"Уәкілетті органға мұнай өнімдерін өткізу мен өндірудің көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін бақылаушы есептеу аспаптарын қолдану ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі № 277 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 276 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Уәкілетті органға мұнай өнімдерін өткізу мен өндірудің көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін бақылаушы есептеу аспаптарын қолдану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі № 277 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде № 2549 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі                  Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»:
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі

      _____________Б. Сұлтанов

      20__ жылғы «__»__________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады