Үзінді

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 220 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 220 бұйрығынан үзінді.

      «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы әділет органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1882 болып тіркелген, 2002 жылы № 29, 631-құжат Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы № 87 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 152 бұйрығы (Нормативтік. құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3678 болып тіркелген).
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                               Ә. Аманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады