Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 63 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мынадай:
      1) «Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет көрсету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 66 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 30 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1805 болып енгізілген);
      2) «Электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосатын ең жақын нүктені анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 1 қазандағы № 270 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5840 болып енгізілген, «Заң газеті» 2009 жылғы 12  қарашада № 173 (1596) жарияланды, 2009 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы);
      3) «Білікті энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 264 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5841 тіркелген, «Заң газеті» 2009 жылғы 13 қарашада № 174 (1597) жарияланды, 2009 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (Ж.Қ. Бөкенбаев) бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін жіберсін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары
      - Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрі                                         Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады