Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 553-IV Заңы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 65-баптың екінші бөлігінде:
      6) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өту кезiнде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналы өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған барлық қылмыстар туралы iстер бойынша – әскери полиция органдары анықтау органдары болып табылады.
      Сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары;»;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақпен толықтырылсын:
      «9-1) күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған қылмыстар туралы істер бойынша – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі;»;

      2) 285-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы баптың екінші, үшінші, бесінші, 5-1, жетінші, 7-1, сегізінші, 8-1, 8-2, 8-3, 8-4 және тоғызыншы бөліктерінде көрсетілген қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.»;
      екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 142 (бірінші бөлігінде), 145 (бірінші және екінші бөліктерінде), 175 (бірінші бөлігінде), 187 (бірінші бөлігінде), 230 (бірінші бөлігінде), 251 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 257 (бірінші бөлігінде), 288 (бірінші бөлігінде), 296298 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (бірінші бөлігінде), 300 (бірінші бөлігінде), 302 (бірінші бөлігінде), 333 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды, егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жүргізе алады.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «5-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары анықтауды осы баптың бесінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған, алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес, өзге де барлық қылмыстар бойынша жүргізеді.»;
      8-1-бөлігіндегі «, 325» деген цифрлар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8-4-бөлікпен толықтырылсын:
      «8-4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 325-бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды, егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған болса, қылмыстық істі қозғаған ішкі істер, қаржы полициясы органы немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жүргізеді.»;

      3) 288-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Кодекстің 285-бабының екінші, үшінші, бесінші, жетінші, 7-1, сегізінші, 8-3, 8-4 және тоғызыншы бөліктерінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер оларды жасады деп күдік келтірілген адам белгісіз болса немесе оларды кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене немесе психикалық кемшіліктеріне байланысты өзін қорғау құқығын жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған болса, алдын ала тергеу жүргізу міндетті.».

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      14-бапта:
      бесінші тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Өлім жазасы түріндегі жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері орындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерi, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қалдырылған немесе этаппен жөнелтілген сотталғандарға қатысты тергеу изоляторлары орындайды.».

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; №  4, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10,  7, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар;  011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңы; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:
      355-баптың тақырыбындағы «шекара қызметiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнiң» деген сөздермен ауыстырылысын;
      «575-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «575-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі»;

      2) 35-баптың бірінші бөлігіндегі «қаржы полициясы мен» деген сөздер «қаржы полициясының, арнаулы мемлекеттік органдардың және» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 355-баптағы «шекара қызметінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 575-бапта:
      тақырыбы, бірінші бөлігі және екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «575-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
                Шекара қызметі
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің атынан әкiмшiлiк жаза қолдануға:»;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы «шекара қызметінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 619-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi, шекара және кеден режимдері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режим бұзылғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшiсiнiң, өзге әскерлер, әскери құралымдар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбағанда – әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полиция) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау жөнiндегi мiндеттi орындайтын басқа жеке тұлға бөлiмшеге, әскери бөлiмге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына;»;

      6) 620-бапта:
      3), 4) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Мемлекеттік шекара режимі, шекара режимі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режим бұзылған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз алып өткен, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңының, аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының минералдық және тірі ресурстарын заңсыз берген, әскери қызметшінің Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі өз міндетін орындауға байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбаған жағдайда – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;
      4) күзетiлетiн объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылыққа байланысты құқық бұзушылық жасалған жағдайда – күзетiлетiн объект орналасқан жердегi аға әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерi, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы;»;
      «10) Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия шарттарының бұзылуына байланысты континенттік қайраңда, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған, ресурстық немесе теңiзде ғылыми зерттеулерді жүргiзу қағидалары бұзылған, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидалары бұзылған, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңын, аумақтық суларын (теңізін) және ішкі суларын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату жөнiндегi заңды талаптары орындалмаған немесе оның жүзеге асырылуына кедергi жасалған жағдайда – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi органдардың, балық аулау жөнiндегi республикалық органның лауазымды адамдары;»;

      7) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      бесінші абзацтағы «461 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «461 (3-1-бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери жол полициясының (арнаулы мемлекеттік органдардың көлік құралдарын жүргізуші адамдар жасаған, осы Кодекстің 461 (3-1-бөлігі), 463-3 (бесінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468-2, 469, 477 (үшінші бөлігі)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы);»;
      отыз бесінші абзацтағы «461 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «461 (3-1-бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      қырық сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 355, 388, 390 (екінші бөлігі), 391 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 393, 394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері)-баптар);»;

      8) 730-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Кодекстiң 391-бабының екiншi бөлiгiнде және 391-1-бабының үшінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi;»;

      9) 731-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер шығарып жiберiлетiн адамды шет мемлекет өкiлiне беру Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделмеген болса, шығарып жiберу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі айқындайтын орында жүзеге асырылады.».

      4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат):

      1) мазмұнында:
      12-тараудың тақырыбы «қорғаныс» деген сөзден кейін «, ұлттық қауіпсіздік» деген сөздермен толықтырылсын;
      120-баптың тақырыбы «Қорғаныс» деген сөзден кейін «және ұлттық қауіпсіздік» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «қорғаныс» деген сөзден кейін «, ұлттық қауіпсіздік» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 13-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындаумен жердi қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшiн пайдалануға байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерден жер учаскелерін беру және алып қою, оның ішінде мемлекет мұқтаждары үшін алып қою;»;

      4) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер қорындағы, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады.»;

      5) 33-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін берілген;»;

      6) 84-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттар үшін жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс істеуі;»;

      7) 105-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік жерін және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерді қоспағанда, ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мұқтаждар үшін жердің барлық санаттарының құрамынан ауыл шаруашылығы алқаптары берілетін адамдар, сондай-ақ күзет, санитариялық және қорғау аймақтары белгіленетін адамдар ауыл шаруашылығы өндірісіндегі ысырапты өтейді.»;

      8) 107-баптың 3-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін берілген, сондай-ақ өзге де пайдалану режиміндегі жер кіруі мүмкін.»;

      9) 12-тараудың тақырыбы «қорғаныс» деген сөзден кейін «, ұлттық қауіпсіздік» деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 120-баптың тақырыбы, 1-тармағы және 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «120-бап. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына
                арналған жер
      1. Әскери бөлiмдерді, әскери полигондарды, әскери оқу орындарын, арнаулы мемлекеттік органдардың оқу орындарын және Қарулы Күштердiң, басқа әскерлердің, әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де ұйымдарын, қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы мiндеттердi атқаратын олардың объектілері мен құрылыстарын орналастыру және олардың тұрақты қызметi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi берген жер учаскелерi қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жер деп танылады.
      2. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына байланысты жаттығулар мен басқа да iс-шаралар өткізу үшiн жердi уақытша пайдалану қажет болған жағдайда, жер учаскелерінің меншiк иелерiнен және жердi пайдаланушылардан жер учаскелері алып қойылмайды.»;

      11) 121-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «аумағы жатады.» деген сөздер «аумағы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) арнаулы мемлекеттік органдардың пайдалануындағы аумақтар жатады.».

      5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:
      28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ, ПАРЛАМЕНТІ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ, СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАМДАРЫНЫҢ, АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»;
      256-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «256-бап. Әскери қызметтегі адамдар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері»;
      257-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «257-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегін реттеу»;

      2) 156-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелері шегінде қызметтік жол жүрулермен байланысты қызметкерлерге темір жол, өзен, теңіз, автомобиль көлігі, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, магистральдық байланыс желілері мен олардағы құрылыстар, радиорелелік желілер және олардағы құрылыстар, электр берілісінің әуе желілері және олардағы құрылыстар, байланыс объектілері қызметкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы учаскелеріне қызмет көрсететін қызметкерлер жатады.»;

      3) 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ, ПАРЛАМЕНТІ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ, СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАМДАРЫНЫҢ, АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»;

      4) 256-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «256-бап. Әскери қызметтегі адамдар, арнаулы мемлекеттік және
                құқық қорғау органдарының қызметкерлері»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әскери қызметтегі адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, әскери қарсы барлау органдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Республикалық ұланда, ішкі әскерлерде, әскери-тергеу органдарында және әскери полицияда, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен бөлімдерінде және әскери прокуратура органдарында қызмет өткеріп жүрген адамдар жатады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде қызмет өткеріп жүрген адамдар жатады.»;

      5) 257-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      257-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік және
               құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегін реттеу

      Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу шарттарын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодексте реттеледі.»;

      6) 303-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не төтенше жағдай туралы заңнамаға сәйкес айрықша шаралар енгізілген кезеңде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің органдары мен ұйымдарында, елдің қорғанысын, мемлекеттің қауіпсіздігін, авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерімен айналысатын басқа да әскери құралымдар мен ұйымдарда; арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында; қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станцияларында;»;

      7) 322-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің;».

      6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 53-баптың 1-тармағы 6) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;».

      7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      156-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы «қызметтік міндеттерін орындауға байланысты» деген сөздерден кейін «арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің,» деген сөздермен толықтырылсын.

      8. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында 135-баптың тақырыбында:
      «Әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының, әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы қызметтің, қаржы полициясының қызметкерлеріне,» деген сөздер «Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «осы ведомстволардың» деген сөздер «осы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «60-бап. Әскери-дәрiгерлiк сараптама

      1. Әскери-дәрiгерлiк сараптама денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, iшкi iстер органдарындағы, қылмыстық-атқару жүйесiнiң, өртке қарсы қызмет, қаржы полициясы, кеден органдарындағы, прокуратура органдарындағы қызметке (бұдан әрi – әскери қызмет немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет) жарамдылықты белгiлеу үшiн, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметтi немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтi және әскери жиындарды өткерумен (мiндеттердi орындаумен) байланысты ауруының, мертiгуiнiң (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрi – мертiгу) және қайтыс болуының себептi байланыстарын айқындау үшiн жүргiзiледi.
      2. Әскери-дәрiгерлiк сараптама:
      1) мыналарды:
      шақыру учаскелерiне тiркелетiн, әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылатын және әскери (арнайы) оқу орындарына, республикалық әскери мектеп-интернаттарға (лицейлерге) түсетiн азаматтарды;
      әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке, оның iшiнде келiсiмшарт бойынша қызметке кiретiн азаматтарды;
      әскери қызметтi шақыру бойынша немесе келiсiмшарт бойынша өткеретiн әскери қызметшiлердi;
      арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін;
      әскери (арнайы) оқу орындарының, арнаулы мемлекеттік органдары оқу орындарының курсанттарын, кадеттер мен тәрбиеленушiлердi;
      радиоактивтiк заттармен, иондандырушы сәулелену көздерiмен, зымыран отыны компоненттерiмен, электр-магниттiк өрiс көздерiмен қызметке (жұмысқа) iрiктеп алынатын және қызмет өткерiп (жұмыс iстеп) жүрген әскери қызметшiлердi (Қарулы Күштер қызметшiлерiн), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерін (жұмыскерлерін);
      мемлекеттiк авиацияның авиация персоналын;
      әскери жиындарға, арнаулы мемлекеттік органдар жиындарына немесе әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызметке шақырылған кезде немесе есепке алу мақсатында запастағы азаматтарды медициналық куәландыру кезiнде;
      2) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке кiретiн азаматтарға психологиялық-физиологиялық iрiктеудi жүзеге асыру кезiнде;
      3) әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткерген әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің немесе азаматтардың мертiгуiнiң, ауруының себептi байланыстарын айқындау кезiнде;
      4) азаматтар әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтен босатылған кезде олардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке жарамдылық санатын айқындау кезiнде;
      5) әскери қызметшiлердiң, әскери мiндеттiлердiң, қызметкерлердiң әскери қызмет (әскери жиындар) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметі кезеңiнде не әскери қызметтен (әскери жиындардан) немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, құқық қорғау органдарындағы әскери қызметтен (жиындардан) босатылғаннан кейiн әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткеру кезеңiнде мертiгуі, ауруы салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының) себептi байланыстарын айқындау кезiнде жүргiзiледi.
      3. Әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда және iшкi iстер органдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзедi.
      Арнаулы мемлекеттік органдар үшін әскери-дәрiгерлiк сараптаманы ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары жүргiзедi.
      4. Денсаулық жағдайының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, iшкi iстер және мемлекеттiк авиация органдарындағы қызметке сәйкестігіне қойылатын талаптарды қорғаныс, iшкi iстер саласындағы орталық атқарушы органдар және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы орталық мемлекеттiк орган уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бекiтедi.»;

      3) 135-баптың тақырыбындағы «Әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының, әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы қызметтің, қаржы полициясының қызметкерлеріне,» деген сөздер «Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «осы ведомстволардың» деген сөздер «осы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы «ұлттық қауіпсіздік,» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік органдар және» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «осы ведомстволардың» деген сөздер «осы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 21, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 924-құжат; 2004 ж., № 24, 150-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      10-бап алып тасталсын.

      10. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; № 22, 334-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 923-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат):
      15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «15-бап. Әскери қызметшiлерге және арнаулы мемлекеттік
               органдардың қызметкерлеріне берiлетiн жеңiлдiктер
               туралы

      Ластанған аумақтарда әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген кезде әскери қызметшілер және осы органдардың қызметкерлері осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiне сәйкес құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады.».

      11. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 1, 3-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №14, 275-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 24, 180-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):

      1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «3-бап. Шекара қызметiнiң жұмыс қағидаттары

      Шекара қызметiнiң жұмысы заңдылық, iзгiлiк, жариялылық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, астыртын әрекет ету, дара басшылық, ұлттық қауiпсiздiк органдары жүйесiнiң бiрлiгi қағидаттарына, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен, ұйымдармен және халықпен өзара iс-қимыл жасауға негiзделiп құрылады. Шекара қызметiнде саяси партиялардың қызметiне тыйым салынады.»;

      2) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Шекара қызметiнiң құрылымы мыналардан тұрады: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен құрылатын Шекара қызметiнiң Орталық аппараты, арнаулы бiрлестiктер, құрамалар, авиациялық, теңiз, арнаулы және басқа да бөлімдер.»;

      3) 5-1-бап алып тасталсын;

      4) 678-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «6-бап. Шекара қызметiнiң жұмысына басшылық ету және оны
              бақылау

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң жұмысына басшылықты және бақылау жасауды жүзеге асырады.

      7-бап. Шекара қызметiнiң мiндеттерi

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзете отырып, Шекара қызметi:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының өтетін жерін заңсыз өзгертуге ұмтылу әрекеттерінің жолын кесуге;
      2) Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кiруге тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында қарулы және өзге де арандатушылықтың жолын кесуге, халықты, мемлекеттiк және жеке меншiктi аталған қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғауға;
      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткiзу пункттерiнен тыс жерлерден немесе заңсыз әдiстермен адамдардың және көлiк құралдарының өтуiнің, сондай-ақ жүктер мен тауарларды өткізудің алдын алуға және оған жол бермеуге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын бұзушыларды анықтауға және ұстауға;
      4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және тауарларды белгiленген тәртiппен өткiзудi жүзеге асыруға;
      5) Қазақстан Республикасына әкелуге немесе одан әкетуге тыйым салынған жарылғыш, уландырғыш, радиоактивтi, есiрткi заттарын, қаруды, оқ-дәрiлердi, басқа да заттарды, сондай-ақ контрабандалық заттарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткізудің белгiленген тәртiппен дербес немесе кеден органдарымен бiрлесе отырып жолын кесуге;
      6) мемлекеттiк шекара режимі мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етуге;
      7) дербес немесе iшкi iстер органдарымен бiрлесе отырып, шекара режимінің сақталуын бақылауға;
      8) дербес немесе iшкi iстер органдарымен халықаралық ұшу сапарлары үшiн ашық әуежайлардың (әуе айлақтарының), шекаралық темiржол станцияларының, теңiз және өзен порттарының, халықаралық автокөлік тасымалдары қызметтерiнiң әкiмшiлiгiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өту пункттерiнде белгiленген режимнің орындалуын бақылауға;
      9) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңiзiнде) және шекаралық өзендер мен өзге де су айдындарының қазақстандық бөлiгiндегi iшкi суларда қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң жүзуi мен болуының белгiленген тәртiбiн сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
      10) шекаралық қызмет атқару аудандарында Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлдiк берiлген органдарының қоршаған ортаны қорғауға бақылау жасау, кәсiпшiлiк қызмет қағидаларын сақтау жөнiндегi қызметiне қажеттi жәрдем көрсетуге міндетті.

      8-бап. Шекара қызметiнiң құқықтары

      Шекара қызметiнiң:
      1) шекара кеңiстiгi шегiнде шекаралық нарядтар қоюға, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жолдармен, соқпақтармен және маршруттармен жүрiп-тұруға, құжаттарды тексеруге, көлiк құралдарын және оларға тиелген жүктер мен тауарларды тексерiп қарауға, көлiк құралдарына ілесіп жүруге және оларға шекаралық нарядтар қоюға;
      2) белгіленген тәртіппен қажеттi инженерлiк-техникалық құрылыстар салуға, байланыс және коммуникация желiлерiн салуды жүзеге асыруға, техника мен қару-жарақты орналастыруға және пайдалануға;
      3) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес заң бойынша өз қарауына жатқызылған iстер бойынша тергеу жүргiзуге;
      4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыруға, хаттамалар жасауға және өзiнiң қарауына жататын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге;
      5) әкiмшiлiк ұстауға алынған адамдарды осы мақсатта арнайы жабдықталған орындарда ұстауға;
      6) өзiнiң қарауына жататын құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтау үшiн Шекара қызметiнiң бөлiмшелерiне адамдарды шақыруға және заңмен белгiленген жағдайларда оларды сонда әкелуге құқығы бар. Қажетті жағдайларда аталған құқық бұзушылықтардың мән-жайын анықтау өзге жерлерде де жүзеге асырылуы мүмкiн;
      7) Шекара қызметiнiң құзыретiне жататын құқық бұзушылыққа қарсы күресте, оның алдын алуды жүзеге асыруға;
      8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету мүдделерi үшiн жедел-iздестiру қызметін жүргiзуге, шекара маңындағы аудандардың құқық қорғау органдарының, ұйымдарының дерекқорын пайдалануға;
      9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өтетiн адамдардың Қазақстан Республикасына келуiне немесе Қазақстан Республикасынан кетуіне құқық беретiн құжаттарын тексеруге, оларға тиiстi белгiлер соғуға және қажет болған жағдайда оларды алып қоюға, шетелде немесе Қазақстан Республикасында болған кезiнде құжаттарын жоғалтып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдарды олардың кiм екенi анықталғанға дейiн өткiзбей, режим аймағында немесе осы мақсаттар үшiн арнайы жабдықталған орындарда қалдыруға;
      10) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өтiп бара жатқан адамдардың көлiк құралдарын, жүктерi мен тауарларын белгіленген тәртіппен дербес немесе кеден органдарымен бiрлесе отырып қарап тексеруді жүзеге асыруға;
      11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы алып өтетiн, Қазақстан Республикасынан әкетуге немесе әкелуге тыйым салынған заттарды, сондай-ақ контрабанда бұйымдарын белгiленген тәртiппен алып қоюға;
      12) көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өту пункттерiнде тоқтау (аялдау) орны мен аялдау ұзақтығын мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып анықтауға;
      13) Қазақстан Республикасының аумақтық және iшкi суларында жүзу кезiнде немесе кемелер Қазақстан порттарында тұрған кезде құқық бұзушылықтарға жол берген шетелдiк әскери емес кемелер экипаждары мүшелерiнiң және онда болған басқа да адамдардың жағаға шығуына және жағада болуына тыйым салуға;
      14) Қазақстан Республикасының мүдделерiне қатер төнген жағдайда, шекаралық белдеуде азаматтардың болуын, көлiктiң жүрiсiн және жұмыстар жүргiзудi уақытша шектеуге, бұған қорғаныстық маңызы бар жұмыстар, халықаралық мiндеттемелердi орындау мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан туындаған зардаптарды жоюға байланысты жұмыстар қосылмайды;
      15) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын бұзушылардың ізіне түскен кезде кез келген жер учаскелерімен және акваториялармен жүруге, ұйымдардың үй-жайларына және азаматтардың тұрғын (тұрғын емес) үй-жайларына кiруге;
      16) байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға, ал Қазақстан Республикасының аумағына басып кiруге тойтарыс беру кезінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы арандату әрекеттерiнің жолын кесу кезінде ұйымдардың, ал қажет болған жағдайда шығындарды кейiннен өтей отырып, азаматтардың келісімімен олардың көлiк құралдарын пайдалануға;
      17) заңдарда көзделген тәртiппен және жағдайларда қаруды, ұрыс техникасын, арнаулы құралдар мен қызметтік жануарларды пайдалануға;
      18) шекара аудандарының елдi мекендерiнде және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзетуге қатысу үшiн жергiлiктi тұрғындардан ерiктi құралымдар құруға;
      19) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен, Шекара қызметiнiң құрамалары мен бөлiмдерiнiң қызметтiк-жауынгерлiк қызметін қамтамасыз ету мақсатында арнаулы техника сатып алуға;
      20) шектес мемлекеттердiң шекара өкiлдерiмен мемлекеттiк шекара режимін сақтап тұру, шекарадағы жанжалдарды реттеу, ақпарат алмасу мәселелерi бойынша хат алысуды жүргiзуге;
      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шекара мәселелерi бойынша келiссөздер жүргiзу үшiн өзара уағдаластық бойынша шектес мемлекеттердiң өкiлдерiн Қазақстан Республикасының аумағына шақыруға және шектес мемлекеттердiң аумағына өтуге;
      22) мемлекеттiк органдар мен заңды тұлғаларға, сондай-ақ өзге де ұйымдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасына қатысты құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгiзуге;
      23) ақпараттық дерекқор құруға;
      24) өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ратификацияланған халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен басқа мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;
      25) Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету бойынша басқа да iс-қимылдарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      Бұдан басқа, аумақтық сулар (теңiз) мен iшкi суларда, шекаралық өзендер мен өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiнде әскери емес кемелерге қатысты Шекара қызметiнiң:
      1) егер кеме сұрау салу дабылдарына жауап бермесе, Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын шарттарда және тәртiппен жүзуге тыйым салынған ауданда жүрсе, Қазақстан Республикасының суларына кiру, оларда жүзу және болу тәртiбiн бұзса, осы кеменi тоқтатуға және оны қарап-тексеруге құқығы бар. Кеменi қарап тексеру кемені және жүзу құжаттарын, экипаж мүшелерi мен жолаушылардың құжаттарын, жүк құжаттарын, ал қажет болған жағдайларда кеменiң iшiн тексерудi қамтиды. Кеменi қарап-тексеру нәтижелерi бойынша оған белгiленген қағидаларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының суларында жүзудi (болуды) жалғастыруға рұқсат берiлуi немесе Қазақстан Республикасының суларынан кету ұсынылуы мүмкiн немесе ол қылмыстық iс жүргiзу немесе әкiмшiлiк заңнамаға сәйкес ұсталуы мүмкiн;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартылуға тиiстi адамдарды ұстауға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, бұл адамдарды анықтау және тергеу органдарына немесе тиісті органдарға беруге;
      3) егер iзге түсу кеменің дабылды көруiне немесе естуiне мүмкiндiк беретiн қашықтықтан көру немесе дыбыс дабылы берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының шекаралық суларында басталып, үздiксiз жүргiзiлген болса, Қазақстан Республикасының шекаралық суларында жүзу (болу) заңдарын немесе қағидаларын бұзған кеменi, ол кеме өз елiнiң немесе үшiншi бiр мемлекеттiң аумақтық суларына кiргенге дейiн ізіне түсуге және ұстауға;
      4) егер ту көтерiлмесе, кемеге өз туын көрсету жөнiнде ұсыныс жасауға;
      5) егер кеме жүзуге тыйым салынған ауданға жүзiп бара жатса немесе басқа да жүзу режимiн бұзушылықтарға әкеп соқтыруы мүмкiн болса, кемеге бағытын өзгерту жөнiнде ұсыныс жасауға құқығы бар.»;

      5) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ КАДРЛАРЫ ЖӘНЕ ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНДЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»;

      6) 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «9-бап. Шекара қызметінің кадрлары және Шекара қызметінде
              әскери қызмет өткеру ерекшеліктері

      Шекара қызметiнiң кадрлары әскери қызметшiлерден және қызметкерлерден тұрады.
      Шекара қызметiнде әскери қызмет өткеру заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.
      Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне арналған бiрыңғай әскери атақтары мен айырым белгiлерi болады. Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi, олармен жабдықтау нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Шекара қызметiнiң офицерлерi – белгiленген үлгiдегi куәлiктермен, солдаттар (матростар) мен сержанттар (старшиналар) әскери билеттермен қамтамасыз етiледi.
      Шекара қызметi шақыру бойынша әскери мiндеттiлiк негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әскери қызметке ерiктi түрде (келiсiмшарт бойынша) тұру жолымен әскери қызметшiлерден жасақталады.
      Шекара қызметi үшiн кадрлар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасының жоғары, орта кәсiптiк, әскери және арнайы оқу орындарында, оқу жасақтарында, орталықтарында (мектептерiнде), сондай-ақ келiсiмдер (шарттар) бойынша шет мемлекеттерде жүзеге асырылады.
      Шекара нарядтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету және қорғау жөнiндегi қызметтi атқару жауынгерлiк кезекшiлiк (жауынгерлiк қызмет) болып табылады.
      Шекара қызметiнiң әскери қызметшiлерi қызметтiк мiндеттерiн атқарған кезде билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
      Заңмен уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдардан басқа ешкiмнiң де Шекара қызметiнің қызметтік әрекетіне араласуға құқығы жоқ.

      10-бап. Шекара қызметінің қызметкерлері

      Шекара қызметiндегi қызметкерлердің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.»;

      7) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАЛУЫ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ»;

      8) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «12-бап. Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң жауаптылығы

      Шекара қызметiнің әскери қызметшiлерi құқыққа қарсы әрекеттерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.».

      12. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша:
      «әскери қызметшiлердiң», «әскери қызметшiсi», «әскери қызметшiсiнiң», «әскери қызметшiлерiнiң», «әскери қызметшiлерiне», «әскери қызметшiлерi», «әскери қызметшiлер», «әскери қызметшiсiне», «әскери қызметшiлерiн», «Әскери қызметшiлердiң» деген сөздер тиісінше «қызметкерлердің», «қызметкері», «қызметкерінің», «қызметкерлерінің», «қызметкерлерiне», «қызметкерлерi», «қызметкерлер», «қызметкерiне», «қызметкерлерiн», «Қызметкерлердiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      3) 4-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын, лауазымнан босататын және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығаратын Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы жүзеге асырады.»;

      4) 9-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде анықтау жүргізу;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) күзетілетін адамдар келуге арналған үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда, оларға іргелес жатқан аумақтарда, сондай-ақ күзетілетін объектілерде санитариялық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық, биологиялық, химиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін объектілерді күзету және қорғау бойынша жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару;»;

      5) 1415161718 және 19-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «14-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметiнің
               кадрлар құрамы

      Президенттің Күзет қызметінің кадрларын қызметкерлер мен жұмыскерлер құрайды.
      Президенттiң Күзет қызметiндегi қызмет пен жұмысқа өзiнiң моральдық және iскерлiк қасиеттерi, бiлiмi мен денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.
      Президенттің Күзет қызметінің штаттық санының лимитін Президенттің Күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      Президенттің Күзет қызметі қызметкерлерінің санын осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде Президенттің Күзет қызметінің бастығы белгілейді.

      15-бап. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің
              қызметкерлері

      Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде қызметте тұрған адамдар Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері болып табылады.
      Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері Президенттің Күзет қызметі кадрларында немесе қолданыстағы резервте тұрады.
      Қызметкерлерді қолданыстағы резервке алу және олардың қызмет өткеру тәртібін Президенттің Күзет қызметінің бастығы белгілейді.
      Президенттің Күзет қызметі күзететін күзетілетін адамдардың, объектілер мен көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда олардың келісімімен белгіленген тәртіппен штаттағы лауазымдарды атқара тұру үшін Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметте қалдырыла отырып, іссапарға жіберілуі мүмкін.

      16-бап. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің
              жұмыскерлері

      Президенттің Күзет қызметі жұмыскерлерінің еңбек қызметі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.

      17-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
              қызметкерлерінің құқықтық жағдайы

      Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлері қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде билік өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
      Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлеріне оның жеке басы мен өкiлеттiктерін растау үшiн қызмет куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінің қызметтік әрекеттеріне тура және тiкелей бастықтарынан басқа ешкiмнiң де араласуына құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінің заңды талаптарын азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.
      Қызметкерлердің, Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау, олардың қызметтік мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiру, Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерін қорлау, оларға қатысты қарсылық көрсету, қатер төндіру немесе күш көрсету, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкіне қол сұғу, олардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауына кедергі жасайтын басқа да әрекеттер, сондай-ақ Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройына және мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Заңға көрiнеу қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкері заңды басшылыққа алуға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң қызметкерлері партияларда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде тұруға, сондай-ақ қандай да бiр саяси партияға қолдау көрсетуге тиiс емес.
      Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметiнің қызметкерлері, заңнамаға сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, өзге ақылы лауазымдарды атқаруға, кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесінің құрамына кіруге құқылы емес.

      18-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi
              қызметкерлерінің қызметтік мiндеттерi мен құқықтары

      1. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлері:
      1) алдарына қойылған мiндеттердi бiлiктiлiкпен және дәлме-дәл шешуге;
      2) кәсiптiк және құқықтық бiлiмнiң, дене күші дайындығының, арнайы және жауынгерлік даярлықтың қажеттi деңгейiн сақтап тұруға мiндеттi.
      2. Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлері өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде қолданыстағы заңнамада көзделген шектерде және тәртiппен:
      1) күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда азаматтар мен лауазымды адамдардан белгiленген тәртiптiң сақталуын талап етуге;
      2) қылмыстарды, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге;
      3) қажет болған кезде азаматтар мен лауазымды адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге;
      4) құқық бұзған немесе қылмыстар жасаған жағдайда азаматтарды ұстауға, iшкi iстер органдарына, өзге де құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметтік үй-жайларына әкелуге;
      5) ұйымдарға, ал шұғыл жағдайларда азаматтарға да тиесілі байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға;
      6) қылмыстарды болғызбау, қылмыстар жасаған немесе олардың жасалуына күдiкті адамдарды қудалаумен ұстау үшiн, жедел медициналық жәрдем қажет адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ оқиға болған жерге бару үшiн қызмет мақсатында ұйымдардың көлiк құралдарын (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiне тиесілі көлiк құралдарынан басқа) пайдалануға;
      7) егер кешеуiлдеу күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге нақты қатер төндiруі мүмкін болса, күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге қатер төндiретiн қылмыстардың жолын кесу кезiнде, сондай-ақ осындай қылмыс жасаудағы күдiктілерді қудалау кезінде азаматтарға тиесілі тұрғын үй-жайлар мен өзге де үй-жайларға, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiнен басқа) аумақтары мен үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
      8) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгi мақсатында «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жедел-iздестiру iс-қимылдарын жасауға;
      9) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында көлiк пен жаяу жүргiншiлердiң көшелер мен жолдардағы қозғалысын уақытша шектеуге немесе бұған тыйым салуға, азаматтарды жерлердiң жекелеген учаскелері мен объектiлерге жiбермеуге, олардың жерлердiң нақты учаскелерінде немесе объектiлерде қалуын немесе бұл учаскелер мен объектiлерден кетуiн міндеттеуге құқығы бар.
      Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметi қызметкерлерінiң дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдануы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерін олардың қызметтік мiндеттерiне қатысы жоқ функцияларды орындау үшін тартуға тыйым салынады.

      19-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi
              қызметкерлерінің жеке қауiпсiздiгi мен құқықтық қорғалу
              кепiлдiктерi

      Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерi қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде оны әкiмшiлiк ұстауға, сондай-ақ жеке қарап-тексеруге, оның өзiмен алып жүрген заттарын, пайдаланатын қызметтік көлiк құралдарын қарап-тексеруге жол берiлмейдi.
      Президенттің Күзет қызметі қызметкерінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ Президенттің Күзет қызметі қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залал бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтеліп, кейiннен залал келтірген адамнан толық көлемде өндiрiлiп алынады. Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;

      6) 20 және 21-баптар алып тасталсын.

      13. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 1, 2-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
      1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (бұдан әрi – Республикалық ұлан) – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін күштерге жататын және өз құзыретi шегiнде күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.».

      14. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):

      1) 13-баптың бірінші бөлігіндегі «сондай-ақ Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «арнаулы мемлекеттік органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын, «басшы құрамдағы адамдары» деген сөздер «қызметкерлері» деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 14-баптың бірінші бөлігіндегі «прокуратура,» деген сөз «арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура,» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 20-баптың бірінші бөлігіндегі «прокуратура,» деген сөз «арнаулы мемлекеттік органдардың, прокуратура органдарының қызметкерлері,» деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:

      «1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) астыртын әрекет ету – құпия ақпарат көздерін жедел шифрлау және оларға қолжетімділікті жабу жолымен қарсы барлау күштерін, құралдарын, іс-қимылдарын, жоспарлары мен ниеттерін жасыру және қадағалаудың ерекше тәртібін белгілеу;
      2) қарсы барлау қызметі – Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, экономикалық және қорғаныс әлеуетін шет мемлекеттердің және өзге де шетелдік ұйымдардың арнаулы қызметтерінің барлау және нұқсан келтіру әрекеттерінен қорғау жөніндегі жедел және ұйымдастырушылық іс-шаралар жүйесі.»;

      2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «4-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі
              қағидаттары

      Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, құпиялылық, астыртын әрекет ету, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктер қызметiнен тәуелсіз болу қағидаттарына негізделіп құрылады.»;

      3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «7-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi – Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.»;

      4) 8-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарына басшылықты жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) ұлттық қауіпсіздік органдарын мүлікпен қамтамасыз етуді жоспарлауды, оны пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастырады;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, өзiнiң нышандары мен айырым белгiлерi болады.»;
      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандарын, айырым белгiлерi мен ведомстволық наградаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.»;

      5) 8-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) заңды тұлғалар болып табылады, оның нақты және шартты атаулары болады.»;

      6) 10-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) әскери құралым болып табылады;»;

      7) 10-1-бап алып тасталсын;

      8) мынадай мазмұндағы 10-2-баппен толықтырылсын:

      «10-2-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция
                 органдары

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға арналған.»;

      9) 12-бапта:
      3) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау және өзге де қызметiн анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу жөнiнде қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға;»;
      «7) мемлекеттiк органдарда, әскери құралымдарда, бөлiмдер мен ұйымдарда мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға, сондай-ақ аталған салада олардың қызметiн бақылауға міндетті. Мемлекеттiк және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат алуды ресiмдейтiн (қайта ресiмдейтiн) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргiзуге;»;
      мынадай мазмұндағы 16-1) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілеген тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруға және атқаруға;»;
      «17-1) барлау, қарсы барлау және өзге де жедел-іздестіру қызметін жүргізу кезінде, осы қызметтің нәтижелері көрсетілген материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының немесе жедел-қызметтік қызмет материалдарына оларға жария сипат берілгенге дейін қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін уәкілетті лауазымды адамның өкімдік қызметі арқылы ақпарат көздерінің құпиясын ашуға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолдануға;»;

      10) 13-бапта:
      1) тармақшадағы «оларды тергеу заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстардың алдын алу, тыю және ашу мақсатында» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілеген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жолын кесу шарасы ретінде қамауға алу таңдалған немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған адамдарға қатысты оларды ұстау үшін уақытша ұстау изоляторлары және тергеу изоляторлары бар болуға. Жекелеген жағдайларда, олар ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімімен, - құқық қорғау органдары, соттар ұстаған және қамауға алынған адамдарды, сондай-ақ сотталғандарды ұстау үшін пайдаланылады;»;
      «17) ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлері мен әскери қызметшiлерiнiң жеке басын, олардың бөлiмшелерiнiң, үй-жайлары мен көлiк құралдарының ведомстволық қарастылығын шифрлау мақсатында әзірленуі және (немесе) ресімделуі бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарын пайдалану;»;
      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «17-1) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұлттық қауіпсіздік органдарына құжаттардың бланктері мен қызметтік куәліктерді, оларды толтыру үлгілерін беру туралы орындалуы міндетті сауалдарды жолдау;»;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтандыру құралдарын әзiрлеу, жасау, сатып алу және пайдалану. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;»;

      11) 14-бап алып тасталсын;

      12) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
      «3-1-тарау. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ДЕНЕ КҮШІН, АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРДЫ, ҚАРУ МЕН ЖАУЫНГЕРЛІК ТЕХНИКАНЫ ҚОЛДАНУЫ

      15-1-бап. Дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік
                техниканы қолдану шарттары мен шектері

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қаруды, жауынгерлік техника мен арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға, қолдануға, сондай-ақ дене күшін қолдануға құқылы.
      2. Олар арнайы дайындықтан, дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы іс-қимылдарға жарамдылығын мерзімді тексеруден өтуге міндетті.
      3. Қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында немесе қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері немесе әскери қызметшісі өзінде қажетті арнайы құралдары немесе қаруы болмаса, қолына түскен кез-келген құралдарды пайдалануға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қарулануға алынбаған басқа қаруды қолдануға құқылы.
      4. Егер қорғану күзетілетін адамдарға, басқа азаматтарға, күзетілетін объектілерге немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкеріне немесе әскери қызметшісіне өзіне қастандық жасалудың сипатына және қауіптілігіне сай келетін болса, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері мен әскери қызметшісі заңдарда көзделген жағдайларда дене күшін, арнайы құралдар, қару және жауынгерлік техниканы қолдануға байланысты келтірілген моральдық, материалдық зиян және дене зақымы үшін жауапты болмайды.
      5. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы өкілеттілігін асыра қолдануы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      6. Терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағында терроризмге қарсы операцияларға қатысушы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің террористерге қатысты дене күшін, жауынгерлік және басқа да техниканы, қаруды және арнайы құралдарды, оның ішінде қызметтік жануарларды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ескертусіз және шектеусіз қолдануға құқығы бар.

      15-2-бап. Дене күшін қолдану

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің азаматтардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке абыройына, оның және мемлекеттің меншігіне және қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамдарды ұстау үшін, егер күш қолданбау тәсілдері сыртқы барлау органына жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз етпесе, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты жағдайды, заңды талаптарға қарсы іс-қимылды еңсеруді ескере отырып, дене күшiн, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар.
      2. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері мен әскери қызметшісінің осы Заңда арнайы құралдарды немесе қаруды қолдану рұқсат етілген барлық жағдайларда дене күшiн қолдануға құқығы бар.

      15-3-бап. Арнайы құралдарды қолдану

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қарулануға алынған арнайы құралдарды мынадай жағдайларда:
      1) азаматтарға және күзетілетін адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;
      2) ұлттық қауіпсіздік органдары күзететін ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға басқа да объектілер мен көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшін, сол сияқты оларды басып алған жағдайларда осы объектілер мен құралдарды азат ету үшін;
      3) қылмысты анықтау және алдын алу үшін;
      4) заңсыз қару, оқ-дәрі, жарылғыш, улы және радиоактивті заттары бар адамдарды қарусыздандыру үшін;
      5) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне немесе әскери қызметшілеріне, олардың отбасыларының мүшелерiне не күзет іс-шараларын қамтамасыз етуге тартылған басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;
      6) құқық бұзушыларды, ұлттық қауіпсіздік органдарының немесе құқық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне немесе қызметкерлеріне өздерiне жүктелген қызметтік мiндеттердi атқаруға қарсылық көрсететін немесе қасақана кедергі келтіретін адамдарды ұстау үшін;
      7) егер ұсталған, қамауға алынған адамдар, сондай-ақ сотталған, күдiктi және айыпталушы адамдар қашып кетуi немесе айналасындағыларға немесе өзiнің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, оларды күзетпен апару және күзету кезінде, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің өздерiне заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруына кедергі келтіретін адамдарға қатысты;
      8) кепілге алынған адамдарды босату, азаматтардың, күзетілетін адамдар мен объектілердің өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының абыройы мен меншігіне қол сұғатын жаппай тәртіпсіздіктің, топтық іс-әрекеттердің жолын кесу үшін;
      9) егер басқа тәсілдермен күзетілетін адамдар үшін нақты қауіпті тойтару мүмкін болмаса, жүргізушісі ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінiң немесе әскери қызметшісінің тоқтау туралы талабын орындамаған көлік құралын тоқтату үшін;
      10) қажеттi қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында қолдануға құқылы.
      2. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің, азаматтар мен күзетілетін адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн шабуыл, топтасқан шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, күзетілетін адамға қарата, сондай-ақ жүктілік белгілері анық білінетін әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға және жас балаларға қатысты арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
      3. Ұлттық қауіпсіздік органдары қолданатын арнайы құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      15-4-бап. Қару қолдану және жауынгерлік техниканы пайдалану

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің қару мен жауынгерлiк техниканы соңғы шара ретiнде мынадай жағдайларда:
      1) азаматтарға, күзетiлетiн адамдарға, сондай-ақ күзету ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне немесе әскери қызметшілеріне тапсырылған басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
      2) ұлттық қауіпсіздік органдары күзететiн ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайлар мен басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшін;
      3) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне немесе әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелерiне, осы орган күзет іс-шараларын қамтамасыз етуге тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының қаруын, көлік құралын, арнайы және жауынгерлік техникасын тартып алу әрекеттерінің жолын кесу үшін;
      4) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды және арнаулы жүктердi азат ету үшiн;
      5) қылмыс жасау кезiнде үстiнен түскен не тiкелей қылмыс жасағаннан кейiн қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды, сондай-ақ өзіндегі қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш, улы және радиоактивті заттарды тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн;
      6) сыртқы белгілері мен іс-әрекеттерінің жиынтығы басқа азаматтардың, күзетілетін адамдардың және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілерінің өмірі мен денсаулығына төндіретін нақты қауіптің болуын айғақтайтын адамдарды оқшаулау және ұстау үшін;
      7) қылмыс жасады деп күдік келтірілетін және айыпталатын адамдардың қамауда отырған жерден қашуының немесе қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адамдардың, оларға қатысты қамауға алу түріндегі жаза қолданылған, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың күзеттен қашуының, сондай-ақ аталған адамдарды күшпен босатуға ұмтылудың жолын кесу үшін;
      8) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп тудырса және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің тоқтау туралы талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн;
      9) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
      10) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін;
      11) қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында қолдануға құқығы бар.
      2. Азаматтардың, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің және күзетілетін адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiретiн, сондай-ақ олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, топпен шабуыл жасаған, кепілге адамдарды, объектілерді, көлік құралдарын, оның ішінде әуе кемелерін алған жағдайларды қоспағанда, күзетілетін адамға қарата, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға және кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
      3. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері немесе әскери қызметшілері қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және зардап шеккендерге кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға, қару қолданғаны туралы тікелей бастығына баяндауға мiндеттi.
      4. Адамдардың өліміне немесе өзге де ауыр салдарларға әкеп соққан қару, арнайы құралдар, дене күшін қолданудың әрбір жағдайы туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланады.
      5. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қарулануға алынған қарудың, жауынгерлiк техниканың түрлері мен ұрыс оқ-дәрiлері жиынтығының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.»;

      13) 1617 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «16-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрлар құрамы

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрларын қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер құрайды.
      2. Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке жасы он сегiзге толған, бірақ заңдарда белгіленген атақтар бойынша шекті жастан аспаған, қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттері, білім деңгейі, денсаулық жағдайы бар және дене бітімі дамыған Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.
      3. Ұлттық қауіпсіздік органдарының штаттық санының лимитін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      Ұлттық қауiпсiздiк органдары, сондай-ақ Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлерінің штат санын Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен ұлттық қауiпсiздiк органдары штат санының лимитi шегінде Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы белгiлейдi.

      17-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері және
              әскери қызметшілері

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері қызметін «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткереді.
      Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері әскери қызметін «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 714 – 19222429 – 37-баптарында57 және 9-тарауларында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, әскери қызмет өткеру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткереді.
      2. Әскери қарсы барлау органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан ауыстырылған әскери қызметшілерден жасақталуы мүмкін.
      3. Мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешу үшiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері белгiленген тәртiппен арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте және мерзімді әскери қызметте қалдырыла отырып, басшыларының келiсiмiмен мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ ұйымдарға iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
      4. Қызметкерлер ұлттық қауiпсiздiк органдарында арнайы есепте тұрады.
      Ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлік құрамы мен солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілері ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрларында, қолданыстағы резервте немесе запаста тұрады.
      5. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қолданыстағы резервіне қызметкерлерді және әскери қызметшілерді қабылдау және олардың қызметті өткеру тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілейді.

      18-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен
              әскери қызметшілерінің құқықтық жағдайы

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшілері мемлекеттiң қорғауында болады.
      2. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілерінің заңды талаптары азаматтардың, лауазымды адамдардың және ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілерінің заңды талаптарын орындамау, оларды қорлау, қарсылық көрсету, күш көрсетумен қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкiне қол сұғу, оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуына кедергi келтiретiн, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілерінің қызметтік міндеттері мен қызметтік борышын орындауларына байланысты олардың отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройы мен мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залал бюджет қаражатынан толық көлемде өтеліп, кейіннен бұл сома залал келтірген адамнан өндіріп алынады. Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      3. Шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарында, қылмыстық топтарда тапсырмалар орындап жүрген (орындаған) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана жария етiлуi мүмкiн.
      4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері партияларда, кәсiптiк одақтарда тұруға, қандай да бір саяси партияға қолдау көрсетуге тиiс емес.
      5. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшілерін әскери тәртiптi бұзғаны үшiн жауапқа тарту тәртiбi әскери жарғыларда белгiленедi. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерін тәртiп бұзғаны үшiн жауапқа тарту тәртiбi «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.
      6. Мемлекет ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің әлеуметтiк қорғалуына кепiлдiк бередi.»;

      14) 19-бап алып тасталсын;

      15) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын

      «20-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері
               мен әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғау шаралары

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарында, қылмыстық топтарда тапсырмалар орындаған уақыты Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен зейнетақы тағайындау, әскери немесе арнаулы атақ беру және лауазымдық жалақы есептеу үшiн жеңiлдiкпен есептеле отырып, еңбек сіңірген жылдарына жатқызылады.
      2. Комитет Төрағасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгiлеген тәртiппен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке және әскери қызметке алынғанға дейiнгi еңбек қызметiнiң өтілін еңбек сiңiрген жылдарына есептеуi мүмкiн.
      3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен медициналық және санаториялық-курорттық қызметтi пайдаланады.
      4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкері немесе әскери қызметшiсi қызметтiк мiндеттерiн немесе кәсiби парызын орындау кезінде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасының ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген шарттармен және тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқығы бар.»;

      16) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледi.»;

      17) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Темiр жол, су және әуе көлiктерiнде, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қорғаныс және стратегиялық объектiлерде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының бөлiмшелерi, сол сияқты бұларды ұстау мен пайдалану жөнiндегi шығыстарды көтеретін тиiстi органдар мен ұйымдардың есебiнен жабдықталған, оның iшiнде байланыс құралдарымен жабдықталған қызметтiк үй-жайлармен, сондай-ақ жол жүру үшiн бiр жылдық қызметтiк билеттермен қамтамасыз етiледi. Әскери қарсы барлау органдары сонымен бiрге автокөлiкпен, жанар-жағармай материалдарымен, қару-жарақпен және тұрмыс-тiршiлiгі үшiн қажеттi басқа да мүлiкпен, сондай-ақ тұрғын үймен және әкімшілік үйлердің күзетімен осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына бөлінетін бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етiледi.»;

      18) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «25-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiн прокурорлық
               қадағалау

      Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл және бiркелкі қолданылуына, ұлттық қауiпсiздiк органдарының анықтау, тергеу, әкімшілік іс жүргізу және жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен ол өкiлеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.»;

      19) 28-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын.

      16. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23,920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат;  № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «1-бап. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының
              мәртебесі

      Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары (бұдан әрi – iшкi iстер органдары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтауды, алдын ала тергеуді және жедел-iздестiру қызметiн, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөнiндегі атқарушылық және өкiмдік функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар болып табылады.».

      17. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат):
      9-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттiң алдын алуды, өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылауды және өрт сөндiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар болып табылады.».

      18. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көші-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 1-тармағы 5) тармақшадағы «бақылауына байланысты қатынастарды реттейдi.» деген сөздер «бақылауына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктеріне байланысты қатынастарды реттейді.»;

      2) 2-бапта:
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) жеке арнайы шот – арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері тұрғын үй төлемдерін аудару және белгіленген мақсатқа төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашатын ағымдағы банктік шоты;»
      21) тармақша «және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға» деген сөздердің алдынан «, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 44-1) және 44-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «44-1) тұрғын үй төлемдері – бұл мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын жайға мұқтаж қызметкерлеріне оны берудің орнына арнаулы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақшалай қаражат мөлшері;
      44-2) тұрғын үй төлемдерін алушылар – осы Заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаждар деп танылған арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;»;

      3) 3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Арнаулы мемлекеттік органдарда қалыптастыру және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қызметтік тұрғын жайлар болады. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан қызметкерлерге 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген тұрғын жайлар жекешелендіруге жатпайды.»;

      4) 13-бапта:
      7-тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды.» деген сөздер «берілген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан қызметкерлерге 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды.»;
      8-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері құқылы.»;

      5) 67-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөліктің 3) тармақшасы «және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға» деген сөздердің алдынан «, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік «және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға» деген сөздердің алдынан «арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне» деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 74-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға» деген сөздердің алдынан «, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне» деген сөздермен
толықтырылсын;

      7) 101-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қызмет өткерген кезеңде сол елді мекенде қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын жай берілген әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері әскери қызметтегі он жыл қызмет өтілінен кейін, ал еңбек сіңірген жылдары, сырқаты немесе штаттың қысқаруы бойынша қызметтен шығарылған кезде – қызмет мерзіміне қарамастан оны жекешелендіруге (әскери қалашықтардағы, шекаралық заставалардағы және өзге де жабық объектілердегі тұрғын жайларды қоспағанда) құқылы.
      Мұндай тұрғын жайларды оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекаралық заставаларда орналасуының салдарынан жекешелендіру мүмкін болмаған жағдайларда, жекешелендіру құқығы басқа жерлерден сатып алу (салу) үшін тиісті тұрғын жайдың құнымен өтеледі.
      Күнтізбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тұрғын үй-жайды өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
      Қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын жай берілген әскери қызметші немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс істеген мерзіміне қарамастан қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне ауысады.
      Осы тармақта көзделген жеңілдіктер бір рет қолданылады.
      Көрсетілген жеңілдіктер кемінде жиырма жыл қызмет атқарған, әскери атақтарға ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға да қатысты қолданылады.»;

      8) мынадай мазмұндағы 13-1-тараумен толықтырылсын:
      «13-1-тарау. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктері

      101-1-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғын
                 жайға құқықтарын іске асыру

      1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғын жайға құқықтарын іске асыру осы Заңда белгіленген тәртіппен олар тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап тиісті арнаулы мемлекеттік органға бөлінетін мемлекеттік бюджет қаражатынан олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін ай сайын аудару арқылы жүзеге асырылады.
      Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғын жай алаңына тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін көбейту арқылы айқындалады. Тұрғын жай алаңы отбасы мүшелерінің әрқайсысына он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.
      Тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      2. Тұрғын үй төлемдері арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің таңдауы бойынша екінші деңгейлі банктердің бірінде ашылған оның жеке арнайы шотына оларды аудару жолымен ай сайынғы негізде жүргізіледі.
      Арнаулы мемлекеттік органның тұрғын үйге мұқтаж деп танылған әрбір қызметкері тұрғын үй төлемдерін төлеу үшін жеке арнайы шотты дербес ашады және оған қызмет көрсетеді.
      3. Тұрғын үй төлемдерін арнаулы мемлекеттік орган олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.
      4. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қызметтік тұрғын жаймен не қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын жаймен қамтамасыз етілген арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері осы тұрғын жайда тұру құқығын және осы Заңда белгіленген тәртіппен оны жекешелендіру құқығын сақтайды.
      5. Әскери қызмет өтілі он жылдан кем қызметкерлерді қоспағанда, тұрғын үйге мұқтаж, бірақ 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қамтамасыз етілмеген арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызметтің барлық кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алады.
      6. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үйге мұқтаж деп танылған арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызметтен босатылған кезде, егер тұрғын үй төлемдері жүргізілсе, қызметтен босатылған күнге төленген айырмашылық шегеріле отырып, оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызмет етудің барлық кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алады.
      7. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері еңбек сіңірген жылдары, сырқаты немесе штаттың қысқартылуы бойынша қызметтен босатылған кезде оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызметтен босатылған күнге төленген айырмашылығы шегеріліп, қызмет өткерудің барлық кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды.
      Егер қызмет өткеру кезеңінде пайда болған сырқат қызметкерлердің қызметтен босауына себеп болып табылса, қызметтен босатылу сәтінде іс жүзінде аударылған сома шегеріле отырып, еңбек сіңірген күнтізбелік жиырма жылына тең мерзім ішінде оларға тұрғын үй төлемдері аударылады.
      8. Тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалған жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және өзге де шалғай объектілерде қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері оны жекешелендіру құқығынсыз осы өңірде қызмет өткеру кезеңіне осы Заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
      Қызметкерлердің осы санаттарына тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес жүргізіледі.

      101-2-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушылар

      1. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үйге мұқтаж мынадай:
      1) жоғары оқу орындарын бітірген және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап осыған байланысты алғашқы арнаулы атақ алған;
      2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру туралы алғашқы келісімшарт жасасқан;
      3) қызметке запастан шақырылғандар немесе қызметке ерікті түрде келгендер және арнаулы қызмет өткеру туралы алғашқы келісімшартты 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жасасқан қызметкерлері;
      4) арнаулы қызметтің жалпы ұзақтығы келісімшарт бойынша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылды құрайтын прапорщиктер (сержанттар) және мичмандар (матростар);
      5) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы қызмет өткеру туралы алғашқы келісімшарт жасасқан прапорщиктер (сержанттар) және мичмандар (матростар) жатады.
      2. Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылса, онда заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған олардың біреуіне ғана тұрғын үй төлемдері жүргізіледі.

      101-3-бап. Тұрғын үй төлемдерін тоқтату негіздері

      Тұрғын үй төлемдері:
      1) қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органдардан босатылған;
      2) арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері тұрғын үйге мұқтаждар мәртебесінен айырылған;
      3) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе өлді деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімдерінен шығарылған жағдайларда тоқтатылады.

      101-4-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің
                 тұрғын үй төлемдерін пайдалану мақсаттары

      Тұрғын үй төлемдерін алушы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген тиісті шарттар негізінде жеке арнаулы есеп шоттағы қаражатты:
      1) ипотекалық кредитті (қарызды) пайдалана отырып, тұрғын үй-жайды немесе тұрғын үй-жайларды меншікке алу;
      2) қаражатты тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу немесе кейіннен сатып алу мақсатында тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін пайдалану;
      3) қаражатты бұрын алынған ипотекалық кредитті (қарызды) өтеу үшін пайдалану;
      4) қаражатты тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу үшін пайдалану;
      5) қаражатты тұрғын үй меншік иелерінің кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу үшін пайдалану;
      6) қаражатты тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары түріндегі жинақтарды толтыру үшін пайдалану;
      7) қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану мақсаттарында пайдаланады.

      101-5-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын
                 арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің
                 құқықтары

      Тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері:
      1) жыл сайын қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органда өзінің жеке арнайы шотына аударылған қаражат туралы мәліметті талап етуге;
      2) жеке арнайы шотқа пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомасын жинақтауға;
      3) қызмет өткеретін жеріне қарамастан Қазақстанның кез келген өңірінде тұрғын үй төлемдерін мақсаты бойынша пайдалануға;
      4) арнаулы мемлекеттік органның және жеке арнайы шот ашылған банктің келісімімен тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылмаған сомаларын екінші деңгейдегі бір банктен басқасына ауыстыруға құқылы.

      101-6-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын
                 арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің
                 міндеттері

      Тұрғын үй төлемдерін алушы:
      1) отбасы құрамы өзгерген кезде бұл туралы азаматтық хал актілерінде тіркелген және әділет органдарында тиісті куәлік алған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімде қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органды хабардар етуге;
      2) тұрғын үйге мұқтаж мәртебесі жойылған кезде бұл туралы тұрғын үйге мұқтаж мәртебесі жойылған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімде қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органды хабардар етуге;
      3) оларды арнаулы мемлекеттік орган, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері мен арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жеке арнайы шоты ашылған екінші деңгейдегі банк арасында жасалған шартқа сәйкес осы Заңның 101-4-бабында көзделген мақсаттарға бағыттауға міндетті.

      101-7-бап. Тұрғын үй төлемдеріне қол сұғылмаушылық кепілдіктері

      Төлем алушылардың тұрғын үйге жеке мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қоспағанда, тұрғын үй төлемдері бюджетке алып қоюға жатпайды, кепілге қою немесе иесінің немесе басқа да адамдардың міндеттемелері бойынша өзге де ауыртпалық нысаны болып табылмайды.

      101-8-бап. Қызмет өткеру кезінде қаза табуына немесе қайтыс
                 болуына, хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе
                 өлді деп жариялануына байланысты жеке құрам
                 тізімдерінен шығарылған арнаулы мемлекеттік органдар
                 қызметкерлері отбасы мүшелерінің құқықтары

      1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе өлді деп жариялануына байланысты олар жеке құрам тізімдерінен шығарылған жағдайда, олардың отбасы мүшелері жеке арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдерін осы Заңның 101-4-бабында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте, мұндай қызметкерлердің жеке арнайы шоттары жабылады.
      2. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына тұрғын үй төлемдері қаза тапқан адамның қызмет өткеру кезеңінде бұрын жүзеге асырылған барлық тұрғын үй төлемдерін шегере отырып, 1 шаршы метр үшін тиісті қаржы жылына арналған заңнамада белгіленген баға бойынша тұрғын үйдің пайдалы аумағының нормасымен ол қайтыс болған кездегі отбасы құрамына тиісті сатып алу құнына тең мөлшерде бір жолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі.

      101-9-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасы
                 мүшелері

      Осы Заңның мақсаттарында арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне:
      1) зайыбы немесе жұбайы;
      2) кәмелетке толмаған балалары;
      3) он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған он сегізден асқан балалары жатады.».

      19. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
      16-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкiлеттi органдағы, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелерiндегі лауазымдардың бiр бөлiгi әскери қызметшiлерден және қызметкерлерден, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнен, Iшкi iстер министрлiгiнен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылған (iссапарға жiберiлген) әскери қызметшiлерден жасақталады.».

      20. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж. № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):

      1) 1-баптың үшінші және оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «жұмылдыру дайындығы – бейбiт уақытта жүргiзiлетiн және соғыс уақытында мемлекеттi тұрақты басқаруға, ел экономикасын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының және халқының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге ұйымдасқан түрде көшіруге, елдi қарулы қорғауға және оның қорғанысына, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенi;»;
      «Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары – Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi шараларды iске асыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi мен халқын жұмылдыру тапсырыстарын (тапсырмаларын), сондай-ақ жұмылдыру дайындығының өзге де iс-шараларын орындау жолымен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiндегі және соғыс уақытындағы қызмет режимiне көшiруге бағытталған iс-шаралар жоспары;»;

      2) 4-баптың 3), 4), 8), 15) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының халқын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жұмылдыруға, соғыс жағдайына және соғыс уақытына дайындау;
      4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жасақтау үшiн азаматтарды әскери-есеп мамандықтары бойынша жұмылдыруға дайындау;»;
      «8) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға беруге арналған арнаулы құралымдар мен техникаларды дайындау;»;
      «15) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдырылуын өрiстетудi жүргiзу;
      16) күш пен құралдарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына берудi қоса алғанда, экономиканы, ұйымдарды соғыс жағдайына көшiру;»;

      3) 7-баптың 13) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi іс-шаралардың және Қазақстан Республикасының экономикасын соғыс жағдайы режимiне көшiру туралы шешiмдердiң орындалуына және жүргізілуіне бақылау жасауды ұйымдастырады;»;
      «16) Қазақстан Республикасының ұйымдарында, Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскер құралымдарында, арнаулы мемлекеттік органдарында жұмылдыра өрiстету және жұмылдыру іс-шараларын орындау жөнiнде әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткiзудi ұйымдастырады;»;

      4) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскер құралымдарының, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртiбi осы Заңмен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.»;

      5) 16-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтары Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, экономиканың жұмылдыру мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн тек жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында ғана пайдаланылады.».

      21. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат):

      1) 11-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әскери қызмет міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызмет мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектер;
      4) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi арасынан шыққан мүгедектер;»;

      2) 16-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қызмет мiндеттерiн атқару немесе әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезiнде қаза тапқан немесе жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшерi отбасының еңбекке жарамсыз әрбiр мүшесiне 0,25 ең төменгі күнкөрiс деңгейiне, бiрақ отбасының барлық мүшелерiне 1,96 ең төменгі күнкөрiс деңгейiнен аспайтын мөлшерде көбейтiледi.».

      22. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат, № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):

      1) 5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға төленеді.»;

      2) 8-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға төленеді.»;

      3) 11-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет;»;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) арнаулы мемлекеттік орган қызметкері зайыбының (жұбайының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде оның бірге тұрған кезеңі, бірақ 10 жылдан аспауға тиіс мерзімде;»;

      4) 4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-БӨЛІМ. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ, АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»;

      5) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «60-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алу
               құқығы

      1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердi қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың:
      1) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;
      2) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына, өз еркі бойынша және денсаулық жағдайына байланысты босатылған;
      3) құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген офицерлерi, прапорщиктерi (мичмандары), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ әскери қызметтi келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген, әскери қызметте және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, құқық қорғау органдарындағы қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына жетуiне, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты босатылған, жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екi жыл алты айын әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында үздiксiз қызмет атқарған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
      2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алуға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес жалпы негiздерде тағайындалады.
      3. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлердi әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
      4. Әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бойынша тiркелген осы санаттағы адамдар үшiн әскери және құқық қорғау қызметтерiнде тұрудың тиiстi шектi жасына толуына байланысты еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.»;

      6) 61-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сiңiрген жылдарының әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың екi пайызына, еңбек өтілінің әр жылы үшiн бiр пайызына көбейтiледi. Жиырма бес жылдан астам жалпы еңбек өтiлiнiң әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың бiр пайызына көбейтiледi.
      5. Осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерiнiң жалпы мөлшерiн осы Заңның 63-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың алпыс бес пайызынан асыруға болмайды. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарға айлық зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жүз төрт еселенген мөлшерiнен асыруға болмайды.»;

      7) 62-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен есептеп шығарылады.»;

      8) 63-баптағы «құқық қорғау органдарының» деген сөздер «арнаулы  мемлекеттік және құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 64-бапта:
      1, 2 және 3-тармақтардағы «құқық қорғау органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      «прокуратура органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік органдардың және прокуратура органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы «құқық қорғау органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 65-баптың 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе прокуратура, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарындағы қызмет өтілі бар әскери қызметшiлердi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      4. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметтегi, құқық қорғау органдарындағы қызметтегi өтілі он жылға жетпейтiн әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн бюджет қаражаты есебiнен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаттың жиырма пайызы мөлшерiнде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.
      Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негiзге алынып жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн алғаш рет қызметке қабылданған әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы жинақтары негiзге алынып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленедi.»;

      11) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «66-бап. Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық
               қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен
               қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар

      1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
      2. Әскери қызметшiлердi, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.».

      23. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат, 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат, № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 10 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      7-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қасақана қылмыс жасағаны үшiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; терiс себептер бойынша мемлекеттiк, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әдiлет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясынан айрылған; осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам да осындай оқиғалар басталғаннан кейiн үш жыл бойы адвокат бола алмайды.».

      24. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат, № 7, 54-құжат):
      9-бап мынадай мазмұндағы 3-2 тармақпен толықтырылсын:
      «3-2. Арнаулы мемлекеттік органда қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша салық органына декларация мен осы баптың 3-тармағында аталған мәліметтерді табыс етеді.
      Ескерту. Осы тармақта арнаулы мемлекеттік органда қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелері болып жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен тұрақты түрде бірге тұратын адамдар танылады.».

      25. «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2001 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат):
      35-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Емдеу курсынан өту үшiн наркологиялық мекемеге өз еркiмен келген адамға оның өтiнiшi бойынша жасырын емдеу қамтамасыз етiледi. Мұндай емдеу туралы мәлiмет осы адам қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартылған жағдайда, тек iшкi iстер органдары мен өзге де мемлекеттiк органдарға ғана берiлуi мүмкiн.».

      26. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):

      1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) арнайы мемлекеттік мұрағат – мұрағат мекемесі немесе осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының бөлімшесі;»;

      2) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Арнайы мемлекеттік мұрағаттар құру Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен жүзеге асырылады.».

      27. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат):

      1) 11-баптың 1-тармағындағы «әскери қызметшілері» деген сөздер «қызметкерлері» деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 32-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацындағы «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері» деген сөздермен ауыстырылсын.

      28. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат, № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат):

      1) 4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары;»;

      2) 7-баптың үшiншi бөлiгінiң 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің отбасыларына; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына; Чернобыль AЭC-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң отбасыларына, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 4,3 айлық есептiк көрсеткiш;».

      29. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):

      1) 4-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган.»;

      2) 7-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган террористік ұйымдардың, сондай-ақ олардың әрекет ету қағидаттары мен әдістерін насихаттайтын жекелеген адамдардың тарапынан Қазақстан Республикасының мүдделері мен қауіпсіздігіне келтірілетін нұқсанды болдырмау мақсатында барлау қызметін жүзеге асырады.».

      30. «Күзет қызметi туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
      1-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк күзетiлуге жататын объектiлердi күзетудi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi, Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдары жүзеге асырады.».

      31. «Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 15-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 17, 78-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
      3-баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жарақтандырудағы қару-жарақтың, әскери техниканың және оқ-дәрiлердiң тәжiрибелiк үлгiлерiн әзiрлеу, жаңғырту жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар;
      3) қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу, жаңғырту және оларға регламенттелген техникалық қызмет көрсету, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жарақтандырудан алып тасталған қару-жарақты, әскери техниканы және оқ-дәрiлердi кәдеге жарату, залалсыздандыру және жою;»;
      «5) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшiлерi және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшiн әскери және арнайы киiм нысанын, айырым белгiлерiн және жеке қорғану құралдарын шығару кiредi.».

      32. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «19-1) күзетілетін объектілер – күзетілетін адамдардың болуына арналған үйлер, құрылыстар мен ғимараттар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория. Күзетілетін объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;»;

      2) 56-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Елді мекендердің шегіндегі және олардан тыс жерлердегі қорғалатын объектілерді орналастыруға арналған аумақтар режимдік аумақтардың аймақтары болып табылады.».

      33. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат):
      1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «1-бап. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары

      Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi – қаржы полициясы органдары) заңда белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономикалық және қаржылық қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған қызметтi жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады.».

      34. «Соғыс жағдайы туралы» 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4, 22-құжат, 2005 ж., № 14, 56-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):

      1) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік органдары соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агрессияға тойтарыс беру үшiн қолданылады.»;

      2) 6-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдыра өрістетуін жүргiзу;».

      35. «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
      15-баптың 1-тармағындағы «ішкі iстер органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік органдардың және ішкі iстер органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.

      36. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат, 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат):

      1) 1-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, әскери қарсы барлау және әскери полициясы органдары, Республикалық ұлан, Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi мен әскери-тергеу органдары, төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерi, әскери прокуратура органдары;»;

      2) 15-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Әскери қарсы барлау органдары орналасқан қорғаныс объектілерін күзету мен күтіп-ұстауды аталған объектілер жедел басқаруында болатын Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға осы мақсаттар үшін бөлінетін бюджет қаражаты есебінен олар жүзеге асырады.».

      37. «Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сот экстремистік ұйымдарға қатысушылар немесе экстремистік әрекеттер жасады деп таныған адамдарға мемлекеттік қызметке, әскери қызмет пен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке кіруде шектеу қойылуы мүмкін.».

      38. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат):

      1) 5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұдан басқа, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция органдарының міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған қылмыстар бойынша анықтау ісін жүргізу;
      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша (арнаулы мемлекеттік органдардың көлік құралдарын жүргізетін адамдар жасаған жол жүру қағидаларын бұзу бөлігінде) іс жүргізу болып табылады.»;

      2) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      «7-1-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы
                органдарының өкілеттігі

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының анықтау ісін жүргізу бөлігіндегі өкілеттігі арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне қолданылады.».

      39. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Азаматтардың iшкi iстер, қаржы полициясы органдарының, қылмыстық-атқару жүйесi, арнаулы мемлекеттік органдардың оқу орындарының және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарының күндiзгi оқу бөлiмдерiнде оқыған уақыты мерзiмдi әскери қызметті өткеруге теңестiріледi.»;

      2) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген азаматқа әскери қызметке кірген кезде қайта аттестаттау тәртібімен қазіргі бар арнайы атағынан төмен емес әскери атақ беріледі.».

      40. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көші-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-бапта:
      4) тармақшадағы «әскери құралымдар» деген сөздер «әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;»;

      2) 8-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «сондай-ақ» деген сөзден кейін «, арнаулы мемлекеттік органдардың оқу орындарын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жоғары әскери және арнаулы оқу орындары бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша тиісті мемлекеттiк органның басшысы бекiтетін әскери және өзге де мамандықтар бойынша кәсiптiк бiлiм беретін оқу бағдарламаларын iске асырады.»;

      4) 36-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әскери және өзге де мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсiптiк білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыру жоғары әскери және арнаулы оқу орындарының адъюнктурасында жүзеге асырылады.»;

      5) 43-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әскери мамандықтар және арнаулы мемлекеттік органдар оқу орындарының мамандықтары бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын бекітуден басқа, жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;»;

      6) 65-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әскери және арнаулы оқу орындарының халықаралық шарттар мен келiсiмшарттарға сәйкес шетелдiк азаматтардың қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асыруға құқығы бар.».

      41. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат):

      1) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сыртқы барлау органы арнаулы мемлекеттік орган болып табылады, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету күштерiне жатады, оның нышаны, туы, ведомстволық наградалары мен төсбелгiлерi, нақты және шартты атаулары болады.»;

      2) 7-баптың 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1) арнаулы атақтар берілетін сыртқы барлау органының лауазымдары тізбесін бекітеді;»;

      3) 8-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сыртқы барлау субъектiлерiнiң әскери қызметшілерін, қызметкерлері мен жұмыскерлерін шифрлау, оның iшiнде осы мақсаттар үшiн өзге де ведомстволық тиесiлiлiктi пайдалана отырып, олардың қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi шараларды iске асыру;»;

      4) 9-баптың 16), 20) және 21) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) сыртқы барлау органындағы қызметке немесе жұмысқа қабылдау туралы шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарын iрiктеу, арнайы тексеруден өткiзу, кадрға есепке алынған қызметкерлер мен жұмыскерлерге мемлекеттiк құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат беруді ресiмдеу (қайта ресiмдеу), Қазақстан Республикасының оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң оқу орындарында, оның iшiнде арнаулы оқу орындарында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;»;
      «20) бөлiмшелердiң, объектiлердiң, үй-жайлардың, көлiк құралдарының, қызметкерлер мен жұмыскерлердің, жасырын жәрдем көрсететiн адамдардың ведомстволық тиесiлiгiн шифрлайтын құжаттарды, өзге де әдiстер мен құралдарды пайдалану;
      21) қызметкерлер мен жұмыскерлерді iссапарға, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге жiберу;»;

      5) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «13-бап. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң кадрлары

      1. Сыртқы барлау органының кадрларын қызметкерлер мен жұмыскерлер құрайды.
      2. Сыртқы барлау органының қызметкерлері мемлекеттiк билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
      3. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде мiндеттерiн атқару кезiнде қамауға немесе кепiлге алынған, сондай-ақ бейтарап елдерге тұруға ерiксiз жiберiлген қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi қызметкерлер мен әскери қызметшiлер мәртебесiн сақтайды. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң және басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың басшылары халықаралық құқық нормаларына сәйкес аталған қызметкерлер мен әскери қызметшiлердiң құқықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
      4. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi барлау қызметiнiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн өздерінің ведомстволық тиесiлiлiгiн ашпай әрi әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте қалдырыла отырып, мемлекеттiк органдарға және меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға лауазымдық қызметке тұруы және iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
      Аталған органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары қызметкерлер мен әскери қызметшiлердiң сыртқы барлау субъектiлерiне тиесiлiлiгi туралы өздерiне белгiлi болған мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
      5. Сыртқы барлау органының қызметкерлерi кадрлар есебiнде, қолданыстағы резервте және запаста тұрады. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару мен арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға құқығы бар.
      Сыртқы барлау органының басшысы қызметкерлердің жекелеген санаттарының сыртқы барлау органына қызметке алынғанға дейiнгi еңбек өтiлiн олардың еңбек сiңiрген жылдарына есептейдi.»;

      6) 1415 және 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «14-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің құқықтық жағдайы

      Сыртқы барлау органдары қызметкерлерінің заңды талаптары азаматтардың, лауазымды адамдардың және ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау, оларды қорлау, қарсылық көрсету, күш көрсетумен қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкiне қол сұғу, оларға жүктелген мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн басқа да iс-әрекеттер, сондай-ақ сыртқы барлау органы қызметкерлерінің қызметтiк мiндеттерi мен қызметтiк борышын орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының (ата-аналарының, балаларының, асырап алушыларының, асырап алынған балаларының, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiнің және апа-сiңлiлерiнің, қарындастарының, аталарының, әжелерiнің, немерелерiнің) өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройына және мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауларына байланысты олардың мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ сыртқы барлау органы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарының (ата-аналарының, балаларының, асырап алушыларының, асырап алынған балаларының, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiнің және апа-сiңлiлерiнің, қарындастарының, аталарының, әжелерiнің, немерелерiнің) денсаулығына және мүлкіне келтірілген залал бюджет қаражаты есебінен толық көлемде өтеледі. Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      15-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің құқығы

      Сыртқы барлау органының қызметкерлеріне қару мен арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiледi. Олар дене күшiн, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға да құқылы. Қаруды, арнайы құралдарды және дене күшiн қолдану тәртiбi осы Заңда айқындалады.

      16-бап. Дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік
              техниканы қолдану шарттары мен шектері

      1. Сыртқы барлау органының қызметкерлері арнайы дайындықтан өтуге, дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы іс-қимылдарға жарамдылығын кезең-кезеңмен тексеруден өтуге міндетті.
      2. Қажеттi қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында немесе қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде сыртқы барлау органының қызметкері өзінде арнайы құралдар немесе қару болмаған жағдайда қолына түскен кез келген құралдарды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қарулануға алынбаған басқа қаруды қолдануға құқылы.
      3. Егер қорғау күзетілетін адамдарға, басқа азаматтарға, күзетілетін объектілерге немесе сыртқы барлау органы қызметкерінің өзіне қол сұғудың сипаты мен қауіптілігіне сәйкес келетін болса, сыртқы барлау органының қызметкері заңдарда көзделген жағдайларда дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолдануға байланысты келтірілген моральдық, материалдық зиян және дене зақымы үшін жауаптылықта болмайды.
      4. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы өкілеттігін асыра қолдануы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      5. Терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағында терроризмге қарсы операцияға қатысушы сыртқы барлау органы қызметкерлерінің террористерге қатысты дене күшін, жауынгерлік және өзге да техниканы, қару мен арнайы құралдарды, оның ішінде қызметтік жануарларды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ескертусіз және шектеусіз қолдануға құқығы бар.».

      7) мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2, 16-3-баптармен толықтырылсын:

      «16-1-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің дене күшін
                 қолдануы

      1. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің азаматтардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының абыройына, оның және мемлекеттің меншігіне және қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамдарды ұстау үшін, егер күш қолданбау тәсілдері сыртқы барлау органына жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз етпесе, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты жағдайды, заңды талаптарға қарсы іс-қимылды еңсеруді ескере отырып, дене күшiн, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар.
      2. Сыртқы барлау органы қызметкерінің осы Заңда арнайы құралдарды немесе қаруды қолдану рұқсат етілген барлық жағдайларда дене күшiн қолдануға құқығы бар.

      16-2-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің арнайы
                құралдарды қолдануы

      1. Сыртқы барлау органының қызметкерлері қарулануға алынған арнайы құралдарды мынадай жағдайларда:
      1) азаматтарға және күзетілетін адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;
      2) сыртқы барлау органы күзететін ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға, басқа да объектілер мен көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшін, сол сияқты оларды басып алған жағдайда осы объектілер мен құралдарды босату үшін;
      3) қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу үшін;
      4) қару, оқ-дәрі, жарылғыш, улы және радиоактивті заттарды заңсыз ұстаушы адамдарды қарусыздандыру үшін;
      5) сыртқы барлау органының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелерiне не күзет іс-шараларын қамтамасыз етуге тартылған басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;
      6) құқық бұзушыларды, сыртқы барлау органының немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өздерiне жүктелген қызметтік мiндеттердi атқаруға қарсылық көрсететін немесе қасақана кедергі келтіретін адамдарды ұстау үшін;
      7) егер ұсталған, қамауға алынған адамдар, сондай-ақ сотталған, күдiктi және айыпталушы адамдардың қашып кетуi немесе айналасындағыларға немесе өзiнің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, оларды күзетпен апару және күзету кезінде, сондай-ақ сыртқы барлау органы қызметкерлерінiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруына кедергі келтіретін адамдарға қатысты;
      8) кепілге алынған адамдарды босату, азаматтардың, күзетілетін адамдар мен объектілердің өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының абыройы мен меншігіне қол сұғатын жаппай тәртіпсіздіктің, топтық іс-әрекеттердің жолын кесу үшін;
      9) егер басқа тәсілдермен күзетілетін адамдар үшін нақты қауіпті тойтару мүмкін болмаса, жүргізушісі сыртқы барлау органы қызметкерінің тоқтау туралы талабын орындамаған көлік құралын тоқтату үшін;
      10) қажеттi қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында қолдануға құқылы.
      2. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің, азаматтар мен күзетілетін адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн шабуыл, топтық шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, күзетілетін адамға бағыттап, сондай-ақ жүктілік белгілері анық білінетін әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға және жас балаларға қатысты арнайы құралдар мен жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға тыйым салынады.
      3. Сыртқы барлау органы қолданатын арнайы құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      16-3-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің қару қолдануы
                және жауынгерлік техниканы пайдалануы

      1. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің қару мен жауынгерлiк техниканы соңғы шара ретiнде мынадай:
      1) азаматтарға, күзетiлетiн адамдарға, сондай-ақ күзету сыртқы барлау органының қызметкерлеріне тапсырылған басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
      2) сыртқы барлау органы күзететiн ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайлар мен басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшін;
      3) сыртқы барлау органының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелерiне, осы орган күзет іс-шараларын қамтамасыз етуге тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ сыртқы барлау органының қаруын, көлік құралын, арнайы және жауынгерлік техникасын тартып алу әрекеттерінің жолын кесу үшін;
      4) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды және арнаулы жүктердi босату үшiн;
      5) қылмыс жасау кезiнде не тiкелей қылмыс жасағаннан кейiн үстiнен түскен, қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды, сондай-ақ өзіндегі қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш, улы және радиоактивті заттарды тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн;
      6) сыртқы белгілері мен іс-әрекеттерінің жиынтығы басқа азаматтардың, күзетілетін адамдардың және сыртқы барлау органы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына төндіретін нақты қауіптің болуын куәландыратын адамдарды оқшаулау және ұстау үшін;
      7) қылмыс жасады деп күдік туғызатын және айыпталатын адамдардың қамауда отырған жерден қашуының немесе қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адамдардың, оларға қатысты қамауға алу түріндегі жаза қолданылған, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың күзетуден қашуының, сондай-ақ аталған адамдарды күшпен босатуға ұмтылудың жолын кесу үшін;
      8) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп тудырса және сыртқы барлау органы қызметкерінің тоқтау бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн;
      9) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
      10) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін;
      11) қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында қолдануға құқығы бар.
      2. Азаматтардың, сыртқы барлау органы қызметкерлері мен күзетілетін адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiретiн, сондай-ақ олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, топтық шабуыл жасаған, кепілге адамдарды, объектілерді, көлік құралдарын, оның ішінде әуе кемелерін алған жағдайларды қоспағанда, күзетілетін адамға бағыттап, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға және кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
      3. Сыртқы барлау органының қызметкерлері қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және зардап шеккендерге кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға, қару қолданғаны туралы тікелей бастығына баяндауға мiндеттi.
      4. Адамдардың өліміне немесе өзге де ауыр салдарларға әкеп соққан қару, арнайы құралдар, дене күшін қолданудың әрбір жағдайы туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланады.
      5. Сыртқы барлау органының қарулануында тұрған қарудың, жауынгерлік техниканың түрлері мен ұрыс оқ-дәрiлері жиынтығының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.».

      8) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «17-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң жауаптылығы

      Сыртқы барлау органының қызметкерлерi өз қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн және заңсыз iс-әрекеттерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.».

      42. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) мемлекеттік мүлік тізілімі – арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;»;

      2) 161-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Арнаулы мемлекеттік органдардың жылжымайтын мүлкін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ мүліктік жалға беру (жалдау) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».

      43. «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (2011 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
      11-баптағы «құқық қорғау органдары» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары» деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 18-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады