"Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі № 362 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 82 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі № 362 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 12 қазанда № 4967 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған 2008 ж., қаңтар, № 1, 301-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық ішкі істер органдары жеке құрамының назарына жеткізілсін.
      3. Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті:
      1) осы бұйрықты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    С. Баймағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады