Астана қаласының әкімдігі ұсынған Астана қаласының 2010 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есепті қарастырып, Астана қаласының мәслихатының «Астана қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 284/42-IV шешімімен бекітілген, 2010 жылғы 30 наурыздағы № 317/45-IV, 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 346/46-IV, 2010 жылғы 5 мамырдағы № 352/47-IV, 2010 жылғы 17 маусымдағы № 364/49-IV, 2010 жылғы 29 шілдедегі № 379/50-IV, 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 385/51-IV, 2010 жылғы 13 қазандағы № 399/52-IV, 2010 жылғы 26 қарашадағы № 401/53-IV шешімдерімен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Астана қаласының бюджеті тиісті бекітілген көрсеткіштерден кірістер бойынша 100,2 пайызға (жоспар 279 904 092,7 мың теңге, түскені 280 470 492,2 мың теңге), шығындар бойынша 94,9 пайызға (жоспар 274 217 496,1 мың теңге, орындалғаны 260 230 853,3 мың теңге) атқарылғанын белгіледі.
Таза бюджеттік кредит беру (-25 000,0 мың теңгені) құрады, оның ішінде бюджеттік кредиттерді өтеу - 25 000,0 мың теңге (100%).
Қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо 25 273 467,2 мың теңгені құрады, оның ішінде қаржылық активтерді сатып алу 25 273 467,2 мың теңге сомасына жүзеге асырылады (99,8%).
Бюджеттің дефициті (-5 008 828,2 мың теңге) сомасын құрады.
Бюджеттік дефицитті қаржыландыру - 5 008 828,2 мың теңгені құрады.
Қаржылық жыл ішінде жергілікті атқарушы органның 2 236 499,9 мың теңге сомада қарызы өтелді.
Жыл соңында бюджет қаражатының қалдықтары 14 604 368,5 мың теңгені құрады.
Есептік кезеңде бюджетке азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдер бойынша 30 207,1 мың теңге түсіп үлгермеген.
Сонымен бірге, мәслихаттың сессиясы жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік қаражатты тиімді және ұтымды пайдалану бойынша жұмыс тиісті деңгейде өткізілмейтінін, бюджеттік бағдарламаларды орындау және инвестициялық жобаларды іске асыру жеткілікті түрде қамтамасыз етілмейтінін анықтады.
2010 жылғы бюджет бойынша толығымен игерілмеген қаражаттың жалпы сомасы 14 037 968,7 мың теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер және кредиттер есебінен 13 129 367,9 мың теңгені құрады.
Пайдаланылмаған қаражаттың жалпы сомасының 91,5% немесе 12 846 016,0 мың теңге инвестициялық жобаларды іске асыратын Құрылыс, Энергетика және коммуналдық шаруашылық, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларына тиесілі.
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2010 жылға арналған Астана қаласы бюджетінің кассалық орындалуы туралы есепті кірістер бойынша 280 470 492,2 мың теңге сомасында, шығындар 260 230 853,3 мың теңге сомасына таза бюджеттік кредит беру - (-25 000,0 мың теңге), қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо -25 273 467,2 мың теңге сомасына, бюджеттің дефициті (-5 008 828,2) мың теңге сомасында, бюджеттің дефицитін қаржыландыру - 5 008 828,2 мың теңге сомасында бекітілсін (қоса беріледі).
2. Астана қаласы бойынша Салық департаменті салықтың барлық түрлерін Астана қаласы бюджетінің кіріс бөлігіне түсуін қамтамасыз ету, салықтық әкімшілендіру және бюджет кірістерін ұлғайту бойынша нақты шаралар қолдансын.
3. Жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілері бюджеттік заңнаманы және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы сақтай отырып стратегиялық жоспармен қарастырылған, мақсаттарға жете отырып бюджетті сапалы және тиімді орындау бойынша тиісті шаралар қабылдасын.
4. Астана қаласы мәслихатының тексеру комиссиясы бюджеттік
бағдарлама әкімшілерімен жергілікті бюджеттің орындалуына бақылауды
күшейтсін.
5. Астана қаласы мәслихатының:
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 284/42-IV «Астана қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2010 жылдың 19 қаңтарында № 610 тіркелді, «Астана ақшамы» газетінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 6 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 8 нөмірінде жарияланған);
2010 жылғы 30 наурыздағы № 317/45-IV «Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 284/42-IV «Астана қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2010 жылдың 15 сәуірде № 620 тіркелді, «Астана ақшамы» газетінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 41 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 44 нөмірінде жарияланған);
2010 жылғы 21 сәуірдегі № 346/46-IV «Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 284/42-IV «Астана қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджет туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2010 жылдың 4 мамырда № 625 тіркелді, «Астана ақшамы» газетінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 47 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 50-51 нөмірлерінде жарияланған);
2010 жылғы 5 мамырдағы № 352/47-IV «Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 284/42-IV «Астана қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2010 жылдың 27 мамырда № 632 тіркелді, «Астана ақшамы» газетінің 2010 жылғы 5 маусымдағы № 59 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2010 жылғы 5 маусымдағы № 64 нөмірінде жарияланған);
2010 жылғы 17 маусымдағы № 364/49-IV Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 284/42-IV «Астана қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2010 жылдың 15 шілдеде № 639 тіркелді, «Астана ақшамы» газетінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 77 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 82 нөмірінде жарияланған);
2010 жылғы 29 шілдедегі № 379/50-IV «Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 284/42-IV «Астана қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2010 жылдың 24 тамызда № 645 тіркелді, «Астана ақшамы» газетінің 2010 жылғы 28 тамыздағы № 94 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2010 жылғы 28 тамыздағы № 99-100 нөмірлерінде жарияланған);
2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 385/51-IV «Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 284/42-IV «Астана қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2010 жылдың 1 қазанында № 649 тіркелді, «Астана ақшамы» газетінің 2010 жылғы 5 қазандағы № 109 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2010 жылғы 5 қазандағы № 115 нөмірлерінде жарияланған);
2010 жылғы 13 қазандағы № 399/52-IV «Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 284/42-IV «Астана қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2010 жылдың 21 қазанында № 651 тіркелді, «Астана ақшамы» газетінің 2010 жылғы 23 қазандағы № 123 нөмірінде жарияланған);
2010 жылғы 26 қарашадағы № 401/53-IV «Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 284/42-IV «Астана қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2010 жылдың 8 желтоқсанда № 654 тіркелді, «Астана ақшамы» газетінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 138 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 145 нөмірінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы С.Хамхоев
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В.Редкокашин