«Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасын немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қорытындысының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 79 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-1 және 40-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасын немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қорытындысының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. (Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 29 ақпанда № 7452 тіркелген, «Заң газетінде» жарияланған 2012 жылғы 31 шілдедегі, 2012 жылғы 1 тамыздағы, 2012 жылғы 2 тамыздағы № 112, 113, 114 (2294, 2295, 2296);
      2. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті (Ж.Н. Шаймарданов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін осы бұйрық туралы хабардар етсін және белгіленген заңнамалық тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                             Е.Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады