«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Сапа саласындағы конкурстарды өткізудің кейбір ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті төрағасының 2001 жылғы 2 мамырдағы № 128 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2001 жылдың 29 мамырында № 1526 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, № 7, 457 құжат);
2) «Сәйкестік туралы декларацияларды қабылдау және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті төрағасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2003 жылдың 19 ақпанда № 2179 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 31-36, 874 құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Мұхамбетов Ғ.М.) заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көшірмесін жолдасын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Премьер-Министрдің Орынбасары -
Министр Ә. Исекешев