«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 378 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2012 жылы жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындары мен әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын ұйымдар мен кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 158-49 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 710 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 10 «Астана хабары», 2012 жылы 26 қаңтардағы № 10 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
Әкім И. Тасмағамбетов