Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 569 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркеген Қазақстан
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мынадай
бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын:
      1) «Азаматтық авиацияның авиациялық қауіпсіздік Нұсқаулық - бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 12 қарашадағы № 523 ҚБПҮ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2616 болып тіркелген);
      2) «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік Нұсқаулық - бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 12 қарашадағы № 523 қбпү бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 147 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4943 болып тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен мәлімет үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                    А. Бектұров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады