"Бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын оқушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 892 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 23 тамыздағы № 533 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 505 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 389 Бірлескен бұйрығы

      «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының күші жойылуына байланысты және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабы негізінде БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын оқушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 892 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 23 тамыздағы № 533 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 12 қазанында № 1257 болып тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрыққа мемлекеттік органдардың басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап бір апта ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және олар бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарына жіберсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Н. Садықовқа және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік органдардың басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі       Білім және ғылым министрі
      ______________ Ж. Досқалиев     ______________ Ж. Түймебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады