мемлекеттік сараптама ұйымдары немесе мемлекеттік емес сараптама ұйымдары;

      6) "жасыл" технологиялардың сервистік операторы – "жасыл" технологиялар мен жобалардың тізілімін жүргізу, "жасыл" технологияларды коммерцияландыру және технологиялық бизнес-инкубациялау, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін "жасыл" қаржыландыруды, оның ішінде инвестициялар мен гранттарды тартуға жәрдемдесу, "жасыл экономика" мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық, құқықтық, әдіснамалық, консультациялық және сараптамалық-талдамалық қолдауды жүзеге асыру "Жасыл көпір" әріптестік бағдарламасы бойынша халықаралық ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды ұйымдастыру бойынша кешенді қызметтер көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы;

      7) мақұлданған халықаралық верификатор ретінде климаттық облигациялар бастамасын (Climate Bonds Initiative) аккредиттеу туралы куәлігі бар халықаралық және ұлттық аудиторлық және консалтингтік ұйымдар.

      184. Cыртқы бағалау қорытындыларын қарау кезінде тиісті біліктілік құжаттарының көшірмелері және/немесе олардың тиісті ресми жарияланатын тізілімдерге енгізілуі олардың құзыретінің жеткіліктігін растау болып табылады.

11-параграф. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау

      185. Субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қаржы агенттігінің уәкілетті органы банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның/кредитор-банктің өтінішхаттары (хабарламалары), сондай-ақ мониторинг нәтижелері негізінде қабылдайды.

      186. Қаржы агенттігі банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның/кредитор-банктің хабарламасы және/немесе мониторинг нәтижелері негізінде мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті/микрокредитті/қаржылық лизингті/синдикатталған кредитті мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, бұл ретте субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді мақсатсыз пайдалану сомасына барабар түрде тоқтатыла тұрады;

      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;

      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына және/немесе уәкілетті органның шешіміне сәйкес келмеуі;

      4) төтенше жағдайдың/ахуалдың орын алуы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк/МҚҰ/кредитор-банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      5) төтенше жағдайдың/ахуалдың орын алуы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес лизингтік төлемдерді енгізу бойынша лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

      6) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      7) Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын талап ету;

      8) "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау", "Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау" бағыттары бойынша кәсіпкерлердің жобалары бойынша:

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға бюджетке төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша міндеттемелерді орындамауы (кәсіпкерлердің "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау", "Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберіндегі жобалары бойынша);

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға бюджетке төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша міндеттемелерді орындамауы (кәсіпкерлердің "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберіндегі жобалары бойынша);

      3 (үш) жыл өткеннен кейін сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден асатын жобалары бар шағын кәсіпкерлік субъектісінің Кодекстің 24-бабында көзделген көрсеткіштеріне сәйкес орта кәсіпкерлік субъектісінің санатына расталған көшуді орындамауы ("Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" жобалары бойынша);

      9) өңірлік бағдарлама шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту бойынша немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе жоба қаржыландырылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға өсіру бойынша міндеттемелерді орындамауы;

      10) кәсіпкерлердің кәсіпкерлікті қолдаудың бұрын бекітілген бағдарламасы шеңберінде мыналар:

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін сақтау/ұлғайту (ақшалай мәнде) немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (кәсіпкерлікті қолдаудың бұрын бекітілген бағдарламасының талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін ұлғайту (ақшалай мәнде) немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (кәсіпкерлікті қолдаудың бұрын бекітілген бағдарламасының талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді) бойынша міндеттемелерді орындамауы;

      11) кәсіпкердің жоспарланған "жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксоманияның шекті өлшемшарттары:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төмен мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төмен деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестікті (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздейтін жағдайларда жоба субсидияланғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң кәсіпкер ұсынатын сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы негізінде шекті өлшемшарттарға қол жеткізбеуі;

      12) осы Субсидиялау қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес негізгі (басым) экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша мынадай:

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;

      субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талаптар орындалмаған кезде;

      13) қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде сауда орталықтарын/заманауи форматтағы сауда объектілерін/сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді салу, кеңейту жобалары бойынша 10 %-ға төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, "Қазақстанда жасалған" деген таңбасы бар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды өткізуге арналған сауда орындарының болуы бойынша, сондай-ақ объектінің аумағында азық-түлік тауарларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу бойынша міндеттемелерді орындамау;

      14) кәсіпкердің сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден асатын жобалар бойынша субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салуды бұзу фактілері анықталған кезде субсидиялауды тоқтата тұрады.

      187. Қаржы агенттігі осы Субсидиялау қағидаларының 186-тармағында көрсетілген фактілер анықталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату/тоқтатуды кейінге қалдыру не қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімінде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіздеме көрсетіледі.

      Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтата тұрған күннен бастап жүзеге асырылады, бұл ретте кредитті/микрокредитті/лизингтік мәмілені/синдикатталған кредитті мақсатсыз пайдаланған кезде субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді мақсатсыз пайдалану сомасына барабар түрде тоқтатылады. Мақсатқа сай пайдаланылуын растайтын кредиттің/микрокредиттің/лизингтің/синдикатталған кредиттің қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер мақсатсыз пайдаланудың мөлшеріне барабар түрде төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда субсидиялау төлемдер кестесіне/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес жалғастырылады. Кредитті/микрокредитті/лизингтік мәмілені/синдикатталған кредитті толық мақсатсыз пайдалану немесе жоба (немесе) кәсіпкер осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, субсидиялау төленген субсидиялар сомасын толық қайтарумен субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап тоқтатылады.

      Сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден асатын жобасы бар шағын кәсіпкерлік субъектісі Кодекстің 24-бабында көзделген көрсеткіштеріне сәйкес орта кәсіпкерлік субъектісінің санатына расталған 3 (үш) жыл өткеннен кейін орындамаған жағдайда, субсидиялау кәсіпкер бұрын төленген субсидияларды қайтармай, көрсетілген шарттарда белгіленген мерзімге сәйкес тоқтатылады. Кәсіпкер субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салуды бұзған жағдайда, субсидиялау тоқтатылады және кәсіпкер төленген субсидиялар сомасын толық көлемде өтейді.

      188. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді жойған жағдайда субсидиялауды қайта бастау туралы оң шешім қабылдайды.

      189. Қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі шыққан күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі хаттамадан үзіндіні ресімдейді және тиісті хабарлама хатпен банкке/даму банкіне/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға/агент-банкке/кредитор-банкке жібереді.

      190. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі оларға тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлейді, осы Субсидиялау қағидаларының 186-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялау тоқтатылған жағдайда, субсидиялау қайта басталған кезде қаржы агенттігі кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуге жататын субсидиялар төленеді.

      191. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге, банкке/даму банкіне/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға/агент-банкке/кредитор-банкке субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.

      Осы Субсидиялау қағидаларының 144, 177-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агенттігінің шешімі бар кредиттер/микрокредиттер/лизинг/синдикатталған кредиттер қайта бастауға жатпайды.

      192. Кәсіпкер төлеген субсидиялар сомасы жергілікті атқарушы органдардан субсидияларды қайтару үшін деректемелерді алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, кәсіпкер қаржы агенттігіне берешекті толық төлеген жағдайда:

      1) жобаның және/немесе кәсіпкердің тиісті Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келмеуі;

      2) кредитті/микрокредитті/лизингтік мәмілені/синдикатталған кредитті мақсатсыз пайдалану жағдайлар анықталған кезде бюджетке қайтарылуға жатады.

      193. Мынадай:

      1) кәсіпкер банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания/кредитор-банк алдында банктік қарыз шарты/микрокредит бойынша шарт/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитті/микрокредитті/лизингті/синдикатталған кредитті толық өтеген (кәсіпкердің банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға/кредитор-банкке кредитті/микрокредитті/лизингті/синдикатталған кредитті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);

      2) қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      194. Мынадай:

      1) кәсіпкер банк/даму банкі/лизингтік компания алдында банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитті толық өтеген (кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);

      2) қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      3) кәсіпкер өзінің бұрын қол қойылған өтініші бойынша субсидиялау шарттарынан өз бастамасы бойынша бас тартқан жағдайларда қосылу шарты бойынша субсидияларды төлеу тоқтатылады.

      195. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания/кредитор-банк қолданыстағы кредит/лизинг/синдикатталған кредит бойынша кәсіпкерге бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және өзге де шарттарды) белгілейді.

      196. Кәсіпкер кредит/микрокредит/лизинг/синдикатталған кредит бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания/кредитор-банк/агент-банк қаржы агенттігін кредит/микрокредит/лизинг/синдикатталған кредит бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу фактісі туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      197. Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания/кредитор-банк/агент-банк қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      198. Кәсіпкер кредит/микрокредит/лизинг/синдикатталған кредит бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания/кредитор-банк/агент-банк қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін немесе қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін не банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның/кредитор-банктің/агент-банктің төлемдерді өтеудің электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) өзгертілген кестесі бар және төленуге тиесілі субсидиялар сомасы көрсетілген хатын жібереді.

      Кәсіпкер күнтізбелік ай ішінде кредит/микрокредит/лизинг/синдикатталған кредит бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания/кредитор-банк/агент-банк қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін немесе қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің осындай жағдайлар бойынша біріктірілген көшірмелерін не банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның/кредитор-банктің/агент-банктің электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) өзгертілген төлемдерді өтеу кестесі бар және төленуге тиісті субсидиялар сомасы көрсетілген хатын ұсынуға жол береді.

      199. Кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/лизингі/синдикатталған кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкердің кредит/микрокредит/лизинг/синдикатталған кредит бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания/кредитор-банк/агент-банк 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін ұсынады.

      200. Кәсіпкердің мақсатсыз пайдаланылуы анықталған кредиті/микрокредиті/лизиніг/синдикатталған кредиті бойынша банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания/кредитор-банкі/агент-банкі қаржы агенттігіне құжаттарды кредитті/микрокредитті/лизинті/синдикатталған кредитті мақсатсыз пайдалану фактісін растайтын құжаттармен қоса ұсынады.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      201. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28338 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігінің функцияларына мыналар жатады:

      1) банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания/кредитор-банкі/агент-банкі ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті/микрокредитті/лизинті/синдикатталған кредитті мақсатты пайдалануын мониторингтеу;

      2) банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания/кредитор-банкі/агент-банкі ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингтеу;

      3) жобаның іске асырылуын (қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалануды) мониторингтеу;

      4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Субсидиялау қағидаларының талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігі тұрғысынан мониторингтеу.

      202. "Жасыл" кредиттер бойынша қаржылық қолдау қаражатының мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу шеңберінде шекті өлшемшарттар:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестікті (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздейтін жағдайларда провайдерлердің сыртқы бағалауы негізінде қаржы агенттігі қарыз алушының орындалуы тиіс "жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксоманияның шекті өлшемшарттарға қол жеткізуін тексереді.

      Сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын қарыз алушы ұсынады.

      Жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң қарыз алушы мәлімделген көрсеткіштерге қол жеткізуге тиісті тәуелсіз бағалау не қаржы агенттігіне ұсынылатын энергия аудитін жүргізеді. Қарыз алушы мәлімдеген жоба бойынша "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарының кейіннен орындалуына сыртқы тексерулерді жобаның "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарына сәйкестігі туралы бастапқы қорытындыны берген бағалау провайдерлері жүргізеді.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      203. Бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберіндемақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қолданылады.

      Бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдаудың бағдарламалары шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлдаған жобалар бойынша ағымдағы қаржыландыру шарттарына кепілгерге, қоса қарыз алушыға, кредиттің мақсаты мен мерзіміне, кредит сомасын төмендетуге, сыйақы мөлшерлемесіне, банкке/лизингтік компанияға, кейінге қалдыруға/жеңілдік кезеңіне, өтеу мерзіміне, өтеу шарттарына, айналым қаражатын толықтыруға қайта басталатын/қайта басталмайтын лимитке, кәсіпкер атауының өзгеруіне, ЭҚЖЖ кодына қатысты өзгерістер енгізуге жол беріледі.

      Қаржыландырудың өзге шарттары өзгерген жағдайда жобаны осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келтіру қамтамасыз етіледі.

      204. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржы агенттігі осы Субсидиялау қағидаларының 5-параграфының шарттарына сәйкес "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру" бағыты шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін бөлінген қаражат бойынша жергілікті бюджеттің аралас қаражаты/қаржы агенттігінің қаражаты/өзге де қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.

  Сыйақы мөлшерлемесінің
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

Басым экономикалық қызметтің түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

1. Өңдеу өнеркәсібінде

10

Азық-түлік өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

13

Тоқыма бұйымдарының өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдер өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарының өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерінің өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндіру

23

Өзге бейметалл минералды өнімдер өндіру

24

Металлургия өндірісі*

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарының өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарының өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Өзге көлік құралдарының өндіру

31

Жиһаз өндіру

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

2. Көрсетілетін қызметтер және өзге де қызмет түрлері бойынша

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі**

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету

55.10

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру***

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68.20.1

Жеке меншік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару****

68.20.2

Жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану*****

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтерді көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

93.1

Спорт саласындағы қызмет

      * шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеу (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құю (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құю (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда

      ** ЭҚЖЖ коды 49.32 "Такси қызметі" бойынша қызметті ("жасыл" жобалар мен 1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларын қоспағанда) қоспағанда

      *** апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді қоспағанда

      **** осы ЭҚЖЖ қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалға беруді көздейді

      ***** осы ЭҚЖЖ қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалдауды (қосалқы жалдауды) көздейді

  Сыйақы мөлшерлемесінің
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

Өңдеу өнеркәсібіндегі, электрмен жабдықтаудағы, газ, бу берудегі және ауа баптаудағы экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі

Р/с №

Экономикалық қызмет түрлері тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

4

С секциясы Өңдеу өнеркәсібі 1

1

Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру

Етті қайта өңдеу және консервілеу

10.11

Ауыл шаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу

10.12

Еттен және ауыл шаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру

10.13

2

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды қайта өңдеу және консервілеу

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды қайта өңдеу және консервілеу

10.20

3

Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу

Картопты қайта өңдеу және консервілеу

10.31

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру

10.32

Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеудің өзге де түрлері

10.39

4

Өсімдік және мал майы мен тоң майын өндіру

Май және тоң май өндіру

10.41

Маргарин және оған ұқсас тағамдық тоң майларды өндіру

10.42

5

Сүт өнімдерін өндіру

Сүтті қайта өңдеу және ірімшік жасау

10.51

Балмұздақ өндіру

10.52

6

Ұн-жарма өнімдерін, крахмал және крахмал өнімдерін өндіру

Ұн-жарма өнімдерін өндіру

10.61

Крахмал және крахмал өнімдерін өндіру

10.62

7

Нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру

Ұзақ сақтауға арналмаған нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру

10.71

Кептірілген нан және печенье, ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру

10.72

Макарон өнімдерін өндіру

10.73

8

Өзге де тамақ өнімдерін өндіру

Өзге де тамақ өнімдерін өндіру

10.8

9

Жануарларға арналған дайын азық өндіру

Жануарларға арналған дайын азық өндіру

10.9

10

Сусындар өндіру

Уыт өндіру

11.06

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және бөтелкелерге құйылатын басқа да сусындарды өндіру

11.07

11

Тоқыма бұйымдарын өндіру

Тоқыма бұйымдарын өндіру

13

12

Киім өндіру

Үлбірден тігілген киімді қоспағанда, киім өндіру

14.1

Тоқылған және трикотаж киімдер өндіру

14.3

13

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

Былғарыны илеу және өңдеу; жол керек-жарақтарын, қайыс-ертоқым бұйымдарын өндіру; үлбірді илеу және бояу

15.1

Аяқ киім өндіру

15.20

14

Жиһазды қоспағанда, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан бұйымдар өндіру

Ағаш кесу және сүргілеу өндірісі

16.1

Сүректен, тоздан, сабаннан және тоқуға арналған материалдардан бұйымдар өндіру

16.2

15

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

17

16

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

Полиграфиялық қызмет және осы саладағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну

18.1

17

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

Мұнай өңдеу өнімдерін, шымтезек пен көмірден брикеттер өндіру

19.20

18

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

Негізгі химиялық заттарды, тыңайтқыштарды және азотты қосылыстарды, алғашқы нысандардағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру

20.12

Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру

20.20

Бояулар, лактар және осыған ұқсас бояғыш жабындылар, баспаханалық бояулар мен мастикаларды өндіру

20.30

Сабын, жуу, тазалау, жылтырату, парфюмерлік және косметикалық құралдар өндіру

20.4

Сіріңке өндіру

20.51.2

Желім өндіру

20.52

Эфир майларын өндіру

20.53

Фотоматериалдар өндіру

20.59.1

Желатин өндіру

20.59.2

Тоқыма бұйымдарды әрлеуде пайдаланылатын материалдарды өндіру

20.59.3

Техникалық көміртекті (күйе), көміртекті нанотүтікшелерді, наноталшықтар және басқа көміртекті наноматериалдарды өндіру

20.59.4

Басқа химиялық өнімдер өндіру

20.59.9

Жасанды және синтетикалық талшықтар өндіру

20.60

19

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндіру

21.10

Фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдар өндіру

21.20

20

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

Резеңке бұйымдарын өндіру

22.1

Пластмасса бұйымдарын өндіру

22.2

21

Өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру

Шыны және шыныдан жасалған бұйымдарды өндіру

23.1

Отқа төзімді бұйымдар өндіру

23.2

Саздан құрылыс материалдарын өндіру

23.3

Өзге де фарфор және қыш бұйымдарын өндіру

23.4

Цемент, әктас және құрылыс гипсін өндіру

23.5

Бетоннан, цементтен және құрылыс гипсінен бұйымдар өндіру

23.6

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

23.70

Түрпіленген бұйымдар және өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру

23.9

22

Металлургия өндірісі

Металлургия өндірісі

243

23

Машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарды өндіру

Металл есіктер мен терезелер өндіру

25.12

Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарын өндіру

25.21

Металды соққылап өңдеу, сығымдау, қалыптау, бейіндеу; ұнтақтық металлургия

25.5

Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар жалату; машина жасаудың негізгі технологиялық процестері

25.6

Пышақ бұйымдарын, аспаптарды және темір бұйымдарын өндіру

25.7

Өзге де дайын металл бұйымдарын өндіру

25.94

24

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

265

25

Электр жабдықтарын өндіру

Электр жабдықтарын өндіру

27

26

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықты өндіру

Гидравликалық және пневматикалық жабдықтар өндіру

28.12

Өзге де крандар, клапандар мен вентильдер өндіру

28.14

Лифт өндіру

28.22.4

Офистік техниканы және жабдықты өндіру (компьютерлерді және перифериялық жабдықты қоспағанда)

28.23

Механикаландырылған қол аспаптарын өндіру

28.24

Өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын өндіру

28.25

Басқа топтамаларға енгізілмеген жалпы мақсаттағы өзге де машиналар мен жабдықтарды өндіру

28.29

Ауылшаруашылық машиналарын өндіру

28.30.2

27

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

Автомобильдер өндіру

29.1

Автомобильдерге арналған шанақтарды өндіру

29.20.1

Автомобильдердің бөлшектері мен керек-жарақтарын өндіру

29.3

28

Басқа көлік құралдарын өндіру

Теміржол локомотивтерін және жылжымалы құрамды өндіру

30.20

Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру

30.9

29

Жиһаз өндіру

Жиһаз өндіру

31

30

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

32

D секциясы Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

31

Электр энергиясын өндіру

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.4

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

      Ескертпелер:

      1 Оның ішінде: айран, консервіленбеген қойылтылған сүт, дән түйіршіктерін, глюкоза-фруктоза шәрбатын, қарақұмық өндіру, сондай-ақ картопты өнеркәсіптік тазартуды және шай мен кофе өндіруді қоспағанда, картопты қайта өңдеу және консервілеу.

      2 Оның ішінде: дезинфекциялау құралдарын, зарарсыздандырғыштарды өндіру.

      3 Шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеу (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құю (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құю (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда.

      4 Оның ішінде асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған бөшкелер, барабандар және басқа да ыдыстар өндіру.

      5 Оның ішінде: өкпені жасанды желдету аппаратын; медициналық мақсаттарда пайдаланылатын өзге де электр және электрондық жабдықтар; діріл-акустикалық аппараттар; медициналық білезіктер; пациент мониторларын; телекардиографтар; диализаторлар өндіру.

  Сыйақы мөлшерлемесінің
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі

Р/с №

Экономикалық қызмет түрлерінің тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

4

B Секциясы Тау кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

1

Тас көмірді байыту

Тас көмірді байыту

05.10.31

2

Тұз өндіру

Тұз өндіру

08.93

E Секциясы Сумен жабдықтау; су бұру қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет Т

3

Суды жинау, тазарту және бөлу

Суды жинау, тазарту және бөлу

36

4

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

38.11

H Секциясы Көлік және қоймалау

5

Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі

49.392

6

Жүкті қоймалау және қосалқы көлік қызметі

Жүкті қоймалау және қосалқы көлік қызметі

523

Жүктерді қоймалау және сақтау

52.104

I Секциясы Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету

7

Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.105

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

55.205

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

55.305

Тұруға арналған өзге де орындардың көрсетілетін қызметтері

55.906

J Секциясы Ақпарат және байланыс

8

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

62.01

9

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

63

P Секциясы Білім беру

10

Білім беру

Білім беру

857

Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері

85.59

Q Секциясы Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

11

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

868

      Ескертпелер:

      1 Үйіндіден тас көмірді бөліп алу.

      2 Тау шаңғысы курорттарын салу, егер конвейерлер, арқанды жолдар, тау шаңғысы және арқанды көтергіштері қалалық және қалааралық көлік тасымалы жүйесіне кірмесе, оларды басқару.

      3 Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтарында көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу.

      4 Азық-түлік өнімдерін сақтау және өткізу бойынша көтерме-тарату орталықтарын құру, көкөніс және жеміс қоймаларын салу.

      5 Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), "Медеу" мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.

      6 Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау.

      7 Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.

      8 Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, ультрадыбыстық зерттеу аппараты, кардиомонитор, неонаталдық өкпені жасанды желдету аппараты, өкпені жасанды желдету аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе) жарақтандыру, сондай-ақ санаториялық-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.

  Сыйақы мөлшерлемесінің
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша

Негізгі (басым) экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі

Р/с №

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

1.

Сүтті бағыттағы ірі қара малды көбейту

01.41.0

2.

Етті алу үшін құсты, асыл тұқымды және төл құстарды көбейту

01.47.1

3.

Етті өңдеу және консервілеу

10.11.0

4.

Ауыл шаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу

10.12.0

5.

Еттен және ауыл шаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру

10.13.0

6.

Консервіленген сүттен басқа сүтті өңдеу және сыр өндіру

10.51.1

7.

Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын азықтарды өндіру

10.91.0

8.

Мақта-мата талшығы мен мақта талшығын иіру

13.10.2

9.

Ағаштан жасалған шпон, фанера, плиталар мен панельдер өндіру

16.21.0

10.

Қағаз және картон өндіру

17.12.0

11.

Гофрленген қағаз және картон өндіру

17.21.1

12.

Шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру

17.22.0

13.

Тыңайтқыштар өндіру

20.15.1

14.

Пестицидтер және өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру

20.20.0

15.

Олар үшін бояулар, лактар, эмальдар және минералды пигменттер өндіру

20.30.1

16.

Сабын және жуу, тазалау және жылтырату құралдарын өндіру

20.41.0

17.

Басқа химиялық өнімдерді өндіру

20.59.9

18.

Фармацевтикалық препараттар өндіру

21.20.1

19.

Жұмсақ шатыр және гидрооқшаулағыш материалдар өндіру

23.99.3

20.

Орындықтар мен басқа отыратын жиһаздардан басқа кеңселер мен сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз өндіру

31.01.2

  "Сыйақы мөлшерлемесінің
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Өтініш

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) шеңберінде:

      (қажетті бағытқа қанат белгі қойыңыз)


Субсидиялау қағидалары шеңберінде "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағыты


Субсидиялау қағидалары шеңберінде "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағыты

      шеңберінде қатысу және ____________ жылғы № ____ банктік қарыз шарты/микрокредит бойынша шарт/қаржылық лизинг шарты негізінде берілген кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты/"жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін мынадай шарттарда субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау алу мақсатында Сізден:

Кредиттің/микрокредиттің нысаналы мақсаты


"Жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит болған жағдайда: "жасыл" жоба жататын "жасыл" таксономия санаты/санаттары


Кредит/микрокредит/лизинг сомасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Кредит/микрокредит валютасы


Кредит/микрокредит/лизинг мерзімі


      субсидиялау мақұлданған жағдайда кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты бойынша номиналдық сыйақы мөлшерлемесін Субсидиялау қағидалары шеңберінде/тетікке қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын.

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      (қолы, күні) мөр орны (бар болса)

  Сыйақы мөлшерлемесінің
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Қайда: __________________
қаржы агенттігі
Кімнен __________________
(бұдан әрі – кәсіпкер)

№ __________сауалнама-өтініш

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) сәйкес Сізден кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты/"жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қаржы агенттігінің _____________________ жөніндегі уәкілетті органының қарауына шығаруға бастамашылық етуіңізді сұраймын:

      1. Субсидиялау қағидаларының бағыттары (бағытқа қанатбелгі қойыңыз)


Субсидиялау қағидалары шеңберінде "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағыты


Субсидиялау қағидалары шеңберінде "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағыты

      2. Жоба бойынша ақпарат

Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жобаның қысқаша сипаттамасы


Жоба іске асырылатын жер (облыс, қала)


Экономикалық қызметтің түрі (ЭҚЖЖ сәйкес)


Банк/микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ)/лизингтік компания атауы


Кредит/микрокредит/лизинг сомасы


Кредиттің/микрокредиттің нысаналы мақсаты


"Жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит болған жағдайда: "жасыл" жоба жататын "жасыл" таксономия санаты/санаттары


      3. Кепілдіктер мен келісімдер

      Кәсіпкер қаржы агенттігіне мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Осы өтінішпен бірге не қаржы агенттігінің сұратуы бойынша қаржы агенттігіне берілетін (берілген) немесе табысталатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама анық болып табылады әрі төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда қаржы агенттігіне дереу хабарлауға міндеттенемін.

      2. Қаржы агенттігінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ бастапқы статистикалық деректерді беруге және ашуға міндеттенемін.

      3. Қаржы агенттігі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің дұрыстығын тексермейді.

      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.

      5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның өтініш беруіне мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда осы өтініштің көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталған уақытта кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкіндігімен, бұл ретте қаржы агенттігінің кері қайтару себептерін хабарламауының мүмкін екендігімен келісемін.

      Осы арқылы кәсіпкер қаржы агенттігіне төмендегілермен келісетінін растайды:

      1. Қаржы агенттігі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бере алады.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенттігі талап еткен барлық құжаттар Субсидиялау қағидалары/тетік шеңберінде тек субсидиялау үшін беріледі.

      3. Қаржы агенттігі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал кәсіпкер берген құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмеген жағдайдың өзінде қаржы агенттігінде сақталады.

      4. Қаржы агенттігінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және тағы басқа) қаржы агенттігінің субсидиялауды беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Қаржы агенттігі кәсіпкерден немесе банктен/даму банкінен/МҚҰ-дан/лизингтік компаниядан алған олардың ақпаратын жарнама науқанын жүргізу кезінде, ақпаратты қаржы агенттігінің ресми сайтында орналастыру кезінде пайдаланады.

      6. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетінін растайды, кейіннен қаржы агенттігіне кінәраттары болмайды.

      4. Қосымшалар:

      (________________________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      ______________________________________________ ________________

      Кәсіпкердің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы, күні)

  Сыйақы мөлшерлемесінің
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
7-қосымша
Нысан


20__ жылғы "__" ______


Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС)
 "_____________________________"




Көшірме: "_______________________"
акционерлік қоғамы (екінші деңгейдегі
банкі)/жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі (лизингтік компания)

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – Қор) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) _____________ бағыты шеңберінде қаржы агенттігі уәкілетті органының отырысында 20___ жылғы "___" _________ қарағанын және мақұлдағанын хабарлайды.

      Субсидиялау үшін бюджетте қаражат болмаған жағдайда, Қор Субсидиялау қағидаларының 115 және 156-тармақтарына сәйкес субсидиялау шартына қол қоймайды.

      Өңірлік филиал директоры

      ______________________________________

  Сыйақы мөлшерлемесінің
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
8-қосымша
Нысан


20__ жылғы "__" ______


Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС)
"_____________________________"




Көшірме: "_______________________"
акционерлік қоғамы (екінші деңгейдегі
банкі)/жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі (лизингтік компания)

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының _________ бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын қаржы агенттігі уәкілетті органының отырысында қарап, мынадай шешім қабылдады:

      1. _____________________ бас тартылсын (бас тарту себебі).

      2. _____________________ ұсынылсын.

      Өңірлік филиал директоры

      __________________________________________

  Сыйақы мөлшерлемесінің
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
9-қосымша
Нысан

Өңірлік үйлестірушіге/уәкілетті органға ________ бастап __________ дейінгі аралықтағы кезең үшін субсидиялау туралы есеп

Банктің/даму банкінің/ микроқаржы ұйымының/ лизингтік компанияның атауы

Кәсіпкер өтініш жасаған орын

Кәсіпкердің атауы

Банктік қарыз шартының (бұдан әрі – БҚШ) (транш)/ микрокредит бойынша шарттың (бұдан әрі – МШ) (транш)/ қаржылық лизинг шартының (бұдан әрі – ҚЛШ) (транш) нөмірі

БҚШ (транш)/ МШ (транш)/ҚЛШ (транш) күні

Кредит (транш)/ микрокредит (транш)/лизинг (транш)/сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6







Кредит (транш)/ микрокредит (транш)/лизинг (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы, теңге

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялар сомасы, теңге

7

8

9

10

11






      Ескертпе:

      *Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді/микрокредиттерді субсидиялау жобалары бойынша өңірлік үйлестірушіге/уәкілетті органға субсидиялау туралы есеп ұқсас нысан бойынша жеке ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17,
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 19,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 7,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 26/НҚ,
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 29,
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 2,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 10,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16,
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 31,
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 9,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 20 мен
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 38-НҚ
Бірлескен бұйрыққа
3-қосымша
  "Мемлекеттік қолдауға
жататын жеке кәсіпкерлік
субъектілері қызметін
жүзеге асыратын экономика
салаларын мемлекеттік
қаржылық қолдау қағидаларын,
нысандарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 410-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 412,
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 299,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 401,
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің 2023 жылғы
22 қарашадағы № 450-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 16,
Қазақстан Республикасы
Көлік Министрдің міндетін
атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 91,
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 84,
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 347
Қазақстан Республикасы
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 572/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 598 және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 167 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіпкерлік субъектілерін исламдық банктер қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарларға үстемеақының бір бөлігін және жалға алу төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және тауарларға үстеме ақының бір бөлігін/ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналым қаражатын толықтыру – кәсіпкер кредитінің кәсіпкердің мәлімдеген қызметіне байланысты және салық міндеттемелерін, зейнетақы әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуді болдырмайтын нысаналы мақсаты;

      2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      3) банк-төлем агентi – исламдық лизингтік компанияның қаржы агенттігімен келісілетін және исламдық лизингтік компаниялардың исламдық лизинг шарттары бойынша субсидиялар сомасын аударуға және есептен шығаруға арналған исламдық лизингтік компанияның арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банкі;

      4) жергілікті үйлестіруші – құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның (қаланың/ауданның) құрылымдық бөлімшесі;

      5) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кәсіпкер бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше түрлі қаржыландыру алуға болады);

      6) инвестициялар – негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) салу және (немесе) жаңғырту және (немесе) реконструкциялау және (немесе) күрделі жөндеу, биологиялық және (немесе) материалдық емес активтерді сатып алу. Осы анықтамада көрсетілген мақсаттарға байланысты төлем шоттарына сәйкес негізгі құралдардың/материалдық активтердің құнына енгізілген қосылған құн салығы бойынша шығыстар да инвестицияларға жатады;

      7) ислам банкі – осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

      8) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге тауар үшін төлемнің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігін беруі және/немесе ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге лизинг (жалға беру) шарттарында мүлікті (лизинг нысанын) беруі;

      9) исламдық лизингтік компания – осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысатын, акционерлік қоғам нысанында құрылған, банк болып табылмайтын өз қызметін "Қаржы лизингі туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;

      10) исламдық лизинг шарты – исламдық лизингтік компания кәсіпкерге мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарымен беретін исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім;

      11) исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) – қаржы агенттігі кәсіпкерді уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания берген қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін ішінара субсидиялайтын қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім;

      12) кәсіпкер – өз қызметін осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      13) бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы/ бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба;

      14) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      15) қайта қаржыландыру – кәсіпкерге бұрын берілген қаржыландыруды қаржыландыру қаражаты есебінен алмастыру, бұл ретте қайта қаржыландыру сомасына тауарға үстеме бағаны, айыппұлдарды, өсімпұлдарды және сот тәртібімен де, сол сияқты соттан тыс тәртіппен де берешекті өндіріп алуға байланысты өзге де төлемдерді есепке алмағанда, негізгі борыш қана кіреді;

      16) қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді не кәсіпкерге лизинг (жалға беру) шарттарында мүлік (лизинг нысанасын) береді (қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасады);

      17) мемлекеттік даму институттары – экономиканың әртүрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

      18) нысаналы пайдалану – кәсіпкердің қаржыландыру шарты бойынша осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға алынған ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыруын пайдалануы (нысаналы пайдалану жиынтығында кәсіпкердің активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде төлегенін, алғанын және пайдаланғанын растайтын тиісті құжаттармен расталады және (немесе) ислам банктері қаржыландырған кезде осы Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізуі);

      19) өңірлік үйлестіруші – жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      20) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;

      21) субсидиялау – кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны, ол кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды болашақта орындауға айырбас ретінде қаржыландырулар бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/жалдау төлемінің бір бөлігі ретінде ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылады;

      22) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      23) үлестес/байланысты тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1, 16, 20-тармақтарына, 64-бабының 1-1 және 2-тармақтарына, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 1)-11) тармақтарына, 41-бабының 2-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар;

      24) Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) – экономикалық қызмет түрлерін жіктеу және кодтау тәртібін белгілейтін ұлттық жіктеуіш;

      25) экономикалық орынсыздық – жоспарланған жобадан тиімділіктің болмауы, оның ішінде жұмыс орындарын және (немесе) салықтарды құру жөніндегі өлшемшарттың орындалмауы, жобаның мақсаты мәлімделген ЭҚЖЖ және өзге де талаптарға сәйкес келмеуі;

      26) электрондық өтінім – мемлекеттік қолдау алуға өтінім, ондағы ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады;

      27) электрондық құжаттар топтамасы – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық – цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, төлнұсқа құжаттың түрін және мәліметтерін (деректерін) электрондық – цифрлық нысанда толық көрсететін құжаттар.

      3. Субсидиялау кәсіпкерлер қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігі/жалдау төлемінің бір бөлігі ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      4. Қаржы агенттігінің көрсетілген қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      5. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялау үшін көзделген қаражатты республикалық бюджеттің және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігіне олардың арасында жасалатын қаражатты аудару шарты негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.

      6. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19959 болып тіркелген) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанына сәйкес ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау туралы жасалатын шарт негізінде өңірлік үйлестіруші қаржы агенттігіне аударады.

      Тиісті қаржы жылында бекітілген жаңа жобалар шеңберінде тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және ислам банктерінің табысын құрайтын жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау үшін бюджетті бөлу:

      өңдеу өнеркәсібіне – бюджет қаражатының 50 %-ына дейін;

      қызмет көрсету бойынша қызметке, оның ішінде сауда қызметі саласында бюджет қаражатының 30 %-ына дейін;

      шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне (20 (жиырма) миллион теңгеге дейінгі кредиттер) – бюджет қаражатының 20 % жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, көрсетілген пропорционалдылықты өзгертуге және қаржы агенттігінің өңдеу өнеркәсібіндегі және/немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, оның ішінде сауда қызметі саласындағы жобаларды қолдау шеңберінде және/немесе микрокәсіпкерлік субъектілерінің субсидиялау қажеттілігіне қарай қаражатты олардың арасында қайта бөлуіне жол беріледі.

      7. Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан субсидиялауға бөлінген және ислам банктерінің табысын құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шартының қолданылу кезеңі ішінде пайдаланылмаған қаражатты ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде субсидиялауға және жобаларға кепілдік беруге пайдалануға жол беріледі.

      8. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде:

      1) мемлекеттік даму институттары кредитор болып табылатын;

      2) ислам банктері қаржыландырған кезде осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде арзандатылған тауарға үстеме баға/жалдау төлемінің бір бөлігі;

      3) ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын мүліктік кешен ретінде сатып алуға бағытталған;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша;

      6) ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған;

      7) мыналарды:

      үлестес/байланысты тұлғаның құрылыс жөніндегі қызметті жүзеге асыруын растайтын құжат болған жағдайда, жаңа және (немесе) қолда бар объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) салуды (оның ішінде кеңейту, жаңғырту, техникалық жаңарту, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу);

      Қазақстан Республикасының аумағында ресми дистрибьюторлар болып табылатын үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      егер мұндай тауарды, шикізатты және/немесе материалдарды үлестес/байланысты тұлға шығарған жағдайда, үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, шикізатты және/немесе материалдарды сатып алуды қоспағанда, үлестес/байланысты тұлғалардан негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлік объектілері түріндегі тауарларды, активтерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған;

      8) жеңіл автомобильдерді (шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдерді қоспағанда) сатып алуға, оның ішінде "Такси қызметі" ЭҚЖЖ 49.32 коды бойынша қызметке ("жасыл" жобаларды, сондай-ақ құны 1 (бір) бірлік үшін 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда), "Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизингтеу" 77.11 ЭҚЖЖ коды бойынша жеңіл автомобильдерді жалға алуға және лизингке беруге (1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға және лизингке беруді қоспағанда) бағытталған;

      9) жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға бағытталған (апартаментерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді сатып алу/жалға алу/қосалқы жалдау);

      10) бұрын субсидиялауды алған дайын және пайдалануға берілген/жұмыс істеп тұрған бизнес-жобаны сатып алынатын жобаның кемінде 20 %-ын қосымша жаңғыртусыз сатып алуға бағытталған;

      11) салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуге бағытталған;

      12) экономикалық тұрғыдан орынсыз жобаларды қаржыландыру субсидиялауға жатпайды.

      9. осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген моторлы көлік құралдарын шығаруды және құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді (бальзамдардан басқа) дәрілік зат ретінде шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      2) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік жекешелік-әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда);

      4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;

      5) Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын кәсіпкерлердің жобалары (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

      6) активті қаржыландыру есебінен сатып алынған тұлғаға сатуды/сыйға тартуды/сенімгерлік басқаруға/жалға/өтеусіз пайдалануды жүзеге асырған және/немесе жүзеге асыруды жоспарлаған кәсіпкерлер, оның ішінде кәсіпкердің кәсіпорнын болашақта осы тұлғаға қосылу немесе осы тұлғамен бірігу нысанында қайта ұйымдастыруды жасайтын және/немесе жоспарлайтын кәсіпкерлер. Мониторинг барысында осы тармақшада көрсетілген жағдайлар анықталған кезде субсидиялау тоқтатылады және бұрын төленген субсидиялар қайтарылуға жатады;

      7) өтінім беру сәтінде жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтатқан кәсіпкерлер қатысушы болып табылмайды.

      10. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде кәсіпкердің жеткізушілермен, мердігерлермен, өзге де контрагенттермен есеп айырысуы қолма-қол ақшасыз төлемдер нысанында жүзеге асырылады.

2-тарау. Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі

1-параграф. "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

      11. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономикалық қызметтің басым түрлерінде жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер "шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағытына қатысушылар болып табылады.

      Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно- және шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар іске асыру орны мен кәсіпкердің тіркелген жері ескеріле отырып, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Бұл ретте республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно- және шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде бір кәсіпкер үшін 100 (бір жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға қаржыландыру бойынша тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауға жол беріледі және үлестес/онымен байланысты тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегін есепке алмай есептеледі (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысы жоқ басқа да мақсаттарды, осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 8-тармағының 11) тармақшасына сәйкес салық төлеуді қоспағанда).

      Қаржыландыру ұлттық валютада жүзеге асырылады.

      12. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ жаңғыртуға, айналым қаражатын толықтыруға және өндірісті кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.

      Қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп түсініледі.

      Кәсіпкер де қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын растайды.

      Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.

      Кәсіпкерлердің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақта көзделген талаптар қолданылмайды.

      13. Жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде бұрын ислам банкі/исламдық лизингтік компания жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берген қаржыландыру да жаңа қаржыландыруға жатады.

      14. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім алғашқы қаржыландыру берілген күннен бастап есептеледі) бұрын екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар берген және осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының өлшемшарттарына сәйкес келетін қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

      15. Егер кредит беру негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде, бірақ қаржыландыру сомасының немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатының, немесе мөлшері 500 (бес жүз) миллион теңгеден аспайтын қаржыландырудың 30 %-ынан асырмай жүзеге асырылса, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      16. Cубсидиялау құралын қолдана отырып, 100 % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 500 (бес жүз) миллион теңгеге дейін қаржыландыру кезінде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысы жоқ басқа да мақсаттарды, осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 8-тармағының 11) тармақшасына сәйкес салық төлеуді қоспағанда) рұқсат етіледі.

      17. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын тауарға үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар бойынша қаржыландыру/ислам лизингі шартының сомасы үлестес/онымен байланысты тұлғаларды/компанияларды қаржыландыру бойынша берешекті есепке алмағанда, бір кәсіпкер үшін 3 (үш) миллиард теңгеден аспауға тиіс. Егер бірнеше үлестес/байланысты кәсіпкерге бір бизнес-жобаны іске асыру үшін қаржыландыру берілген жағдайда, онда бұл сома 3 (үш) миллиард теңгеден аспауға тиіс.

      Бір уақытта мынадай:

      жоба бір объект ретінде іске асырылады (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан тығыз байланысты бірыңғай ғимарат/құрылыс/объект болып табылады);

      жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады деген екі шартқа да сәйкес келетін екі және одан астам жобалар бір бизнес-жоба болып есептеледі.

      Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендердегі, оның ішінде моно және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі жобалар бойынша қаржыландыру/ислам лизингі шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 1,5 миллиард теңгеден аспауға тиіс және үлестес/онымен байланысты тұлғаларды/компанияларды қаржыландыру бойынша берешек есепке алынбай есептеледі.

      Олармен үлестес/байланысты тұлғаларды/компанияларды қаржыландыру бойынша берешекті ескермегенде, бір кәсіпкер үшін 500 (бес жүз) миллион теңге сомасында қаржыландыру бойынша (берешектің жалпы сомасын есептеген кезде, кәсіпкердің бүкіл жобалары бойынша кредиттері есепке алынады) субсидиялау кезеңінде дивиденттер төлеуге тыйым салу бойынша талап қойылады.

      18. Инвестицияларға бағытталған қаржыландыру/исламдық лизинг шарты бойынша субсидиялау мерзімі:

      өңдеу өнеркәсібінде субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды;

      осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаның қызметтер көрсету және қызметтің өзге де түрлері жөніндегі қызметте субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.

      Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.

      Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      19. Қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын жалдау төлемінің бір бөлігін төлеу және мерзімін шегеру кезінде өкім және/немесе өзге де құжат және/немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актісі негізінде қаржыландыру бойынша берілген мерзімін ұзарту үшін қаржыландыру мерзімін ұлғайту осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі шегерім ұсынылған мерзімге ұзартылады.

      Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған ислам банкінде/исламдық лизингтік компаниясында бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      20. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі саласындағы субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және:

      алғашқы 3 жылда 8 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын;

      4-ші жылы 9 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын;

      5-ші жылы 10 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған тауарға номиналды үстеме бағамен/жалдау төлемінің бір бөлігімен қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету саласында және осы өзге де қызмет түрлері бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 9 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған тауарға номиналды үстеме бағамен/жалдау төлемінің бір бөлігімен жүзеге асырылады.

      Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау:

      өңдеу өнеркәсібі саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған тауарға номиналды үстеме бағамен/жалдау төлемінің бір бөлігімен жүзеге асырылады;

      қызмет көрсету салаларында және өзге де қызмет түрлерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 10 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған тауарға номиналды үстеме бағамен/жалдау төлемінің бір бөлігімен жүзеге асырылады.

      Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемелері бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      21. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының шеңберінде ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      1) кәсіпкердің бастамасымен қаржыландыру талаптарының (исламдық лизинг шарттарының) өзгеруіне байланысты;

      2) қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатын;

      3) лизинг (жалдау) нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг (жалдау) нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) исламдық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг (жалдау) нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) алынатындарды қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      22. Қаржы агенттігі ағымдағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер қаржы агенттігінен қол қойылған шартты алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге өтелуге тиіс.

      23. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 22-тармағында көрсетілген мерзімде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді.

      24. Заңның 3-бабына сәйкес ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг, таза лизинг және исламдық лизинг деген лизингтің осы нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады.

2-параграф. Субсидиялар беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы

      25. Кәсіпкер ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға:

      1) жаңа қаржыландыру бойынша осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына сәйкес келетін шарттарда қаржыландыру беруге (ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) өтінішпен;

      2) қолданыстағы қаржыландыру бойынша осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алу ниеті туралы ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны хабардар ететін өтінішпен және қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың номиналды үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларында көзделген мөлшерге дейін төмендету туралы өтінішпен жүгінеді.

      26. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания жобаның қаржылық экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және қаржыландыру беру немесе қаржыландыру бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жобаны қаржыландыруға әзір екендігі туралы жазбаша жауап жолдап, қаржы агенттігін хабардар етеді.

      27. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның оң шешімін алған кәсіпкер осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен қаржы агенттігіне жүгінеді, оған мынадай құжаттар:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің қолымен расталған көшірмесі), кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама;

      2) мыналар бойынша:

      қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) , сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға ұлғайту ("Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша);

      қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде жоспарлы өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу кезеңдерін қамтитын кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары;

      3) өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей, салық органынан берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

      4) тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттің бірінің аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына қозғалысын растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері (бар болса);

      5) ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның қаржыландыруды ұсыну немесе кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі (банк/МҚҰ/Лизингтік компания шешімінің хаттамасынан үзінді) бар хаты қоса беріледі.

      28. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға/кәсіпкерге пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысына шығарады.

      29. Отырыстарды өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында айқындалады.

      30. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін жобаларды бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.

      31. Кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасы бар ақпарат түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде: қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша міндеттемесі ("Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша);

      субсидиялау кезеңінде дивиденттер төлеуге тыйым салу көрсетіледі

      32. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді, оған қол қояды және ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға және кәсіпкерге осы Ислам банктері қаржыландырған кезде осы Субсидиялау қағидаларына 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ілеспе хатпен (бұдан әрі – тиісті хат) хаттамадан үзінді көшірме жібереді.

      33. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылданған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

3-параграф. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы кәсіпкердің электрондық өтінімді беру тәртібі

      34. Кәсіпкер "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінімді береді, оған мына құжаттардың электрондық топтамасы қоса беріледі:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары не жоба бойынша сараптамалық қорытынды (банктің/лизингтік компанияның тиісті жұмыскерінің техникалық/экономикалық қорытындысы (осы құжаттар болмаған жағдайда жобаның мәнін анықтайтын басқа құжаттар);

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың қозғалысын растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері (бар болса);

      3) ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның қаржыландыруды ұсыну немесе тауардың үстеме бағасын/кәсіпкердің жалдау төлемінің бір бөлігін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).

      35. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамасы және дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламасы, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, субъектінің кірістері, төленген салықтар туралы мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы анықталады.

      36. Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда ақпараттық жүйе оның өтінімін тіркеуден бас тартады.

      37. Кәсіпкердің электрондық өтінімі ақпараттық жүйе арқылы мақұлданған жағдайда мынадай іс-қимыл:

      1) тіркелген өтінімді осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау үшін қаржы агенттігіне жіберу;

      2) кәсіпкерден түскен өтінімді қаржы агенттігінің қарауы жүзеге асырылады.

      38. Қаржы агенттігі жобаны өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      39. Кәсіпкер және/немесе ұсынылған материалдар осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенттігі дәлелді бас тартуды жібереді.

      40. Кәсіпкер және/немесе ұсынылған материалдар осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары талаптарына сәйкес келген жағдайда электрондық өтінім құжаттардың толық топтамасымен қаржы агенттігінің уәкілетті органына қарауға жіберіледі.

      41. Қаржы агенттігі уәкілетті органының кәсіпкерлердің өтініштерін қарау тәртібі осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 2-тарауында регламенттелген.

      42. Қаржы агенттiгiнің уәкiлеттi органының шешiмi қаржы агенттігінің уәкiлеттi органының шешiмi қабылданған күннен бастап қолданылу мерзімі 3 (үш) ай болатын тиiстi хаттамамен ресiмделедi.

      43. Қаржы агенттігі ақпараттық жүйе арқылы тиісті хатпен хаттамадан үзінді көшірмені жүктейді және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында кәсіпкердің "жеке кабинетіне" жібереді.

4-параграф. Субсидиялау тетігі

      44. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінен қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыру шартының өтеу кестесіне және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      45. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания ағымдағы қаржыландыру бойынша субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін кәсіпкердің қаржыландыру шартында/исламдық лизинг шартында көзделген өзіндік құнының сомасын/жалдау төлемінің сомасын және ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын жалдау төлемін уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа/ағымдағы қаржыландырулар бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      1) кәсіпкердің бастамасымен қаржыландыру талаптарының (исламдық лизинг шарты) өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатын;

      3) лизинг (жалдау) нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг (жалдау) нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) исламдық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг (жалдау) нысанын арнаулы органдардың тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) алынатындарды қоспағанда, қаржыландыруға байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттеме қабылдайды.

      46. Субсидиялау шартын:

      1) ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      қаржы агенттігінен хаттаманы/шешімді алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды;

      2) қаржы агенттігі:

      ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасайды.

      Субсидиялау шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.

      47. Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден субсидиялау үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылмайды.

      48. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания субсидиялау шартын осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 46-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде уақтылы жасамаса, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.

      49. Егер банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және (немесе) субсидиялау шартының талаптары қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне және осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны және кәсіпкерді хабардар етеді.

      50. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

      51. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда қаржы агенттігі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені қаржы агенттігінің уәкілетті органына шығарады.

      52. Субсидиялау шарты оған кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартына қол қойылған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын күн бұрын, бірақ қаржы агенттігінің шешімі шыққан күнінен ерте емес белгіленеді.

      Осы тармақтың күші осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары бекітілген күннен бастап мақұлданған жобаларға қолданылады.

      53. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания дербес айқындайды. Егер қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін есептеу субсидиялау шартына кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталса, субсидиялау шартына кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      54. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар тиісті өңірлік үйлестірушіден түскен қаражат болған кезде төленеді.

      55. Ислам банкі қаржы агенттігіне жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ исламдық лизингтік компаниялар қаржы агенттігімен келісу бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда исламдық лизингтік компаниялар жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомаларын аудару үшін шот ашады.

      56. Өңірлік үйлестіруші қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне соманың 50 %-ы мөлшерінде қаражатты қаржы агенттігі көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражат аударуға арналған шартқа сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      57. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) ислам банкінің/банк-төлем агентінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін қаржы агенттігі ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны электрондық пошта бойынша қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу жолымен бір уақытта хабардар етеді. Хабарламада ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.

      Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды ислам банкінің/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі және қаржылық жағдайының өзге де нашарлау белгілері орын алған жағдайда, оның ішінде:

      халықаралық рейтингтік агенттіктердің кредиттік рейтингі Standard&Poors рейтингтер шкаласы бойынша "В" деңгейінен төмен түскен жағдайда;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген жағдайда;

      қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциялық нормативтер бұзылған жағдайда кәсіпкердің кредит бойынша толық төлемді (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) жүргізу фактісі туралы ислам банкінің/банк-төлем агентінің хабарламасы негізінде не субсидиялау шарттарына төлем графиктерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.

      Ислам банкінде/банк-төлем агентінде жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      58. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания шоттағы қаражаттың жалпы ағымдағы қалдықтарын есептен шығармайды.

      Бұл ретте ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыру шартына/исламдық лизинг шартына өтеу графигі бойынша жоспарлы төлемнен аспайтын қалдық сомасы шегінде ішінара мерзімінен бұрын өтеуге сәйкес есептелген өзгертілген өтеу графигтері бойынша субсидияларды өтеуді жүзеге асырады.

      59. Кәсіпкер қаржыландыру шартына/исламдық лизинг шарты бойынша өтеу кестесіне сәйкес ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидияланбайтын бөлігінде ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға төлеуді жүргізеді.

      60. Кәсіпкердің қаржыландыру бойынша төлемді толық төлеу (өзіндік құн сомалары/жалдау төлемінің сомалары және ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын субсидияланбайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін) фактісі бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      1) қаржыландыру шарты/исламдық лизинг шарты бойынша жоспарлы төлемді кәсіпкер өтеген күнге қаржы агенттігінің шотында қаражаттың болған;

      2) субсидиялау шартына төлемдер кестесі бойынша өтелген күннен кейін қаржы агенттігінен қаражат түскен кезде кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау төлемінің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне жатқызуға қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

      61. Қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді кәсіпкер нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидия сомасы есептен шығарылған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      62. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкер берешекті өтегенге дейін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және мынадай:

      1) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;

      2) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдында лизингтік (жалдау) төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан да көп рет орындамаған жағдайларда 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      63. Қаржы агенттігі тауарларға үстеме бағаны субсидиялау бойынша ай сайын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейін өңірлік үйлестірушіге/уәкілетті органға осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      64. Кәсіпкердің қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шарттарының талаптарына, қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі ислам банкі/исламдық лизингтік компания ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау төлемінің бір бөлігінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе өзіндік құны сомасын/жалдау төлемінің сомасын өтеу бойынша жеңілдікті кезең берген/мерзімін кейінге қалдырған кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау төлемінің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асырады.

      Бұл ретте жеңілдікті кезең/кейінге қалдыру мерзімі қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      65. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания қолданыстағы қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шартының талаптарын (исламдық қаржыландыру кезінде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/жалдау төлемінің бір бөлігі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең/мерзімін кейінге қалдыру, өтеу күні, кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгертсе, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасымен қоса, қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігі уәкілетті органының шешім қабылдаған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада/шешімде анық көрсетіледі.

      Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға хаттаманың үзінді көшірмесін жібереді.

      66. Қолданыстағы қаржыландыру шартының талаптарындағы өзге өзгерістер туралы ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қолданыстағы қаржыландыру талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде қаржы агенттігін және жергілікті үйлестірушісін көрсетеді).

      Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетіледі.

      67. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер(-лер)дің мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтата тұру бойынша ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагер(-лер)дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда субсидиялауды қайта бастау мәселесі қайтадан қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылады.

      68. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында өңірлік үйлестірушілер/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылында, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылады.

5-параграф. Субсидиялауды тоқтату және қайта бастау

      69. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның өтінішхаты (хабарламалары), сондай-ақ мониторинг нәтижелері негізінде қабылдайды.

      70. Қаржы агенттігі ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның хабарламалары және/немесе мониторингтеу нәтижелерінің негізінде мынадайфактілердің:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа қаржыландырудың мақсатсыз пайдаланылуы, бұл ретте субсидиялау қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану сомасына барабар тоқтатыла тұрады;

      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын исламдық лизинг шарты бойынша лизинг (жалдау) нысанасын алмауы;

      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары талаптарына және/немесе өңірлік үйлестіру кеңесінің/қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне сәйкес келмеуі;

      4) кәсіпкердің қаржыландыру шартына төлемдер кестесіне сәйкес ислам банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      5) кәсіпкердің төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы лизингтік (жалгерлік) төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан көп рет орындамауы;

      6) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұруы;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг (жалдау) нысанасын талап ету;

      8) кәсіпкерлердің:

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға бюджетке төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша міндеттемелерін орындамауы;

      9) кәсіпкердің субсидиялау кезеңінде дивиденттер төлеуге тыйымды бұзуы анықталған кезде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтатады.

      71. Қаржы агенттігі осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 70-тармағында көрсетілген фактілер анықталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімінде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіздеме көрсетіледі.

      Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатқан күннен бастап жүзеге асырылады, бұл ретте қаржыландыруды мақсатсыз пайдаланған кезде субсидиялау қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану сомасына пропорционалды түрде тоқтатылады. Мақсатқа сай пайдалануды растайтын қаржыландырудың қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер мақсатсыз пайдалану мөлшеріне пропорционалды төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда субсидиялау төлемдер графигіне сәйкес жалғастырылады.

      72. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді жойған жағдайда субсидиялауды қайта бастау туралы оң шешім қабылдайды.

      73. Қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін ресімдейді және тиісті хатпен ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға хабарлама жібереді.

      74. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі оларға тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді. Субсидиялау осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 70-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша тоқтатыла тұрған жағдайда, субсидиялау қайта басталған кезде қаржы агенттігі кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуге жататын субсидияларды төлеуді жүргізеді.

      75. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебі көрсетілген ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жібереді.

      Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 67-тармағын қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі бар қаржыландыру қайта бастауға жатпайды.

      76. Мынадай жағдайлар:

      1) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының шарттарына және/немесе қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне сәйкес келмеуі;

      2) субсидиялау жүзеге асырылатын қаржыландыруды мақсатсыз пайдалануы анықталған кезде кәсіпкер төлеген субсидиялар сомасы жергілікті атқарушы органдардан субсидияларды қайтару үшін деректемелерді алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, кәсіпкер қаржы агенттігіне берешекті толық төлеген жағдайда бюджетке қайтарылуға жатады.

      77. Мынадай:

      1) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы қаржыландыру шарты/исламдық лизингтік шарт бойынша қаржыландыруды толық өтеген (кәсіпкер ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыруды толық өтеген күн субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);

      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      78. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау ақысының бір бөлігін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және басқа да шарттарды) қолданыстағы қаржыландыру шарты бойынша белгіллеуге жол беріледі.

      79. Кәсіпкер қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын/жалдау төлемінің сомасын мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын/жалдау төлемінің сомасын мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу фактісі туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Кәсіпкер қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын/жалдау төлемінің сомасын ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания төлемдерді өтеу кестесі өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімде қоса бере отырып, қаржыландыру шартына/исламдық лизингтік шартына қосымша келісімнің көшірмесін не ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеу кестесі өзгертілген және төленуге тиісті субсидиялар сомасы көрсетілген хатын қаржы агенттігіне жолдайды.

      80. Кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкерді қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасы/жалдау төлемінің сомасы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания өзара есеп айырысуды салыстырып қарау актісін қаржы агенттігіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Бұл ретте ислам банкі/исламдық лизингтік компания салыстырып қарау актісінде субсидиялардың нақты есептен шығарылған сомасы мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомасы мен күндерін көрсетеді.

      81. Нысаналы мақсатта пайдаланылмағаны анықталған кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыруды мақсатты пайдаланбау фактісін растайтын құжаттармен қоса, құжаттарды қаржы агенттігіне ұсынады.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      82. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеу "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28338 болып тіркелген) бекітілген Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мыналар:

      1) ислам банкі/исламдық лизингтік компания ұсынатын деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатқа сай пайдалануын мониторингтеу;

      2) ислам банкі/исламдық лизингтік компания ұсынатын деректердің негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингтеу;

      3) жобаның іске асырылуын (исламдық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану) мониторингтеу;

      4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігі тұрғысынан мониторингтеу қаржы агенттігінің функцияларына жатады.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      83. Бұрын қолданыста болған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда әрекет етеді.

      Бұрын қолданыста болған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлданған, ислам банктерінің табысын құрайтын жобалар бойынша ислам банктерінің кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруы кезінде кепілгерге, қосалқы қарыз алушыға, қаржыландыру мақсаты мен мерзіміне, қаржыландыру сомасын, сыйақы мөлшерлемесін азайтуға, банкке/лизингтік компанияға, кейінге қалдыруға/жеңілдікті кезеңге, өтеу күніне, өтеу шарттарына, , айналым қаражатын толықтыруға арналған лимиттің жаңартылуына/жаңартылмауына, кәсіпкердің атауын, ЭҚЖЖ кодын өзгертуге қатысты қаржыландырудың ағымдағы шарттарына өзгерістер енгізуге жол беріледі.

      Қаржыландырудың өзге де шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының қолданыстағы талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

  Кәсіпкерлік субъектілерін
қаржыландырған кезде ислам
банктерінің кірісін құрайтын
тауардың үстеме бағасының
бір бөлігін және жалдау
төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

1. Өңдеу өнеркәсібінде

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

24

Металлургия өндірісі*

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

31

Жиһаз өндіру

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

2. Қызметтер және өзге де қызмет түрлері бойынша

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01

01.11 "Дәнді (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік өсіру және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі**

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру***

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68.20.1

Жеке меншік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару****

68.20.2

Жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану*****

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Білім

85

Білім

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

93.1

Спорт саласындағы қызмет

      * шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеу (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құю (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құю (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда

      ** ЭҚЖЖ коды 49.32 "Такси қызметі" бойынша қызметті қоспағанда ("жасыл" жобалар мен 1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда)

      *** апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді қоспағанда

      **** осы ЭҚЖЖ қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалға беруді көздейді

      ***** осы ЭҚЖЖ қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалдауды (қосалқы жалдауды) көздейді

  Кәсіпкерлік субъектілерін
қаржыландырған кезде ислам
банктерінің кірісін құрайтын
тауардың үстеме бағасының
бір бөлігін және жалдау
төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
кімнен _______________

Өтініш

      Кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары) қатысу мақсатында:

      (бағытты белгілеу керек)


"Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағыты

      шарттың негізінде берілген қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау алу___________ № _________ бастап ______________ жыл, келесі шарттарда:

Қаржыландыру сомасы


Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/ жалдау төлемінің бір бөлігі


Қаржыландыру валютасы


Қаржыландыру мерзімі


      Субсидиялау мақұлданған жағдайда қаржыландыру бойынша номиналдық (ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін) Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарауды сұраймын.

      __________ _________ _______________________________________

      (қолы) күні, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Кәсіпкерлік субъектілерін
қаржыландырған кезде ислам
банктерінің кірісін құрайтын
тауардың үстеме бағасының
бір бөлігін және жалдау
төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Кімге:______________________
қаржы агенттігі
Кімнен:_____________________
(бұдан әрі – кәсіпкер)

№ __________ өтініш-сауалнама

      Кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары) сәйкес Сізден төмендегіге сәйкес Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары аясында қаржыландыру бойынша ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауарлардың үстеме бағасының бір бөлігін/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қаржы агенттігінің ________________ жөніндегі уәкілетті органының қарауына шығаруға бастама жасауды сұраймын:

      1. Бағыт (бағытты белгілеу керек)


"Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағыты

      2. Жоба бойынша ақпарат

Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Іс жүзіндегі мекенжайы


Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жобаның қысқаша сипаттамасы


Жобаның іске асыру орны (облыс, қала)


Экономикалық қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес)


Банктің/лизингтік компанияның атауы


Қаржыландыру сомасы


Қаржыландырудың нысаналы мақсаты


      3. Кепілдіктер мен келісімдер

      Кәсіпкер қаржы агенттігіне төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Осы өтінішпен бірге не қаржы агенттігінің сұратуы бойынша қаржы агенттігіне берілетін (берілген) немесе табысталатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс әрі және төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді. Көрсетілген деректер өзгерген жағдайда қаржы агенттігіне дереу хабарлауға міндеттенеді.

      2. Қаржы агенттігінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ статистикалық деректерді ұсынуға және ашуға міндеттенеді.

      3. Қаржы агенттігі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруді қамтамасыз етпейді.

      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе шынайы емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.

      5. Кәсіпкер кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның осы өтінішті беруіне мүмкіндік беретінін растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылады екендігімен келіседі, бұл ретте қаржы агенттігі өтінішті кері қайтару себептерін хабарламайды.

      Кәсіпкер осы арқылы қаржы агенттігіне төмендегілерге келісім береді:

      1. Қаржы агенттігі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамға береді.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенттігі талап еткен барлық құжаттар Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылған.

      3. Қаржы агенттігі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады. Кәсіпкер ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау ұсынылмаса да, қаржы агенттігінде сақталады.

      4. Қаржы агенттігінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және тағы соған сәйкес) қаржы агенттігінің субсидиялауды беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Кәсіпкер субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетінін растайды, кейіннен қаржы агенттігіне наразылықтары болмайды.

      ______________________________________________________________

      4. Қосымшалар

      (________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________ __________________

      (қолы) күні

  Кәсіпкерлік субъектілерін
қаржыландырған кезде ислам
банктерінің кірісін құрайтын
тауардың үстеме бағасының
бір бөлігін және жалдау
төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
Нысан

20___жылғы "___" ___________


Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС)
"______________________________"



Көшірме: акционерлік қоғам (екінші
деңгейдегі банк)/жауапкершілігі
шектеулі серіктестік (лизингтік
компания)
"_____________________________"

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын Кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының _________ бағыты шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысында қарағанын және " ___" _________ 20__жылғы мақұлдағанын хабарлайды.

      Өңірлік филиал директоры

      ______________________________________________

  Кәсіпкерлік субъектілерін
қаржыландырған кезде ислам
банктерінің кірісін құрайтын
тауардың үстеме бағасының бір
бөлігін және жалдау төлемінің
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша
Нысан

20___жылғы "___" ___________


Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС)
"______________________________"



Көшірме: акционерлік қоғам (екінші
деңгейдегі банк)/жауапкершілігі
шектеулі серіктестік (лизингтік
компания)
"_____________________________"

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының _________ бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының кезекті отырысында қарап, мынадай шешім қабылдады:

      1. _____________________ бас тартылсын (бас тарту себебі).

      2. _____________________ ұсынылсын.

      Өңірлік филиал директоры

      __________________________________________

  Кәсіпкерлік субъектілерін
қаржыландырған кезде ислам
банктерінің кірісін құрайтын
тауардың үстеме бағасының бір
бөлігін және жалдау төлемінің
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға ______________бастап

______________ аралығындағы кезеңде субсидиялау туралы есеп

Ислам банкінің/ исламдық лизингтік компанияның атауы

Кәсіпкерлік субъектісі жүгінген орын

Кәсіпкерлік субъектісінің атауы

Қаржыландыру шартының (транш) нөмірі

Қаржыландыру шартының (транш) күні

Қаржыландыру (транш) сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6







Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын жалдау ақысының бөлігін/кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауарларға қосылған бағаның мөлшерлемесі (транш)

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржылық агенттік аударған субсидиялар сомасы, теңге

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялар сомасы, теңге

7

8

9

11











  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17,
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 19,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 7,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 26/НҚ,
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 29,
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 2,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 10,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16,
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 31,
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 9,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 20 мен
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 38-НҚ
Бірлескен бұйрыққа
4-қосымша
  "Мемлекеттік қолдауға
жататын жеке кәсіпкерлік
субъектілері қызметін
жүзеге асыратын экономика
салаларын мемлекеттік
қаржылық қолдау қағидаларын,
нысандарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 410-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 412,
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 299,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 401,
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
ақпарат министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 450-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 16,
Қазақстан Республикасы
Көлік Министрдің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 91,
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 84,
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 347
Қазақстан Республикасы
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 572/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 598
және Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 167 бірлескен бұйрығына
6-қосымша

Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналым қаражатын толықтыру – кәсіпкердің мәлімделген қызметіне байланысты және салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуді болдырмайтын кәсіпкердің бағалы қағаздарын орналастыру нәтижесінде алынған ақша қаражатының нысаналы мақсаты;

      2) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ;

      3) АХҚО қор биржасы – АХҚО-да қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) АХҚО қор биржасының тіркеушісі – АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген жеке компания, бағалы қағаздар тізілімін қалыптастыру және жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну оның қызметі болып табылады;

      5) АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы – АХҚО қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын тәуелсіз уәкілетті орган;

      6) АХҚО қор биржасының облигацияларды шығару жөніндегі актісі – АХҚО қор биржасында облигацияларды шығару тәртібін регламенттейтін АХҚО биржалық реттеу шеңберіндегі нормативтік құжат;

      7) АХҚО қор биржасының исламдық бағалы қағаздарды шығару жөніндегі актісі – АХҚО қор биржасында исламдық бағалы қағаздарды шығару тәртібін регламенттейтін АХҚО биржалық реттеу шеңберіндегі нормативтік құжат;

      8) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі – АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы берген лицензия негізінде депозитарлық қызметті жүзеге асыратын жеке компания;

      9) АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің қағидалары – АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің бағалы қағаздар нарығы субъектілерімен өзара қарым-қатынастарының шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;

      10) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган – бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган;

      11) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолда бар табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

      12) "жасыл" облигация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері шығаратын және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және "жасыл" жобаларды іске асыру қаржыландыру мақсатында ақша қаражатын тарту үшін АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, тіркелген кірісі бар борыштық құрал;

      13) "жасыл" облигациялар қағидаттары – капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы әзірлеген "жасыл" облигациялар шығарылымының халықаралық ерікті стандарты және (немесе) климаттық бондтар бастамасының (Climate Bond Initiative) климаттық бондтар стандарты;

      14) "жасыл" таксономия – Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес "жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;

      15) жоба (бизнес-жоба) – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметтің түрлі бағыттарындағы іс-шаралар мен іс-қимылдар жиынтығы;

      16) инвестициялар – негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) салу және (немесе) жаңғырту және (немесе) реконструкциялау және (немесе) күрделі жөндеу, биологиялық және (немесе) материалдық емес активтерді сатып алу. Осы анықтамада көрсетілген мақсаттарға байланысты төлем шоттарына сәйкес негізгі құралдардың/материалдық активтердің құнына енгізілген қосылған құн салығы бойынша шығыстар да инвестицияларға жатады;

      17) исламдық бағалы қағаздар – шығарылу шарттары материалдық активтерге бөлінбейтін үлесті иелену құқығын және (немесе) оларды пайдаланудан түскен активтерге, көрсетілетін қызметтерге немесе қаржыландыру үшін осы бағалы қағаздар шығарылған нақты жобалардың активтеріне билік ету құқығын куәландыратын, исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар;

      18) бағалы қағаздарды орналастыру – бағалы қағаздардың бастапқы нарығында купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар бағалы қағаздарды/исламдық бағалы қағаздарды сату;

      19) исламдық бағалы қағаздарды өтеу – ұстаушыға тиесiлi исламдық бағалы қағаздар санының осы шығарылымдағы исламдық бағалы қағаздардың жалпы саны қатынасына барабар үлеске сәйкес келетiн ақша сомасын бөлiнген активтер есебiнен исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiнде белгiленген мерзiмдерде төлеу;

      20) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар исламдық бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар тұлға;

      21) исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектісі – эмитент, оның қаржылық жай-күйі, исламдық бағалы қағаздардың сатуға болжанатын, шығарылым көлемі, шығарылымдағы исламдық бағалы қағаздар саны, оларды шығару, орналастыру, олардың айналыста болуы, сыйақы төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтерді және исламдық бағалы қағаздарды сатып алу туралы инвестордың шешіміне ықпал етуі ықтимал басқа да ақпаратты қамтитын құжат;

      22) кәсіпкер – өз қызметін осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Экономикалық қызметтің басым түрлерінде жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар түрінде қаржы құралдарын шығаратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      23) кәсіпкерлікті қолдаудың бұдан бұрын бекітілген бағдарламасы/кәсіпкерлікті қолдаудың бұдан бұрын бекітілген бағдарламалары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба;

      24) нысаналы пайдалану – эмитенттің осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға бағалы қағаздарды орналастыру нәтижесінде алынған ақша қаражатын пайдалануы (нысаналы пайдалану осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес жиынтығында кәсіпкердің активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде төлегенін, алғанын және пайдаланғанын және (немесе) басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттармен расталады);

      25) купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау – эмитенттерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны, ол купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялар ұстаушыға немесе купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыға эмитент төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылады;

      26) купондық сыйақы мөлшерлемесі – облигация шығарылымының проспектісінде белгіленген және облигация орналастыру салдарынан эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін облигацияны ұстаушыға мерзімдік негізде төлеуге жататын купондық сыйақының пайызбен көрсетілген мөлшері;

      27) купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялар – эмитент шығарған және қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) қаржы агенттігі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыратын, АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар, оның ішінде "жасыл" облигациялар;

      28) купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар исламдық бағалы қағаздар – эмитент шығарған және қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) қаржы агенттігі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыратын АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген исламдық бағалы қағаздар;

      29) қайта қаржыландыру – эмитенттің бағалы қағаздарды орналастыру нәтижесінде алған қаражаты, эмитенттің бұдан бұрын пайда болған ақшалай міндеттемелері (кредит/кредиттер) есебінен алмастыру, бұл ретте қайта қаржыландыру сомасына сыйақыны, айыппұлдарды, өсімпұлдарды және сот тәртібімен де, соттан тыс тәртіппен де берешекті өндіріп алуға байланысты өзге де төлемдерді есепке алмағанда ғана негізгі борыш кіреді;

      30) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      31) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

      32) ақпаратты тасымалдаудың қаржылық автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – АТҚАЖ) – жіберілетін құжаттаманы рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғай алатын арнайы байланыс арнасы;

      33) қаржылық консультант – эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізу мәселесі бойынша эмитентке жасалған шартқа сәйкес консультациялық қызметтер ұсынатын ұйым;

      34) қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;

      35) листинг – бағалы қағаздарды қор биржасы мен АХҚО қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тiзiмi санатына және (немесе) секторына қосу, оларды қосу және онда болуы үшін қор биржасының және (немесе) АХҚО ресми тізіміне қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленеді;

      36) облигация ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялар бойынша құқығы бар тұлға;

      37) облигациялар шығару проспектісі – эмитент, оның қаржылық жай-күйі, сатылуы болжанатын облигациялар, шығарылым көлемі, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығару, орналастыру, олардың айналыста болуы, сыйақы төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтерді және инвестордың облигацияны сатып алу туралы шешіміне ықпал ететін басқа да ақпаратты қамтитын құжат;

      38) облигацияларды өтеу – облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен сыйақы мен номиналды құнды төлеу арқылы орналастырылған купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигацияларды (кейiннен сату мақсатынсыз) айналыстан алып қою бойынша эмитенттiң іс-қимылы;

      39) облигациялар ұстаушылардың өкiлi – бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы облигациялар айналымы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесiнде эмитентпен жасалған шарт негiзiнде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн көздеп iс-әрекет жасайтын ұйым;

      40) орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам;

      41) орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығы – орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiмен өзара қарым-қатынас шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;

      42) өңірлік үйлестіруші – жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      43) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі мен эмитент арасында жасалатын екіжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі жеке кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарған және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар, оның ішінде "жасыл" облигациялар, исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;

      44) сыйақы мөлшерлемесі – облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижесінде эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін облигация немесе исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыға кезеңдік негізде төленуге тиіс, облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісінде белгіленіп, пайызбен берілген сыйақы мөлшерлемесі;

      45) сыртқы бағалау ("жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын жоба бойынша) – "жасыл" жобаның "жасыл" таксономияда көзделген шекті мәндердің сақталуы бөлігінде "жасыл" таксономия жобаларының кіші секторларына сәйкестігін тексеруді қоса алғанда, "жасыл" облигациялардың Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының "жасыл" облигациялар қағидаттарының және басқа да танымал стандарттардың негізгі элементтеріне сәйкестігін бағалау рәсімі;

      46) сыртқы бағалау провайдері – тиісті қорытынды дайындай отырып, "жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын, іске асырылуы көзделген немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;

      47) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      48) үлестес/байланысты тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1, 16, 20-тармақтарына, 64-бабының 1-1 және 2-тармақтарына, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 1)-11) тармақтарына, 41-бабының 2-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар;

      49) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ISIN) – сәйкестендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатында бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына орталық депозитарий беретiн әрiптiк-цифрлық код;

      50) эмитент – купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды немесе купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын исламдық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкер;

      51) экономикалық орынсыздық – жоспарланған жобадан тиімділіктің болмауы, оның ішінде жұмыс орындарын құру және (немесе) салықтарды көбейтужөніндегі өлшемшарттың орындалмауы, жобаның мақсаты Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) мәлімделген кодына сәйкес келмеуі және өзге де талаптар.

      3. Эмитенттердің облигациялары, оның ішінде қор биржасының және (немесе) АХҚО қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шеңберінде жүзеге асырылады.

      4. Эмитенттердің облигациялары, оның ішінде "жасыл" облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау облигациялар, исламдық бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде эмитенттер төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің кәсіпкерлермен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      5. Қаржы агенттiгiнiң көрсетілетін қызметтерiн уәкiлеттi орган республикалық бюджет қаражаты есебiнен төлейдi.

      6. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне олардың арасында жасалатын қаражатты аудару шарты негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.

      Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19959 болып тіркелген) субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша жасалатын купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарты негізінде қаржы агенттігіне аударады.

      Мыналарға:

      өңдеу өнеркәсібіне бюджет қаражатының 50 % дейін;

      қызмет көрсету бойынша қызметке, оның ішінде сауда қызметі саласында бюджет қаражатының 30 % дейін;

      микрокәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне бюджет қаражатының 20 % дейін тиісті қаржы жылында бекітілген жаңа жобалар шеңберінде купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін бюджетті бөлу жүргізіледі.

      Бұл ретте қаржы агенттігі өңдеу өнеркәсібіндегі және/немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, оның ішінде сауда қызметі саласындағы жобаларды қолдау шеңберінде және/немесе микрокәсіпкерлік субъектілерінің субсидиялау қажеттілігіне қарай олардың арасында қаражаттың көрсетілген пропорционалдығын өзгертуге және қайта бөлуге жол беріледі.

      7. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Субсидиялауға бөлінген және субсидиялау шартының қолданылу кезеңі ішінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелері пайдаланылмаған республикалық бюджеттен және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражатты субсидиялауға және жобаларға кепілдік беруге пайдалануға жол беріледі.

2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тәртібі

1-параграф. Эмитенттерге қойылатын шарттар мен талаптар

      8. Осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономикалық қызметтің басым түрлерінде жобаларды іске асыру үшін облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысушы болады.

      9. "Жасыл" жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес "жасыл" облигацияларды шығаруды және орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер де осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысушылар болады.

      10. Мыналар:

      1) моторлы көлік құралдарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын эмитенттер;

      2) ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын эмитенттер;

      3) қиыршық тасты және құмды карьерлерді игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі және карьерлерді игерудегі жобаларды іске асыруды жоспарлайтын эмитенттер;

      4) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, қаржы агенттігінің уәкілетті органы өтінімді қарау кезінде ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі ұйымдар болып табылатын эмитенттер, олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;

      5) Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын эмитенттердің жобалары (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

      6) меншік нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке мекеме ретінде ресімделген эмитенттер;

      7) активті кредит/микрокредит есебінен сатып алынған тұлғаға сатуды/сыйға тартуды/сенімгерлік басқаруға/жалға/өтеусіз пайдалануды жүзеге асырған және/немесе жүзеге асыруды жоспарлаған, оның ішінде кәсіпкердің кәсіпорнын болашақта осы тұлғаға қосылу немесе осы тұлғамен бірігу нысанында қайта ұйымдастыруды жасайтын және/немесе жоспарлайтын эмитенттер. Мониторинг барысында осы тармақшада көрсетілген жағдайлар анықталған кезде субсидиялау тоқтатылады және бұрын төленген субсидиялар қайтарылуға жатады;

      8) субсидиялауға өтінім беру сәтінде жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтата тұрған эмитенттер осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысушы болып табылмайды.

      11. Мыналар:

      1) эмитенті мемлекеттік даму институттары болып табылатын;

      2) сыйақы мөлшерлемесі осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде арзандатылған кредиттерді қоспағанда, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;

      3) ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын мүліктік кешен ретінде сатып алуға бағытталған;

      4) овердрафт түрінде;

      5) қайтарымды, қайталама немесе сублизинг бойынша;

      6) ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін іске асыру үшін шығарылған;

      7) үлестес/байланысты тұлғалардан негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлік объектілері түріндегі тауарларды, активтерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін шығарылған, мыналарды:

      үлестес/байланысты тұлғаның құрылыс жөніндегі қызметті жүзеге асыруына растайтын құжат болған жағдайда, жаңа және (немесе) бар объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) салуды (оның ішінде кеңейту, жаңғырту, техникалық жаңарту, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу);

      Қазақстан Республикасының аумағында ресми дистрибьюторлар болып табылатын үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      егер мұндай тауарды, шикізатты және/немесе материалдарды үлестес/байланысты тұлға өндірген жағдайда, үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, шикізатты және/немесе материалдарды сатып алуды қоспағанда;

      8) жеңіл автомобильдерді (шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдерді қоспағанда) сатып алу үшін шығарылған, оның ішінде "Такси қызметі" ЭҚЖЖ 49.32 коды бойынша қызметке ("жасыл" жобаларды, сондай-ақ құны 1 (бір) бірлік үшін 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда), "Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизингтеу" 77.11 ЭҚЖЖ коды бойынша жеңіл автомобильдерді жалға алуға және лизингке беруге (1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға және лизингке беруді қоспағанда) бағытталған;

      9) жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүргізу үшін шығарылған (апартаменттерді, пәтерлерді, тұрғын үйлерді, жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жер учаскелерін сатып алу/жалға алу/қосалқы жалдау);

      10) бұдан бұрын субсидиялауды және/немесе кепілдік алған дайын және пайдалануға берілген/қолданыстағы жобаны қосымша жаңғыртусыз сатып алынатын жобаның 20 %-дан кем сатып алу үшін шығарылған;

      11) салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдер мен алымдарды төлеу үшін шығарылған;

      12) экономикалық тұрғыдан тиімсіз жобаларды іске асыру үшін шығарылған бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесі осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялауға жатпайды.

2-параграф. Субсидиялау шарттары

      12. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүргізілетін облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығарудың жиынтық номиналды құны үлестес/онымен байланысты тұлғаларды/компанияларды қаржыландыру бойынша берешекті есепке алмағанда бір эмитент үшін 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды.

      Жоба бір объект ретінде (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан ажырағысыз байланысқан бірыңғай ғимарат/құрылыс/объект болып табылады) іске асырылады;

      жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады деген қатарынан 2 (екі) өлшемшартқа сәйкес келетін екі және одан астам жобалардың жиынтығы бір бизнес-жоба болып саналады.

      500 (бес жүз) миллион теңгеден астам сомамен (берешектің жалпы сомасын есептеу кезінде кәсіпкердің жобалары бойынша қолданыстағы барлық шығарылған бағалы қағаздар ескеріледі) бір эмитент үшін үлестес/онымен байланысты тұлғалардың/компаниялардың шығарылған бағалы қағаздары бойынша берешекті есепке алмағанда, субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талап қойылады. Осы абзацтың шарттары орындалмаған жағдайда субсидиялар төлеу тоқтатылады және кәсіпкер төленген субсидиялар сомасын толық көлемде өтейді.

      ЭҚЖЖ 55.10 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектісі бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатын "3", "4" және "5" жұлдызды санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша жобаларды қаржыландыру кезінде кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы үлестес/онымен байланысты тұлғаларды/компанияларды қаржыландыру бойынша берешекті есептемегенде бір эмитент үшін субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайтын мерзіммен 7 (жеті) миллиард теңгеден аспайды. Бұл шарт осы Купондық сыйақы мөлшерлемесінің қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес экономикалық қызметтің басым түрлері тізбесінің ЭҚЖЖ 55.10 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 55.20 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 55.30 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды.

      13. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды шығару жобасында облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты:

      1) ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын мүліктік кешендер ретінде сатып алу;

      2) айналым қаражатын толықтыру негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару шеңберінде, бірақ облигациялар шығарылымының жиынтық номиналды құнының 30 %-нан асырмай жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыру болып табылады деп көрсетілген облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды қоспағанда, жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, ағымдағы міндеттерді қайта қаржыландыруға бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және/немесе АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша жүзеге асырылады.

      Эмитент шығарған облигациялар немесе ислам бағалы қағаздары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін үлестес/онымен байланысты тұлғаларды/компанияларды қаржыландыру бойынша берешекті есепке алмағанда, бір эмитент үшін айналым қаражатын 500 (бес жүз) миллион теңгеге дейін толықтыруға субсидиялауға жол беріледі.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге бағытталған жобалар деп эмитенттердің қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға арттыруды көздейтін жобалары түсініледі.

      Эмитент сондай-ақ салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға артатынын растайды.

      Бұл ретте жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.

      Эмитенттің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған жобаларына осы тармақтың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген талаптар қолданылмайды.

      14. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шығару проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты жаңа және (немесе) қолданыстағы "жасыл" жобаларды қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру болып табылатыны көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      15. "Жасыл" облигацияларды іске асыруға берілетін купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін іске асырылатын жобалардың шекті мәніне ("жасыл" таксономия кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт болған кезде) қол жеткізуді көздейді (осы өлшемшартты орындау мерзімін ұзарту сыртқы бағалаумен айқындалған объективті себептер болған кезде қаржы агенттігінің шешімі негізінде жүзеге асырылады).

      16. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша субсидиялау облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және айналым мерзімі 5 (бес) жылды қоса алғандағы мерзімнен аспайтын облигациялар бойынша 5 %-ға ұлғайтылған базалық мөлшерлеменің жалпы шамасынан аспайтын шартпен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте көрсетілген жалпы шаманың 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      ЭҚЖЖ 55.10 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектісі бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатын "3", "4" және "5" жұлдызды санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша жобаларды қаржыландыру кезінде купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 6 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын облигациялар бойынша 5 %-ға ұлғайтылған базалық мөлшерлеменің жалпы шамасынан аспаған жағдайда жүзеге асырылады.

      17. Орналастырылған облигациялар (эмитент сатып алғандарын шегергенде) немесе орналастырылған исламдық бағалы қағаздар бойынша есептелген (эмитент сатып алғандарды шегергенде) сыйақы мөлшерлемесі ғана субсидиялауға жатады.

      18. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды, исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектілеріне субсидиялаудың бүкіл мерзімі ішінде Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қаржы агенттігінің уәкілетті органымен келісу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      19. Облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды, бірақ облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар айналымы мерзімінен аспайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      Қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі субсидиялау кезінен бастап 2 (екі) жылдан, бірақ облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар айналымы мерзімінен аспайтын жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      Купондық сыйақыны төлеу бойынша мерзімі шегерілген кезде өкім және (немесе) өзге де құжат және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актісі негізінде осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі шегерілген мерзімге ұзартылады.

      "Жасыл" облигацияларға қатысты субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі "жасыл" жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      20. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау облигациялар/исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісінде көрсетілген өтеу кестесіне сәйкес облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша жүзеге асырылады.

      21. Эмитенттің купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялары номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде, оның ішінде АХҚО құқығы бойынша бағалы қағаздар тізілімін есепке алу жүйесінде ескеріледі. Эмитенттің купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын исламдық бағалы қағаздары номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде есепке алынады. Купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялармен немесе исламдық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу "Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген) көзделген тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің/АХҚО қор биржасының тіркеушісінің қағидаларында және/немесе АХҚО құқығында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      22. Эмитент купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар ұстаушылардың немесе купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілін таңдауды бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушылары қатарынан дербес жүзеге асырады. Бұл ретте эмитенттің үлестес тұлғалары арасынан облигациялар ұстаушының немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушының өкілін таңдауға жол берілмейді.

3-параграф. Қатысушылардың өзара іс-қимылы

      23. Кәсіпкер немесе қаржы консультанты субсидиялауды алу үшін қаржы агенттігіне субсидиялаудың үлгілік шартын жібереді, оған мынадай құжаттар топтамасын (басшының мөрімен (болған жағдайда) және қолымен расталған көшірмелер) қоса береді:

      1) осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша эмитенттің өтініш-сауалнамасы;

      2) осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өтінім туралы ақпарат (эмитенттің қолы қойылған);

      3) облигациялар шығару проспектісінің жобасы не исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісінің жобасы;

      4) эмитенттің уәкілетті органының облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды шығару туралы шешімі;

      5) эмитентті мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;

      6) егер эмитенттің негізгі қызмет түрі лицензиялануға тиіс болса, лицензиялар;

      7) барлық өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен жарғы/құрылтай шарты (акционерлік қоғам акцияларды шығару проспектісін және бағалы қағаз ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірмені қосымша ұсынады);

      8) берілгені жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспаған бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоғы туралы салық органының анықтамасы;

      9) салық декларацияларының соңғы 3 (үш) қаржы жылындағы көшірмелері (егер кәсіпкердің жұмыс істеу мерзімі 3 (үш) жылдан кем болса, салық декларациясының соңғы қаржы жылындағы көшірмесі);

      10) қаржы консультантының эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы қорытындысы;

      11) сыртқы бағалау ("жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын жоба бойынша) нәтижелері бойынша қорытынды;

      12) қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту жөніндегі, сондай-ақ салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға ұлғайтуды қол жеткізу жөніндегі кезеңдерді қамтитын жобаның бизнес-жоспары және осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 13-тармағының жетінші абзацының талаптарын ескере отырып, қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде жоспарлы өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу.

      24. Қаржы агенттігі осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 23-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде:

      1) құжаттар топтамасының толықтығын тексереді (құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін оларды эмитентке бес күн мерзімде қайтарады);

      2) облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісі жобасының нысаналы мақсатын осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      3) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша эмитенттің жобасын толық құжаттар топтамасымен қоса қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      25. Отырыстарды өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны, сондай-ақ эмитенттердің жобаларын қарауға арналған тиісті нысандар қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен айқындалады.

      26. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда қарайды.

      27. Қаржы агенттігі өзінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді, оған қол қояды және хаттамадан үзінді көшірмені ілеспе хатпен эмитентке/қаржы консультантына, қор биржасына/АХҚО қор биржасына жібереді.

      28. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылданған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

      29. Қаржы агенттігі уәкілетті органның хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін кәсіпкер эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың немесе исламдық бағалы қағаздардың листингтік талаптарға сәйкестігі туралы алдын ала қорытынды алу үшін құжаттарды қор биржасына/АХҚО қор биржасына жібереді, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне/АХҚО актілеріне сәйкес мемлекеттік емес облигациялардың немесе исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, қор биржасында/АХҚО қор биржасында листинг рәсімінен өтеді, қор биржасының/АХҚО қор биржасының ішкі қағидаларына және "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17884 болып тіркелген) және бағалы қағаздар шығарылымын Қазақстан Республикасының немесе АХҚО юрисдикциясында тіркеу мақсатында өзге де қолданылатын құқықтық актілерде тіркелген, сәйкес облигацияларды орналастыруды жүзеге асырады.

      Субсидиялау шарты Эмитент ұсынғаннан кейін жасалады:

      1) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган/АХҚО қор биржасы тіркеген облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісін;

      2) қор биржасының/АХҚО қор биржасының эмитент облигацияларын немесе исламдық бағалы қағаздарын қор биржасының/АХҚО қор биржасының ресми тізіміне (листинг) қосу туралы хабарламасын;

      3) эмитент пен орталық депозитарийдің немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің арасында төлем агентінің қызметтер көрсету шартының жасалғаны туралы хабарламаны (немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің қағидаларына сәйкес эмитенттің бағалы қағаздарына қатысты төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру туралы АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің өзге де растауы);

      4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен үзінді көшірмені немесе АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің есепке алу жүйесінен үзінді көшірмені немесе облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы есепті ұсынғаннан кейін жасалады.

      30. Эмитент осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 29-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін қаржы агенттігі мен эмитенттің арасында субсидиялау шарты жасалады.

      Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден субсидиялау үшін бюджет қаражаты болмаған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылмайды.

      Субсидиялау шарты тараптардың қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Эмитент субсидиялау шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, орталық депозитарийге/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне және қор биржасына/АХҚО қор биржасына сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігінің мөлшері және орналастырылған облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар саны туралы мәліметтерді міндетті түрде қамтитын субсидиялау шартының жасалғаны туралы хабарлама жібереді.

4-параграф. Субсидиялау тетігі

      31. Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды немесе купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын исламдық бағалы қағаздарды орналастырған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, орталық депозитарийдің/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялардың немесе купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын исламдық бағалы қағаздардың жалпы саны туралы ақпаратты орналастырады.

      32. Эмитент орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің қағидаларына сәйкес сыйақыны төлеу тізілімін бекіту күні орталық депозитарийдегі/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіндегі шотқа сыйақының субсидияланбайтын сомасын өтеу кестесіне сәйкес аударады.

      Қаражат аударылғаннан кейін эмитент қаражатты аудару туралы құжаттың көшірмесін электрондық пошта арқылы жіберу арқылы АХҚО қор биржасының орталық депозитарийін/орталық депозитарийін хабардар етеді. Хабарламада эмитент, өңір, сыйақы сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.

      33. Орталық депозитарийі/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі эмитент сыйақы мөлшерлемесінің және негізгі борыштың субсидияланбайтын бөлігін аударғаннан кейін (өтеу графигінде бар болса) 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы агенттігіне эмитенттен қаражаттың түскені/түспегені туралы хабарлама жібереді.

      34. Қаржы агенттігі орталық депозитарийден/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінен эмитенттен қаражаттың түсуі туралы хабарлама негізінде субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін орталық депозитарийінің/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің шотына аударады.

      Бұл ретте қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі қаражатты аудару туралы құжаттың көшірмесін электрондық поштамен жіберу арқылы орталық депозитарийін/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийін хабардар етеді. Хабарламада эмитент, өңір, субсидия сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.

      35. Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі төлем агентінің қызметтерін көрсету шартында белгіленген немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі белгіленген мерзім ішінде облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушыларының шоттарына/банк шоттарына ақша аударуды жүзеге асырады.

      36. Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі эмитент төлеген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігін және негізгі борышты (өтеу графигінде бар болса) облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушыларының шоттарына/банк шоттарына аударғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, облигация ұстаушылардың өкіліне немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушыларының өкіліне және қаржы агенттігіне (ҚААТЖ жүйесі арқылы қолжетімді болған кезде):

      1) ISINе облигациялары не исламдық бағалы қағаздары;

      2) тізілімді тіркеген күні жағдай бойынша облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушыларының шоттарындағы облигациялардың немесе исламдық бағалы қағаздардың саны;

      3) орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың шоттарына/банк шоттарына аударған сыйақының жалпы сомасы;

      4) орналастырылмаған облигациялардың не исламдық бағалы қағаздардың саны/сомасы;

      5) орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі эмитенттен алған сома туралы мәліметтер қамтылған субсидиялау туралы есепті жібереді.

5-параграф. Субсидиялау шартын тоқтата тұру/қайта бастау/тоқтату тәртібі

      37. Эмитент жобасын субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қаржы агенттігі қабылдайды.

      38. Қаржы агенттігі орталық депозитарийдің/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің/облигацияларды ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушылары өкілінің және/немесе мониторинг нәтижелерінің хабарламасы негізінде мынадай фактілер анықталған кезде эмитентті субсидиялауды тоқтата тұрады:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан түскен қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау;

      2) жобаның және (немесе) эмитенттің осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келмеуі;

      3) эмитенттің облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу міндеттемесін орындамауы;

      4) эмитенттің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және (немесе) эмитенттің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      5) эмитенттің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту жөніндегі міндеттемелерді бюджетке 10 %-ға орындамауы қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін;

      6) эмитент көзделіп отырған "жасыл" облигациялар бойынша мәлімделген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттары мыналарды:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестігін (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздеген жағдайда эмитент ұсынатын сыртқы бағалау провайдері қорытындысының негізінде жобаны субсидиялау басталғаннан бері 2 (екі) жыл өткеннен кейін "жасыл" облигациялар бойынша осы шекті өлшемшарттарға қол жеткізбеуі.

      39. Субсидияларды тоқтата тұру кезеңінде купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеу жүзеге асырылған жағдайда орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің қағидаларына сәйкес облигация немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушыларына эмитент есебінен осы сыйақыны төлеу толық жүргізіледі.

      40. Қаржы агенттігі осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 38-тармағында көрсетілген фактілерді анықтағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату/тоқтату бойынша кейінге қалдыруды ұсыну немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды және тиісті хатпен эмитентті/облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушыларының өкілін және орталық депозитарийді, АХҚО қор биржасының орталық депозитарийін хабардар етеді.

      Эмитент облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купонды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда эмитентке туындаған берешекті жабу үшін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мерзім беріледі.

      Қаржы агенттігінің уәкілетті органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде эмитент субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді жойған жағдайда субсидиялауды қайта бастау туралы оң шешім қабылдайды.

      41. Қаржы агенттігі тоқтата тұру кезеңі үшін төленбеген купонның субсидияланатын бір бөлігіне төлем жүргізеді.

      Субсидиялауды тоқтата тұру кезеңінде эмитентке төленбеген купонның субсидияланатын бір бөлігіне төлем қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін эмитент шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

      42. Эмитентті субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хаттармен субсидиялау шартын бұзу күнін және бұзу себептерін көрсете отырып, эмитентке, облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушыларының өкіліне және орталық депозитарийге, АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жібереді.

      Тоқтатылған жобалар қайта бастауға жатпайды.

      43. Эмитент төлеген субсидия сомасы эмитент қаржы агенттігіне берешекті толық төлеген жағдайда:

      1) жобаның және (немесе) эмитенттің осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келмеуі;

      2) субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдаланбау жағдайлары анықталған кезде субсидияны қайтару үшін қаражат көзінен деректемелерді алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бюджетке қайтарылуға жатады.

      44. Субсидиялар төлеу:

      1) эмитент облигацияларды толықтай өтеген жағдайда (егер субсидиялау мерзімі облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастыру мерзіміне тең болса, эмитент облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды толықтай өтеген күн субсидиялауды тоқтату күні болып есептеледі);

      2) облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу сот шешімі бойынша жарамсыз деп танылған;

      3) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның/АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органының шешімі бойынша облигация шығарылымы жойылған;

      4) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      5) эмитенттің бастамасы бойынша субсидиялау шарты бұзылған;

      6) субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталған;

      7) облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастыруды немесе делистингті тоқтата тұру жағдайларда тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      45. Облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар мерзімінен бұрын өтелген жағдайда эмитент қаржы агенттігін осындай өтеу күнінен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.

      46. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде қаражатты нысаналы пайдаланбау және (немесе) жобаның сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда эмитент қаржы агенттігі төлеген сыйақы сомасын қайтаруды жүзеге асырады.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      47. Осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі, эмитенті және облигация ұстаушылар немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушыларының өкілі жүзеге асырады. Қаржы агенттігі мониторингті "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28338 болып тіркелген) бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      48. Қаржы агенттігі мониторинг шеңберінде:

      1) эмитент, облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушыларының өкілі ұсынатын деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шартын жасасқан эмитенттің облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны пайдалануын мониторингтеуді;

      2) орталық депозитарий немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі ұсынатын деректердің негізінде эмитенттің төлем тәртібін мониторингтеуді;

      3) жобаның және (немесе) эмитенттің осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігін мониторингтеуді жүзеге асырады.

      49. Облигация ұстаушылар немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушыларының өкілі мониторинг шеңберінде:

      1) эмитенттің облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісінде белгіленген облигация ұстаушылар немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушылары алдындағы міндеттемелерін орындауын бақылауды;

      2) эмитенттің облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алған ақшаны нысаналы пайдалануын бақылауды;

      3) субсидиялау шартына/субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюды сүйемелдеуді, субсидиялау үшін құжаттар топтамасын қаржы агенттігіне жіберуді;

      4) облигациялар ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар қабылдауды, оның ішінде эмитенттің облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындамау мәселелері бойынша меншігінде эмитенттің орналастырылған облигацияларының немесе исламдық бағалы қағаздарының елу және одан көп пайызы бар (сатып алынғандарын есепке алмағанда) облигациялар ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушыларының атынан сотқа талап арыз беру арқылы шаралар қабылдауды;

      5) тоқсанына кемінде бір рет облигациялар ұстаушыларды және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органды/АХҚО-ның қаржы нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органын осы тармақтың жоғарыда аталған тармақшаларына сәйкес өзінің әрекеттері және осындай әрекеттердің нәтижелері туралы хабардар етуді жүзеге асырады.

      50. Қаржы агенттігі мониторингті жүзеге асыру үшін эмитенттен және (немесе) облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілінен мониторинг нысанасына қатысты, оның ішінде салықтық құпияны құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады, жоба іске асырылып жатқан жерге барып оның іске асырылуын мониторингтейді.

      "Жасыл" облигациялар бойынша қаржылық қолдау қаражатын мақсатқа сай пайдалануды мониторингтеу шеңберінде қаржы агенттігі эмитенттің көзделіп отырған "жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттары мыналарды:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төмен мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төмен деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестікті (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздейтін жағдайларда провайдерлердің тәуелсіз бағалауы негізінде "жасыл" жоба бойынша шекті мәндерге қол жеткізуін тексереді.

      Сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын эмитент ұсынады.

      Жобаны субсидиялау басталғаннан бері 2 (екі) жыл өткен соң эмитент аталған көрсеткіштерге қол жеткізуге тиісті тәуелсіз бағалауды не энергия аудиттерін жүргізеді, оны қаржы агенттігіне ұсынады. Жоба бойынша эмитент мәлімдеген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарының кейіннен орындалуын сырттай тексеруді жобаның "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарына сәйкестігі туралы бастапқы қорытындыны берген бағалау провайдерлері жүргізеді.

      "Жасыл" таксономияны қолдану "Жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысымен бекітілген "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      51. Мониторингті жүзеге асыру үшін эмитент облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушыларының өкіліне қажетті құжаттар беруді қамтамасыз етеді және жоба іске асырылып жатқан жерге бару құқығымен мониторинг нысанасына жататын, оның ішінде салықтық және коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты ұсынады.

      52. Эмитент/облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушыларының өкілі өз әрекеттері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органды және/немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес АХҚО-ның көрсетілетін қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органын хабардар етеді.

      53. Мониторингтің тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенттігі және эмитент/облигацияларды ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаз ұстаушыларының өкілі әрқайсысы өз функциялары бөлігінде дербес белгілейді.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      54. Бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдаудың бағдарламалары шеңберінде мақұлданған жобалар кәсіпкерлер ол бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұдан бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

  Кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлерінің Жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

1. Өңдеу өнеркәсібінде

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суды және бөтелкелерге құйылатын басқа да суды өндіру

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерді жаңғырту

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

23

Өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру

24

Металлургия өндірісі*

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

31

Жиһаз өндірісі

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

2. Көрсетілетін қызметтер және өзге де қызмет түрлері бойынша

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық шаруашылығы және балық шаруашылығы

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

35.11.2

Су электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі**

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүкті қоймалау және қосалқы көлік қызметі

Тұру және тамақтану қызметтерін ұсыну

55.10

Қонақүйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндеріне және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру***

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68.20.1

Жеке меншік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару****

68.20.2

Жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану*****

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұруды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұруды қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

93.1

Спорт саласындағы қызмет

      * шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеу (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құю (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құю (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда

      ** "такси қызметі" ЭҚЖЖ 49.32 коды бойынша қызметті қоспағанда (1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған "жасыл" жобалар мен жобаларды қоспағанда)

      *** апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді қоспағанда

      **** осы ЭҚЖЖ қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалға беруді көздейді

      ***** осы ЭҚЖЖ қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалдауды (қосалқы жалдауды) көздейді

  Кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қайда:______________________
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту
қоры" акционерлік қоғамының
(бұдан әрі – "Даму" қоры)
өңірлік филиалы
Кімнен:_____________________
(бұдан әрі – эмитент (кәсіпкер)

№ __________ өтініш-сауалнама

      Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) сәйкес кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарған және қор биржасының ресми тізіміне қосылған, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне қосылған облигация/исламдық бағалы қағаз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені "Даму" қорының қарауына төмендегіге сәйкес шығаруға бастама жасауыңызды сұраймын:

      1. Қатысушы туралы мәліметтер

Эмитенттің (кәсіпкердің) атауы


Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


Жұмыс тәжірибесі


      2. Басшылық

      Бірінші басшы

Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі


Лауазымы


Жұмыс/үй телефоны


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұрғылықты (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      3. Байланыс жасайтын адам

(Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, лауазымы, телефоны)


      4. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін – акциялардың 5 және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер)

Атауы/аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

%

Деректемелері



















      5. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Бөлім (экономикалық қызмет түрлерінің Жалпы жіктеуішінің кодына (бұдан әрі – ЭҚЖЖ сәйкес)


Кіші клас (ЭҚЖЖ-ға сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері


Жылдық айналымы


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны

________________ оның ішінде әйелдер ________

Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)


"Жасыл" облигацияға қатысты:
"жасыл" жобаның қатысы бар "жасыл" таксономия санаты/санаттары


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


      6. Кепілдіктер мен келісулер

      Эмитент (кәсіпкер) "Даму" қорына мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. "Даму" қорына осы өтінішпен бірге не "Даму" қорының сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама анық болып табылады және төменде көрсетілген күнгі жағдай бойынша шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда ________________ дереу хабардар етуге ("Даму" қорының тиісті өңірлік филиалының атауы) міндеттенемін.

      2. "Даму" қорының бірінші талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға және ашуға міндеттенеді.

      3. "Даму" қоры көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің дұрыстығын тексеруді қамтамасыз етпейді.

      4. Эмитентке (кәсіпкерге) жалған мәліметтерді ұсынғаны, толық және/немесе дұрыс мәліметтерді ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      5. Эмитент (кәсіпкер) эмитенттің (кәсіпкердің) жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның осы өтінішті беруіне мүмкіндік беретінін растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың анық емес екені анықталған жағдайда осы өтініш көрсетілген деректердің анық емес екенін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екенімен келіседі, бұл ретте "Даму" қоры кері қайтару себептерін хабарламайды.

      Осы арқылы эмитент (кәсіпкер) "Даму" қорына мыналарға келісім береді:

      1. "Даму" қоры осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және эмитент (кәсіпкер) ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ уәкілетті органдарға ұсына алады Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ "Даму" Қоры талап еткен барлық құжаттар Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде тек қана субсидиялау үшін ұсынылған.

      3. "Даму" қоры эмитент (кәсіпкер) өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал эмитент (кәсіпкер) ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау ұсынылмаса да, "Даму" қорында сақталады.

      4. "Даму" қорының осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ эмитенттің (кәсіпкердің) ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.) "Даму" қорының субсидиялауды беру немесе эмитентке (кәсіпкерге) келтірілген шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетінін растайды, кейіннен "Даму" қорына наразылықтары болмайды.

      7. Қосымшалар:

      ( ________________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      _______________________________________________________________

      ____________________________________ ___________________________

      (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі) (қолы, күні)

  Кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша

Өтінім туралы ақпарат

Р/с №

Талаптар

Жоба

Шарттарға сәйкестігі

1

2

3

4

1.

Эмитенттің атауы



2.

Эмитенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)



3.

Эмитенттің тіркелген күні



4.

Кәсіпкерлік субъектісі



5.

Жоба іске асырылатын орын



6.

Экономикалық қызмет түрлерінің Жалпы жіктеуіші бойынша кіші сыныбы



7.

Жобаның атауы

1-мысал: Инвестициялар (такси қызметі үшін саны 10 дана автокөлік сатып алу)
2-мысал: Айналым қаражатын толықтыру (ет өнімдерін өндіру үшін шикізат сатып алу)
3-мысал: Инвестициялар (тігін цехының қызметі үшін тұрғын емес үй-жайды күрделі жөндеу/реконструкциялау) және тағы басқа
4-мысал: Аралас жобалар:
жер учаскесі бар өндірістік базаны сатып алу және бетон қоспаларын өндіру қызметі шеңберінде айналым қаражатын толықтыру


8.

Жобаның мақсаты
"жасыл" облигацияға қатысты: "жасыл" жобаның қатысы бар "жасыл" таксономия санаты/санаттары



9.

Жобаның құны



10.

Эмитенттің облигациялары немесе исламдық бағалы қағаздары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігінің сомасы



11.

Эмитенттің бір облигация шығарылымының жалпы номиналды құны 3 (үш) миллиард теңгеден аспайды (асады/аспайды)
"Жасыл" облигацияға қатысты: эмитенттің бір облигация шығарылымының жалпы номиналды құны 3 (үш) миллиард теңгеден аспайды (асады/аспайды)

Мысалы: асады/аспайды


12.

Субсидиялау мерзімі



13.

Пайыздық мөлшерлеме



14.

Мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігі



15.

Өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асырады

Иә/жоқ


16.

Нысаналы мақсаты акцизделетін тауарлар/өнім шығаруды көздемейді

Иә/жоқ


17.

Жобаны ірі салық төлеушілер тізбесіне қосылған, минералды шикізат өңдеуді жүзеге асыратын металлургия өнеркәсібінде іске асырады

Иә/жоқ


18.

Құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (ӘКК) және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) кәсіпорындарды қоспағанда) тиесілі ұйымдар болып табылады

Иә/жоқ


19.

Ескертпе:

Мысалы:


      Жобаның ерекше шарттары: жоба бекітілгеннен кейін нақты мерзімге дейін орындалатын ерекше шарттар. Мысалы:

      Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісіне субсидиялаудың барлық мерзімі ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      ________________ эмитенттің қолы.

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17,
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 19,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 7,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 26/НҚ,
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 29,
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 2,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 10,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16,
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 31,
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 9,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 20 мен
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 38-НҚ
Бірлескен бұйрыққа
5-қосымша
  "Мемлекеттік қолдауға
жататын жеке кәсіпкерлік
субъектілері қызметін
жүзеге асыратын экономика
салаларын мемлекеттік
қаржылық қолдау қағидаларын,
нысандарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 410-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 412,
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 299,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 401,
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
ақпарат министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 450-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 16,
Қазақстан Республикасы
Көлік Министрдің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 91,
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 84,
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 347
Қазақстан Республикасы
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 572/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 598
және Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 167 бірлескен бұйрығына
7-қосымша

Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизингі бойынша міндеттемелерінің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдік берудің тетігі мен шарттарын айқындайды.

      2. Кепілдік беру кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизингі бойынша жүзеге асырылады.

      3. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналым қаражатын толықтыру – кәсіпкердің мәлімделген қызметіне байланысты және салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуді болдырмайтын кәсіпкердің кредитінің/қаржылық лизингінің нысаналы мақсаты;

      2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

      4) банк – осы Кепілдік беру қағидаларын/тетікті іске асыру шеңберіндегі екінші деңгейдегі банк;

      5) банктік кредит/қаржылық лизинг шарты (бұдан әрі – кредит/қаржылық лизинг шарты/қаржылық лизинг) – банк/лизингтік компания кәсіпкерге кредиттік шарт/қаржылық лизинг шарты негізінде мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдаланылу шарттарында беретін ақша сомасы. Кредиттік желі де банктік кредитке жатады.

      Ислам банкі үшін кредит деп қаржыландыру – қаржыландыру шартына сәйкес ислам банкі кәсіпкерге беретін тауар үшін төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу түсініледі;

      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ);

      7) жоба (бизнес-жоба) – кәсіпкер мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілетін қызмет шеңберінде кіріс алуға бағытталған бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, бизнестің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше кредит/қаржылық лизинг шарттары алынуы мүмкін).

      Қатарынан мынадай 2 (екі) өлшемшартқа сәйкес келетін екі және одан да көп жобалардың жиынтығы бір жоба болып саналады:

      жоба бір объект ретінде жүзеге асырылады (физикалық немесе технологиялық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты бір ғимарат/құрылым/объект болып табылады);

      жоба экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады;

      8) жобаның экономикалық орындылығы мен тиімділігі – қаржы агенттігінің бағалауы бойынша кәсіпкердің жоспарланған кредитті/қаржылық лизингті өтеуіне мүмкіндік беретін кірісті және рентабельді жоба;

      9) инвестициялық мақсаттар – негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) салу және (немесе) жаңғырту және (немесе) реконструкциялау және (немесе) күрделі жөндеу, биологиялық және (немесе) материалдық емес активтерді сатып алу. Осы анықтамада көрсетілген мақсаттарға байланысты төлем шоттарына сәйкес негізгі құралдардың/материалдық активтердің құнына енгізілген қосылған құн салығы бойынша шығыстар да инвестицияларға жатады;

      10) кәсіпкер – өз қызметін осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектісі, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі бар жеке кәсіпкерлік субъектісі.

      Ісін жаңа бастаған кәсіпкер – жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі банкке/лизингтік компанияға кредит/лизинг шарты үшін жүгінген кезде үш жылдан кем уақытты құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкер жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құрған жағдайда, оның ісін жаңа бастаған/жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      11) кәсіпкерлікті қолдаудың бұдан бұрын бекітілген бағдарламасы/кәсіпкерлікті қолдаудың бұдан бұрын бекітілген бағдарламалары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі;

      12) кепілдік – кәсіпкердің кепілдік беру сомасы шегінде кепілдік беру шартынан туындайтын кредиттік шарт/қаржылық лизинг шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауы үшін қаржы агенттігінің банк/лизингтік компания алдындағы жауап беру міндеттемесі;

      13) кепілдік шарты – қаржы агенттігі, банк пен кәсіпкер арасында жасалған, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кепілдік беру туралы үш жақты жазбаша келісім.

      Кепілдік шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады;

      14) кепілдік беру – кепілдік шартынан туындайтын, кәсіпкердің кепілдік сомасы шегінде кредиттік шарт/қаржылық лизинг шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін қаржы агенттігінің банк/лизингтік компания алдында жауап беру міндеттемесі;

      15) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (бұдан әрі – франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi оны басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      16) кредиттік шарт – шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит беретін, кәсіпкер мен банк арасында жасалатын жазбаша келісім. Қайта қаржыландырылатын қарыз болған жағдайда кредиттік желі ашу туралы келісім/қосымша келісім де кредиттік шартқа жатады.

      Ислам банкі үшін кредиттік шарт қаржыландыру шарты – шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге-сатып алушыға немесе тауар сатушыға коммерциялық кредит беретін, ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім деп түсініледі. Ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жеке шарттар жасасатын бас қаржыландыру келісімі де қаржыландыру шартына жатады. Коммерциялық кредит деп кәсіпкерге тауардың бағасы мен тауардың үстеме бағасынан қалыптасатын тауарды сату бағасы бойынша тауарды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеумен сату арқылы сауда делдалы ретінде кәсіпкердің сауда қызметін ислам банктерінің қаржыландыруы түсініледі;

      17) кредитті/қаржылық лизинг шартын нысаналы пайдалану – кәсіпкердің кредиттік шарт/қаржылық лизинг шарты бойынша алынған кредитті/қаржылық лизингін осы Кепілдік беру қағидаларының талаптарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (нысаналы пайдалану жиынтығында кәсіпкердің активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде төлегенін, алғанын және пайдаланғанын растайтын тиісті құжаттармен расталады және (немесе) осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізу);

      18) қайта қаржыландыру – кәсіпкерге бұрын берілген кредиттерді кредит/қаржылық лизинг қаражаты есебінен басқа банктің/лизингтік компанияның алмастыруы, бұл ретте қайта қаржыландыру сомасына сыйақыны, айыппұлдарды, өсімпұлдарды және сот тәртібімен де, соттан тыс тәртіппен де берешекті өндіріп алуға байланысты өзге де төлемдерді есепке алмағанда ғана негізгі борыш кіреді;

      19) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      20) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредит саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктер шегінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      21) қаржылық лизинг шарты – шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг беретін, лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім;

      22) лизингтік компания – осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде өз қызметін жүзеге асыратын лизингтік мәмілеге қатысушы;

      23) лизингтік мәміле (лизинг)/қаржылық лизинг – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылдарының жиынтығы;

      24) мемлекеттік даму институттары – экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

      25) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жеке меншік әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      26) мүліктік кешен – мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына ғимараттарды, құрылысжайларды, жабдықтарды, мүкәммалды, шикізатты, өнімді, жер учаскесіне арналған құқықты, талап ету құқығын, борыштарды, сондай-ақ оның қызметін дараландыратын белгілерге (фирмалық атауы, тауар белгілері) құқықты және басқа айрықша құқықтарды қоса алғанда, оның қызметіне арналған барлық мүлік түрлері кіреді;

      27) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – кредиттік шартта/қаржылық лизинг шартында көзделген жағдайларда не тараптардың келісімі бойынша оның мөлшерін банк/лизингтік компания біржақты тәртіппен өзгерте алатын, жасасу сәтінде кредиттік шартта/қаржылық лизинг шартында белгіленген кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

      Ислам банкі үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі деп тауардың үстеме бағасы – тауар бағасынан түсетін пайыз (пайда) не тіркелген сома түрінде көрсетілетін ислам банкінің коммерциялық кредит берумен байланысты кірісі түсініледі;

      28) өңірлік үйлестіруші – облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      29) портфельдік кепілдік беру – қаржы агенттігі банк/кәсіпкер үшін белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдік беру нысаны;

      30) тауар – Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған қатысты ислам банктерімен сатып алу-сату мәмілелерін жасауға рұқсат етілген, коммерциялық кредит шарттарында одан әрі кәсіпкерге беру мақсатында ислам банкі тауар сатушыдан сатып алу-сату шарты бойынша сатып алатын жылжитын немесе жылжымайтын мүлік;

      31) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      32) үлестес/байланысты тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1, 16, 20-тармақтарына, 64-бабының 1-1 және 2-тармақтарына, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 1)-11) тармақтарына, 41-бабының 2-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар;

      33) Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) – экономикалық қызмет түрлерін жіктеу және кодтау тәртібін белгілейтін ұлттық жіктеуіш;

      34) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік қолдау алуға берілетін өтініш;

      35) электрондық құжаттар топтамасы – өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының жеке өзі болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті жұмыскерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық-цифрлық нысанда түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) толық көрсететін құжаттар.

      4. Кепілдік беру кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету құралы болып табылады және кредиттік ресурстарды кеңейту мен оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

      5. Кепілдік беру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылады.

      6. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігіне олардың арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына республикалық бюджет және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен аударады.

      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен кепілдік беру үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші қаржы агенттігіне "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19959 болып тіркелген) бекітілген субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанына сәйкес кредиттер/қаржылық лизинг бойынша жасалатын кепілдік беру шарты негізінде аударады.

      Жобаны одан әрі қарау және қаржыландыру осы Кепілдік беру қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      7. Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру шартының қолданылу кезеңі ішінде кепілдік беруге бөлінген және пайдаланылмаған республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын субсидиялауға және/немесе кепілдік беруге пайдалануға жол беріледі.

      Тиісті қаржы жылында бекітілген жаңа жобалар шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру үшін бюджетті бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      өңдеу өнеркәсібіне – бюджет қаражатының 50 % дейін;

      көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде сауда қызметі саласында – бюджет қаражатының 30 % дейін;

      микрокәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне (20 (жиырма) миллион теңгеге дейінгі кредит) – бюджет қаражатының 20 %.

      Бұл ретте қаржы агенттігінің көрсетілген пропорционалдылықты өзгертуіне және өңдеу өнеркәсібіндегі және/немесе көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде сауда қызметі саласындағы жобаларды және/немесе микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау шеңберінде субсидиялау қажеттілігіне қарай олардың арасында қаражатты қайта бөлуге жол беріледі.

      8. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін кредиттік ресурстардың құнын төмендету және банктердің/лизингтік компаниялардың ұйымдық-техникалық мүмкіндіктерін тарту жолымен олардың қаржыландыруға қолжетімділігін ұлғайту мақсатында қаржы агенттігі арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

      9. Өңірлік үйлестірушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың даму жоспарларын әзірлеу кезінде осы Кепілдік беру қағидаларының ережелерін ескеретін болады.

      10. Осы Кепілдік беру қағидаларының барлық құралдары шеңберінде кәсіпкерге кешенді қолдау көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде қаржы агенттігі шығарған кәсіпкердің және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың кепілдіктері бойынша жиынтық берешек 1,75 миллиард теңгеден аспайды.

      11. Қаржы агенттігі тиімділігіктің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылғы шілдеден кешіктірмей Кепілдік беру қағидаларының іске асырылуын кредиттер/лизинг бойынша кепілдік беру бөлігінде мониторингтеудің нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.

      12. Қаржы агенттігі Қазақстанда және оның өңірлеріндегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының жай-күйі туралы есептің жыл сайынғы шығарылымын дайындайды, онда шағын және орта кәсіпкерліктің ағымдағы жай-күйі мен өңірлік және салалық бөліністегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері серпінінің жалпы республикалық кешенді талдауы көрсетіледі, Қазақстанның әрбір өңірінің шағын және орта кәсіпкерлік секторына жеке-жеке шолу, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық және қаржылық емес қолдаудың қолданыстағы инфрақұрылымы бойынша өзекті ақпарат қамтылады.

      13. Мыналар:

      1) ұйымдардың, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын, сатып алуға бағытталған;

      2) мемлекеттік даму институттары берген;

      3) сыйақы мөлшерлемесі Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары шеңберінде арзандатылған кредиттерді/қаржылық лизингті қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) сомасы (өзінің қатысуын есепке алғанда) инвестициялық жобаны іске асыруға жеткіліксіз;

      6) кредит/қаржылық лизинг алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлемдері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері бар кәсіпкерлердің;

      7) ломбардтардың, микроқаржылық, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған;

      8) үлестес/байланысты тұлғалардан негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлік объектілері түріндегі тауарларды, активтерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған, мыналарды қоспағанда:

      үлестес/байланысты тұлғаның құрылыс жөніндегі қызметті жүзеге асыруына растайтын құжат болған жағдайда, жаңа және (немесе) бар объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) салу (оның ішінде кеңейту, жаңғырту, техникалық жаңарту, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу);

      Қазақстан Республикасының аумағында ресми дистрибьюторлар болып табылатын үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      егер мұндай тауарды, шикізатты және/немесе материалдарды үлестес/байланысты тұлға жүргізген жағдайда, үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, шикізатты және/немесе материалдарды сатып алу;

      9) жеңіл автомобильдерді (шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдерді қоспағанда) сатып алуға, оның ішінде "Такси қызметі" ЭҚЖЖ 49.32 коды бойынша қызметке ("жасыл" жобаларды, сондай-ақ құны 1 (бір) бірлік үшін 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда), "Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизингтеу" 77.11 ЭҚЖЖ коды бойынша жеңіл автомобильдерді жалға алуға және лизингке беруге (1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға және лизингке беруді қоспағанда) бағытталған;

      10) жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға бағытталған (жеке тұрғын үй құрылысы бойынша пәтерлерді, пәтерлерді, тұрғын үйлерді, жер учаскелерін сатып алу/жалға алу/қосалқы жалдау);

      11) бұдан бұрын кепілдік беру бойынша қолдау алған дайын және пайдалануға берілген/ жұмыс істеп тұрған жобаны қосымша жаңғыртусыз сатып алынатын жобаның 20 %-дан кем сатып алуға бағытталған;

      12) салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуге бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг кепілдік беруге жатпайды.

      14. Осы Кепілдік беру қағидаларын іске асыру шеңберінде:

      1) моторлы көлік құралдарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      2) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, жобаны тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;

      3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі кәсіпкерлер;

      4) меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;

      5) кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары (осы тармақша 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

      6) активті кредит/қаржылық лизинг есебінен сатып алынған тұлғаға сатуды/сыйға тартуды/сенімгерлік басқаруға/жалға/өтеусіз пайдалануды жүзеге асырған және/немесе жүзеге асыруды жоспарлаған, оның ішінде осы тұлғаға қосылу немесе осы тұлғамен бірігу нысанында кәсіпкердің кәсіпорнын болашақта қайта ұйымдастыруды жасайтын және/немесе жоспарлайтын кәсіпкерлер;

      7) кепілдік беруге өтінім беру сәтінде жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтатқан кәсіпкерлер қатысушылар болып табылмайды.

      15. Осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде алынған кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кәсіпкердің өнім берушілермен, мердігерлермен, өзге де контрагенттермен есеп айырысуы қолма-қол ақшасыз төлем нысанында жүзеге асырылады.

      16. Банктер/лизингтік компаниялар:

      1) кәсіпкерлер бастама жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарттарын өзгертуге байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/қаржылық лизинг бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

      17. Кепілдіктердің мөлшері кәсіпкерлік түріне және жоба шеңберіндегі кредит/қаржылық лизингінің сомасына байланысты.

      Кепілдік берілетін кәсіпкердің кредиті/қаржылық лизингі ұлттық валютамен беріледі.

      18. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган/өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігіне төлейтін кепілдіктің құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Шығарылған кепілдіктердің құнынан алынған қаражат кейінге қалдырылған табыс ретінде есепке алынады және шығарылған кепілдіктің өмір сүру мерзімі ішінде ай сайын амортизацияланады.

      Кепілдік шартының қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сома кейіннен жобаларға кепілдік беру үшін пайдаланылады.

      Босаған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік шарттарының қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату есебінен қалыптастырылған босаған қаражат көлемінің 5-ке (100 %/20 %) тең мультипликаторға көбейтіндісіне тең.

      Бұл ретте "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде шарттары осы Кепілдік беру қағидаларының 38-тармағының 3) тармақшасында белгіленген кепілдік құнының өзге құрылымы көзделген.

      Қаржы агенттігі алынған қаражатты қаржы жылы аяқталғаннан кейін өзінің қалауы бойынша әртүрлі қаржы құралдарына орналастырады. Қаржы жылы аяқталғаннан кейін, 10 қаңтардан кешіктірмей қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға нысаналы трансферттер сомаларын игеру бойынша салыстыру актісін ұсынады. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган салыстырып тексеру актісіне қол қойғаннан кейін қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаражат қалдығын екінші деңгейдегі банкте ашылған өз шотына аударады (осы тармақтың күші 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады).

      Қаржы агенттігі кепілдік шартынан туындайтын кредиттік шарт/қаржылық лизинг шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша банк/лизингтік компания алдындағы кәсіпкер үшін міндеттемелерді орындау үшін кепілдік сомасы шегінде арнайы шоттағы қаражатты пайдаланады. Ол үшін қаржы агенттігі қаржы жылы аяқталғаннан кейін өз қалауы бойынша арнайы шотта нысаналы трансферттер қаражатының қалдығын сақтайды.

      Қаржы агенттігі осы Кепілдік беру қағидаларын іске асыру шеңберінде кепілдік шарттарының қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату есебінен босаған қаражат болған кезде осы Кепілдік беру қағидаларын іске асыру шеңберінде жобаларға кепілдік беруді қайта бастайды.

      19. Қаржы агенттігі төлеген банк/лизингтік компания талаптарының көлемі қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ы шегінен асқан кезде мұндай банктің/лизингтік компанияның кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.

      20. Қаржы агенттігінің шешімі негізінде кредит (-тер)/қаржылық лизинг бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті сақтандыруға жол беріледі.

      21. Қаржы агенттігінің шешімі негізінде кәсіпкерден үлестес және байланысты заңды және жеке тұлғалардың кепілдіктерін ұсынуға жол беріледі.

      22. Қаржы агенттігінің кепілдіктердің ең жоғары сомасын белгілей отырып, қаржы агенттігі мен банк арасында екіжақты негіздемелік келісім жасаса отырып, осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес портфельдік кепілдік беру әдісін қолдануына жол беріледі. Қаржы агенттігі банкті таңдауды дербес жүзеге асырады.

      Портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігі банкке осы Кепілдік беру қағидаларының талаптарына сәйкес және негіздемелік келісімде көрсетілген кәсіпкерлердің жобаларына кредит беру құқығын береді.

      Банктер жобаны таңдағаннан кейін қаржы агенттігіне қол қою үшін кепілдік шартын ұсынады. Егер мәлімделген жоба осы Кепілдік беру қағидаларының және жасалған негіздемелік келісімнің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенттігінің кепілдік шартына қол қоюдан бас тартуына жол беріледі.

      23. Кепілдік шарты жасалатын кредит/қаржылық лизингі дербес кредиттік шарт/қаржылық лизингі шарты түрінде ресімделеді.

      24. Қаржы агенттігі жарнамалау науқанын өткізеді және өзінің ресми интернет-ресурсында осы Кепілдік беру қағидаларыны іске асыру туралы ақпаратты орналастырады.

      25. Қаржы агенттігі:

      1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;

      2) жоба осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келмеген;

      3) әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, кепілдік беруден бас тартуына жол беріледі.

2-тарау. Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру тәртібі

1-параграф. "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша кепілдік беру шарттары

      26. Экономиканың қызметтің түрлеріде меншікті және тиімді жобаларды іске асыратын және/немесе іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес кәсіпкердің тіркелген орнын ескермей, "Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша кепілдік беруге қатысушылар болып табылады.

      Бұл ретте осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, БЖЗҚ, облыс, астана, республикалық маңызы бар қалалар жергілікті атқарушы органының және қаржы агенттігінің қаражаты есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде банктер/лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын кәсіпкерлердің кепілдік беруге қатысуына жол жіберіледі.

      Жобалар бойынша кепілдік беруге жол беріледі:

      ауданы кемінде 1000 (бір мың) шаршы метр сауда орталықтарын, заманауи форматтағы сауда объектілерін және сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді (сауда-ойын-сауық орталықтарын қоспағанда) салу, кеңейту;

      ауданы кемінде 1000 (бір мың) шаршы метр болатын сауда орталықтарындағы, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы сауда алаңдарына арналған үй-жайларды реконструкциялау.

      Кәсіпкерлердің жобаларына келесі салаларға сәйкес қолдау көрсетіледі:

      ЭҚЖЖ 47.11 "Астанада, республикалық маңызы бар қалаларда қоспағанда, мамандандырылмаған дүкендерде негізінен тамақ өнімдерімен, сусындармен және темекі өнімдерімен бөлшек сауда";

      ЭҚЖЖ 68.20.1 "меншікті жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару", Астанадағы, Республикалық маңызы бар қалалардағы жобаларды қоспағанда.

      Осы тармақтың шарттарына сәйкес келетін жобалар бойынша:

      сауда жабдықтарын сатып алу;

      сомасы 1,5 миллиард теңгеден аспайтын бір бизнес-жоба шеңберінде бір өңірде орналасқан екі немесе одан да көп объектілерді іске асыру. Бұл ретте екі және одан да көп жобаны бір объект ретінде қаржыландыруға жол берілмейді (физикалық немесе технологиялық жағынан ажырамай байланысқан бірыңғай ғимарат/құрылысжай/объект болып табылады).

      Сауда орталықтары/заманауи форматтағы сауда объектілері/сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендер үшін міндетті шарттар:

      өткізу үшін сауда алаңында және (немесе) сөре кеңістігінде жалпы сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде жиырма пайызын орналастыруды қамтамасыз ету, "Қазақстанда жасалған" деп белгіленген отандық өндірістің азық-түлік емес тауарлары Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес ҚР СТ 3836 "Қазақстан жасалған "таңбалау белгісі". Техникалық талаптар" және ҚР СТ 3837 "Қазақстан жасалған" таңбалау белгісін қолдану тәртібі. Жалпы ережелер";

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 8-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сауда алаңында және (немесе) сөре кеңістігінде кемінде жиырмаға дейін қосымша орналастыруды қамтамасыз ету жалпы сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің пайызы, Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының ҚР СТ 3836 "Қазақстан жасалған" таңбалау белгісі талаптарына сәйкес "Қазақстанда жасалған" деген таңбасы бар отандық өндірістің азық-түлік тауарлары. Техникалық талаптар" және ҚР СТ 3837 "Қазақстан жасалған" таңбалау белгісін қолдану тәртібі. Жалпы ережелер";

      объектінің аумағында азық-түлік тауарларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу;

      ҚР СТ 3833 "Тауарлар мен қызметтерді сәйкестендіру және оларды кодификациялау тәртібі. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2023 жылғы 13 ақпандағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген" негізгі ережелер".

      Осы тармақта көрсетілген шарттар моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын сауда қызметі саласындағы жобалар бойынша қолдауды шектемейді.

      27. Ішінара кепілдік жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша беріледі.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, франчайзингке бағытталған жобалар деп қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Сонымен бірге кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын растайды.

      Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді кепілдік түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.

      100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға және/немесе жобалар шеңберінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.

      28. Ішінара кепілдік беру тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға, франчайзингке, оның ішінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған жобаларды іске асыруға банктер/лизингтік компаниялар беретін кредиттер/қаржылық лизинг бойынша беріледі.

      29. Кепілдік кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобаларын қоспағанда, салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг бойынша да беріледі (осы тармақтың күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады).

      30. Кепілдік беру банк/лизингтік компания кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған күні 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінен аспайтын банктің/лизингтік компанияның кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      31. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін кепілдік беру шарттары:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит (-тер) сомасы 1,5 миллиард теңгеден аспайды.

      Кепілдік беру жүзеге асырылатын лизинг нысанасының сомасы 500(бес жүз) миллион теңгеден аспайды.

      Бұл ретте жоба шеңберіндегі кредит (-тер)/қаржылық лизинг сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес/байланысты тұлғалардың кредиті (-тері)/қаржылық лизинг бойынша берешекті ескере отырып есептеледі;

      2) кепілдіктің ең жоғары мөлшері 1,5 миллиард теңгеге дейін қоса алғандағы кредит сомасының 50 %-на дейін 750 (жеті жүз елу) миллион теңгеден аспайды.

      Бұл ретте кәсіпкер берілетін кепілдіктерге байланысты кепілдік құны кемінде 50 % мөлшерінде кредит бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді).

      Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері лизинг нысанасы құнының 50 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі;

      3) берілетін кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен артық емес;

      4) кредит/қаржылық лизинг шартының валютасы – теңге.

      Ішінара кепілдік беру:

      1) кредит негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын өндірісті кеңейтуге бағытталған;

      2) жоба шеңберіндегі кредит 100 % мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуді және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына, осы Кепілдік беру қағидаларының 13-тармағының 12) тармақшасына сәйкес салықтарды төлеуіне байланысты емес өзге мақсаттарды қоспағанда);

      3) жоба шеңберіндегі кредит 100 % мөлшерде Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы бойынша жылдық 8 %-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға бағытталған (бұл ретте берілетін кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды) жағдайларда айналым қаражатын 500 (бес жүз) миллион теңгеден аспайтын кредит сомасына толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      32. Кәсіпкер 500 (бес жүз) миллион теңгені қоса алғандағы сомадан асатын кредиттер бойынша жобаны іске асыру үшін жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы мөлшерінде өз қаражатының (ақшасының, жылжитын/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етеді.

      33. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кепілдік беру шарттары:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит (-тер) сомасы 360 (үш жүз алпыс) миллион теңгеден аспайды.

      Кепілдік беру жүзеге асырылатын лизинг нысанасының сомасы 360 (үш жүз алпыс) миллион теңгеден аспайды.

      Бұл ретте жоба шеңберіндегі кредит (-тер)/қаржылық лизинг сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес/байланысты тұлғалардың кредиті (-тері)/қаржылық лизинг бойынша берешекті ескере отырып есептеледі;

      2) кепілдіктің ең жоғары мөлшері кредит сомасының 85 %-на дейін қоса алғанда 306 (үш жүз алты) миллион теңгеден аспайды.

      Бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшерінде кредит кепіл бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді);

      Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері лизинг нысанасы құнының 50 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі;

      3) берілетін кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен артық емес;

      4) кредит/қаржылық лизинг шартының валютасы – теңге.

2-параграф. "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша кепілдік беру шарттары

      34. Экономикалық қызмет түрлерінде меншікті және тиімді жобаларды іске асыратын және/немесе іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер осы Кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес кәсіпкердің тіркелген жерін ескермей-ақ, "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша кепілдік беруге қатысушылар болып табылады.

      Бұл ретте, осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, БЖЗҚ, облыс, астана, республикалық маңызы бар қалалар жергілікті атқарушы органының және қаржы агенттігінің қаражаты есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде банктер/лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын кәсіпкерлердің кепілдік беруге қатысуына жол жіберіледі.

      35. Ішінара кепілдік жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға (оның ішінде жаңартылатын негізде) және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша беріледі.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, франчайзингке бағытталған жобалар деп:

      салық аударымдары және (немесе) еңбекке ақы төлеу қорының өсуі және (немесе) кәсіпкер қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі алдыңғы 2 (екі) қаржы жылы үшін кірістердің өсуі бойынша оң серпіні бар кәсіпкерлердің жобалары – тіркеу мерзімі 3 (үш) жылдан кем кәсіпкерлерге бұл өлшемшарттар жатпайды;

      қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Сонымен бірге кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын растайды.

      Сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден асатын жобалары бар шағын кәсіпкерлік субъектісі 3 (үш) қаржы жылы өткеннен кейін кодекске сәйкес орта кәсіпкерлік субъектісінің санатына көшуді растайды.

      Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді кепілдік түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.

      100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға және/немесе жобалар шеңберінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.

      36. Ішінара кепілдік беру тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға, франчайзингке, оның ішінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған жобаларды іске асыруға банктер/лизингтік компаниялар беретін кредиттер/қаржылық лизинг бойынша беріледі.

      37. Банк/лизингтік компания шешім қабылдаған күні 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінен аспайтын банктің/лизингтік компанияның кредиттері/қаржылық лизинг шарттары кепілдік беруге жатады.

      38. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін кепілдік беру шарттары:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит (-тер) сомасы 3,5 миллиард теңгеден аспайды.

      Кепілдік беру жүзеге асырылатын лизинг нысанасының сомасы 1 (бір) миллиард теңгеден аспайды.

      Бұл ретте жоба шеңберіндегі кредит (-тер)/қаржылық лизинг сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес/байланысты тұлғалардың кредиті (-тері)/қаржылық лизинг бойынша берешекті ескере отырып есептеледі;

      2) кепілдіктің ең жоғары мөлшері 3,5 миллиард теңгені қоса алғандағы кредит сомасының 50 %-на дейін 1,75 миллиард теңгеден аспайды.

      Бұл ретте кәсіпкер берілетін кепілдіктерге байланысты кепілдік құны кемінде 50 % мөлшерінде кредит бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді).

      Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері лизинг нысанасы құнының 50 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі;

      3) кепілдік құны:

      кепілдіктердің жиынтық сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден аспаған кезде – кепілдік сомасының 20 %-ы;

      кепілдіктің жиынтық сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден асқан кезде кәсіпкер қаржы агенттігіне комиссия төлейді, оның мөлшері қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен айқындалады. Кәсіпкер комиссияны кепілдік шартына қол қойылған күннен кешіктірмей, бір рет төлейді. Кепілдік шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін берілген кепілдік сомасының қалдығынан жыл сайын. Кәсіпкер төлеген комиссияны қайтаруды жүзеге асыруға және/немесе қаржы агенттігінің шешімі негізінде комиссия бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынуға болады. Кәсіпкер кепілдік шартының барлық қолданылу кезеңі үшін қаржы агенттігіне жыл сайынғы комиссияны толық көлемде бір рет төлеуге жол беріледі. Банк/лизингтік компания қаржы агенттігі кәсіпкерге есептеген кепілдік құнын кәсіпкер үшін қаржы агенттігіне біржолғы немесе жыл сайынғы негізде төлеуге құқылы. Қолжетімділік кезеңі болған кезде жаңартылатын кредиттік желі бойынша комиссия жаңартылатын кредиттік желінің жалпы сомасынан есептеледі. Кәсіпкер тарапынан комиссияға ақы төлеу жөніндегі шарттар орындалмаған жағдайда қаржы агенттігі кепілдіктің күшін жояды;

      4) берілетін кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен артық емес;

      5) кредит/қаржылық лизинг шартының валютасы – теңге.

      Бұл ретте кредит бойынша қамтамасыз етудегі айырманы (кепіл құнын) кәсіпкер жабады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді.

      39. Ішінара кепілдік беру:

      1) кредит негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 50 %-нан аспайтын өндірісті кеңейтуге бағытталған. Егер кредиттің мөлшері жобаның жалпы кредиттелетін сомасының 50 %-нан аспаса, 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі;

      2) жоба шеңберіндегі кредит 100 % мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуді және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына, осы Кепілдік беру қағидаларының 13-тармағының 12) тармақшасына сәйкес салықтарды төлеуіне байланысты емес өзге мақсаттарды қоспағанда) жағдайларда айналым қаражатын 1 (бір) миллиард теңгеден аспайтын кредит сомасына толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      40. Кәсіпкер 500 (бес жүз) миллион теңгені қоса алғандағы сомадан асатын кредиттер бойынша жобаны іске асыру үшін жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы мөлшерінде өз қаражатының (ақшасының, жылжитын/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етеді.

3-параграф. "Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша кепілдік беру шарттары

      41. "Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша кепілдік беруге қатысушылар меншікті және тиімді жобаларды іске асыратын және/немесе іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер болып табылады. Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар іске асыру орны мен кәсіпкердің тіркелген жері ескеріле отырып, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, БЖЗҚ, облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының және қаржы агенттігінің қаражаты есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде банктер/лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын кәсіпкерлердің кепілдік беруге қатысуына жол жіберіледі.

      42. Ішінара кепілдік жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша беріледі.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, франчайзингке бағытталған жобалар деп қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Сонымен бірге кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын растайды.

      Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді кепілдік түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.

      100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға және/немесе жобалар шеңберінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.

      43. Ішінара кепілдік беру тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға, франчайзингке, оның ішінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған жобаларды іске асыруға банктер/лизингтік компаниялар беретін кредиттер/қаржылық лизинг бойынша беріледі.

      44. Кепілдік беру банк/лизингтік компания кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған күні 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінен аспайтын банктің/лизингтік компанияның кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      45. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін кепілдік беру шарттары:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит (-тер) сомасы 1,5 миллиард теңгеден аспайды.

      Кепілдік беру жүзеге асырылатын лизинг нысанасының сомасы 1 (бір) қарыз алушыға 500 (бес жүз) миллион теңгеден аспайды.

      Бұл ретте жоба шеңберіндегі кредит (-тер)/қаржылық лизинг сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес/байланысты тұлғалардың кредиті (-тері)/қаржылық лизинг бойынша берешекті ескере отырып есептеледі;

      2) кепілдіктің ең жоғары мөлшері 750 (жеті жүз елу) миллион теңгеден кредит сомасының 50 %-на дейін қоса алғанда 1,5 миллиард теңгеге дейін аспайды.

      Бұл ретте кәсіпкер берілетін кепілдіктерге байланысты кепілдік құны кемінде 50 % мөлшерінде кредит бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді).

      Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері лизинг нысанасы құнының 50 %-нан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі;

      3) берілетін кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен артық емес;

      4) кредит/қаржылық лизинг шартының валютасы – теңге.

      Ішінара кепілдік беру:

      1) кредит негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-нан аспайтын өндірісті кеңейтуге бағытталған;

      2) жоба шеңберіндегі кредит 100 % мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуді және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына, осы Кепілдік беру қағидаларының 13-тармағының 12) тармақшасына сәйкес салықтарды төлеуіне байланысты емес өзге мақсаттарды қоспағанда) жағдайларда айналым қаражатын 500 (бес жүз) миллион теңгеден аспайтын кредит сомасына толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      46. Ішінара кепілдік беру 500 (бес жүз) миллион теңгеден аспайтын кредит сомасына айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша, бұл ретте сауда қызметі саласында бір кәсіпкерге 100 (жүз) миллион теңгеден аспайтын сомаға жүзеге асырылады.

      47. Кәсіпкер 500 (бес жүз) миллион теңгеден астам сомадағы кредиттер бойынша жобаны іске асыру үшін жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы мөлшерінде өз қаражатының (ақшасының, жылжитын/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етеді.

      48. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кепілдік беру шарттары:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит (-тер) сомасы 360 (үш жүз алпыс) миллион теңгеден аспайды.

      Кепілдік беру жүзеге асырылатын лизинг нысанасының сомасы 360 (үш жүз алпыс) миллион теңгеден аспайды.

      Бұл ретте жоба шеңберіндегі кредит (-тер)/қаржылық лизинг сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес/байланысты тұлғалардың кредиті (-тері)/қаржылық лизинг бойынша берешекті ескере отырып есептеледі;

      2) кепілдіктің ең жоғары мөлшері кредит сомасының 85 %-на дейін қоса алғанда 306 (үш жүз алты) миллион теңгеден аспайды.

      Бұл ретте кәсіпкер берілетін кепілдікке байланысты, кепіл құны 15 %-дан кем емес мөлшерде кредит бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді);

      Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері лизинг нысанасы құнының 50 %-нан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі;

      3) берілетін кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен артық емес;

      4) кредит/қаржылық лизинг шартының валютасы – теңге.

4-параграф. "Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қолдау" бағыты бойынша кепілдік беру шарттары

      49. Кодекстің 232-1-бабында көзделген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау салалық шектеулерсіз және жобаны тіркеу және іске асыру орны есепке алынбай жүзеге асырылады.

      Осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, БЖЗҚ-ның, облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының және қаржы агенттігінің қаражаты есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде банктер/лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын кәсіпкерлердің кепілдік беруге қатысуына жол жіберіледі.

      50. Кепілдік тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға, франчайзингке, оның ішінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған жобаларды іске асыруға банктер/лизингтік компаниялар беретін кредиттер/қаржылық лизинг бойынша беріледі.

      51. Ішінара кепілдік беру:

      инвестициялар (негізгі құралдарды сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) қолданыстағы бизнесті кеңейту);

      айналым қаражатын толықтыру (кредиттерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізуді және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) мақсаттарына әлеуметтік кәсіпкерлік шеңберінде берілетін кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      52. Кепілдік беру банктің әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің жобасы бойынша шешім қабылдаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар банктің кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.

      53. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін кепілдік беру шарттары:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит (-тер) сомасы банктің кредиттері бойынша 1 (бір) миллиард теңгеден аспайды.

      Кепілдік беру жүзеге асырылатын лизинг нысанасының сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден аспайды.

      Бұл ретте жоба шеңберіндегі кредит (-тер)/қаржылық лизинг сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес/байланысты тұлғалардың кредиті (-тері)/қаржылық лизинг бойынша берешекті ескере отырып есептеледі;

      2) кепілдіктің ең жоғары мөлшері 500 (бес жүз) миллион теңгеден кредит сомасының 50 %-на дейін қоса алғанда 1 миллиард теңгеге дейін аспайды.

      Бұл ретте кәсіпкер құны кредит құнынан кемінде 50 % мөлшерінде кредит бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді).

      Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері лизинг нысанасы құнының 50 %-нан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі;

      3) берілетін кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен артық емес;

      4) кредит/қаржылық лизинг шартының валютасы – теңге.

      Кәсіпкер 500 (бес жүз) миллион теңгеден астам сомадағы кредиттер бойынша жобаны іске асыру үшін жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы мөлшерінде өз қаражатының (ақшасының, жылжитын/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етеді.

      54. Ішінара кепілдік беру:

      1) кредит негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-нан аспайтын өндірісті кеңейтуге бағытталған;

      2) жоба шеңберіндегі кредит 100 % мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуді және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына, осы Кепілдік беру қағидаларының 13-тармағының 12) тармақшасына сәйкес салықтарды төлеуіне байланысты емес өзге мақсаттарды қоспағанда) жағдайларда айналым қаражатын 500 (бес жүз) миллион теңгеден аспайтын кредит сомасына толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      55. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кепілдік беру шарттары:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит (-тер) сомасы 360 (үш жүз алпыс) миллион теңгеден аспайды.

      Кепілдік беру жүзеге асырылатын лизинг нысанасының сомасы 360 (үш жүз алпыс) миллион теңгеден аспайды.

      Бұл ретте жоба шеңберіндегі кредит (-тер)/қаржылық лизинг сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес/байланысты тұлғалардың кредиті (-тері)/қаржылық лизинг бойынша берешекті ескере отырып есептеледі;

      2) кепілдіктің ең жоғары мөлшері кредит сомасының 85 %-на дейін қоса алғанда 306 (үш жүз алты) миллион теңгеден аспайды.

      Бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшерінде кредит кепіл бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді);

      Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері лизинг нысанасы құнының 50 %-нан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі;

      3) берілетін кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен артық емес;

      4) кредит/қаржылық лизинг шартының валютасы – теңге.

5-параграф. Кепілдік беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимыл жасасуы

      56. Кәсіпкердің/ісін жаңа бастаған кәсіпкердің кепілдік алу үшін қаржы агенттігіне және кейін кредит/қаржылық лизинг алу үшін банкке/лизингтік компанияға жүгінуі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) кәсіпкер кепілдік алуға өтінішпен қаржы агенттігіне жүгінеді;

      2) қаржы агенттігі кәсіпкерден құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін жобаны қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады;

      3) қаржы агенттігі кепілдік беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, кәсіпкер осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін кепілдік шарттары, сондай-ақ оларға сәйкес осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде кепілдік берілуі мүмкін банктің/лизингтік компанияның кредит/қаржылық лизинг беруінің шарттары көрсетілген кепілдік беру мүмкіндігі туралы алдын ала кепілдік хат алады;

      4) кәсіпкер кепілдікпен кредит/қаржылық лизинг алу үшін банкке/лизингтік компанияға жүгінеді;

      5) банк/лизингтік компания 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің/лизингтік компанияның ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды және кредит/қаржылық лизинг беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;

      6) банк/лизингтік компания кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің хатында көрсетілген шарттарда кредит/қаржылық лизинг бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания қол қойылған кредиттік шартты/қаржылық лизинг шартын қоса алғанда, қажетті құжаттардың көшірмелерін қаржы агенттігіне жолдайды.

      Қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға жіберетін кепілдік шартын ресімдейді және қол қояды. Банк/лизингтік компания кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепіл шартын қаржы агенттігіне жібереді;

      7) банк/лизингтік компания кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің хатында көрсетілген кепілдік және кредит/қаржылық лизинг шарттарына сәйкес келмейтін өзге шешім қабылдаған жағдайда кепілдік беруді қарау рәсімі осы Кепілдік беру қағидаларының 58-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      57. Банк портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда банк қаржы агенттігіне банктік кредиттік шарттың көшірмелерін ұсынады, оның негізінде қаржы агенттігі банкке жіберілетін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қояды. Банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді.

      58. Кәсіпкер кредит/қаржылық лизинг алу үшін банкке/лизингтік компанияға өтінішпен жүгінеді.

      Банк/лизингтік компания 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің/лизингтік компанияның ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды, жобаға кешенді сараптама жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржылық жағдайын талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкердің қамтамасыз етуінің кепілдік құнына бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда жобаны қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит/қаржылық лизинг беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің/лизингтің компанияның ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.

      59. Оң шешім қабылданған жағдайда банктің/лизингтік компанияның ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне мыналарды:

      кепілдік сомасын есептеумен кредит/қаржылық лизинг беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты;

      кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес кәсіпкердің жобасы бойынша банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне беретін құжаттар тізбесін ұсынады.

      Банк/лизингтік компания құжаттарды қаржы агенттігіне берген кезде салық берешегінің жоқтығы туралы өзекті анықтаманың болуы талап етіледі.

      60. Қаржы агенттігі банктен/лизингтік компаниядан құжаттарды және кәсіпкерден өтінішті алғаннан кейін 750 (жеті жүз елу) миллион теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде және 750 (жеті жүз елу) миллион теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Кәсіпкердің және онымен үлестес/байланысты тұлғалардың/компаниялардың қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша жоба шеңберінде алынған кредиттер бойынша жиынтық берешегі, портфельдік кепілдік беру шеңберінде берілген кепілдіктерді қоспағанда, 750 (жеті жүз елу) миллион теңгеден асатын жағдайда, кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде қаржы агенттігі 10 (он) жұмыс күні ішінде банктен/лизингтік компаниядан келіп түскен құжаттарды және кәсіпкердің жолдама шарттарына сәйкестігіне өтініштерін қарайды. Құжаттарды қарағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі кепілдік беру туралы шешім қабылдайды.

      61. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда, қаржы агенттігі 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін банкке/лизингтік компанияға анықталған ескертулер немесе қосымша құжаттар ұсыну туралы ақпарат жібереді. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайта басталады.

      Кәсіпкердің жобасы және (немесе) ұсынылған материалдар осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі нақты сәйкессіздіктерді көрсете отырып, дәлелді бас тартуды жібереді.

      62. Қаржы агенттігі кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке/лизингтік компанияға қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы шешімі көрсетілген осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала кепілдік хат жібереді.

      63. Қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда, осындай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетіледі.

      64. Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатын алғаннан кейін:

      1) банк/лизингтік компания мен кәсіпкер кредиттік шарт/қаржылық лизинг шартын, кепіл (-дер) шартын (шарттарын) жасасады. Кредиттік шарттың/қаржылық лизинг шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.

      Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатта қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін бюджетке төленетін салықтардың көлемін ұлғайту (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы), жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу және/немесе салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға ұлғайту, сондай-ақ 3 (үш) жыл өткеннен кейін (қаржы агенттігінің шешіміне сәйкес) орта кәсіпкерлік субъектісінің санатына өту шарты мәндері көрсетіледі.

      Банктің/лизингтік компанияның қаржы агенттігінің оң шешімі бар хатын алғаннан кейін банктің/лизингтік компанияның қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-на дейінгі мөлшерде ішінара кредит беруіне жол беріледі;

      2) қаржы агенттігі банктен/лизингтік компаниядан кредиттік шарттың/қаржылық лизинг шартының көшірмесін алғаннан кейін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке/лизингтік компанияға жібереді;

      3) банк/лизингтік компания кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

      4) банк/лизингтік компания қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит/қаржылық лизинг беруді жүзеге асырады;

      5) кепілдік сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден асатын кепілдік беру жобалары бойынша банк/лизингтік компания тоқсан сайынғы негізде қаржы агенттігінің сұрау салуына сәйкес жобаның қаржы мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасын тоқсанына бір реттен асырмай ұсынады.

      65. Портфельдік кепілдік беру кезінде осы Кепілдік беру қағидаларының талаптарына сәйкес келген жағдайда, кредит берілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде кепілдік шартына банктің қол қоюына жол беріледі.

      66. Осы Кепілдік беру қағидаларын іске асыру шеңберінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражат аудару шартына сәйкес өңірлік үйлестіруші/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      67. Жобаларға кепілдік беру үшін бюджет қаражатының жеткіліксіздігі қалыптасқан жағдайда қаржы агенттігі облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органынан/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қосымша қаражат алғанға дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұрады. Қаржы агенттігінің осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде кепілдік шарттарының қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату есебінен босаған қаражат болған кезде, осы Кепілдік беру қағидаларын іске асыру шеңберінде жобаларға кепілдік беруді қайта бастауына жол беріледі.

      68. Қаржы агенттігі кейіннен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган/облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы орган республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің 10 %-ынан аспайтын көлемде өтеген кезде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры нақтыланғанға дейін ағымдағы қаржы жылына арналған кепілдік шарттарын жасасады.

      Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу кезінде бюджетті кезекті нақтылау кезінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының қаражатты кейіннен өтеуі үшін қаржы агенттігі ай сайын, 10-шы күнге дейінгі мерзімде өтелетін соманы көрсете отырып, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органды/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органын жасалған кепілдік шарттары туралы хабардар етеді.

      Ағымдағы қаржы жылында республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөлінген кезде бірінші кезекте бұрын жасалған кепілдік шарттары бойынша өтеу жүзеге асырылады, ал қалған сома жаңа жобаларға бөлінеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес бұрын жасалған кепілдік шарттарын өтеуге бөлінген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, қаржы агенттігі республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілген қаражат толық өтелгенге дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұрады.

      69. Кредиттің/қаржылық лизингтің мақсатқа нысаналы пайдаланылмауы анықталған жағдайда қаржы агенттігі кепілдік сомасын нысаналы пайдаланылмаған кредит/қаржылық лизинг сомасына барабар азайту туралы шешім қабылдайды.

      Кәсіпкер қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға бюджетке төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу және/немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша көрсеткіштерге қол жеткізбеген жағдайда кепілдік беру шартының күші жойылмайды.

      Сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден асатын жобалар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектісі 3 (үш) жыл өткеннен кейін Кодекстің көрсеткіштеріне сәйкес орта кәсіпкерлік субъектісінің санатына көшу талаптарын орындамаған жағдайда кепілдік шарты жойылмайды.

      70. Қаржы агенттігі кредит/қаржылық лизинг толық нысаналы пайдаланылмаған жағдайда, кепілдіктің күшін жояды.

      71. Банктің/лизингтік компанияның қызметін жүзеге асыруға басталған шектеулер немесе тыйым салулар, сондай-ақ банк/лизингтік компания акцияларының 10 %-нан астамына қатысты меншік құқығының біржолғы сатылғаны немесе өзгеше біржолғы ауысқаны және/немесе иелік ету және пайдалану құқығының ауысқаны туралы банк/лизингтік компания 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.

6-параграф. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінімді беруі

      72. Кәсіпкер осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде қаржы агенттігіне электрондық нысанда мынадай құжаттарды:

      1) кәсіпкердің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтінішін;

      2) кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімін;

      3) оның дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін;

      4) кепілдік сомасының есебімен кредит/қаржылық лизингін беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар банк/лизингтік компания хатының электрондық көшірмесін (сканерленген көшірмесі) ұсынады.

      Кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда, кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу нысанында расталады.

      Қаржы агенттігі "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден кәсіпкер жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны/жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, қызмет түрлеріне арналған лицензия (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) жөніндегі мәліметтерді және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді алады.

      "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден деректер алу техникалық тұрғыдан мүмкін болмаған немесе деректер дұрыс болмаған жағдайда, қаржы агенттігі құжаттарды кәсіпкерден сұратады.

      73. Банк/лизингтік компания "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы кәсіпкерден электрондық өтінімді алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Кепілдік беру қағидаларының 59-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қаржы агенттігіне ұсынбаған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкерге кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.

      74. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі кәсіпкердің "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      75. Кепілдік беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы осы Кепілдік беру қағидаларының 4, 5 және 6-параграфтарында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      76. Осы Кепілдік беру қағидалары және тетік шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28338 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес қаржы агенттігі жүзеге асырады.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      77. Кепілдік беру үшін көзделген, жергілікті және/немесе республикалық бюджеттердің және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша аударылған қаражатты қаржы агенттігі толық игерілгенге дейін пайдаланады.

      78. Бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      Кредит/лизинг/кепілдік сомасы/мерзімі ұлғайған, ЭҚЖЖ өзгерген жағдайларда жобаның осы Кепілдік беру қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

  Кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
1-қосымша

Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01

01.11 "Дәнді (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтерді ұсыну

03

Балық аулау және балық өсіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсі саласындағы кызметтер көрсету

Өңдеу өнеркәсібі

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

24

Металлургия өндірісі*

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

31

Жиһаз өндіру

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларынан электр энергиясын өндіруі

Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануларды жою бойынша қызмет

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

45.2

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Көлік және қоймалау

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі*

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймаға қою және қосалқы көлік қызметі

53

Пошта және курьерлік қызмет***

Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету

55.10

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру***

55.30

Кемпингтер, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелермен қызмет көрсету

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68.20.1

Жеке меншік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару*****

68.20.2

Жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану******

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша кеңес беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар және талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер

74

Прочая профессиональная, научная и техническая деятельность

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етумен әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етумен әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызмет

93

Спорт, демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру саласындағы қызмет*******

Қызметтердің басқа түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және үлбір бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеу (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құю (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құю (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда

      ** ЭҚЖЖ коды 49.32 "Такси қызметі" бойынша қызметті қоспағанда ("жасыл" жобалар мен 1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда)

      *** табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда

      ****апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді қоспағанда

      ***** осы ЭҚЖЖ қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалға беруді көздейді

      ****** осы ЭҚЖЖ қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалдауды (қосалқы жалдауды) көздейді

      ******* караоке және дискотекаларды қоспағанда

  Кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
2-қосымша

Өңдеу өнеркәсібіндегі экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

Р/с №

Экономикалық қызмет түрлері тобынын атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

4

С секциясы Өңдеу өнеркәсібі 1

1

Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру

Етті қайта өңдеу және консервілеу

10.11

Ауылшаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу

10.12

Еттен және ауылшаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру

10.13

2

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу

10.20

3

Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу

Картопты қайта өңдеу және консервілеу

10.31

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру

10.32

Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеудің өзге де түрлері

10.39

4

Өсімдік және мал майы мен тоң майын өндіру

Май және тоң май өндіру

10.41

Маргарин және оған ұқсас тағамдық тоң майларды өндіру

10.42

5

Сүт өнімдерін өндіру

Сүтті қайта өңдеу және ірімшік жасау

10.51

Балмұздақ өндіру

10.52

6

Ұн-жарма өнімдерін, крахмал және крахмал өнімдері

Ұн-жарма өнімдерін өндіру

10.61

Крахмал және крахмал өнімдерін өндіру

10.62

7

Нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру

Ұзақ сақтауға арналмаған нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру

10.71

Кептірілген нан және печенье, ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру

10.72

Макарон өнімдерін өндіру

10.73

8

Өзге де тамақ өнімдерін өндіру

Өзге де тамақ өнімдерін өндіру

10.8

9

Жануарларға арналған дайын азық өндіру

Жануарларға арналған дайын азық өндіру

10.9

10

Сусындар өндіру

Уыт өндіру

11.06

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және бөтелкелерге құйылатын басқа да сусындарды өндіру

11.07

11

Тоқыма бұйымдарын өндіру

Тоқыма бұйымдарын өндіру

13

12

Киім өндіру

Үлбірден тігілген киімді қоспағанда, киім өндіру

14.1

Тоқылған және трикотаж киімдер өндіру

14.3

13

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

Былғарыны илеу және өңдеу; жол керек-жарақтарын, қайыс-ертоқым бұйымдарын өндіру; үлбірді өңдеу және бояу

15.1

Аяқ киім өндіру

15.20

14

Жиһазды қоспағанда, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан бұйымдар өндіру

Ағаш кесу және сүргілеу өндірісі

16.1

Сүректен, тоздан, сабаннан және тоқуға арналған материалдардан бұйымдар өндіру

16.2

15

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

17

16

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

Полиграфиялық қызмет және осы салада көрсетілетін қызметтерді ұсыну

18.1

17

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

Мұнай өңдеу өнімдерін, шымтезек пен көмірден брикеттер өндіру

19.20

18

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

Негізгі химиялық заттарды, тыңайтқыштарды және азотты қосылыстарды, алғашқы нысандардағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру

20.12

Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру

20.20

Бояулар, лактар және осыған ұқсас бояғыш жабындылар, баспаханалық бояулар мен мастикалар өндіру

20.30

Сабын, жуу, тазалау, жылтырату, парфюмерлік және косметикалық құралдар өндіру

20.4

Сіріңке өндіру

20.51.2

Желім өндіру

20.52

Эфир майларын өндіру

20.53

Фотоматериалдар өндіру

20.59.1

Желатин өндіру

20.59.2

Тоқыма бұйымдарды өңдеу үшін пайдаланылатын материалдарды өндіру

20.59.3

Техникалық көміртекті (күйе), көміртекті нанотүтікшелер, наноталшықтар және басқа көміртекті наноматериалдар өндіру

20.59.4

Басқа химиялық өнімдер өндіру

20.59.9

Жасанды және синтетикалық талшықтар өндіру

20.60

19

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндіру

21.10

Фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдар өндіру

21.20

20

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

Резеңке бұйымдарын өндіру

22.1

Пластмасса бұйымдарын өндіру

22.2

21

Өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру

Шыны және шыныдан жасалған бұйымдар өндіру

23.1

Отқа төзімді бұйымдар өндіру

23.2

Саздан құрылыс материалдарын өндіру

23.3

Өзге де фарфор және қыш бұйымдарын өндіру

23.4

Цемент, әктас және құрылыс гипсін өндіру

23.5

Бетоннан, цементтен және құрылыс гипсінен бұйымдар өндіру

23.6

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

23.70

Түрпілі бұйымдар және өзге бейметалл минералды өнімдер өндіру

23.9

22

Металлургия өндірісі

Металлургия өндірісі

243

23

Машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдарын өндіру

Металл есіктер мен терезелер өндіру

25.12

Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарын өндіру

25.21

Металды соққылап өңдеу, сығымдау, қалыптау, бейіндеу; ұнтақтық металлургия

25.5

Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар жалату; машина жасаудың негізгі технологиялық процестері

25.6

Пышақ бұйымдарын, аспаптарды және темір бұйымдарын өндіру

25.7

Өзге де дайын металл бұйымдарын өндіру

25.94

24

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

26
5

25

Электр жабдықтарын өндіру

Электр жабдықтарын өндіру

27

26

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

Гидравликалық және пневматикалық жабдықтар өндіру

28.12

Өзге де крандар, клапандар мен вентильдер өндіру

28.14

Лифт өндіру

28.22.4

Офистік техниканы және жабдықты өндіру (компьютерлерді және перифериялық жабдықты қоспағанда)

28.23

Механикаландырылған қол аспаптарын өндіру

28.24

Өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын өндіру

28.25

Басқа топтамаларға енгізілмеген жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтарды өндіру

28.29

Ауылшаруашылық машиналарын өндіру

28.30.2

27

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

Автомобильдер өндіру

29.1

Автомобильдерге арналған шанақтарды өндіру

29.20.1

Автомобильдердің бөлшектері мен керек-жарақтарын өндіру

29.3

28

Басқа көлік құралдарын өндіру

Теміржол локомотивтерін және жылжымалы құрамды өндіру

30.20

Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру

30.9

29

Жиһаз өндіру

Жиһаз өндіру

31

30

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

32

D секциясы Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

31

Электр энергиясын өндіру

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.4

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

      Ескертпелер:

      1 Оның ішінде: айран, консервіленбеген қойылтылған сүт, дән түйіршіктерін, глюкоза-фруктоза шәрбатын, қарақұмық өндіру, сондай-ақ картопты өнеркәсіптік тазартуды және шай мен кофе өндіруді қоспағанда, картопты қайта өңдеу және консервілеу.

      2 Оның ішінде: дезинфекциялау құралдарын, зарарсыздандырғыштарды өндіру.

      3 Шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеу (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойынқұю (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құю (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда.

      4 Оның ішінде асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған бөшкелер, барабандар және басқа да ыдыстар өндіру.

      5 Оның ішінде: өкпені жасанды желдету аппаратын; медициналық мақсаттарда пайдаланылатын өзге де электр және электрондық жабдықтарды; діріл-акустикалық аппараттарды; медициналық білезіктерді; пациент мониторларын; телекардиографтар; диализаторларөндіру.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі бойынша экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі

Р/с №

Экономикалық қызмет түрлерінің тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

4

B Секциясы Тау кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

1

Тас көмірді байыту

Тас көмірді байыту

05.10.31

2

Тұз өндіру

Тұз өндіру

08.93

E Секциясы Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет

3

Суды алу, өңдеу және тарату

Суды алу, өңдеу және тарату

36

4

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

38.11

H Секциясы Көлік және қоймалау

5

Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі

49.392

6

Жүкті қоймалау және қосалқы көлік қызметі

Жүкті қоймалау және қосалқы көлік қызметі

523

Жүктерді қоймалау және сақтау

52.104

I Секциясы Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету

7

Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.105

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

55.205

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

55.305

Тұруға арналған өзге де орындардың көрсетілетін қызметтері

55.906

J Секциясы Ақпарат және байланыс

8

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

62.01

9

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

63

P Секциясы Білім беру

10

Білім беру

Білім беру

857

Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері

85.59

Q Секциясы Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

11

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

868

      Ескертпелер:

      1 Үйіндіден тас көмірді бөліп алу.

      2 Тау шаңғысы курорттарын салу, егер конвейерлер, арқанды жолдар, тау шаңғысы және арқанды көтергіштері қалалық және қалааралық көлік тасымалы жүйесіне кірмесе, оларды басқару.

      3 Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтарында көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу.

      4 Азық-түлік өнімдерін сақтау және өткізу бойынша көтерме-тарату орталықтарын құру, көкөніс және жеміс қоймаларын салу.

      5 Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), "Медеу" мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.

      6 Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау.

      7 Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.

      8 Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, ультрадыбыстық зерттеу аппараты, кардиомонитор, өкпені неонаталдық жасанды желдету аппараты, өкпені жасанды желдету аппараты, жасанды қан айналым аппараты, ангиографиялық жүйе және басқалар) жарақтандыру, сондай-ақ санаториялық-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.

Өндіріс бойынша экономика салаларының тізбесі агроөнеркәсіптік кешенде

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

4

А бөлімі Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы

1

Бір немесе екі жылдық дақылдарды өсіру

Дәнді (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіру

01.11

Күріш өсіру

01.12

Көкөніс, бақша, тамыр және түйнек дақылдарын өсіру

01.13

Иіру дақылдарын өсіру

01.16

Басқа бір немесе екі жылдық дақылдарды өсіру

01.19

2

Көпжылдық дақылдарды өсіру

Жүзім өсіру

01.21

Анар мен тас жемістерді өсіру

01.24

Басқа жемістерді, жидектер мен жаңғақтарды өсіру

01.25

3

Мал шаруашылығы

Сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіру

01.41

Басқа ірі қара мен буйвол өсіру

01.42

Жылқы және жылқы тұқымдасының басқа да жануарларын өсіру

01.43

Түйе тұқымдас түйелер мен басқа да жануарларды өсіру

01.44

Қой мен ешкі өсіру

01.45

Шошқа өсіру

01.46

Ауыл шаруашылығы құстарын өсіру

01.47

Жануарлардың басқа түрлерін өсіру

01.491

4

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге және жануарларды өсіруге ықпал ететін қызмет және егінді өңдеу жөніндегі қызмет

Егінді өңдеу жөніндегі қызмет

01.63

5

Балық аулау

Тұщы су балық аруашылығы

03.12

6

Балық өсіру

Теңіз балық шаруашылығы

03.21

Тұщы су балық шаруашылығы

03.22

  Кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
"__________________"
акционерлік қоғамына

Алдын ала кепілдік хат

      Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидаларының (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары)/Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінің (бұдан әрі – тетік) ___________ бағытын іске асыру шеңберінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі) "_____________" жеке кәсіпкерінің/жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің/акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ЖК/ЖШС/АҚ) "_____" __________ жобасы бойынша қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы өтінімін қарап, мақұлдағанын хабарлаймыз.

      Қаржы агенттігі "_______________" ЖК/ЖШС/АҚ "_______________" ___________ жобасы бойынша мынадай талаптармен кепілдік беруге әзір:

      1) кепілдік сомасы: __________________ (_________________________) теңге, бұл кредит сомасының _______ %-ын құрайды;

      2) кепілдік мерзімі __________________;

      3) кепілдік берудің өзге талаптары Кепілдік беру қағидалары шарттарына сәйкес жасалып кепілдік шартымен реттеледі;

      *талаптарды кесте нысанында қосуға жол беріледі.

      Осы алдын ала кепілдік хаттың қолданылуы __________ дейінгі мерзімді құрайды.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру түріндегі мемлекеттік қолдау талаптарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, қаржы агенттігі жоғарыда көрсетілген кепілдік беру талаптарын қайта қарауға және оларды толығымен немесе ішінара өзгертуге не жоюға құқылы, бұл жөнінде банк кепілдік шартына қол қойылғанға дейін хабардар етіледі.

      Құрметпен,

      ___________ _____________ _____________________________________

      (лауазымы) (қолы) мөр орны (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
4-қосымша

Кәсіпкердің жобасы бойынша банк* қаржы агенттігіне ұсынатын құжаттардың тізбесі

      1. Жалпы құжаттар

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Банктен құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа/электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолданылатын электрондық формат

2

Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттар тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі

банктің уәкілетті жұмыскері қол қойған және банктің мөрімен/мөртабанымен куәландырылған түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

3

Банктен кредит алуға арналған өтінім

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

4

Банктің уәкілетті органының қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, банктің кредиттік, кепіл және заң басқармасының (болған жағдайда) және тәуекелдерді басқару басқармасының сараптамалық қорытындылары

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

5

Соңғы есептік күнгі жағдай бойынша кәсіпкердің қаржылық құжаттары (берешектің туындау күнін, берешекті өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазу, негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды (бұдан әрі – ТМҚ) толық жазу, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (жеке кәсіпкерлер үшін)**

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

6

Жыл басындағы және соңғы есептік күнгі жағдай бойынша (жыл басындағы және соңғы есепті күнгі жағдай бойынша берешектің туындау күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазу, негізгі құралдарды, ТМҚ-ны толық жазу) кәсіпкердің мөрімен расталған кәсіпкердің қаржылық құжаттары (заңды тұлғалар үшін)**

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

7

Кірістер мен шығыстар туралы есептердің баптарын толық жазу – өткізуден түскен кіріс, өзіндік құны, кезең шығыстары, басқа да кірістер мен шығыстар, қаралған кезең үшін өткізілген өнімнің ақшалай және заттай мәндегі көлемі**

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме немесе түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

8

Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсете отырып, қызмет көрсететін банктен несие берешегінің бар (жоқ) екендігі туралы, соңғы 12 айдағы айналымдары, сондай-ақ құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша мерзімінде төленбеген (№ 2 картотека) есеп айырысу құжаттары туралы анықтама

банк нысаны бойынша түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірмеге жол беріледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

9

Несие берешегінің, оның ішінде басқа қаржы ұйымдарындағы мерзімі өткен берешегінің (банктерден басқа, кредиттері болса) болуы туралы анықтамалар

түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірмеге жол беріледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

10

Банктердегі барлық шоттары туралы мәліметтер

хаттың түпнұсқасы/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

11

Лицензиялар***, патенттер, квоталар (өтініш беруші қызметінің түрі лицензияланатын немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын жағдайда)

уәкілетті орган лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

12

Жобаны іске асыру жөніндегі құжаттар (бар болса):
1) келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстар жүргізу, қызметтер көрсету шарттары, орындалған жұмыстар актілері, төлем шоттары;
2) жоспарланатын жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (кредит құрылыс, реконструкциялау және т.с.с. салада пайдалану үшін берілген жағдайда);
3) жобаға өзінің қатысатынын растайтын құжаттар;
4) қаралатын жоба бойынша шешімдер қабылдау үшін банк пайдаланатын құжаттар

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

13

Бизнес-жоспар

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме немесе түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

14

Соңғы және ағымдағы жылдар үшін қолданыстағы және аяқталған келісімшарттар (бар болса)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

15

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер бар болса)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

16

Банк қарызын, банк атынан кепіл және кепілдік шартын жасайтын тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

банктің мөрімен расталған көшірмелер (банк кепілдік шартын жасаған кезге қарай ұсынады)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

      * осы тізбені қаржылық лизинг шарттары бойынша лизингтік компаниялар да ұсынады.

      ** 500 (бес жүз) миллион теңгеден асатын кредиттер бойынша.

      Ескертпе: қаржылық есептіліктің ескіру мерзімі банк құжаттар топтамасын ұсынған күнге 6 (алты) айдан аспайды.

      2. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын құжаттар*

      1. Кәсіпкер жеке кәсіпкер болып табылатын жағдайда:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Жеке басты куәландыратын құжат

уәкілетті орган жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

2

Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама***

уәкілетті орган жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

3

Қол қою үлгілері, мөрдің бедері (бар болса) бар құжат

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме не түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

4

Кәсіпкердің/кепілгердің/қосалқы қарыз алушының/басшының және құрылтайшының кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

5

Кәсіпкердің/кепілгердің/қосалқы қарыз алушының/басшының және құрылтайшының дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

6

Кәсіпкердің салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді беруге келісімі

түпнұсқасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің атына/ЭЦҚ қолдана отырып электрондық форматқа ұсынылады

      2. Кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылатын жағдайда:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Жарғы, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама***

уәкілетті орган заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

3

Уәкілетті органның бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі

түпнұсқа не банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме

4

Банкте және қаржы агенттігінде кәсіпкердің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

уәкілетті орган жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

5

Кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органның шешімі

қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

6

Кредит алу туралы шешім қабылдаған уәкілетті органның шешімі

банк бекіткен нысан бойынша түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

7

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қол қою және кәсіпкердің мөр бедерінің (бар болса) үлгілері бар құжат

банктің уәкілетті органының түпнұсқасымен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

8

Кәсіпкердің/құрылтайшының/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат қаржы агенттінінің атына беріледі

      Ескертпе:

      *** Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және жеке кәсіпкерді тіркеу, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, лицензия туралы хабарлама бойынша мәліметтерді уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" порталы арқылы алған кезде өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      Бірнеше беттен тұратын құжат ұсынылған жағдайда, мұндай құжат тігіліп, нөмірленеді не құжаттың әр парағында уәкілетті тұлғалардың қолы қойылып, мөрімен/мөртабанымен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17,
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 19,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 7,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 26/НҚ,
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 29,
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 2,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 10,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16,
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 31,
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 9,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 20 мен
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 38-НҚ
Бірлескен бұйрыққа
6-қосымша
  "Мемлекеттік қолдауға
жататын жеке кәсіпкерлік
субъектілері қызметін
жүзеге асыратын экономика
салаларын мемлекеттік
қаржылық қолдау қағидаларын,
нысандарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 410-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 412,
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 299,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 401,
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің 2023 жылғы
22 қарашадағы № 450-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 16,
Қазақстан Республикасы
Көлік Министрдің міндетін
атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 91,
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 84,
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 347
Қазақстан Республикасы
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 572/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 598 және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 167 бірлескен бұйрығына
8-қосымша

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлерге бизнес-идеяларды іске асыруы үшін мемлекеттік гранттар беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

      2) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы;

      3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

      4) бизнес-жоба – сипаттама, есеп айырысу, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ жобаны іске асыру мерзімдері қамтылған өз бизнесін (тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) құру және бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатымен (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландыру және жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігін ашатын кәсіпкердің жоспары;

      5) бизнес-идея – тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама;

      6) веб-портал – Интернет желісінде орналастырылған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      7) грант беру туралы шарт – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) жасалатын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі және кәсіпкер арасында электрондық түрде жасалатын, оның шарттары бойынша кәсіпкерге бизнес-идеяларды іске асыруға нысаналы мемлекеттік грант берілетін үшжақты келісім;

      8) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның, ұлттық институттың, қаржы агенттігінің, өңірлік үйлестірушінің, конкурстық комиссияның) тізілімдегі дербес веб-парағы;

      9) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

      10) жеке шот – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ашылатын, тізілімде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін, оны тану (сәйкестендіру) және оның жеке деректері мен баптауларына рұқсат беру үшін қажетті шот;

      11) жоба – кәсіпкер кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын бизнестің әртүрлі бағыттарындағы іс-әрекеттер мен іс-шаралар жиынтығы;

      12) кәсіпкер – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

      13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      14) кворум – дауыс беру кезінде конкурстық комиссия мүшелері санының үштен екісінен астамының қатысуы;

      15) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi оны басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      16) конкурстық комиссия – мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі алқалы-кеңесші орган;

      17) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өңірлік үйлестіруші/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және иесі ретінде оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      18) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      19) мүдделер қақтығысы – конкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері оның өз өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін болатын кездегі конкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері арасындағы қайшылық;

      20) өңірлік үйлестіруші – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      21) өтінім – осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген электрондық нысандағы өтініш;

      22) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      23) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

      24) үлестес компаниялар/тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған заңды тұлғаның үлестес компаниялары/тұлғалары, сондай-ақ жеке тұлғаның үлестес тұлғалары:

      жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары (бұдан әрі – жақын туыстары);

      өндірістік кооперативтің ірі акционері/ірі қатысушысы/мүшесі және (немесе) лауазымды адамы осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары болып табылатын заңды тұлға;

      осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары бақылайтын заңды тұлға;

      осы тармақшаның үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалар өздеріне қатысты ірі акционерлер (ірі қатысушылар) болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;

      осы тармақшаның үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары;

      25) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – мемлекеттік грант алу үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі өңірлік үйлестірушіге жүгінген кезде 3 (үш) жылдан аз уақытты құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін қызметтің жаңа түрін құру шартымен жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      26) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      27) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.

      Мемлекеттік грант әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, акцизделетін өніммен байланысты қызметті жүзеге асыратын "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілмейді.

      4. Мемлекеттік гранттарды мемлекет кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша өңірлік үйлестірушілер арқылы береді.

      5. Мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      6. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар өңірлік үйлестіруші/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен қызмет көрсетуші арасында тиісті шарт жасасқаннан кейін туындаған қатынастарға қолданылады.

      7. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары күшіне енген күні қолданыста болатын және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген грант беру туралы шарттар қаржыландыруға жатады.

      8. Қаржы агенттігінің және көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің қызметтерін кәсіпкерлік жөніндегі өңірлік үйлестіруші/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган республикалық/жергілікті бюджет қаражаты есебінен төлейді.

2-тарау. Мемлекеттік гранттарды беру тәртібі мен шарттары

1-параграф. Мемлекеттік гранттар беру шарттары

      9. Мемлекеттік гранттар алуға конкурстық іріктеудің қатысушысы болып әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

      10. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер грант беру туралы қолданыстағы шарттар болмаған кезде бір бизнес-жоба бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатында конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

      Мыналар:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асыруға арналған шығыстарды мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);

      2) жаңа жұмыс орындарын құру;

      3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.

      11. Кәсіпкерлер мемлекеттік грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдаланады:

      1) тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды (оның ішінде негізгі құралдарды салу/жаңғырту/реконструкциялау/ күрделі жөндеу), шикізат пен материалдарды сатып алу;

      2) материалдық емес активтерді сатып алу;

      3) технологияны сатып алу;

      4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтарды сатып алу;

      5) зерттеу жұмыстарына және (немесе) жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

      Мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

      Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауы тиіс.

      Бұл ретте, егер іске асырудың көрсетілген мерзімі ішінде кәсіпкер қызметін жүзеге асырмаса, сатып алынған негізгі құрал іске асырылса және бизнес-жобаны іске асыру және одан әрі іске асыру үшін ұқсас/баламалы құралмен ауыстырылмаса, кәсіпкер мемлекеттік грант қаражатын толық көлемде өтеуге міндетті.

      12. Мыналарға:

      1) жылжымайтын мүлікті және (немесе) жер учаскесін сатып алуға;

      2) жалдау ақысының төлемі ретінде;

      3) негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға), үлестес/байланысты компаниялардан/ тұлғалардан және (немесе) кәсіпкердің жақын туыстарынан ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған);

      4) пайдалануда болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға;

      Бұл ретте негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алу тиісті құжаттармен (жабдыққа шарт/келісімшарт/паспорт/сапа сертификаты) расталуға тиіс;

      5) шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автокөлікті, сондай-ақ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдері мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алуға және уақытша алуға байланысты жобаларды қоспағанда, жеңіл автокөлікті сатып алуға;

      6) өңдеуші өнеркәсіпке жататын тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ қара малды, құсты, бал арасын, сондай-ақ өзге де ауыл шаруашылығы жануарларын) сатып алуға мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға болмайды.

      Кәсіпкердің бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын игеруі кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына қолма-қол ақшасыз төлем арқылы жүзеге асырылады (пайдалануда болған автокөлікті жеке тұлғадан сатып алуға жол беріледі).

      13. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 5 (бес) млн теңгеге дейін құрайды.

      14. Мемлекеттік гранттар мынадай кәсіпкерлерге берілмейді:

      1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;

      2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

      3) жылжымайтын мүлікті жалға беру қызметінің негізгі түрі болып табылатын;

      4) мемлекеттік грант алуға өтінім беру кезінде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды растамаған (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен);

      5) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміндегі;

      6) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар;

      7) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша қолдау алғандарға (оның ішінде бұрын қолданыста болған бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының қолданылу кезеңінде);

      8) конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелгендерге және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлап отырғандарға берілмейді.

      15. Конкурсты өткізу үшін облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімінің шешімімен мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия құрылады және оның құрамы бекітіледі.

      Кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың біртұтастығы, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары болып табылады.

      16. Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады.

      Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды.

      Конкурстық комиссия жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдерінен, салалық сарапшылардан, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарынан кемінде 7 (жеті) адамнан құралады.

      Конкурстық комиссияның құрамы конкурстық комиссия мүшелерінің бұрын бекітілген санының кемінде 50 (елу) пайызын жаңарта отырып, жыл сайынғы негізде бекітіледі.

      Конкурстық комиссия мүшесінің еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда төрағамен келісім бойынша отырыстардың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, конкурстық комиссияның мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелеріне жеткізеді. Комиссия отырыстары бейнеконференцбайланыс режимінде өткізілуі мүмкін.

      Конкурстық комиссияның хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.

      Конкурстық комиссияның отырысы кворум болған кезде заңды болып саналады.

      Конкурстық комиссияның отырысы кезеңінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде конкурстық комиссияның мүшелері бұл туралы өздеріне белгілі болған кезде конкурстық комиссияның төрағасын жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Конкурстық комиссия төрағасының мүдделері қақтығысы туындаған жағдайда оның өкілеттігі конкурстық комиссия төрағасының орынбасарына көшеді.

      Бұл ретте конкурстық комиссияның төрағасы және (немесе) мүшесі мүдделер қақтығысы туындаған кәсіпкердің өтінімін қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      Кәсіпкерлік бастамаларды жария етуді болдырмау мақсатында конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысы осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде кәсіпкерлік бастамалар туралы мәліметтерді жария етпеу туралы келісімге қол қояды.

      17. Өңірлік үйлестіруші конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол:

      1) өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында, сондай-ақ веб-порталда осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік гранттар түрінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету барысы ішінде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуді жартыжылдық негізде қамтамасыз етеді;

      3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысы бар мәселелер бойынша мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тәртібі туралы кеңес береді;

      4) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес кәсіпкерлерден конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;

      5) конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;

      6) кәсіпкерлерге мемлекеттік грант берілгені туралы хаттама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы хабарлайды;

      7) мемлекеттік грант беруден бас тартылған жағдайда хаттама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге хаттамадан үзінді көшірме және мемлекеттік грант беру туралы дәлелді бас тарту веб-портал арқылы автоматты түрде жіберіледі.

      18. Өңірлік үйлестіруші мемлекеттік гранттар беру жөніндегі жеке қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-порталда орналастырады.

      19. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.

      20. Мемлекеттік гранттар алуға арналған өтінімді қарау мына шарттар сақталған жағдайда беріледі:

      1) осы Мемлекеттік гранттарды беру қағидаларына 4, 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімге қосымшаны міндетті түрде толтыра отырып) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім беру;

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;

      3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған кәсіпкердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерге өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілген болып есептеледі;

      4) есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоғы туралы мәліметтерді растау;

      5) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруды растау мақсатында – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған кәсіпкердің жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскесінің (учаскелерінің) немесе өзге де жылжымайтын мүліктің болуы "Жылжымайтын мүлік тізілімі";

      6) бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы мүлікті қоса қаржыландыруды растау мақсатында – кәсіпкерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен және (немесе) "Автомобиль" дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы расталған жылжымалы мүліктің болуы.

      Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтінім ғана беруге құқылы. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады.

      21. Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін тіркейді:

      1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

      2) Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шараларын ұсыну қағидалары шеңберінде кәсіпкердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне немесе әлеуметтік кәсіпкерлікке оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;

      3) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;

      4) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе "Бір ауыл-бір өнім" бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

      22. Кәсіпкер туралы мәліметтер, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама және (немесе) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама, заңды тұлға/дара кәсіпкер қызметінің түрлері туралы мәліметтер, тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық кезеңдері туралы, сондай-ақ тоқтатылған қызмет туралы мәліметтер, бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ/бар екендігі туралы мәліметтер, жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер, кредиттер (қарыздар) бойынша берешек туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде айқындалады.

      23. Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне кіруге рұқсат беру үшін:

      1) кәсіпкерлер, өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – пайдаланушылар) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде дербес тіркелу үшін ЭЦҚ-ға ие болуға тиіс;

      2) өңірлік үйлестіруші жыл сайын көрсетілетін қызметтерді берушіге ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.

      Пайдаланушылар жеке кабинетте тіркелу үшін мына мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін – ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін – БСН, толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН;

      3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде пайдаланушы жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін бір жұмыс күні ішінде өзгертеді.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне кіру кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға тұрақты түрде онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.

      Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсаты бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты тұлғалардың тізімін жыл сайын жібереді.

      Өтінімді жасау және тіркеу жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 20-тармағы 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесі тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім кәсіпкердің ЭЦҚ қол қоюы арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Өңірлік үйлестіруші өтінімді қабылдаған кезге дейін тіркелген өтінімде қатенің болуы анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.

      Кәсіпкер мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысу үшін өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін өңірлік үйлестірушіге жүгінеді.

      24. Өңірлік үйлестіруші кәсіпкер өтінімді тіркеген сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаның ЭЦҚ пайдалана отырып, оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      25. Кәсіпкер толық емес құжаттар топтамасын ұсынған не анық емес деректерді немесе осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, өңірлік үйлестіруші ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге пысықтауға қайтарады. Кәсіпкер конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде пысықталған құжаттар топтамасын қайта жібереді.

      26. Өңірлік үйлестіруші өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесін субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырады;

      2) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күн тәртібін, күнін, уақытын көрсете отырып, мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының графигін ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырады.

      График қалыптастырылғаннан кейін өтінімдері мақұлданған өтінімдер тізбесіне енген барлық кәсіпкерлерге таныстырылымның күні, уақыты мен орны және кәсіпкерлердің жобалары бойынша дауыс беру туралы автоматты хабарлама жіберіледі.

      Конкурстық комиссия отырысында кәсіпкерлердің әрбір жобасы бойынша таныстырылымның ұзақтығын өңірлік үйлестіруші айқындайды және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының графигіне сәйкес белгіленеді;

      3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде конкурстық комиссия мүшелерінің авторландырылуын қамтамасыз етеді;

      4) мәлімделген жобаларды мақұлдау/мақұлдамау бойынша шешім қабылдау үшін конкурстық комиссияның мүшелеріне мақұлданған өтінімдерді және кәсіпкердің электрондық құжаттамасын қарау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      27. Бюджет қаражаты болған жағдайда конкурс жылына кемінде 1 (бір) рет өткізіледі.

      28. Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын конкурстық комиссияның отырысында, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы жеке таныстырады.

      Конкурстық комиссия мүшелерін, хатшысын және байқаушыларды қоспағанда, бизнес-жобаны таныстыру кезінде үшінші тұлғалардың қатысуына тыйым салынады.

      29. Мемлекеттік грант беру тетігінің ашықтығы мақсатында өзінің бизнес-жобасын таныстыратын кәсіпкерді хабардар ете отырып, аудио немесе бейне жазба жүргізіледі.

      Конкурстық комиссияның отырысына саны кемінде 2 (екі) адам болатын байқаушылар шақырылады.

      Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың аккредиттелген өкілдері қатыса алады.

      Конкурстық комиссияның отырысы барысында байқаушылар өздерінің бизнес-жобаларын таныстыратын кәсіпкерлерге сұрақ қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, кәсіпкерлердің дербес деректеріне, кәсіпкерлер қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жариялауына, техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.

      Кәсіпкерлік бастамаларды жария етуді болдырмау мақсатында байқаушылар осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар алуға өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде кәсіпкерлік бастамалар туралы мәліметтерді жария етпеу туралы тиісті келісімге қол қояды.

      30. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес:

      1) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен анықтығы тұрғысынан мәлімделген жобаны қарауды;

      2) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкерді бағалау өлшемшарттарына сәйкес әрбір мәселе бойынша балл қою әдісімен дауыс беру;

      3) мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қою дауыс беру нәтижелері мен конкурстық комиссияның қорытынды шешімі көрсетілген осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

      Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі жөніндегі ақпарат жария етуге жатпайды.

      Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде өңірлік үйлестіруші арқылы тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпаратты сұратады.

      31. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде мынадай өлшемшарттар негізінде (оның ішінде осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:

      1) бизнес-идеялардың әлеуметтік бағдарлану дәрежесі/"Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының өңірлік өнімінің рейтингі;

      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

      3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).

      Бұл ретте бизнес-идеялардың әлеуметтік бағдарлану дәрежелігі өлшемшартына жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін, кірістерді арттыруға бағытталған және халықтың әлеуметтік осал топтарына өзге де шаралар көрсететін, инклюзия, экологиялылық, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды, жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін әлеуметтік қолдау саласындағы жобалар жатады.

      32. Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы веб-портал арқылы қалыптастырылады, оған конкурстық комиссияның мүшелері, хатшысы және конкурстық комиссияның төрағасы ЭЦҚ арқылы қол қояды.

      Конкурстық комиссияның хаттамасына қол қою кезінде қаралған өтінімдерге сәйкес қаржыландыру жоспарында бюджет қаражатының көлемін автоматты түрде резервілеу жүргізіледі.

      33. Конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының қолданылу мерзімі – конкурстық комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап 9 (тоғыз) ай.

      34. Жоба бойынша оны бағалау үшін балл беру осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттары негізге алына отырып жүзеге асырылады.

      35. Конкурстық комиссия мүшесі кәсіпкердің бір жобасы бойынша беретін ең жоғары балл осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарына сәйкес 70 (жетпіс) балды құрайды.

      36. Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия мүшелері қойған балдар саны жинақталады және конкурстық комиссияның қорытынды шешімі айқындалады. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша баллдар тең болған жағдайда, бұдан бұрын кезектілік бойынша өтінім берген кәсіпкерлердің мемлекеттік грант алуға басым құқығы болады.

      37. Конкурстық комиссия мүшелері мәлімделген жобаны қарау кезінде дискрециялық тәсілді басшылыққа ала алмайды. Жобаны қарау мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      38. Хаттама бекітілгеннен кейін кәсіпкерлерге веб-порталда тіркелу кезінде көрсетілген телефон нөміріне және электрондық пошта мекенжайына тиісті хабарлама жіберіледі. Бұл ретте қаржы агенттігі мен кәсіпкер хаттаманы оған қол қойылғаннан кейін ғана веб-портал арқылы қарайды.

2-параграф. Мемлекеттік гранттарды беру тетігі

      39. Өңірлік үйлестіруші веб-портал арқылы өткізілген конкурс нәтижесі бойынша:

      1) грант беру туралы электрондық шартты қалыптастырады және оны конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне келісуге жібереді;

      2) қаржы агенттігі грант беру туралы шарттың жобасын келіскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкермен, қаржы агенттігімен грант беру туралы шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді.

      40. Өңірлік үйлестіруші грант беру туралы шарт жасалғаннан кейін кәсіпкерге оның банктік есеп айырысу шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады. Мемлекеттік грант қаражатын дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаның шотына аударуға болмайды.

      Өңірлік үйлестіруші мақұлданған өтінімдерді қаржыландыруға қаражат жетіспеген жағдайда грант беру туралы шартты қаражат түскеннен кейін қалыптастырады.

      Мақұлданған өтінімдер бойынша бюджет қаражаты ішінара жетіспеген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі грант беру туралы шартты қалыптастырады. Қаражат траншқа жасалған өтінімдерге сәйкес аударылады, қаражаттың жетіспейтін қалдығы қосымша қаржыландыру алынған кезде кәсіпкердің шотына аударылады.

      41. Мемлекеттік грант беру туралы шартқа қосымша келісімдерді шарт тараптары веб-портал арқылы жасайды.

      42. Кәсіпкер мемлекеттік грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және грант беру туралы шарттың талаптарын орындауға міндетті. Осы тармақтың шарттары орындалмаған жағдайда кәсіпкер грант қаражатын Өңірлік үйлестірушінің алғашқы жазбаша хабарламасы бойынша сол хабарламада көрсетілген тәртіппен және мерзімде қайтаруға міндетті.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      43. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеу функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкерден барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияларды құрайтын ақпаратты, сондай-ақ белгіленген тәртіппен статистикалық деректерді қолма-қол және (немесе) веб-портал арқылы (тиісті функционал іске асырылғаннан кейін) сұратады, жобаны іске асыру орнына шығумен мониторингті жүзеге асырады.

      44. Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28338 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Мыналар:

      1) мемлекеттік гранттың нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу;

      2) қаржы агенттігі бекітетін мониторингтеу жөніндегі жоспарға сәйкес кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды орындау бойынша қызметін мониторингтеу;

      3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттарды орындауын мониторингтеу;

      4) кәсіпкердің грант беру туралы шарт талаптарын орындауын мониторингтеу қаржы агенттігінің функцияларына жатады.

      45. Мониторинг шеңберінде қаржы агенттігі:

      1) веб-порталда мемлекеттік гранттарды алушылардың тізілімін жүргізеді (веб-порталда тиісті функционал іске асырылғаннан кейін);

      2) кәсіпкерлер алған қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және өңірлік үйлестірушіге кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есеп береді.

      46. Қаржы агенттігі кәсіпкердің мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын не жобаның және (немесе) кәсіпкердің мемлекеттік гранттар беру шарттарына және (немесе) конкурстық комиссияның шешіміне және (немесе) грант беру туралы шарттың талаптарына сәйкес келмегенін, не кәсіпкердің жұмыс орындарының санына жеткен соң міндеттемелерін орындамауын анықтаған кезде ол өңірлік үйлестірушіге кәсіпкердің мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдалануы туралы ақпаратты конкурстық комиссияның қарауына шығару үшін қағаз жеткізгіште немесе веб-портал арқылы (веб-порталда тиісті функционал іске асырылғаннан кейін) енгізеді.

      Кәсіпкердің мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдалануы туралы алынған ақпараттың негізінде бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі анықталған ескертулерді жою үшін бір реттік қосымша мерзім беру туралы не кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агенттігінің мониторингтік есебін алған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей осы ақпаратты конкурстық комиссияның келесі отырысына шығарады, содан кейін өз шешімі туралы өңірлік үйлестіруші мен қаржы агенттігін веб-портал арқылы хабардар етеді.

      Егер конкурстық комиссия ұсынған қосымша мерзім өткеннен кейін жоба бойынша ескертулер жойылмаса, жоба іске асырылмаса, кәсіпкер өңірлік үйлестірушінің алғашқы жазбаша хабарламасы бойынша грант қаражатын сол хабарламада көрсетілген тәртіппен және мерзімде қайтаруға міндетті.

      47. Конкурстық комиссия кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда, өңірлік үйлестіруші мұндай шешім қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей кәсіпкерге грант беру туралы шартты бұзу жөнінде тиісті хабарламаны веб-порталда, сондай-ақ осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік грант қаражатын осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 48-тармағында белгіленген мерзімде қайтару қажеттігі туралы хабарлама жібереді және мақсатқа сай пайдаланылмаған мемлекеттік грант қаражатын қайтару бойынша іс-шараларды атқарады. Мемлекеттік грант қаражатының бір бөлігі мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда конкурстық комиссияның тиісті шешімі бойынша мемлекеттік грант қаражатының мақсатсыз пайдаланылған сомасын ғана қайтаруға жол беріледі.

      48. Конкурстық комиссия мемлекеттік грант қаражатын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге грант қаражатын қайтару үшін мынадай мерзімдерді көрсете отырып хабарлама жібереді:

      1) 1 (бір) айға дейін – егер қайтару сомасы 100 АЕК (қоса алғанда) дейін болса;

      2) 3 (үш) айға дейін – егер қайтару сомасы 500 АЕК (қоса алғанда) дейін болса;

      3) 6 (алты) айға дейін – егер қайтару сомасы 500 АЕК-тен асатын болса.

      49. Өңірлік үйлестіруші мемлекеттік грант қаражатын қайтару туралы хабарламаның орындалу мерзімдеріне мониторингті тұрақты негізде жүзеге асырады және кәсіпкер тарапынан хабарлама орындалмаған жағдайда мемлекеттік грант қаражатын қайтару бойынша іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, оның ішінде сот тәртібімен жүзеге асырады.

  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілері үшін мемлекеттік
гранттар беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар алуға өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде кәсіпкерлік бастамалар туралы мәліметтерді жария етпеу туралы келісім

      Мен, ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      осы келісіммен кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар алуға өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның мүшесі бола отырып, конкурсқа қатысушылардың кәсіпкерлік бастамаларын жария етпеуге міндеттенемін.

      __________________ _____________________________________

      қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілері үшін мемлекеттік
гранттар беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

      Конкурсты ұйымдастырушы: _____________________________________;

      Электрондық пошта мекенжайы: __________________________________;

      Байланыс телефоны _____________________________________________;

      Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру.

      Конкурс нысаны: ашық конкурс.

      Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны:

      субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі:

      конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады.

      Өтінімдерді беру мерзімі 20___жылғы "_ "__________бастап 20___ жылғы "__" ________дейін.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

      Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында танысуға болады: ___________________.

  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілері үшін мемлекеттік
гранттар беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінім

  ___________________________
облысы (республикалық маңызы
бар қала, астана)
___________________________
___________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)

      Ұсынылған материалдарды қарауды сұраймын және әлеуметтік кәсіпкерлік

      субъектілері үшін (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысу туралы мәлімдеймін.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы __________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _______________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________

      басшының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _______________

      мекенжайы _____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ____________________________________________

      жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:

      атауы __________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________

      ЖСН __________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _________________________________________________________

      кім берді _______________________________________________________

      берілген күні ____________________________________________________

      мекенжайы _____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ____________________________________________

      Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _________________________________________________

      хабарлама күні __________________________________________________

      2. Кәсіпкердің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының болуы туралы мәліметтер:

      Банк деректемелері: ______________________________________________

      Банктің атауы: __________________________________________________

      БСК ___________________________________________________________

      ЖСК __________________________________________________________

      БСН ___________________________________________________________

      Кбе ____________________________________________________________

      3. Сұратылатын ақша қаражаты, барлығы, мың теңге __________________;

      оның ішінде жылдар бойынша:

Р/с №

Жыл

Сома, теңге

Мақсаты (бизнес-жобаны егжей-тегжейлі ашу)

1




2




      Мынаны:

      1) бұрын берілген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешегім жоқ екенін;

      2) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ өңірлік үйлестіруші талап еткен барлық құжаттар осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік гранттар беру үшін ғана ұсынылғанын растаймын.

      Мен:

      1) өңірлік үйлестірушінің бірінші талабы бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға;

      2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, өңірлік үйлестірушіні дереу хабардар етуге кепілдік беремін.

      Мен:

      1) өңірлік үйлестіруші мен конкурстық комиссияның ұсынылған мәліметтерді тексеруіне жол берілетінімен;

      2) өңірлік үйлестірушінің көрсетілген деректердің анықтығын тексермеуіне жол берілетінімен;

      3) көрсетілген деректер мен ақпараттың анық емес екені анықталған жағдайда, осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбайтындығымен;

      4) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына ұсынуға құқылы екенімен;

      5) өңірлік үйлестірушінің кәсіпкер өзі туралы хабарлаған кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдыратынымен, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар мемлекеттік грант ұсынылмаса да, өңірлік үйлестірушіде сақталатынымен;

      6) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (мемлекеттік грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге) өңірлік үйлестірушінің мемлекеттік грант беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      Конкурстың шарттарымен және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен таныстым.

      Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық мәліметтер ұсынбағаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші қол қойып, 20__ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де жіберді:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Өңірлік үйлестіруші 20 __ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

  Мемлекеттік грант беруге
арналған конкурстық
іріктеуге қатысу үшін
өтінімге қосымша
Нысан

Жоба туралы мәліметтер

      1. Жалпы ақпарат:

      жобаның атауы _________________________________________________;

      жобаның қысқаша сипаттамасы ___________________________________;

      жобаны іске асыру орны __________________________________________;

      жобаны іске қосу күні ____________________________________________;

      қызметтің бейінді бағыты (жоба облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады)

      ____________________________________________________________________;

      өнімді/көрсетілетін қызметті пайдаланушылардың нысаналы аудиториясы

      ____________________________________________________________________;

      жер учаскесінің және (немесе) үй-жайдың болуы (жалға алу немесе жеке меншік)

      ____________________________________________________________________;

      учаскенің және (немесе) үй-жайдың кадастрлық нөмірі (бар болса)

      ____________________________________________________________________;

      қажетті жабдықтың/қосалқы материалдардың болуы (бар болса тізбелеу):

      __________________________________________________.

      Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кәсіпкердің

      қызметі туралы деректер:

      секциясы: ______________________________________________________;

      бөлімі: ________________________________________________________;

      тобы: __________________________________________________________;

      сыныбы: _______________________________________________________;

      кіші сыныбы: ___________________________________________________.

      2. Жобаны/өнімді нарыққа шығару стратегиясы:

      өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі

      жағдайы мен даму перспективаларын талдау

      ____________________________________________________________________;

      ұсынылатын өнім алуы мүмкін нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу

      ____________________________________________________________________;

      зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер

      ____________________________________________________________________;

      өнімді әлеуетті тұтынушылармен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алуға

      әзірлігін растайтын құжаттар (ниеттер хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары,

      жеткізу шарттары)_________________________________________________________;

      осы нарықта өнімді табысты өткізуге елеулі ықпал етуді қамтамасыз ететін

      факторлардың болуы (баға саясаты, өнімнің техникалық сипаттамалар бойынша

      артықшылығы, нарықтағы беделі, контрагенттермен қарым-қатынасы, еңбек ұжымы,

      өнімнің қатардағы емес сапасы, географиялық және өзге де ерекшеліктері)

      ________________________________________________________________________;

      жасалатын өнімнің бәсекелік артықшылықтары, техникалық-экономикалық сипаттамаларын аналогтармен салыстыру (техникалық және құндық сипаттамалары бойынша баламалы шешімдерге салыстырмалы талдау келтіріледі (аналогтармен салыстыра отырып, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін ұсынылатын техникалық деңгейі мен құны, ақпарат көзіне сілтемелер):

Көрсеткіш атауы

Көрсеткіш мәні

ұсынылатын үлгі

№ 1 аналог

№ 2 аналог





      3. Жоба командасы:

      жалдамалы қызметкер саны _______________________________________;

      кәсіпкерлік қызмет саласындағы және іске асыру жоспарланып отырған саладағы жұмыс тәжірибесі (тиісті құзыреттің, машықтардың, дағдылардың немесе білімнің болуы) ____________________________________________________________________.

      4. Жобаны іске асыру:

      жобаның өтелу мерзімі, ай ______________________________________________;

Шығыс түрлері

Шығыс баптарының атауы

Шығыс сомасы, мың теңге

Меншікті қаражат



Мемлекеттік грант қаражаты



Барлығы:



      5. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсер:

      5.1 өтінім берілген күнге ақпарат:

Басшыны қоспағанда, жұмыс істеп тұрған жұмыс орын саны, адам


Алдыңғы қаржы жылындағы салық түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге


      5.2 болжамды ақпарат:

Жылдар

Болжам

4 жыл ішінде сомасы

ағымдағы жыл

1-жыл

2-жыл

3-жыл


Құрылатын жаңа жұмыс орын саны, адам






Салықтар түріндегі жаңа түсімдердің сомасы, мың теңге






Таза пайда, мың теңге






      6. Тәуекелдерді басқару:

Тәуекел түрлері

Тәуекелдің басталу ықтималдығы

Тәуекелді реттеу тәсілдері

Мүліктік (өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпорынның өз мүлкінің бір бөлігін жоғалту, оның бүліну және толық табыс алмау ықтималдығы)



Маркетингтік (тауарды өткізу көлемінің немесе бағасының төмендеуінен толық пайда алмау ықтималдығы)



Салалық (саланың экономикалық жай-күйінің өзгеруі нәтижесінде борышкердің өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан шығындардың ықтималдығы)



      7. Ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер:

Р/с

Құжаттың атауы

Электрондық файлдың атауы (pdf форматында)

1

2

3

1

Кәсіпкердің курстарда қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжат (бар болса)


2

Кәсіпкердің шотында ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % ақшалай қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар


      8. Қосымша мәліметтер:

      1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігін сипаттаңыз (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау) (жобаны бағалау өтінімде көрсетілген деректерге негізделуге тиіс);

      2) Сіздің пікіріңізше, бизнес-жобаның енгізуге әзірлігін сипаттаңыз (өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);

      3) жобаны іске асырудан қандай экономикалық пайда бар екенін сипаттаңыз;

      4) Сіздің пікіріңізше, осы жоба бойынша өтелу мерзімі жобаны тиімді басқару үшін қаншалықты жеткілікті екенін сипаттаңыз;

      5) осы жоба бойынша жаңа жұмыс орындарын есептеу кезінде сіздің нені басшылыққа алғаныңызды, бұл санның қажетті нәтижелерге қол жеткізуге сәйкестігін сипаттаңыз;

      6) осы жобаны іске асыру үшін кәсіпкердің жұмыс тәжірибесін оның мақсатқа қол жеткізу үшін сәйкестігі бөлігінде сипаттаңыз;

      7) Сіздің пікіріңізше, жобаны іске асырудан таза пайда алу қаншалықты тұрақты болатынын сипаттаңыз (жобаны іске асыруға маусымдылықтың, мереке күндерінің әсер етуіне байланысты бағаланады);

      8) тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда, жобаны басқа салаға қайта бағдарлау бойынша жоспарланып отырған іс-қимылдарыңызды сипаттаңыз (бағалау кезінде өтінімде көрсетілген деректерді басшылыққа алу, сондай-ақ жобаның бағыттылығына сүйену қажет);

      9) жобаны іске асыру үшін өткізу нарықтарын, әлеуетті сатып алушыларды іздеу бойынша бар әзірлемелерді немесе әлеуетті тапсырыс берушілермен алдын ала уағдаластықтарды сипаттаңыз;

      10) бизнес-идеяның сипаттаңыз (өзіндік ерекшелігі, қолданылуы, пайдалылығы, іске асыру мүмкіндігі, аналогтардың болуы).

      9. Қосымша ақпарат:

      Жобаны іске асырудың соңына қарай негізгі жоспарлы экономикалық көрсеткіштер (өндіріске арналған шығыстар, пайда, таза пайда, шығарылатын өнімнің рентабельділігі), көрсеткіштердің Excel форматындағы есебін қоса берілсін.

      Excel форматында кесте түріндегі есептерді қоса бере отырып, айлар бойынша бөліністе кірістердің, шығыстардың, ақша қозғалысының жоспар-болжамының есебі. Кірістердің қызмет түрлері бойынша таратып жазылған, шығындардың шығындар баптары бойынша таратып жазылған есебі.

  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілері үшін мемлекеттік
гранттар беру
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының графигі

Р/с

Заңды тұлғаның атауы/кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бизнес-жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)

Бизнес-жобаны іске асыру орны

Мемлекеттік гранттың сұратылатын сомасы, теңге

Конкурстық комиссия отырысын өткізу күні мен уақыты



















  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілері үшін
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
5-қосымша

Кәсіпкердің жобасын бизнес-идеялар шеңберінде бағалау өлшемшарттары

Р/с

Өлшемшарт атауы

Сипаттамасы мен салмағы

1.

Бизнес-идеялардың әлеуметтік бағдарлану дәрежесі /"Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының өңірлік өнімінің рейтингі

1-ден 10 баллға дейін

2.

Бизнес-жобаның тиімділігі

1-ден 10 баллға дейін

3.

Дайындық дәрежесі

1-ден 10 баллға дейін

4.

Меншікті инфрақұрылымның болуы

1-ден 10 баллға дейін

5.

Жобаның аналогтармен салыстырғанда артықшылықтары

1-ден 10 баллға дейін

6.

Жобаның экономикалық орындылығы

1-ден 10 баллға дейін

7.

Жобаның таныстырылымы

1-ден 10 баллға дейін


Жиыны:

Баллдар қосындысы

      Бағалау өлшемшарттары бойынша түсініктемелер:

      1. Грант беру туралы мәселені қарау кезінде бизнес-идеялардың әлеуметтік бағдарлану дәрежесін бағалау мынадай факторларға сүйене отырып жүзеге асырылады:

      халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыс орындарымен қамтамасыз ету;

      халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы қызметкерлердің жалақысының өсуі;

      физикалық және ақыл-ой кемістігі бар адамдарды толыққанды қоғамдық өмірге қосуды, сондай-ақ ол үшін нақты шешімдер әзірлеуді және қабылдауды көздейтін жобадағы инклюзия дәрежесі;

      жобаның экологиялық тазалық дәрежесі;

      жобаның технологиялық деңгейі (технологиялық жабдықтандырудың болуы).

      2. Бизнес-жобаның тиімділігін бағалау өлшемшарттары:

      бизнес-жобаның өтелу мерзімі;

      бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (бәсекеге қабілетті артықшылықтардың болуы);

      бір жеткізушіге немесе сатып алушылардың тар шеңберіне тәуелділік;

      тауарды/негізгі құралдарды/шикізат пен материалдарды жеткізуге/ қызметтер/ жұмыстар көрсетуге/технологияларды/франшиза/патент сатып алуға шарттардың/ келісімшарттардың болуы.;

      бизнес-жобаны іске асыру үшін өз үй-жайының болуы;

      жеке өзінің қатысуы.

      3. Бизнес-жобаның дайындық дәрежесін бағалау келесі өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады:

      өткізу нарығының болуы және бизнес-жобаның ұсынылатын нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі;

      білікті мамандар тобының болуы;

      жобаларды іске асыруда тәжірибенің болуы;

      бизнесті әртараптандыру (тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда жобаны басқа салаға қайта бағдарлау мүмкін бе);

      жобаның құны (бизнес-жобаны толық аяқтау үшін меншікті және тартылған капиталдың жеткіліктілігі, салыстырмалы талдау келтіру).

      4. Жобаның экономикалық орындылығын бағалау келесі өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады:

      құрылатын жұмыс орындарының саны;

      бизнес-жобаның өңір үшін маңыздылығы (іске асыру саласы, әлеуметтік-экономикалық әсердің болуы).

  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілері үшін
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының № __ хаттамасы

      1. Кәсіпкер туралы қысқаша мәліметтер:

      өтінім нөмірі: _________________ өтінім берілген күні: ________________

      заңды тұлға үшін: атауы ___ БСН ___ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      дара кәсіпкер үшін: атауы ___ ЖСН ____ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      2. Жоба туралы қысқаша мәліметтер:

      бизнес-жобаның атауы __________________________________________

      бизнес-жобаны іске асыру орны ___________________________________

      мемлекеттік гранттың сұратылатын сомасы, теңге _____________________

      3. Комиссия мүшелері:

      1) _______________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) …..

      3) …..

      Жоба бойынша дауыс беру нәтижелері:

      дауыс беруге комиссияның барлығы ___________ мүшесі қатысты, оның ішінен:

      ___дауыс берді; ___дауыс берген жоқ.

      Комиссияның жобаны қарау нәтижелері:

Р/с

Өлшемшарт атауы

Орташа балл:

1.

Бизнес-идеялардың әлеуметтік бағдарлану дәрежесі/"Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының өңірлік өнімінің рейтингі


2.

Бизнес-жобаның тиімділігі


3.

Дайындық дәрежесі


4.

Меншікті инфрақұрылымның болуы


5.

Жобаның аналогтармен салыстырғанда артықшылықтары


6.

Жобаның экономикалық орындылығы


7.

Жобаның таныстырылымы



Жиыны:


      Жоба бойынша ықтималды ең жоғары балл қосындысы ___ баллды құрайды.

      Комиссия шешімі: жоба ______ мың теңге сомаға мақұлданды / мақұлданбады.

      Комиссия мүшелерінің қолдары:

      1. ЭЦҚ деректері; ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты.

      2. …..

      3. …..

      4. …..

  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілері үшін
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
7-қосымша
Нысан
__________________________
__________________________
(жеке кәсіпкердің, заңды
тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)

Мемлекеттік грант қаражатын қайтару қажеттілігі туралы хабарлама

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуына жүргізген мониторингі барысында: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдалану/не жобаның және (немесе) кәсіпкердің мемлекеттік гранттар беру шарттарына және (немесе) конкурстық комиссияның шешіміне және (немесе) грант беру туралы шарттың талаптарына сәйкес келмеуі не жұмыс орын санына жеткенде кәсіпкердің міндеттемелерін орындамауы) анықтады

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы ұсынған ақпарат негізінде конкурстық комиссия Сізбен грант беру туралы шартты бұзу туралы 20___ жылғы "__" ______ № ____ шешім қабылдады.

      Осы арқылы _______________________________________________ Сізге (өңірлік үйлестірушінің атауы)

      20___ жылғы "__" ______ № ______ грант беру туралы шарт негізінде берілген мемлекеттік грант қаражатын 20___ жылғы "__" ____ дейін мерзімде қайтару қажеттілігі туралы хабарлайды.

      Осы хабарлама көрсетілген мерзімде орындалмаған жағдайда _____________________ (өңірлік үйлестірушінің атауы)

      мемлекеттік грант қаражатын қайтару туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

      ___________________ ____________________________________

      лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Хабарламаны тапсыру туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      (жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ____________________________________________________________

      (күні, уақыты, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17,
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 19,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 7,
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 26/НҚ,
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 29,
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 2,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 10,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16,
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 31,
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 16-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 9,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 20 мен
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 38-НҚ
Бірлескен бұйрыққа
7-қосымша
  "Мемлекеттік қолдауға
жататын жеке кәсіпкерлік
субъектілері қызметін
жүзеге асыратын экономика
салаларын мемлекеттік
қаржылық қолдау қағидаларын,
нысандарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 410-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 412,
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 299,
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 327,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 401,
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің 2023 жылғы
22 қарашадағы № 450-НҚ,
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 16,
Қазақстан Республикасы
Көлік Министрдің міндетін
атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 91,
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 84,
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 347
Қазақстан Республикасы
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 572/НҚ,
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 598 және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 167 бірлескен бұйрығына
11-қосымша

Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 2 тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналым қаражатын толықтыру – эмитеттің мәлімдеген қызметіне байланысты және салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуді қамтымайтын эмитент облигацияларын шығару шарттары жобасының нысаналы мақсаты;

      2) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ;

      3) АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы – АХҚО юрисдикциясындағы қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын тәуелсіз уәкілетті орган;

      4) АХҚО қор биржасы – АХҚО-да қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;

      5) АХҚО қор биржасының облигациялар шығару жөніндегі актісі – АХҚО қор биржасында облигациялар шығару тәртібін регламенттейтін АХҚО биржалық реттеу шеңберіндегі нормативтік құжат;

      6) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі – АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, АХҚО-ның Қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу комитеті берген лицензияның негізінде депозитарлық қызметті жүзеге асыратын жеке компания;

      7) АХҚО қор биржасының тіркеушісі – АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, қызметі бағалы қағаздар тізілімін қалыптастыру және жүргізу бойынша қызметтер көрсететін жеке компания;

      8) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің қағидалары – АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара қарым-қатынасының шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;

      9) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      10) банк-төлем агенті – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

      11) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қолда бар табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

      12) "жасыл" облигация – "жасыл" жобаларды іске асыру мақсатында ақша қаражатын тарту үшін кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығаратын және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылып, АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген тіркелген кірісі бар борыштық құрал;

      13) "жасыл" таксономия – Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;

      14) жоба (бизнес-жоба) – мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілетін қызмет шеңберінде кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, эмитент бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі салаларындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы;

      15) инвестициялық мақсаттар – негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) салу және (немесе) жаңғырту және (немесе) реконструкциялау және (немесе) күрделі жөндеу, биологиялық және (немесе) материалдық емес активтерді сатып алу. Осы анықтамада көрсетілген мақсаттарға байланысты төлем шотына байланысты негізгі құралдардың/материалдық активтердің құнына енгізілген қосылған құн салығы бойынша шығыстар инвестицияларға да қолданылады;

      16) қайта қаржыландыру – эмитентке бұрын берілген кредиттерді облигацияларды орналастырудан түскен қаражат есебінен алмастыру, бұл ретте қайта қаржыландыру сомасына сыйақыны, айыппұлдарды, өсімпұлдарды және сот тәртібімен де, соттан тыс тәртіппен де берешекті өндіріп алуға байланысты өзге де төлемдерді есепке алмағанда ғана негізгі борыш кіреді;

      17) кәсіпкер – өз қызметін осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша экономикалық қызметтің басым түрлерінде жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес облигациялар түрінде қаржы құралдарын шығаратын, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъекті мәртебесі бар шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      18) кепілдік – қаржы агенттігінің облигацияларды ұстаушылар алдындағы эмитенттің орналастырылған облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауы үшін облигациялар бойынша кепілдік шартының талаптарына сәйкес кепілдік сомасы шегінде жауап беру міндеттемесі;

      19) кепілдік шарты – қаржы агенттігі, облигацияларды ұстаушылардың өкілі және эмитент арасында кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кепілдік беру туралы жасалған үш жақты жазбаша келісім.

      Кепілдік шарты қағаз түрінде/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба қойылады;

      20) қаржы агенттігінің кепілдігі бар облигациялар – эмитент шығарған және қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қаржы агенттігі кепілдік сомасы шегінде облигациялар бойынша кепілдік шартының талаптарына сәйкес орналастырылған облигациялардың номиналды құны сомасының бір бөлігін төлеу бойынша кәсіпкердің міндеттемелерін орындауды жүзеге асыратын облигациялар, оның ішінде "жасыл" облигациялар;

      21) қамтамасыз етілген облигация – эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен толық немесе ішінара, үшінші тұлғалар кепілдігімен қамтамасыз етілген облигация;

      22) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры;

      23) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктері шегінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      24) қаржылық консультант – эмитентке жасалған шартқа сәйкес эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу мәселесі бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйым;

      25) қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі болатын, сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етудi осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, тiкелей жүргiзу арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға;

      26) листинг – бағалы қағаздарды қор биржасындағы және/немесе АХҚО қор биржасындағы бағалы қағаздардың ресми тiзiмiнiң санатына және (немесе) секторына қосу, оларға қосу және оларда болуы үшін қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген;

      27) облигация ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, облигациялар бойынша құқығы бар тұлға;

      28) облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдалану – эмитенттің осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты пайдалануы (нысаналы пайдалану жиынтығында кәсіпкердің активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде төлегенін, алғанын және пайдаланғанын және (немесе) осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттармен расталады);

      29) облигациялар бойынша кепілдік беру шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, облигацияларды ұстаушылардың өкілі және эмитент арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген орналастырылған облигациялардың номиналды құны сомасының бір бөлігін төлеуге кепілдік береді.

      Облигациялар бойынша кепілдік беру шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады;

      30) облигацияларды шығарылымының шарттары – эмитент, оның қаржылық жағдайы, сатылуы болжанатын облигациялар, шығарылым көлемі, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, сыйақы төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтерді және инвестордың облигацияны сатып алу туралы шешіміне әсер ететін басқа да ақпаратты қамтитын құжат;

      31) облигацияларды орналастыру – облигацияларды бастапқы бағалы қағаздар нарығында сату;

      32) облигацияларды өтеу – орналастырылған облигацияларды эмитенттiң облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен облигацияның сыйақысы мен номиналды құнын төлеу жолымен (кейiннен сату мақсатынсыз) айналыстан алып қою бойынша іс-қимылы;

      33) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi – бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы облигациялар айналымы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесiнде эмитентпен жасалған шарт негiзiнде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн көздеп iс-әрекет жасайтын ұйым;

      34) орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам;

      35) өңірлік үйлестіруші – жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      36) сыйақы мөлшерлемесі – облигацияны орналастыру нәтижесінде эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін облигация ұстаушыға мерзімді негізде төленуге тиіс, облигациялар шығарылымының проспектісінде белгілеген пайызбен көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі;

      37) сыртқы бағалау провайдері – тиісті қорытынды дайындай отырып, "жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын іске асырылуы көзделген немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;

      38) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      39) үлестес/тәуелді тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 1, 16, 20-тармақтарына, 64-бабының 1-1 және 2-тармақтарына сәйкес, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-1-бабының 1, 11-тармақтарына және 41-бабының 2-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар;

      40) эмитент – облигациялар шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкер;

      41) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылатын және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын мемлекеттік қолдау алуға өтініш;

      42) электрондық құжаттар топтамасы – өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не көрсетілетін қызметті алушы өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті жұмыскерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжаттар.

      3. Эмитенттердің облигациялары бойынша, оның ішінде АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, "жасыл" облигациялар бойынша кепілдік беру кәсіпкерлерді қаржылық қолдау құралы болып табылады және кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

      4. Қаржы агенттігі кепілдігінің құнын уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді және кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Шығарылған кепілдіктердің құнынан алынған қаражат кейінге қалдырылған табыс ретінде есепке алынады және шығарылған кепілдіктің қолданылу мерзімі ішінде ай сайын амортизацияланады. Кепілдік шартының қолданылуы тоқтатылған кезде сома жобаларға кейін кепілдік беру үшін пайдаланылады.

      Босаған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік шарттарының қолданысы тоқтатылуы есебінен қалыптастырылған, босаған қаражат көлемінің 5-ке тең (100 %/20 %) мультипликаторға көбейтіндісіне тең.

      Қаржы агенттігі алынған қаражатты әртүрлі қаржы құралдарына орналастырады.

      5. Облигациялар бойынша кепілдік беру үшін көзделген қаражатты республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігіне олардың арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.

      Облигациялар бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен кепілдік беру үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары бойынша шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19959 болып тіркелген) субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша жасалатын кепілдік беру шарты негізінде қаржы агенттігіне аударады.

      Осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларын іске асыру шеңберінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражат аудару шартына сәйкес өңірлік үйлестіруші/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Облигациялар бойынша ішінара кепілдік беру үшін бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда қаржы агенттігі облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органынан/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қосымша қаражат алғанға дейін ішінара кепілдік беруді тоқтата тұрады.

      6. Облигациялар бойынша кепілдік беру нысанындағы қолдау шарасын қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Кепілдік беруге бөлінген және жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру шартының қолданылу кезеңі ішінде пайдаланылмаған республикалық және/немесе жергілікті бюджеттен қаражат кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын субсидиялауға және/немесе кепілдік беруге пайдалануға жол беріледі.

      7. Тиісті қаржы жылында бекітілген жаңа жобалар шеңберінде облигациялар бойынша кепілдік беру үшін бюджетті бөлу:

      өңдеу өнеркәсібіне – бюджет қаражатының 50 % дейін;

      қызмет көрсету бойынша қызметке, оның ішінде сауда қызметі саласында – бюджет қаражатының 30 % дейін;

      микрокәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне (20 (жиырма) миллион теңгеге дейінгі кредиттер) – бюджет қаражатының 20 %-ы жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, қаржы агенттігінің өңдеу өнеркәсібіндегі және/немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, оның ішінде сауда қызметі саласындағы жобаларды қолдау шеңберінде және/немесе микрокәсіпкерлік субъектілерінің кепілдік беру қажеттілігіне қарай бір-бірімен қаражаттың көрсетілген пропорционалдығын өзгертуіне және қайта бөлуіне жол беріледі.

2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру тәртібі

1-параграф. Эмитенттерге қойылатын шарттар мен талаптар

      8. Мыналар:

      осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономикалық қызметтің басым түрлерінде жобаларды іске асыру үшін облигациялар шығару мен орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер;

      "жасыл" жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес "жасыл" облигацияларды шығаруды және орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына қатысушылар болып табылады.

      9. Мыналар осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына қатысушы болып табылмайды:

      1) моторлы көлік құралдарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын эмитенттер;

      2) қиыршық тасты және құмды карьерлерді игеру жобаларын қоспағанда, ірі салық төлеушілер тізбесіне қосылған, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі және карьерлерді игерудегі жобаны іске асыруды жоспарлайтын эмитенттер;

      3) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, қаржы агенттігінің уәкілетті органы өтінімді қарау сәтінде ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі ұйымдар болып табылатын эмитенттер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, олармен үлестел тұлғалар;

      4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер.

      5) активті облигацияларды орналастырудан түскен қаражат есебінен сатып алынған тұлғаға сатуды/сыйға тартуды/сенімгерлік басқаруға беру/жалға/өтеусіз пайдалануды жүзеге асырған және/немесе жүзеге асыруды жоспарлаған кәсіпкерлер, оның ішінде осы тұлғаға қосылу немесе осы тұлғамен бірігу нысанында кәсіпкер кәсіпорнын болашақта қайта ұйымдастыруды жасайтын және/немесе жоспарлайтын кәсіпкерлер;

      6) кепілдік беруге өтінім беру сәтінде жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін толықтай тоқтатқан немесе уақытша тоқтатқан кәсіпкерлер.

      10. Осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шеңберінде облигацияларды орналастырудан алынған қаражат бойынша эмитенттің жеткізушілермен, мердігерлермен, өзге контрагенттермен есеп айырысуы төлемдердің қолма-қол ақшасыз нысанында жүзеге асырылады.

2-параграф. Кепілдік беру шарттары

      11. Кепілдік Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес шығарылған және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигацияларға қолданылады.

      Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау облигацияларды ұстаушыларға облигациялардың номиналды құнының бір бөлігін төлеуге байланысты эмитенттің міндеттемелерін өтеу жолымен эмитенттің орналастырылған (сатып алынғандарды шегергенде) облигациялары бойынша дефолт туындаған жағдайда басталады.

      12. Кепілдік инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигацияларға, оның ішінде "жасыл" облигацияларға қолданылады.

      13. Эмитенттің кепілдік беру жүзеге асырылатын облигациялары, оның ішінде "жасыл" облигациялары шығарылымының жиынтық номиналды құны бір эмитентке 5 (бес) миллиард теңгеден аспауға тиіс. Кепілдік мөлшері облигациялар шығарылымы көлемінің 50 %-ынан жоғары болмауға, бірақ бір эмитентке 2,5 (екі жарым) миллиард теңгеден аспауға тиіс, бұл ретте эмитент облигациялар (кепілдік) бойынша құны облигациялар шығарылымы көлемінің кемінде 50 %-ы мөлшерінде қамтамасыз етуді ұсынады.

      14. Кепілдік жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін және облигациялар шығару шарттарында облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты:

      1) ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын мүліктік кешендер ретінде сатып алу;

      2) негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған облигациялар шығару шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, облигациялар шығарылымының жиынтық номиналды құнының 30 %-нан артық емес айналым қаражатын толықтыру;

      3) мыналарды:

      үлестес/байланысты тұлғаның құрылыс жөніндегі қызметті жүзеге асыруын растайтын құжат болған жағдайда, жаңа және (немесе) бар объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) салуды (оның ішінде кеңейту, жаңғырту, техникалық жаңарту, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу);

      Қазақстан Республикасының аумағында ресми дистрибьюторлар болып табылатын үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      тауарды, шикізатты және/немесе материалдарды үлестес/байланысты тұлға өндірген жағдайда, үлестес/байланысты тұлғалардан мұндай тауарларды, шикізатты және/ немесе материалдарды сатып алуды қоспағанда үлестес/байланысты тұлғалардан негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлік объектілері түріндегі тауарларды, активтерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған;

      4) жеңіл автомобильдерді (шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдерді қоспағанда) сатып алуға, оның ішінде ЭҚЖЖ коды 49.32 "Такси қызметі" бойынша қызметке ("жасыл" жобаларды, сондай-ақ құны 1 (бір) бірлікке 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда), ЭҚЖЖ коды 77.11 "Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алу және лизингтеу" бойынша жеңіл автомобильдерді жалға және лизингке беруге (құны 1 (бір) бірлікке 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға және лизингке беруді қоспағанда) бағытталған;

      5) жылжымайтын мүлікпен (апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді, жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жер учаскелерін сатып алу/жалға алу/қосалқы жалдау,) операцияларды жүзеге асыру;

      6) бұрын субсидия және/немесе кепілдік алған, дайын және пайдалануға берілген/қолданыстағы жобаны сатып алынатын жобадан 20 % кем қосымша жаңғыртусыз сатып алу;

      7) салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдер мен алымдарды төлеу болып табылатын облигацияларды қоспағанда осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шеңберінде жобалар бойынша ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигацияларды қоса алғанда, облигацияларға қолданылады.

      15. Кепілдік беру салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтай отырып немесе ұлғайта отырып, еңбекақы төлеу қорының көлемін қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға міндетті ұлғайтуды көздейтін жобалар бойынша жүзеге асырылады.

      Эмитент қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салық көлемінің (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) 10 %-ға ұлғаюын да растайды.

      Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді кепілдік түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.

      Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған эмитенттің жобаларына тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.

      16. Кепілдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, шығарылым проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты жаңа және/немесе қазіргі бар "жасыл" жобаларды қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру болып табылады деп көрсетілген "жасыл" облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      17. Кепілдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының және (немесе) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигацияларға қолданылады.

      18. Эмитент сатып алғандарын қоспағанда, орналастырылған облигациялардың, оның ішінде "жасыл" облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігі кепілдік беруге жатады.

      19. Орналастырылған облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігіне кепілдік беру жүзеге асырылатын облигациялар шығарылымы проспектісіне кепілдік берудің бүкіл мерзімі ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығында белгіленген жағдайлардан басқа, қаржы агенттігінің уәкілетті органымен келісу бойынша мүмкін болады.

      20. Облигациялар/"жасыл" облигациялар бойынша кепілдік беру мерзімді ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылға дейінгі мерзімі құрайды, бірақ облигациялардың айналыс мерзімінен аспайды.

      21. Орналастырылған облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігіне кепілдік беру облигациялар шығарылымы проспектісінде сыйақы төлеу кезеңділігі жылына 360 (үш жүз алпыс) күн және айына 30 (отыз) күн есебінен жылына екі реттен артық болмайтыны белгіленген облигациялар бойынша ғана жүзеге асырылады.

      22. Эмитенттің кепілдік берілген облигациялары номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ескеріледі. Кепілдік берілген облигациялармен мәмілелерді тіркеу бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі тиісті уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің есепке алу жүйесінде) жүзеге асырылады.

      23. Кепілдік берілген облигацияларды ұстаушылардың өкілін таңдауды эмитент бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және/немесе брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары арасынан дербес жүзеге асырады. Бұл ретте облигацияларды ұстаушының өкілі эмитенттің үлестес тұлғасы және облигацияларды шығару жөніндегі андерайтер болып табылмайды.

3-параграф. Қатысушылардың өзара іс-қимылы

      24. Эмитент қаржы консультантымен бірлесіп мынадай кезеңдерден өтеді:

      1) қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының алдын ала қорытындысын алу. Алдын ала қорытынды алу үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:

      өтінішті және құжаттар топтамасын, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінің жобасын қор биржасына және/немесе АХҚО қор биржасына беру;

      эмитентті және оның бағалы қағаздарын қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының өлшемшарттарына/талаптарына сәйкестігін тексеру;

      2) қаржы агенттігіне кепілдік алуға өтініш беру (оның ішінде Egov немесе Damu-online арқылы өтініш беруге болады);

      3) шығарылым проспектісін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда тіркеу және/немесе АХҚО қор биржасының тіркеуі;

      4) қор биржасына және/немесе АХҚО қор биржасына листингке өтінішті және құжаттардың толық топтамасын беру.

      25. Қаржы агенттігі қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес эмитенттің қамтамасыз етуінің кепілдік құнын бағалауды дербес жүргізеді.

      26. Кепілдік беруге өтініш беру үшін эмитентке осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасына қосымша қаржы агенттігіне мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

      1) қор биржасының және/немесе АХҚК қор биржасының эмитенттің және оның бағалы қағаздарының листингтік және құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы алдын ала қорытындысы;

      2) облигациялар шығару шарттарының жобасы;

      3) эмитент пен орталық депозитарий және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі арасында төлем агентінің қызметтерін көрсетуге шарт жасасу туралы хабарлама;

      4) қаржы агенттігіне өтінім берген күнге салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама;

      5) 50 %-дан кем емес өтімді кепілдің болуын растау үшін бағалау компаниясының қорытындысы.

      Көрсетілген, оның ішінде осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшада көрсетілген құжаттар қаржы агентіне Egov немесе Damu-online қосымшалары арқылы онлайн ұсынылуы мүмкін.

      27. Қаржы агенттігі құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде эмитенттен/қаржы консультантынан келіп түскен құжаттарды және эмитенттен түскен өтініштерді осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды:

      1) құжаттар топтамасының толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда, ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды эмитентке пысықтау үшін қайтарады. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе құжаттар топтамасы толық болмаған кезде қаржы агенттігі эмитентке жою үшін ескертулерді және (немесе) жетіспейтін құжаттарды, ақпаратты ұсынуға сұрау салуды құжаттар топтамасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Бұл ретте, қаржы агенттігі үшін құжаттарды қарау мерзімі қайта басталады;

      2) облигациялар шығарылымы проспектісі жобасының нысаналы мақсатын осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      3) толық құжаттар пакетін қоса бере отырып, қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша эмитенттің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      28. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылында кепілдік беру үшін бюджет қаражаты болған кезде қарайды.

      29. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі эмитентке/қаржы консультантына, облигацияларды ұстаушылардың өкіліне қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешімімен хат жібереді.

      Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатта салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санының сақталу/ұлғаю немесе кірістің өсуіне қол жеткізу (өткізуден түсетін кірістің: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) немесе еңбекақы төлеу қоры көлемдерінің ұлғаю немесе бюджетке төленетін салықтар көлемінің (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) 10 %-ға өсу мәндері көрсетіледі.

      30. Қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда, мұндай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетіледі.

      31. Оң шешім хатын алғаннан кейін қаржы агенттігі, облигация ұстаушыларының өкілі және эмитент арасында облигацияларға кепілдік беру шарты жасалады.

      Облигациялар бойынша кепілдік беру үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден кепілдік беру шартына қол қойылмайды.

      32. Эмитент облигациялар бойынша кепілдік беру шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей орталық депозитарийге және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне және қор биржасына және/немесе АХҚО қор биржасына міндетті түрде облигациялар кепілдігінің мөлшері және орналастырылған облигациялар саны туралы мәліметтерді қамтитын облигациялар бойынша кепілдік беру шартының жасалғаны туралы хабарлама жібереді.

4-параграф. Облигациялар бойынша кепілдік беру шартының тоқтатылуы

      33. Эмитенттің жобасына кепілдік беру шартының қолданылуын тоқтату туралы шешімді қаржы агенттігі қабылдайды.

      34. Қаржы агенттігі эмитенттің жобасына кепілдік беру шартын тоқтату/жою туралы шешімді мынадай фактілер анықталған кезде, олар анықталған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдайды:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдаланбау. Облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдаланбау фактілері анықталған кезде қаржы агенттігі кепілдік сомасын нысаналы пайдаланылмаған сомаға барабар төмендету туралы шешім қабылдайды;

      2) жобаның және (немесе) эмитенттің осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шарттарына сәйкес келмеуі;

      3) эмитенттің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда, талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе эмитенттің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      4) эмитенттің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе кірістің өсуіне қол жеткізу (өткізуден түсетін кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға өсуі бойынша міндеттемелерін орындамауы.

      35. Эмитенттің нысаналы пайдаланылмаған облигациялары анықталған жағдайда, облигацияларды ұстаушылар өкілі қаржы агенттігіне облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдаланбау фактісін растайтын құжаттарды ұсынады. Облигациялар бойынша кепілдік беру шарты жойылады.

      Эмитент қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шеңберінде салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту, еңбекақы төлеу қоры көлемін ұлғайту, бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға өсу көрсеткіштеріне қол жеткізбеген жағдайда, кепілдік шартының күші жойылмайды.

      36. Қаржы агенттігі осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының 34-тармағында көрсетілген фактілерді анықтағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілдік беруді тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды және тиісті хатпен облигацияларды ұстаушылардың өкілін, орталық депозитарийді және эмитентті хабардар етеді.

      37. Эмитент облигациялар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, эмитентке туындаған берешекті күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жабу үшін мерзім беріледі. Бұл ретте облигацияларды ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігін эмитенттің пайда болған мерзімі өткен берешегі туралы хабардар етеді.

      38. Қаржы агенттігі эмитентке кепілдік беру шартының қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен кепілдік беру шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны эмитентке, облигацияларды ұстаушылардың өкіліне және АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне және/немесе орталық депозитарийіне жібереді, онда кепілдік беру шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.

      39. Облигациялар бойынша кепілдік беру шарты мынадай жағдайда бұзылды деп танылады:

      1) эмитенттің облигацияларды толық өтеуі;

      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді сот шешімі бойынша жарамсыз деп тану;

      3) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның және/немесе АХҚО қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органының шешімі бойынша облигациялар шығарылымының күшін жою;

      4) қаржы агенттігінің кепілдік беруді тоқтату туралы шешім қабылдауы;

      5) эмитенттің бастамасы бойынша облигациялар бойынша кепілдік беру шартын бұзу;

      6) облигациялар бойынша кепілдік беру шартының қолданылу мерзімінің аяқталуы.

      40. Облигацияларды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда эмитент қаржы агенттігін осындай өтеу күнінен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.

5-параграф. Эмитенттің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беруі

      41. Кәсіпкер осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шеңберінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде қаржы агенттігіне электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтанбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;

      2) кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісім;

      3) оның дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім;

      4) эмитенттің және оның бағалы қағаздарының листингтік талаптарға сәйкестігі туралы қор биржасының және/немесе АХҚК қор биржасының алдын ала қорытындысы бар электрондық көшірме (сканерленген көшірме);

      5) кепілдік сомасын есептей отырып, облигациялар шығару шарттарының жобасы.

      Кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда, кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу нысанында расталады.

      Кәсіпкер бойынша мәлімет, оның ішінде заңды тұлғаны/дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы анықтама бойынша, қызмет түріне лицензия (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) бойынша мәліметтерді және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ/бар екендігі туралы мәліметтерді қаржы агенттігі "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден деректерді алу техникалық жағынан мүмкін болмаған немесе деректер анық болмаған жағдайларда, қаржы агенттігі құжаттарды кәсіпкерден сұратады.

      42. Қызметті көрсету нәтижесі кәсіпкерге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      43. Осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі және облигация ұстаушылардың өкілі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігі "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28338 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      44. Қаржы агенттігінің функциялары:

      1) орталық депозитарий және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі және/немесе АХҚО қор биржасының тіркеушісі ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде кепілдік шарты жасалған эмитенттің облигациялық қарызды нысаналы пайдалануын мониторингтеу;

      2) орталық депозитарий және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі ұсынатын деректер негізінде эмитенттің төлем тәртібін мониторингтеу;

      3) жобаның іске асырылуын мониторингтеу;

      4) жобаның және/немесе эмитенттің кепілдік беру рәсімдері мен шарттары бөлігінде осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының талаптарына сәйкестігін мониторингтеу.

      45. Облигацияларды ұстаушылар өкілінің функциялары, оның ішінде облигациялар бойынша кепілдік шартының талаптарына сәйкес:

      1) эмитенттің облигацияларды ұстаушылар алдындағы проспектіде белгіленген міндеттемелерді орындауын бақылау;

      2) эмитенттің облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны нысаналы пайдалануын бақылау;

      3) эмитенттің облигацияларды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің жай-күйін бақылау;

      4) эмитенттің облигацияларды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке қатысты эмитентпен кепіл шартын жасасу;

      5) эмитенттің қаржылық жай-күйін мониторингтеу және оның корпоративтік оқиғаларын талдау;

      6) эмитенттің проспектіде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде меншігінде эмитенттің орналастырылған (сатып алынғандарын шегергенде) облигацияларының елу және одан да көп пайызы бар облигацияларды ұстаушылардың атынан сотқа талап қою арқылы шаралар қолдану;

      7) облигациялар ұстаушыларды және қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының уәкілетті органын осы тармақтың жоғарыда санамаланған тармақшаларына сәйкес өз іс-әрекеттері және осындай іс-әрекеттердің нәтижелері туралы тоқсанына кемінде бір рет хабардар ету;

      8) кепілдік сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден асатын кепілдік беру жобалары бойынша қаржы агенттігінің сұрау салуына сәйкес тоқсан сайынғы негізде жобаның қаржылық мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасын қаржы агенттігіне тоқсанына бір реттен артық емес ұсыну.

      46. Қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының функциялары:

      1) эмитент құжаттарының толық пакетін листингке, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінің жобасын тексеруді жүргізеді;

      2) "жасыл" облигацияларды қоса алғанда, эмитенттің облигацияларын қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы алдын ала қорытынды береді;

      3) қажет болған жағдайда эмитенттің және оның бағалы қағаздарының қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының өлшемшарттарына/талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

      47. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі эмитенттен мониторинг нысанасына қатысты, оның ішінде салық құпиясын құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады, жергілікті жерге барып жобаның іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.

      "Жасыл" облигациялар бойынша қаржылық қолдау қаражатының нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу шеңберінде қаржы агенттігі "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарында:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төмен мәндері;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төмен деңгейлері;

      3) қалдықтардың үлесін азайту/кәдеге жарату;

      4) су тұтынуды төмендету;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкес келу (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлікте) көзделген жағдайларда, провайдерлердің тәуелсіз бағалауының негізінде эмитенттің белгіленетін "жасыл" жоба бойынша мәлімделген осы шекті өлшемшарттарға қол жеткізуін тексереді.

      Сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын эмитент ұсынады.

      48. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін облигацияларды ұстаушылардың өкілі эмитенттен мониторинг нысанасына жататын, оның ішінде салық және коммерциялық құпияны құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты жергілікті жерге бару құқығымен сұратады.

      49. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі өз іс-әрекеттері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органын хабардар етеді.

      50. Облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты мақсатсыз пайдалану, осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының және/немесе кепілдік шартының талаптарын бұзу, қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы шешімімен белгіленген кепілдік беру шарттарын бұзу фактілері анықталған кезде қаржы агенттігі облигацияларды орналастырудан түскен қаражат толық нысаналы пайдаланылмаған кезде кепілдікті тоқтатады/жояды/кепілдік сомасын облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдалану сомасына пропорционалды түрде төмендетеді.

      51. Бекітілген нысанға сәйкес эмитент жобасының іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы есепті облигацияларды ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігіне есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей жазбаша түрде ұсынады және қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электрондық мекенжайына қосымша жібереді.

  Кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша кепілдік
беру қағидаларына
1-қосымша

Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Өңдеу өнеркәсібі

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

24

Металлургия өндірісі*

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

31

Жиһаз өндіру

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

35.11.2

Гидроэлектр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою бойынша қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Көлік және қоймалау

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі**

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Пошталық және курьерлік қызмет***

Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру****

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68.20.1

Жылжымайтын жекеменшік мүлікті жалдау және басқару*****

68.20.2

Жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану******

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің және өзге де мәдениет саласындағы қызметтер

93

Спорт, демалыс және ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет*******

Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және былғары бұйымдарды жуу және (химиялық) тазалау

      *шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеу (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құю (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құю (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда

      ** ЭҚЖЖ коды 49.32 "Такси қызметі" бойынша қызметті қоспағанда ("жасыл" жобалар мен 1 (бір) бірлік үшін құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда)

      *** табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда

      **** апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді қоспағанда

      ***** осы ЭҚЖЖ қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалға беруді көздейді

      ****** осы ЭҚЖЖ қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалдауды (қосалқы жалдауды) көздейді

      ******* дискотекалар мен караоке қоспағанда

  Кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша кепілдік
беру қағидаларына
2-қосымша

Кәсіпкердің жобасы бойынша қаржы агенттігіне ұсынылатын құжаттар тізбесі

      1. Жалпы құжаттар

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Эмитенттен/эмитент өкілінен құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа/электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолданылған электрондық формат

2

Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттардың тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі

эмитент/эмитент өкілі қол қойған және эмитенттің/эмитент өкілінің мөрімен расталған түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

3

Қор биржасы үшін облигациялар шығаруға өтінім

көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

4

Қор биржасының алдын ала қорытындысы

түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

5

Эмитенттің соңғы есепті күнгі жағдай бойынша қаржылық құжаттары (берешектің пайда болған күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, таратып жазылған кредиторлық және дебиторлық берешек, негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық қорлардың (бұдан әрі – ТМҚ) таратып жазылуы, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (жеке кәсіпкерлер үшін)*

Нотариат куәландырған көшірме/түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

6

Кәсіпкердің мөрімен расталған (заңды тұлғалар үшін)* эмитенттің жыл басындағы және соңғы есепті күнгі жағдай бойынша қаржылық құжаттары (берешектің пайда болған күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, жыл басындағы және соңғы есепті күнгі жағдай бойынша кредиторлық және таратып жазылған дебиторлық берешек, негізгі құралдардың, ТМҚ-ның таратып жазылуы)

Нотариат куәландырған көшірме/түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

7

Кірістер мен шығыстар туралы есеп баптарының таратылып жазылуы – өткізуден түскен кіріс, өзіндік құны, кезең шығыстары, өзге де кірістер мен шығыстар, қаралатын кезең үшін ақшалай және заттай мәндегі өткізілген өнімнің көлемі*

Нотариат куәландырған көшірме/түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

8

Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсетуді қоса алғанда, құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша қызмет көрсететін банктен несие берешегінің болуы (болмауы) туралы, соңғы 12 айдағы айналымдар, сондай-ақ мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары туралы анықтама (№ 2 картотека)

банк нысаны бойынша түпнұсқа (түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме күнтізбелік 30 күнге дейін жол беріледі)/ ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

9

Несие берешегінің, оның ішінде басқа қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (банктерден басқа кредиттер болған кезде)

түпнұсқа (түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме күнтізбелік 30 күнге дейін жол беріледі)/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

10

Банктердегі барлық шоттар туралы мәліметтер

хаттың түпнұсқасы/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

11

Лицензиялар**, патенттер, квоталар және тағыда басқа (өтініш берушінің қызмет түрі лицензияланатын немесе қарыз қаражаты жұмсалатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын жағдайда)

лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

12

Жобаны іске асыру жөніндегі құжаттар (бар болса):
1) келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстар жүргізу, қызметтер көрсету шарттары, орындалған жұмыстар актілері, төлем шоттары және тағыда басқа;
2) жоспарланатын жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (кредит құрылыс, реконструкциялау саласында пайдалану үшін берілген жағдайда) ;
3) жобаға жеке қатысқанын растайтын құжаттар;
4) қаралатын жоба бойынша шешім қабылдау үшін банк пайдаланатын құжаттар

түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық нұсқа

13

Бизнес-жоспар

түпнұсқа немесе түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

14

Соңғы және ағымдағы жылдар үшін қолданыстағы және қолданылып болған келісімшарттар (бар болса)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

15

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер болған кезде)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

16

Банк атынан банктік қарыз, кепіл және кепілдік шартын жасасатын тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

банктің мөрімен куәландырылған көшірмелер (банк кепілдік шартын жасасу кезіне қарай ұсынады)/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

      * 500 (бес жүз) миллион теңгеден асатын кредиттер бойынша.

      Ескертпе: қаржылық есептіліктің ескіру мерзімі банк құжаттар топтамасын ұсынған күнге 6 (алты) айдан аспайды.

      2. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын құжаттар

      1. Эмитент жеке кәсіпкер болып табылатын жағдайда:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Жеке басты куәландыратын құжат

уәкілетті орган жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

2

Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама**

уәкілетті орган жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

3

Қол қою үлгілері, мөрдің бедері (бар болса) бар құжат

түпнұсқа не түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме /ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

4

Кәсіпкердің/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

5

Кәсіпкердің/кепілгердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

      2. Кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылатын жағдайда:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Жарғы, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама**

уәкілетті орган заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

3

Уәкілетті органның бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі

түпнұсқа немесе түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме

4

Банкте және қаржы агенттігінде кәсіпкердің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

уәкілетті орган жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

5

Кепілдіктер тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органның шешімі

қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

6

Қор биржасы уәкілетті органының шешімі

қор биржасы бекіткен нысан бойынша түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

7

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қол қою және кәсіпкердің мөрі бедерінің (бар болса) үлгілері бар құжат

түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

8

Кәсіпкердің/құрылтайшының/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттінінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

      Ескертпе:

      ** Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама және жеке кәсіпкерді тіркеу, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, лицензия туралы хабарлама бойынша мәліметтерді уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" порталы арқылы алған кезде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, өтінішке құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      Бірнеше беттен тұратын құжат ұсынылған жағдайда, мұндай құжат тігіліп, нөмірленеді не құжаттың әр парағында уәкілетті тұлғалардың қолы қойылып, мөрімен/мөртабанымен бекітіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады