"Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 545 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 3 маусымдағы № 259 бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 545 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 28 қарашада № 7309 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2011 жылғы 9 желтоқсанда № 182 (1998) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (Н.Д. Үсенова) бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Министр                                          Б.Жәмішев




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады